Жаңалықтар

Музыка – өнер ішіндегі айрықшасы

Ерте кезде әнді ел-елге жекелеген әншілер, сері-салдар, жыршылар таратқан. Совет үкіметі тұсында музыканы халыққа неғұрлым жақындата түсуге жағдай жасалды. Халық қазынасын жинау, жазып алу, насихаттау жолында көптеген жұмыстарымыз бар. Ән текстерінің жинақтары басылып келеді. Әндерді радио, патефон пластинкалары арқылы таратуда да игілікті істері көп. Алайда, соншама көп табыстарымызды кайталап көрсетумен қатар, музыканың насихатталуына, көркеюіне байланысты кейбір ұсыныстар айтудың ағаттығы болмас. Ең алдымен, музыкалық фольклорды жинау жұмысында кемшіліктер орын теуіп отыр. Қазақстанның кейбір өлкелерінің ән-күй байлығы жиналмай келеді. Мәселен, осы кезге дейін Сыр, Қаратау жағының әндері ілуде бір болмаса радиодан естілмейді. Патефон пластинкаларынан да өте сирек табамыз. Мұның басты себебі - сол аймақтардың ән-күй қоры жазылып алынбағандығында. Зерттеушілердің әлі де аяқ басып бармаған өлкелері аз емес. Ал Қазақстаннан сырт республикаларда       тұратын       қазақтардың       музыкалық фольклорын қарастырьш, жазып алу - үлкен міндеттердің бірі. Орта Азияны, РСФСР-ды, Қытайды, Монғолияны көптен бері мекендеп келе жатқан қазақтың ән мен күйін ортақ қазынамызға қосу керек. Бұл істі ұйымдастыру - Қазақ ССР Ғылым академиясы тіл мен әдебиет институты көркемөнер секторының тікелей міндеті. Ән текстерін басып шығару ісі соңғы жылдарда жолға койылып келеді. Ән айтушы, үйренуші жұртшылыққа өлең текстерін білудің қажеттігі айтпаса да түсінікті. Әннің сарынын біліп, сөзін білмеу қырсығы текстердің ұзақ жылдар бойы басылмай келгендігінен деуге болады. Өткен жылы «Қазақ әндері» деген атпен шыққан кітапшаға (құрастырған М.Бестібаев) қазақтың жүз алпыстан астам әнінің сөздері енген. Мунда халықтық фольклордың, ертедегі әйгілі өнер иелерінің, совет композиторларының діығармалары бар. Бұл жұртшылыққа зәру кітаптардың бірі «ендігі даусыз. Ән үйренуші талапкерлер талай-талай асыл зшғармалардың сөзін жаттауға мүмкіншілік алды. Бірақ осымен жұмыс тынды деуге болмайды. Бұрынғы-соңғы андердің текстерін тәртіптеу, төл сөздерін іздеп табу жөнінде аткарылмаған міндет көп. Қазақтың мыңдаған әндері бар дейміз. Солардың әуені ғана таральш, текстері табылмауы нвгайсыз. Бұл - өзінің зерттеушісін күтіп тұрған тақырып. Жүз қаралы әннің тексін кайталап басып шығару онша қиын прлік емес. Ал текстерді түгендеу, іздестіру анағұрлым ауыр. узыка зерттеушілерінің бірде-бірі ән тексін зерттемей келгені өкінішті.
13.11.2013 06:09 3423

Ерте кезде әнді ел-елге жекелеген әншілер, сері-салдар, жыршылар таратқан. Совет үкіметі тұсында музыканы халыққа неғұрлым жақындата түсуге жағдай жасалды. Халық қазынасын жинау, жазып алу, насихаттау жолында көптеген жұмыстарымыз бар. Ән текстерінің жинақтары басылып келеді. Әндерді радио, патефон пластинкалары арқылы таратуда да игілікті істері көп.

Алайда, соншама көп табыстарымызды кайталап көрсетумен қатар, музыканың насихатталуына, көркеюіне байланысты кейбір ұсыныстар айтудың ағаттығы болмас.

Ең алдымен, музыкалық фольклорды жинау жұмысында кемшіліктер орын теуіп отыр. Қазақстанның кейбір өлкелерінің ән-күй байлығы жиналмай келеді. Мәселен, осы кезге дейін Сыр, Қаратау жағының әндері ілуде бір болмаса радиодан естілмейді. Патефон пластинкаларынан да өте сирек табамыз. Мұның басты себебі - сол аймақтардың ән-күй қоры жазылып алынбағандығында. Зерттеушілердің әлі де аяқ басып бармаған өлкелері аз емес. Ал Қазақстаннан сырт республикаларда       тұратын       қазақтардың       музыкалық фольклорын қарастырьш, жазып алу - үлкен міндеттердің бірі. Орта Азияны, РСФСР-ды, Қытайды, Монғолияны көптен бері мекендеп келе жатқан қазақтың ән мен күйін ортақ қазынамызға қосу керек. Бұл істі ұйымдастыру - Қазақ ССР Ғылым академиясы тіл мен әдебиет институты көркемөнер секторының тікелей міндеті.

Ән текстерін басып шығару ісі соңғы жылдарда жолға койылып келеді. Ән айтушы, үйренуші жұртшылыққа өлең текстерін білудің қажеттігі айтпаса да түсінікті. Әннің сарынын біліп, сөзін білмеу қырсығы текстердің ұзақ жылдар бойы басылмай келгендігінен деуге болады.

Өткен жылы «Қазақ әндері» деген атпен шыққан кітапшаға (құрастырған М.Бестібаев) қазақтың жүз алпыстан астам әнінің сөздері енген. Мунда халықтық фольклордың, ертедегі әйгілі өнер иелерінің, совет композиторларының діығармалары бар. Бұл жұртшылыққа зәру кітаптардың бірі «ендігі даусыз. Ән үйренуші талапкерлер талай-талай асыл зшғармалардың сөзін жаттауға мүмкіншілік алды. Бірақ осымен жұмыс тынды деуге болмайды. Бұрынғы-соңғы андердің текстерін тәртіптеу, төл сөздерін іздеп табу жөнінде аткарылмаған міндет көп. Қазақтың мыңдаған әндері бар дейміз. Солардың әуені ғана таральш, текстері табылмауы нвгайсыз. Бұл - өзінің зерттеушісін күтіп тұрған тақырып. Жүз қаралы әннің тексін кайталап басып шығару онша қиын прлік емес. Ал текстерді түгендеу, іздестіру анағұрлым ауыр. узыка зерттеушілерінің бірде-бірі ән тексін зерттемей келгені өкінішті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға