Жаңалықтар

Дарын мен арын

Әдеби сын мақалаларда шығарма авторларына сан түрлі эпитеттер қолданылып жүреді. «Белгілі ақын», «белді жазушы», «талантты да талапты», «керемет те ғаламат» деген сияқты сырлы сөздер айтылады. Ал әңгіме шығарманың өзі туралы бола қалса «болымды да қонымды», «сүйікті де сыйықты», «күрделі де іргелі», «жарамды да қалаулы» деп төгілтетініміз бар. Мүндай мақтау әдебиеттің шын көркем, бірегей шығармаларына айтылса, таңқаларлығы болмас еді. Бірақ, сын айтушылардың «мырзалығынан» қазақ әдебиетінде татымсыз шығарма таңдаулы туынды қатарында атала береді. Сондықтан кейде сырт қарағанда қолына қалам үстағанның бәрі даусыз дарын иесі секілді көрінеді. Егер істің жайы шынымен осылай болса, нүр үстіне нүр дегендей, мақтаныш түтпай несі бар. Өкінішке қарай, бізде шығармаға берілген баға көп ретте судың көпіршігіндей, үрлесең жоқ болады. Ал осының себебі не? Әлде бүл жүрт көркемдік, талант дегенді ажырата алмай ма? Жоқ, олай емес. Сыншылардың көбі өздері талдап отырған туындының осал жақтарын біле түра айтпай, жалтарып кететіні қалай? Бүл арада, әрине, үлкен кінә сыншының мойнында. Ақты ақ, қараны қара деп айта алмаған сын, мейлі көлемі таудай болса да, сын емес. Одан оқушы   тәлім   алып   жарытпайды.   Сындағы   жалтақтыққа, қүрғақ батагөйлікке, нәрсіз насихатшылыққа қарсы күресу керек. Ал екінші жағынан... Өзіміз жиі көріп, байқап жүрген бір ауыр шындықты айтқымыз келеді. Бағзы бір жағдайда батыл гыишының сөзін де бәсе тартқызатын жағдай бар. Оның аты -сынға шыдамсыздық, қытықшылдық, дызетпелік секілді жарамсыз жайлар. Кей ретте сыналған автор сынаушыны Колына сойыл алып, дүниені үш айналдырып қууға дейін әзір гүрады. Және қайсы бір жағдайда олар сыншыдан «өшін де» қайтарады. Бізде мақтау - достың ісі, сынау - душпанның ісі деп уғатын жазушылар аз емес. «Жүрт пікір айтқан екен, апыр-ай, шынында да кемшілігім көп екен-ау» деп адал сынға алғыс лигагындар некен-саяқ. Жалған мақтау алудың жарысына гүскендей, жарамсақ сынды жан үшырып қарсы алу дерті ійықпай келеді. Кейбіреуде дарын бар, екіншілерде арын бар. Дарынды жазушының ел қурметіне бөленуі, «еңбегінің өнбегі» орынды. Оған ешкімнің таласы жоқ. Бірақ дарын болмаса да, дақпыртқа ілігуге болады екен ғой. Бізде арынмен, айбатпен атағы шығып жүргендер де бар. Ондайлардың жалған жазушыларына әбден етіміз үйреніп, көндігіп кеткен і екілдіміз. Шығармасын бір пенде түшынып оқып жатпаса да, ірыны қатты автор жыл сайын кітап шығарады, батагөйлерден жарамсақ баға алады. Жазатайым шындықты жаза қалсаң, әлгі дарын иесі мк.іііратқа мініп, қатуланып» шығады. Кірмейтін есігі, іашіайтын тесігі болмайды. Жазықсыз жапа шеккен Пвріштенің пішініне түскісі келеді. «Менің шығармам ғажап, қазақ әдебиетінің шоқтығы» деп аузы-мурны қисаймай мақатады ондайлар. Өз жазғанын алдымен өзі мақтайды, сонан соң жағымпаз жақындарына қуптатады. Осыдан кейін дүниеге ересен ірі шығарма келді» деп «сын» жазғызып, журтшылық пікірін өзінше тудырған болады. Шығармасы туралы ел не деп жатқанымен жумысы жоқ. Кім де кім әділін айтқысы келсе - олардьщ дүшпаны. Мақтамаған сынды шын деп есептемейді, қайта басына мін санайды да, «майданға» шығады... Жалған әдебиетшілдіктің жүлде алу сыры неде? Бізде жас әдебиетшіге әуел бастан қатал талап қойыла бермейді. Бес-алты ауыз өлең жазған «жас ақын» аталады. Үйтіп-бүйтіп бір-екі жинақ шығарса «ақын» дейміз. Сонан кейін айта беретін «белді ақын», «белгілі ақын» келеді. Жүре-жүре «кексе ақын», «жасамыс ақын» қолданылады. Ал солардың көбін бөгде жүрт ешқашан да ақын деп танымаған. Әділ сын айтылса, ер-тоқымын бауырына алып, тарпаңдық көрсететіндер әдебиетке дарынмен емес, арынмен орныққандар. Олармен жеке-жарым адамның күресуі оңайға соқпайды. Ондайлар шындықты айтқандарға қыр көрсетіп, «қырғи-қабақ соғыс» ашып қана қоймайды, қай-қайдағы қүбыжықтарды жиып, жала жауып, жапырып тастауға әзір түрады. Біздің арамызда әдебиетке орта жолдан қосылғандарға орын барған сайын тарылып келеді. Шын көркем шығарма жасауға қауқарсыз болса да, дақпыртқа ілігіп, дәріптеліп жүргендер бүрынғыдай алшаңдай алмайтынын сезе бастағандай. Әңгіме әдебиеттің өсер ауасын мүлде тазартуда. Шығарманың сапасын салмақтамай, дабырайта дәріптеу - дарынды автордың өзін де даңғойландырып жіберуі мүмкін. Сол үшін әрбір туынды шын қадір-қасиетіне қарай қүрметтелсін. Әдебиеттегі ардақты атақ арынмен емес, дарынмен табылатынын естен шығармайық. 1959
13.11.2013 05:48 4522

Әдеби сын мақалаларда шығарма авторларына сан түрлі эпитеттер қолданылып жүреді. «Белгілі ақын», «белді жазушы», «талантты да талапты», «керемет те ғаламат» деген сияқты сырлы сөздер айтылады. Ал әңгіме шығарманың өзі туралы бола қалса «болымды да қонымды», «сүйікті де сыйықты», «күрделі де іргелі», «жарамды да қалаулы» деп төгілтетініміз бар. Мүндай мақтау әдебиеттің шын көркем, бірегей шығармаларына айтылса, таңқаларлығы болмас еді. Бірақ, сын айтушылардың «мырзалығынан» қазақ әдебиетінде татымсыз шығарма таңдаулы туынды қатарында атала береді. Сондықтан кейде сырт қарағанда қолына қалам үстағанның бәрі даусыз дарын иесі секілді көрінеді. Егер істің жайы шынымен осылай болса, нүр үстіне нүр дегендей, мақтаныш түтпай несі бар. Өкінішке қарай, бізде шығармаға берілген баға көп ретте судың көпіршігіндей, үрлесең жоқ болады.

Ал осының себебі не? Әлде бүл жүрт көркемдік, талант дегенді ажырата алмай ма? Жоқ, олай емес. Сыншылардың көбі өздері талдап отырған туындының осал жақтарын біле түра айтпай, жалтарып кететіні қалай? Бүл арада, әрине, үлкен кінә сыншының мойнында. Ақты ақ, қараны қара деп айта алмаған сын, мейлі көлемі таудай болса да, сын емес. Одан оқушы   тәлім   алып   жарытпайды.   Сындағы   жалтақтыққа, қүрғақ батагөйлікке, нәрсіз насихатшылыққа қарсы күресу керек.

Ал екінші жағынан... Өзіміз жиі көріп, байқап жүрген бір ауыр шындықты айтқымыз келеді. Бағзы бір жағдайда батыл гыишының сөзін де бәсе тартқызатын жағдай бар. Оның аты -сынға шыдамсыздық, қытықшылдық, дызетпелік секілді жарамсыз жайлар. Кей ретте сыналған автор сынаушыны Колына сойыл алып, дүниені үш айналдырып қууға дейін әзір гүрады. Және қайсы бір жағдайда олар сыншыдан «өшін де» қайтарады.

Бізде мақтау - достың ісі, сынау - душпанның ісі деп уғатын жазушылар аз емес. «Жүрт пікір айтқан екен, апыр-ай, шынында да кемшілігім көп екен-ау» деп адал сынға алғыс лигагындар некен-саяқ. Жалған мақтау алудың жарысына гүскендей, жарамсақ сынды жан үшырып қарсы алу дерті ійықпай келеді.

Кейбіреуде дарын бар, екіншілерде арын бар. Дарынды жазушының ел қурметіне бөленуі, «еңбегінің өнбегі» орынды. Оған ешкімнің таласы жоқ. Бірақ дарын болмаса да, дақпыртқа ілігуге болады екен ғой. Бізде арынмен, айбатпен атағы шығып жүргендер де бар. Ондайлардың жалған жазушыларына әбден етіміз үйреніп, көндігіп кеткен і екілдіміз. Шығармасын бір пенде түшынып оқып жатпаса да, ірыны қатты автор жыл сайын кітап шығарады, батагөйлерден жарамсақ баға алады.

Жазатайым шындықты жаза қалсаң, әлгі дарын иесі мк.іііратқа мініп, қатуланып» шығады. Кірмейтін есігі, іашіайтын тесігі болмайды. Жазықсыз жапа шеккен Пвріштенің пішініне түскісі келеді. «Менің шығармам ғажап, қазақ әдебиетінің шоқтығы» деп аузы-мурны қисаймай мақатады ондайлар. Өз жазғанын алдымен өзі мақтайды, сонан соң жағымпаз жақындарына қуптатады. Осыдан кейін дүниеге ересен ірі шығарма келді» деп «сын» жазғызып, журтшылық пікірін өзінше тудырған болады. Шығармасы туралы ел не деп жатқанымен жумысы жоқ. Кім де кім әділін айтқысы келсе - олардьщ дүшпаны. Мақтамаған сынды шын деп есептемейді, қайта басына мін санайды да, «майданға» шығады...

Жалған әдебиетшілдіктің жүлде алу сыры неде? Бізде жас әдебиетшіге әуел бастан қатал талап қойыла бермейді. Бес-алты ауыз өлең жазған «жас ақын» аталады. Үйтіп-бүйтіп бір-екі жинақ шығарса «ақын» дейміз. Сонан кейін айта беретін «белді ақын», «белгілі ақын» келеді. Жүре-жүре «кексе ақын», «жасамыс ақын» қолданылады. Ал солардың көбін бөгде жүрт ешқашан да ақын деп танымаған.

Әділ сын айтылса, ер-тоқымын бауырына алып, тарпаңдық көрсететіндер әдебиетке дарынмен емес, арынмен орныққандар. Олармен жеке-жарым адамның күресуі оңайға соқпайды. Ондайлар шындықты айтқандарға қыр көрсетіп, «қырғи-қабақ соғыс» ашып қана қоймайды, қай-қайдағы қүбыжықтарды жиып, жала жауып, жапырып тастауға әзір түрады.

Біздің арамызда әдебиетке орта жолдан қосылғандарға орын барған сайын тарылып келеді. Шын көркем шығарма жасауға қауқарсыз болса да, дақпыртқа ілігіп, дәріптеліп жүргендер бүрынғыдай алшаңдай алмайтынын сезе бастағандай. Әңгіме әдебиеттің өсер ауасын мүлде тазартуда.

Шығарманың сапасын салмақтамай, дабырайта дәріптеу - дарынды автордың өзін де даңғойландырып жіберуі мүмкін. Сол үшін әрбір туынды шын қадір-қасиетіне қарай қүрметтелсін. Әдебиеттегі ардақты атақ арынмен емес, дарынмен табылатынын естен шығармайық.

1959

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға