Жаңалықтар

Қазақша энциклопедия қажет

Совет өкіметінің саясында қырық жылдан астам өмір кешкен қазақ халқының мәдени саладағы тапқаны сан алуан. Революциядан бұрынғысымен салыстырғанда айта қалғандай табыстары бар. Жоғары оқу орындары, театрлар мен мәдениет сарайлары, ғылым академиясы тағы басқа мекемелер республикамыздың еңбекшілеріне қызмет етеді. Халықты сауаттандыру жөнінде де көп жұмыстар істелген. Қазір қазақ оқушысы өз ана тілінде көп кітаптар оқи алады. Қазақ қаламгерлерінің ұлылы-кішілі мол туындылары кітап дүкендерінде тіреліп тұр. Дүние жүзі халықтарының, оның ішінде орыс әдебиетінің тандаулы нұсқалары аударылды. Марксизм классиктерінің қымбат еңбектерін аударуға да көп күш жұмсалды. Дегенмен, мәдениет майданында алмаған асуларымыз әлі де аз емес. Соның ішінде ел өміріне айрықша мәнді бір мәселені жұртшылықтың есіне салсақ дейміз. Әңгіме казақ гілінде энциклопедия шығару жайында. Энциклопедияның пайдасын түсіндіріп жатпаймыз. Ол орбір мәдениетке жеткен елдің қай-қайсысында болсын бурыннан бар байлық. Ендеше соны қысқаша еске түсірейікші. Алғашқы энциклопедиялық еңбек ежелгі грек елінде жасалыпты. Атақты ғалым Платонның шәкірті Спевзипп деген түңғыш энциклопедияның авторы делінеді. Ежелгі дәуір мсм орта ғасырларда бул даналық кітаптары білімнің грамматика, риторика, диалектика, арифметика, геометрия, щузыка, астрономия секілді жеті тарауын қамтитын болған. ()ріа ғасыр тусындағы энциклопедияның негізін салған Марңиан Капелла деген білімдар көрінеді. Ол жоғарыда I галған жеті өнер саласындағы күллі білімді жинастырып өлең формасында берген. Одан кейінгі дәуірлерде де көп елде нщиклопедия шығару дәстүрге айналған. ХҮІІ-ХҮШ іап.ірларда ғылымның, тәжірибенің жетістіктерін қысқаша біяндап түсіндірген еңбектер европаның бірсыпыра елдерінде айрықша көбейе түседі. Олардың дені оқу орындарына ірналып шығарылған. әр түрлі мамандық адамдарына көмек Кврсету мақсатында да басылған. Кейінірек,   ғылымның  тарам-тарам   жүйелері   көбейген барлық ғылымның жетістігін, қанша білімді болса да, адам жиыстырып шығара алмайтын болады. Сондықтан вертіндегі    энциклопедиялар    сан    түрлі    пән    өкілдерініңі қатысуымен жасалған. Адамзаттың      мәдени       ілгерілеуіне       үлес       қосқан энциклапедиялар аз емес. Соның ішінде біреуіне тоқталып шыру орынды. Сөз XVIII ғасырлардағы француз энцклапедиясы туралы. Мұның бүкіл европа елдеріне, солар ірқылы жер жүзі халықтарының мәдениетіне еткен ықпалы ірі. Осы ұлы еңбектің жасалып шығуына француздың бір топ асыл азаматтары қызу ат салысқан. Тосын, кесек жумыстың ең ауыр жүгін көтерген Дидро мен Даламбердің аты француз тарихында алтын әріппен жазылды. Француз энциклопедиясы жиырма жылға жуық мерзімде шығып болған. Шындықтан қорқатын әкімдер қанша ызаланып, көп кесір келтіргенімен, ересен еңбекке бой урған ерлер жұмысын тоқтатпай, өз халқына әлемдік ілім-білімнің жетістігін жеткізіп берген. Энциклопедия жасау мүддесін барлық тіршілік зейнетінен биік қойған шын ағартушы адамдар тарих Таң қалғандай қаһармандық көрсеткен. Француздың Вольтер, Монтескье, Бюффонь, Мармонтель, Гельвеций, Гольбах, Руссо секілді атақты адамдары да осы жолда көп еңбек сіңіргендігі мәлім. Арғы-бергі тарихтың талай-талай күңгірт мәселелері анықталып         жұртшылыққа         танылған.          Француз энциклопедиясының кіріспесінде нағыз адамгершілікке толы сөздер жазылған. Одан энциклопедистердің бойындағы талантын, күш қайратын халық жолына бағыштаған, өз елінің адал перзенттері болғаны анық көрінеді.
13.11.2013 05:31 11082

Совет өкіметінің саясында қырық жылдан астам өмір кешкен қазақ халқының мәдени саладағы тапқаны сан алуан. Революциядан бұрынғысымен салыстырғанда айта қалғандай табыстары бар. Жоғары оқу орындары, театрлар мен мәдениет сарайлары, ғылым академиясы тағы басқа мекемелер республикамыздың еңбекшілеріне қызмет етеді. Халықты сауаттандыру жөнінде де көп жұмыстар істелген.

Қазір қазақ оқушысы өз ана тілінде көп кітаптар оқи алады. Қазақ қаламгерлерінің ұлылы-кішілі мол туындылары кітап дүкендерінде тіреліп тұр. Дүние жүзі халықтарының, оның ішінде орыс әдебиетінің тандаулы нұсқалары аударылды. Марксизм классиктерінің қымбат еңбектерін аударуға да көп күш жұмсалды.

Дегенмен, мәдениет майданында алмаған асуларымыз әлі де аз емес. Соның ішінде ел өміріне айрықша мәнді бір мәселені жұртшылықтың есіне салсақ дейміз. Әңгіме казақ гілінде энциклопедия шығару жайында.

Энциклопедияның пайдасын түсіндіріп жатпаймыз. Ол орбір мәдениетке жеткен елдің қай-қайсысында болсын бурыннан бар байлық. Ендеше соны қысқаша еске түсірейікші.

Алғашқы энциклопедиялық еңбек ежелгі грек елінде жасалыпты. Атақты ғалым Платонның шәкірті Спевзипп деген түңғыш энциклопедияның авторы делінеді. Ежелгі дәуір мсм орта ғасырларда бул даналық кітаптары білімнің грамматика, риторика, диалектика, арифметика, геометрия, щузыка, астрономия секілді жеті тарауын қамтитын болған. ()ріа ғасыр тусындағы энциклопедияның негізін салған Марңиан Капелла деген білімдар көрінеді. Ол жоғарыда I галған жеті өнер саласындағы күллі білімді жинастырып өлең формасында берген. Одан кейінгі дәуірлерде де көп елде нщиклопедия шығару дәстүрге айналған. ХҮІІ-ХҮШ іап.ірларда ғылымның, тәжірибенің жетістіктерін қысқаша біяндап түсіндірген еңбектер европаның бірсыпыра елдерінде айрықша көбейе түседі. Олардың дені оқу орындарына ірналып шығарылған. әр түрлі мамандық адамдарына көмек Кврсету мақсатында да басылған.

Кейінірек,   ғылымның  тарам-тарам   жүйелері   көбейген барлық ғылымның жетістігін, қанша білімді болса да, адам жиыстырып шығара алмайтын болады. Сондықтан вертіндегі    энциклопедиялар    сан    түрлі    пән    өкілдерініңі қатысуымен жасалған.

Адамзаттың      мәдени       ілгерілеуіне       үлес       қосқан энциклапедиялар аз емес. Соның ішінде біреуіне тоқталып шыру орынды. Сөз XVIII ғасырлардағы француз энцклапедиясы туралы. Мұның бүкіл европа елдеріне, солар ірқылы жер жүзі халықтарының мәдениетіне еткен ықпалы ірі.

Осы ұлы еңбектің жасалып шығуына француздың бір топ асыл азаматтары қызу ат салысқан. Тосын, кесек жумыстың ең ауыр жүгін көтерген Дидро мен Даламбердің аты француз тарихында алтын әріппен жазылды. Француз энциклопедиясы жиырма жылға жуық мерзімде шығып болған.

Шындықтан қорқатын әкімдер қанша ызаланып, көп кесір келтіргенімен, ересен еңбекке бой урған ерлер жұмысын тоқтатпай, өз халқына әлемдік ілім-білімнің жетістігін жеткізіп берген. Энциклопедия жасау мүддесін барлық тіршілік зейнетінен биік қойған шын ағартушы адамдар тарих Таң қалғандай қаһармандық көрсеткен. Француздың Вольтер, Монтескье, Бюффонь, Мармонтель, Гельвеций, Гольбах, Руссо секілді атақты адамдары да осы жолда көп еңбек сіңіргендігі мәлім. Арғы-бергі тарихтың талай-талай күңгірт мәселелері анықталып         жұртшылыққа         танылған.          Француз энциклопедиясының кіріспесінде нағыз адамгершілікке толы сөздер жазылған. Одан энциклопедистердің бойындағы талантын, күш қайратын халық жолына бағыштаған, өз елінің адал перзенттері болғаны анық көрінеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға