Жаңалықтар

Балаларға арналған аудармалар жайында

Соңғы                 жылдарда         Мюнхаузен          әңгімелері, В.Воронкованың, П.Гавриловтың, Е.Ильинаның, Н.Гариннің, В.Бианкидің, Л.Воронкованың т.б. кітапшалары қазақша шықты. Аударылу шеберлігі әр түрлі дәрежеде боғанмен, олардың әрқайсысының тәрбиелік мәні зор. Соның ішінде прозалық шығармалар жаман аударылмаған. Бірақ жасандылық, олақтық көбіне өлең аудармаларынан байқалады. Асылы, балаларға арналған өлеңдерді аударудын өзіндік өзгешелігі көп. Егер ересек адам түсінбеген сөзін не сөздіктен, не түсініктемеден іздеп тапса, жас оқушы олай ете алмайтыны мәлім. Сол үшін өлең анық, түсінікті, шебер аударылуы тиіс. Бұған бір мысал алып көрейік. Орыс ақыны Наталья Забиланың «Біздің Отан» деген кітабын Нұрсұлтан Әлімқұлов аударыпты. Н.Әлімқұлов - біздің қабілетті жас ақындарымыздың бірі. Оның кейбір лирикалық өлеңдері, ән текстері жұртшылыққа мәлім. Бірақ сөз болып отырған кітапты Әлімқұлов жақсы аударған деуге болмайды. Өлең салқын, әсерсіз аударылған. Мәселен: Москвада кеш түсіп, Аспанда жарық ай туса, Қарсы алады күн көзін Бұл кезде қиыр шығыста. Советтік өлкем кең байтақ, Неткен алып жан-жағы! Бір жетіде тұралап Поезд жете алмайды... Суретті кітапша шығару деген жеке өзіндік мақсат емес. Жалпы, әдебиеттің қадірлілігі оның өмір шындығын жинақтап, көркемдік шындық биігіне көтеріп, қайта жасап көрсетуіне байланысты. Суретті кітапшалар да оқушыларға бұрын көрген, не еміс-еміс естіген, бірақ әлі мән бермеген құбылыстарды таныта, соган ынталандыра білсе ғана игі. Қаулы-қарарлардың, нұсқаулардың, техникалық сөздіктердің, немесе өндірістің бір саласының мәнін «оңайландырып», түсіндіріп беру мүмкін емес.  Балалар әдебиетінде, әсіресе суретті кітапшаларда, ашық риторикаға, үгіт оқуға, өз идеяңды жадағай, тікелей ұсынуға тіпті болмайды. Жаңа туған жас сәбиге айрықша бап, зерек ықылас қажет болатыны сияқты, балалар әдебиетінде де үлкен педагогикалық такт, оқушының жас мөлшер ерекшелігін сезіну, соны әрдайым есте сақтау қажет. Ата-ана өз баласын қандай шексіз сүйіспеншілікпен есінен шығармай, үнемі назар аударып жүретін болса, балалар жазушысы да өз шығармасын сондай бір қалтқысыз шыншыл ілтипатпен жазуы тиіс. Сыйламайтын, жаны ашымайтын адамды тіпті жас сәби де түйсік арқылы сезінетіні тәрізді, жалған, жасанды сөзді жас оқушы қабылдамай тастайды. Жас баланың ықыласын өзіңе ділмәр, шешен тілмен емес, жүрек қатынасыңмен, адамшылық сыпайылығыңмен тартатының сияқты, балалар әдебиетін де жобамен, нобаймен емес, нағыз білгір жүрекпен ғана тудыруға болады. Жалпы алғанда, суретті кітапшалар жасау жұмысының дамып келе жатқаны анық. Бірақ бұдан былай талғамы мен талабы күннен күнге өсіп келе жатқан балаларды аз ғана кітаппен алдандыруға тіпті де болмайды. Сол үшін, бәрінен бұрын, суретті кітапшалар басып шығаратын арнаулы баспа орны қажет-ақ. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы бұл міндетті толық атқара алмайтын тәрізді. Қазақстанда жастар баспасын ашу мәселесі соңғы кезде жиі айтылып жүрсе де, әзірше нәтиже мәз емес. Арнаулы баспа ашылып, шұғыл назар аударылмай, бұл іс алға баспайды. Қазақстан жазушылар Одағы, Қазақстан комсомолының Орталық Комитеті бұл мәселені тез арада шешуді батыл қолға алуы шарт. Бұл міндеттің орындалуына ешқандай бюрократтық-ксңесшілдік кесел-кедергі болмауға тиіс. Жас оқушылардың рухани талабын сөз жүзінде емес, тәжірибеде орындау ләзім. Балаларға арналған «Мурзилка» типтес журнал керек. Қазіргі кезде бүкіл еліміздің мектептерінде политех-мчкалық оқу жүйесі кең өріс алып келеді. Мұның негізгі мақсаты - жас азаматтарды саналы, білімді, өмірге икемді, емес тәрізді. Сол себептен біз де осы жөнінде өз пікірімізді айтуды жөн көрдік. Сөз жоқ, «Дала қоңырауында» шын ақындық толғаныстан туған көркем, ойлы шумақтар, беттер бар. Ыбырай жайында бұрын білетінімізді еске түсіретін, түйіндеп айтылған, төгіле ұйқасқан өлең жолдары аз емес. Әсіресе дастанның «Кел, балалар, оқылық» деп аталатын тарауында нағыз пафос серпінінен туған көркемдік шындық бар. Ыбырай мен Қазыбектің сөздерінде ескі қазақ еліндегі таптық, әлеуметтік қатынастар, сол кездегі халықтың салты, ғұрпы, дүниетанымы жарқ етіп көрініп қалады. Бірде Қазыбек қарт мектеп ашуға қарсы тұрған Сапақ байға: Ел қамы, қауым қамы деген жерге, Бірігіп, тоспайсыңдар неге кеуде?! Алыстан айқай қосып, жақын келсе, Жым болар жұрт аз ба еді жеме-жемде, -дейді. (34 бет). Бұл жолдар қазақ байларының психологиясындағы «лап бергіш, қайта айналғыш» деп Абай суреттеген кесірлі салт, мінезді еске салмай ма? Осы шумақта ғасырлар бойы қараңғылық бойға сіңірген өкінішті әдеттің шыңдығы қысқа, дәл айтылған. Поэмада оқырман көкейінен түсерлік талай ой, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» бар. Ыбырайдың болыс сайлауы алдындағы айтқан создері тамаша: Ел деген - бір жас сәби ісі болек, Әкім бол, оның жайын түсін ерек, Өнердің керегі жоқ жылатуға, Жұбатып алу үшін кісі керек. (90 бет). Автордың өз атынан баяндайтын жерлерінде де тапқыр теңеу,  жаңаша,  ақынша  айтылған терең тұжырымдар бар. Ақынның: Неғұрлым көнбіс болса қарашасы, Аспай ма билеушінің парасаты, - деген сөздерінде коп шындық жатыр. Ол бұл арада қаныпеэер қылығымен елдің зәресін ұшырған патшашыл жендетгерді таңбалап отыр. Міне, осы секілді аракідік елеулі табыстарына қарамастап дастан, жалпы алғанда, оқырманның ойынан шықпаған. Бұл поэма - қазақ совет әдебиетінің соңғы жылдардағы көлемді туындыларының бірі. Үлкен еңбекке талап та үлкен. Оскелең сын тезі турғысынан қарасақ, поэмадағы негізгі қаһармандардың тұлғасы комескі жатқанын көрер едік. Ең алдымен поэмадағы басты қаһарман - Ыбырайды алып қарайық. Автор шығарманың бірінші тарауында Ыбырайдың сырт пішінін былай суреттейді. Кәдімгі қазақ жүзі дөп-дөңгелек, Ұшында екі беттің нұр дөңгелеп, Жарқырап жырта қарыс кең маңдайды. Қарайды қара козі күнге еркелеп. Кең етек мұрнына мұрт жарасқан Жас буғақ жаңа толқын шықшыт басқан. Нұр куя, албырт жүзі тұр баяндап, Жиырмадан жас молшері жаңадан асқан. Алғаш қарағанда қаһарманның сырт портреті жаман да жасалмаған  сияқты.   Бірақ  поэманың  ұзын-ырғасынан  осы суреттегі   қаһарманды   даралық   кескінінде   коз   алдымызға влестете алмаймыз. Осыңың себебі не? Әлде Ыбырай жайлы ійтылған жақсы, жылы сөз аз ба? Аз емес, мол. Оның үстіне,автор  поэманың    әр    тарауында-ақ    Ыбырайға    ұзақ-ұзақ моиологтар беріп отырған. Біздіңше, бар мәселе қаһарманның даралық,    адамдық    бейнесінің    нанымды    жасалмауында. Поэмада Ыбырай  оқиғаға тым  аз араласады.  Тіпті,  бүкіл шығармада    Ыбырайдың    қазіретпен    сөз    қақтығысынан, Қазыбекті болыс сайлауынан, Сапақтың мектепті ертеттірді деген хабарынан басқа оқиға аз. Бірер сөз поэмадағы тартыс, өзекті оқиға туралы. Әрине, Ггоэма атаулыда нақ драмадағыдай кескілескен тартыс, жүргізілмеген тізбек оқиғалар болсын деп ешкім де талап қоймас. Дегенмен, үлкен жанрлардың қайсысында болса да, каһармандардың әрекет үстінде көрінуі - көркем әдебиеттің ежелгі заңы. «Дала қоңырауында» Ыбырай бастаған топ пен қазірет, Сапақтар тобының арасында оқиға кем. Рас, автор мектептің ашылуына қарсы болған Сапақ байдың, молданың, қазіреттің пікірлерін үш тарауда сөз етеді. Осылардың қай-қайсысы да мектеп ашылып, балалардың оқуына жол бергісі келмейді. Ыбырай сынды үлкен адамның тұлғасын жай, сырт баяндаумен жасауға болмайтынын автордың өзі де сезген сияқты. Сол себептен ол үш тарауға әлгі айтылған байдың, молданың, қазіреттің жаңалыққа қарсылық сөздерін тым шубалаң баяндап жеткізеді. Бірақ бұдан ескішілдер мен жаңашылдардың арасындағы жалпы түсініспеушілік байқалғанмен, қаһарманның тұлғасы анықталмайды. Әлгі үш тараудағы айтылатын әңгімені бір-ақ тарауға сыйғызып, оның үстіне оқиғасын қоюлатса, мүмкін дастан тартымдырақ болар ма еді, қайтер еді? Автордың айтпағы: «Ыбырай мектеп ашпақ боп, алыстан келіп еді, оның тілегін еңбекші көпшілік құптады, Қазыбек оларға бас болды. Бірақ бай Сапақ, молда, қазірет қарсы болды» деген ой ғой. Бұған әбден түсіндік. Бірақ ақын осы жайларды көркемдік шындықпен бере алмаған. «Ол өйтті, анау бүйтті», деген баяндаумен іс мұратына жетер ме? Абай жақсы ақын екенін бүкіл қазақ біледі. Бірақ оның жақсылығын публицистикалық баяндаумен, көркемдік шындық арқылы суреттеу екі басқа. Біз «Абай» романдарынан өзіміз білетін, әрі білмейтін Абайды көрмеп пе едік? Білетін дейтініміз - Абайдың өмірбаянымен, өлеңдерімен таныспыз. Білмейтін дейтініміз - сол ұлы адам өз басынан өмірінде кандай толғаныстар, күйініш-сүйініштер кешті, нені ұнатты, неден жиренді деген мәселе бізге бұрын қараңғы болатын. «Абай» эпопеясы ақын өмірінің қайталанбас, дара шындығын көркем кестелеп берген. Көркем тұлғаның жалпылық нобайын беру бар да, оның даралық, пенделік сипатын көрсету бар ғой. Ғафу поэмасының басты олқылығы - қаһармандарының осы айтқан адамдық-даралық қасиеттерінің жеткілікті ашылмай қалуында. «Дала қоңырауында» Ыбырайдың ағартушылық еңбегінің мәні авторлық толғауларда, қаһарманның ұзақ-ұзақ монологтарында көп айтылады. Оқырман Ыбырай еңбегінің қадірін түсінеді-ақ. Бірақ бұдан поэманың берер көркемдік жауабы көбеймейді. Айғаныс деп бір қыздың атын атап кеткені болмаса, автор Ыбырайдың жеке өз өмірінің тереңдеріне бармаған. Оқырманның бар білетіні де, оқитыны да Ыбырайдың ылғи мектеп жайын, елді мәдениетке жеткізуді ойлап, не ұзақ сөйлеп тұрғаны. Ыбырайдың жалпы жұрт білетін сипатына автордың қосып ұсынғаны тым аз. Қысқасы, автор Ыбырайдың характер шындығын ашарлық көркемдік кұрал тәсілді шағын қолданған. Ыбырайдың ағартушылық сңбегінің жалпы мәнін өлеңге қосқан. Рас, Ғафу өлеңдері жеңіл оқылады, қарапайым да, түсінікті де. Дегенмен, осы моэмадағы ұлы ағартушыға арналған жолдар шешен баяндамашының трибунада тұрып әдемі сөйлегеніндей-ақ өсер қалдырады. Поэманың көп жері педагогика мәселелеріне врналған ойлы сөздердің цитатасына да ұқсаңқырайды. Әттең, ме керек, поэмада Ыбырай тұлғасы тек бір қырынан, жалпылық, ағартушылық жағынан ғана ашылған. Қазыбек тұлғасы жайында да осыны айтуға болады. Әдепкіде халық данасы, парасатты адам ретінде көрінгенмен, ол да кейін сөз жүзіндегі қаһарманға айналып кетеді. Ал, Әбіқасым, Бөлтірік тәрізді Ыбырайдың шәкірттері де көмескі қалған. Поэмадан олардың оқуға ұмтылған әйтеуір бір талапты жастар екендігін ғана аңғарамыз. Ұнамсыз тұлға - Сапақ бай поэмада едәуір дараланып керінеді. Бұл жалпы «шынжыр балақ шұбар төстің» бірі ғана емес, арамдығына найза бойламайтын дүлей. Оның Ыбырай салдырған мектепті   өртеттіруі   осыны   дәлелдейді.   Міне, поэмада өзіндік әрекетімен бірқыдыру көрінген қаһарман осы. Ал, молда, қазіреттер, ділмәрланып көп сөйлегенімен, әйтеуір, молдалар ғой деген ұғымда қаласың. Поэмадағы орыс адамдарының тұлғасы мүлде бүлдыр. Аттары бар да, ісі жоқ. Мария Ивановна кім, Сотников кім? Бұлар ширатуы жетпеген шикі күйінде олардың жақсылығына, адамдығына көз жеткізу үшін тірі жанның тірлігіне араластырып, оқырман алдынан көлденеңдетіп өткізу керек қой. Бұл жоқ. Бір ғажабы, поэманың қаһармандары ылғи ғана сөйлеп жүреді. Ғафу, шамасы, бар мәселені солардың сөздерінен-ақ ұқтырам, әсерлендірем деп ойласа керек. Қаһармандардың мінез даралығын ашу үшін оларды сыр-сипаты танылатындай оқигаға киліктіру керек. «Пәленше батыр ересен» деп көп айтқанмен, сол батырлықты, ересендікті бейнелеп көрсетпей іс тынбайды. Тартыс, қақтығыс кимыл-әрекет үстінде әр адамның өзіндік мінез-құлқы ашылады. Әрине, аты тартыс деп қолдан жасанды оқиға жасай салуға да болмайды. Қаһармандар өмір сүрген дәуірді жете зерттеген жазушы сол дәуірге тән типтік сюжет табуы сөзсіз. «Абай»   романының   бірінші   кітабында   Құнанбайдың жазықсыз   жала   жауып   Қодарды   өлтіртетін   жерін   еске алайықшы. Сол бір дағдыдан тыс оқиға үстінде жиналған адамдардың әрқайсысының мінезі көрініп қалады. Міне, осы оқиғаны автор қаһармандарының әр түрлі ішкі-тысқы сезімін жарқ еткізіп көрсету үшін әдейі алған ғой. Кім қатал, кім кәззап, кім әділ, кім шыншыл екені, шынтуайттап келгенде, күрделі   әрекеттер   үстінде   ғана   көрінбек.    Құнанбайдың Қодарды   өлтіретін   жерінде   жазушы   қаһармандар   үшін сөйлемей, солардың іс үстінде қандай мінез көрсеткенін ғана суреттеп отырады. Осы эпизод сол ұлы эпопеядағы талай адамның  мінезін,   сыр-сипатын  айқындап  тастайды.   Бұдан шығармаға оқиға таңдап алудың қаншалықты қажет екендігін көреміз. Ыбырай жайындагы шығармаға да сом, кесек оқиғалар таңдап, қаһармандарды тіршілік күресі майданында көрсету абзал еді. Сонда олар бір қырынан ғана көрініп қалмай, жан-жақты,   адамдық  даралығымен  танылмақ.. Осы  поэмадағы Ыбырайдың Сапақпен тартысы көбіне сөз жүзінде айтылады. Осының өзі бірнеше тарауға созылған. «Дала қоңырауындағы» қаһармандардың көбі тіршілік талқысынан мүлде аулақ жүр. Лнда-санда жалт етіп елестегендей болып, ақыры із-түссіз кетеді. Поэма тым шұбалаңқы. Сондықтан да қайталау ұшырайды. Мәселен, Ыбырайдың оқудың, мектептің мән-жайын түсіндіргені бірнеше қайталанады. Суреттеудің орнына түсіндіру мол. Сонымен, түйіп айтсақ, «Дала қоңырауында» Ыбырай туралы, оның заманы, ортасы жайында біраз дерек бар. Ақын ұлы ағартушыға деген махаббатын көп жерде әдемі баяндайды. Ыбырай еңбегінің қазақ еліне үлкен ырыс болғанын айтады. Ыбырайдың Торғайда тұңғыш рет мектеп ашуын әңгімелейді. Қаһармандардың монологтарында ОЛардың өмірлік арманы, дүниетанымы аңғарылады. Бірақ, бөрін айт та, бірін айт, олардың тұлғасы көбіне бір-ақ цсотасынан, жадағайлау шыққан. Автор шын мәніндегі «таныс байтаныс» типтік тұлға жасады деп айту қиын. Бұл поэмада өмір  шындығы көркемдік шындық биігіне көтерілмеген. Алайда, Ғафу осы поэмасында, шындаса, көп мүмкіншілігі бар, ұзаққа шабар жүйрік ақын екендігін де көрсетті. Бұған шығарманың нағыз поэзияға толы беттері дәлел. Бірақ автор бұл жолы үлкен жанрдың - поэманың үдесінен шыға алмаған. Бұл автордың поэма ерекшелігін жете зерттеп, ақындық шеберлігін арттыра беруінің қажеттігін дәлелдейді. 1957
12.11.2013 13:00 6163

Соңғы                 жылдарда         Мюнхаузен          әңгімелері, В.Воронкованың, П.Гавриловтың, Е.Ильинаның, Н.Гариннің, В.Бианкидің, Л.Воронкованың т.б. кітапшалары қазақша шықты. Аударылу шеберлігі әр түрлі дәрежеде боғанмен, олардың әрқайсысының тәрбиелік мәні зор. Соның ішінде прозалық шығармалар жаман аударылмаған. Бірақ жасандылық, олақтық көбіне өлең аудармаларынан байқалады. Асылы, балаларға арналған өлеңдерді аударудын өзіндік өзгешелігі көп. Егер ересек адам түсінбеген сөзін не сөздіктен, не түсініктемеден іздеп тапса, жас оқушы олай ете алмайтыны мәлім. Сол үшін өлең анық, түсінікті, шебер аударылуы тиіс. Бұған бір мысал алып көрейік. Орыс ақыны Наталья Забиланың «Біздің Отан» деген кітабын Нұрсұлтан Әлімқұлов аударыпты. Н.Әлімқұлов - біздің қабілетті жас ақындарымыздың бірі. Оның кейбір лирикалық өлеңдері, ән текстері жұртшылыққа мәлім. Бірақ сөз болып отырған кітапты Әлімқұлов жақсы аударған деуге болмайды. Өлең салқын, әсерсіз аударылған. Мәселен:

Москвада кеш түсіп,

Аспанда жарық ай туса,

Қарсы алады күн көзін

Бұл кезде қиыр шығыста.

Советтік өлкем кең байтақ,

Неткен алып жан-жағы!

Бір жетіде тұралап

Поезд жете алмайды... Суретті кітапша шығару деген жеке өзіндік мақсат емес. Жалпы, әдебиеттің қадірлілігі оның өмір шындығын жинақтап, көркемдік шындық биігіне көтеріп, қайта жасап көрсетуіне байланысты. Суретті кітапшалар да оқушыларға бұрын көрген, не еміс-еміс естіген, бірақ әлі мән бермеген құбылыстарды таныта, соган ынталандыра білсе ғана игі. Қаулы-қарарлардың, нұсқаулардың, техникалық сөздіктердің, немесе өндірістің бір саласының мәнін «оңайландырып», түсіндіріп беру мүмкін емес.  Балалар әдебиетінде, әсіресе суретті кітапшаларда, ашық риторикаға, үгіт оқуға, өз идеяңды жадағай, тікелей ұсынуға тіпті болмайды. Жаңа туған жас сәбиге айрықша бап, зерек ықылас қажет болатыны сияқты, балалар әдебиетінде де үлкен педагогикалық такт, оқушының жас мөлшер ерекшелігін сезіну, соны әрдайым есте сақтау қажет. Ата-ана өз баласын қандай шексіз сүйіспеншілікпен есінен шығармай, үнемі назар аударып жүретін болса, балалар жазушысы да өз шығармасын сондай бір қалтқысыз шыншыл ілтипатпен жазуы тиіс. Сыйламайтын, жаны ашымайтын адамды тіпті жас сәби де түйсік арқылы сезінетіні тәрізді, жалған, жасанды сөзді жас оқушы қабылдамай тастайды. Жас баланың ықыласын өзіңе ділмәр, шешен тілмен емес, жүрек қатынасыңмен, адамшылық сыпайылығыңмен тартатының сияқты, балалар әдебиетін де жобамен, нобаймен емес, нағыз білгір жүрекпен ғана тудыруға болады.

Жалпы алғанда, суретті кітапшалар жасау жұмысының дамып келе жатқаны анық. Бірақ бұдан былай талғамы мен талабы күннен күнге өсіп келе жатқан балаларды аз ғана кітаппен алдандыруға тіпті де болмайды. Сол үшін, бәрінен бұрын, суретті кітапшалар басып шығаратын арнаулы баспа орны қажет-ақ. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы бұл міндетті толық атқара алмайтын тәрізді. Қазақстанда жастар баспасын ашу мәселесі соңғы кезде жиі айтылып жүрсе де, әзірше нәтиже мәз емес. Арнаулы баспа ашылып, шұғыл назар аударылмай, бұл іс алға баспайды. Қазақстан жазушылар Одағы, Қазақстан комсомолының Орталық Комитеті бұл мәселені тез арада шешуді батыл қолға алуы шарт. Бұл міндеттің орындалуына ешқандай бюрократтық-ксңесшілдік кесел-кедергі болмауға тиіс. Жас оқушылардың рухани талабын сөз жүзінде емес, тәжірибеде орындау ләзім. Балаларға арналған «Мурзилка» типтес журнал керек.

Қазіргі кезде бүкіл еліміздің мектептерінде политех-мчкалық оқу жүйесі кең өріс алып келеді. Мұның негізгі мақсаты - жас азаматтарды саналы, білімді, өмірге икемді, емес тәрізді. Сол себептен біз де осы жөнінде өз пікірімізді айтуды жөн көрдік.

Сөз жоқ, «Дала қоңырауында» шын ақындық толғаныстан туған көркем, ойлы шумақтар, беттер бар. Ыбырай жайында бұрын білетінімізді еске түсіретін, түйіндеп айтылған, төгіле ұйқасқан өлең жолдары аз емес. Әсіресе дастанның «Кел, балалар, оқылық» деп аталатын тарауында нағыз пафос серпінінен туған көркемдік шындық бар. Ыбырай мен Қазыбектің сөздерінде ескі қазақ еліндегі таптық, әлеуметтік қатынастар, сол кездегі халықтың салты, ғұрпы, дүниетанымы жарқ етіп көрініп қалады. Бірде Қазыбек қарт мектеп ашуға қарсы тұрған Сапақ байға:

Ел қамы, қауым қамы деген жерге,

Бірігіп, тоспайсыңдар неге кеуде?!

Алыстан айқай қосып, жақын келсе,

Жым болар жұрт аз ба еді жеме-жемде, -дейді. (34 бет).

Бұл жолдар қазақ байларының психологиясындағы «лап бергіш, қайта айналғыш» деп Абай суреттеген кесірлі салт, мінезді еске салмай ма? Осы шумақта ғасырлар бойы қараңғылық бойға сіңірген өкінішті әдеттің шыңдығы қысқа, дәл айтылған. Поэмада оқырман көкейінен түсерлік талай ой, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» бар. Ыбырайдың болыс сайлауы алдындағы айтқан создері тамаша:

Ел деген - бір жас сәби ісі болек,

Әкім бол, оның жайын түсін ерек,

Өнердің керегі жоқ жылатуға,

Жұбатып алу үшін кісі керек. (90 бет). Автордың өз атынан баяндайтын жерлерінде де тапқыр теңеу,  жаңаша,  ақынша  айтылған терең тұжырымдар бар. Ақынның:

Неғұрлым көнбіс болса қарашасы,

Аспай ма билеушінің парасаты, -

деген сөздерінде коп шындық жатыр. Ол бұл арада қаныпеэер қылығымен елдің зәресін ұшырған патшашыл жендетгерді таңбалап отыр.

Міне, осы секілді аракідік елеулі табыстарына қарамастап дастан, жалпы алғанда, оқырманның ойынан шықпаған. Бұл поэма - қазақ совет әдебиетінің соңғы жылдардағы көлемді туындыларының бірі. Үлкен еңбекке талап та үлкен. Оскелең сын тезі турғысынан қарасақ, поэмадағы негізгі қаһармандардың тұлғасы комескі жатқанын көрер едік. Ең алдымен поэмадағы басты қаһарман - Ыбырайды алып қарайық. Автор шығарманың бірінші тарауында Ыбырайдың сырт пішінін былай суреттейді.

Кәдімгі қазақ жүзі дөп-дөңгелек, Ұшында екі беттің нұр дөңгелеп, Жарқырап жырта қарыс кең маңдайды. Қарайды қара козі күнге еркелеп. Кең етек мұрнына мұрт жарасқан Жас буғақ жаңа толқын шықшыт басқан. Нұр куя, албырт жүзі тұр баяндап, Жиырмадан жас молшері жаңадан асқан. Алғаш қарағанда қаһарманның сырт портреті жаман да жасалмаған  сияқты.   Бірақ  поэманың  ұзын-ырғасынан  осы суреттегі   қаһарманды   даралық   кескінінде   коз   алдымызға влестете алмаймыз. Осыңың себебі не? Әлде Ыбырай жайлы ійтылған жақсы, жылы сөз аз ба? Аз емес, мол. Оның үстіне,автор  поэманың    әр    тарауында-ақ    Ыбырайға    ұзақ-ұзақ моиологтар беріп отырған. Біздіңше, бар мәселе қаһарманның даралық,    адамдық    бейнесінің    нанымды    жасалмауында. Поэмада Ыбырай  оқиғаға тым  аз араласады.  Тіпті,  бүкіл шығармада    Ыбырайдың    қазіретпен    сөз    қақтығысынан, Қазыбекті болыс сайлауынан, Сапақтың мектепті ертеттірді деген хабарынан басқа оқиға аз.

Бірер сөз поэмадағы тартыс, өзекті оқиға туралы. Әрине, Ггоэма атаулыда нақ драмадағыдай кескілескен тартыс, жүргізілмеген тізбек оқиғалар болсын деп ешкім де талап қоймас.

Дегенмен, үлкен жанрлардың қайсысында болса да, каһармандардың әрекет үстінде көрінуі - көркем әдебиеттің ежелгі заңы. «Дала қоңырауында» Ыбырай бастаған топ пен қазірет, Сапақтар тобының арасында оқиға кем. Рас, автор мектептің ашылуына қарсы болған Сапақ байдың, молданың, қазіреттің пікірлерін үш тарауда сөз етеді. Осылардың қай-қайсысы да мектеп ашылып, балалардың оқуына жол бергісі келмейді.

Ыбырай сынды үлкен адамның тұлғасын жай, сырт баяндаумен жасауға болмайтынын автордың өзі де сезген сияқты. Сол себептен ол үш тарауға әлгі айтылған байдың, молданың, қазіреттің жаңалыққа қарсылық сөздерін тым шубалаң баяндап жеткізеді. Бірақ бұдан ескішілдер мен жаңашылдардың арасындағы жалпы түсініспеушілік байқалғанмен, қаһарманның тұлғасы анықталмайды. Әлгі үш тараудағы айтылатын әңгімені бір-ақ тарауға сыйғызып, оның үстіне оқиғасын қоюлатса, мүмкін дастан тартымдырақ болар ма еді, қайтер еді? Автордың айтпағы: «Ыбырай мектеп ашпақ боп, алыстан келіп еді, оның тілегін еңбекші көпшілік құптады, Қазыбек оларға бас болды. Бірақ бай Сапақ, молда, қазірет қарсы болды» деген ой ғой. Бұған әбден түсіндік. Бірақ ақын осы жайларды көркемдік шындықпен бере алмаған. «Ол өйтті, анау бүйтті», деген баяндаумен іс мұратына жетер ме? Абай жақсы ақын екенін бүкіл қазақ біледі. Бірақ оның жақсылығын публицистикалық баяндаумен, көркемдік шындық арқылы суреттеу екі басқа. Біз «Абай» романдарынан өзіміз білетін, әрі білмейтін Абайды көрмеп пе едік? Білетін дейтініміз - Абайдың өмірбаянымен, өлеңдерімен таныспыз. Білмейтін дейтініміз - сол ұлы адам өз басынан өмірінде кандай толғаныстар, күйініш-сүйініштер кешті, нені ұнатты, неден жиренді деген мәселе бізге бұрын қараңғы болатын. «Абай» эпопеясы ақын өмірінің қайталанбас, дара шындығын көркем кестелеп берген. Көркем тұлғаның жалпылық нобайын беру бар да, оның даралық, пенделік сипатын көрсету бар ғой. Ғафу поэмасының басты олқылығы - қаһармандарының осы айтқан адамдық-даралық қасиеттерінің жеткілікті ашылмай қалуында.

«Дала қоңырауында» Ыбырайдың ағартушылық еңбегінің мәні авторлық толғауларда, қаһарманның ұзақ-ұзақ монологтарында көп айтылады. Оқырман Ыбырай еңбегінің қадірін түсінеді-ақ. Бірақ бұдан поэманың берер көркемдік жауабы көбеймейді. Айғаныс деп бір қыздың атын атап кеткені болмаса, автор Ыбырайдың жеке өз өмірінің тереңдеріне бармаған. Оқырманның бар білетіні де, оқитыны да Ыбырайдың ылғи мектеп жайын, елді мәдениетке жеткізуді ойлап, не ұзақ сөйлеп тұрғаны. Ыбырайдың жалпы жұрт білетін сипатына автордың қосып ұсынғаны тым аз. Қысқасы, автор Ыбырайдың характер шындығын ашарлық көркемдік кұрал тәсілді шағын қолданған. Ыбырайдың ағартушылық сңбегінің жалпы мәнін өлеңге қосқан. Рас, Ғафу өлеңдері жеңіл оқылады, қарапайым да, түсінікті де. Дегенмен, осы моэмадағы ұлы ағартушыға арналған жолдар шешен баяндамашының трибунада тұрып әдемі сөйлегеніндей-ақ өсер қалдырады. Поэманың көп жері педагогика мәселелеріне врналған ойлы сөздердің цитатасына да ұқсаңқырайды. Әттең, ме керек, поэмада Ыбырай тұлғасы тек бір қырынан, жалпылық, ағартушылық жағынан ғана ашылған.

Қазыбек тұлғасы жайында да осыны айтуға болады. Әдепкіде халық данасы, парасатты адам ретінде көрінгенмен, ол да кейін сөз жүзіндегі қаһарманға айналып кетеді. Ал, Әбіқасым, Бөлтірік тәрізді Ыбырайдың шәкірттері де көмескі қалған. Поэмадан олардың оқуға ұмтылған әйтеуір бір талапты жастар екендігін ғана аңғарамыз.

Ұнамсыз тұлға - Сапақ бай поэмада едәуір дараланып керінеді. Бұл жалпы «шынжыр балақ шұбар төстің» бірі ғана емес, арамдығына найза бойламайтын дүлей. Оның Ыбырай салдырған мектепті   өртеттіруі   осыны   дәлелдейді.   Міне, поэмада өзіндік әрекетімен бірқыдыру көрінген қаһарман осы. Ал, молда, қазіреттер, ділмәрланып көп сөйлегенімен, әйтеуір, молдалар ғой деген ұғымда қаласың.

Поэмадағы орыс адамдарының тұлғасы мүлде бүлдыр. Аттары бар да, ісі жоқ. Мария Ивановна кім, Сотников кім? Бұлар ширатуы жетпеген шикі күйінде олардың жақсылығына, адамдығына көз жеткізу үшін тірі жанның тірлігіне араластырып, оқырман алдынан көлденеңдетіп өткізу керек қой. Бұл жоқ. Бір ғажабы, поэманың қаһармандары ылғи ғана сөйлеп жүреді. Ғафу, шамасы, бар мәселені солардың сөздерінен-ақ ұқтырам, әсерлендірем деп ойласа керек.

Қаһармандардың мінез даралығын ашу үшін оларды сыр-сипаты танылатындай оқигаға киліктіру керек. «Пәленше батыр ересен» деп көп айтқанмен, сол батырлықты, ересендікті бейнелеп көрсетпей іс тынбайды. Тартыс, қақтығыс кимыл-әрекет үстінде әр адамның өзіндік мінез-құлқы ашылады. Әрине, аты тартыс деп қолдан жасанды оқиға жасай салуға да болмайды. Қаһармандар өмір сүрген дәуірді жете зерттеген жазушы сол дәуірге тән типтік сюжет табуы сөзсіз.

«Абай»   романының   бірінші   кітабында   Құнанбайдың жазықсыз   жала   жауып   Қодарды   өлтіртетін   жерін   еске алайықшы. Сол бір дағдыдан тыс оқиға үстінде жиналған адамдардың әрқайсысының мінезі көрініп қалады. Міне, осы оқиғаны автор қаһармандарының әр түрлі ішкі-тысқы сезімін жарқ еткізіп көрсету үшін әдейі алған ғой. Кім қатал, кім кәззап, кім әділ, кім шыншыл екені, шынтуайттап келгенде, күрделі   әрекеттер   үстінде   ғана   көрінбек.    Құнанбайдың Қодарды   өлтіретін   жерінде   жазушы   қаһармандар   үшін сөйлемей, солардың іс үстінде қандай мінез көрсеткенін ғана суреттеп отырады. Осы эпизод сол ұлы эпопеядағы талай адамның  мінезін,   сыр-сипатын  айқындап  тастайды.   Бұдан шығармаға оқиға таңдап алудың қаншалықты қажет екендігін көреміз.

Ыбырай жайындагы шығармаға да сом, кесек оқиғалар таңдап, қаһармандарды тіршілік күресі майданында көрсету абзал еді. Сонда олар бір қырынан ғана көрініп қалмай, жан-жақты,   адамдық  даралығымен  танылмақ.. Осы  поэмадағы Ыбырайдың Сапақпен тартысы көбіне сөз жүзінде айтылады. Осының өзі бірнеше тарауға созылған. «Дала қоңырауындағы» қаһармандардың көбі тіршілік талқысынан мүлде аулақ жүр. Лнда-санда жалт етіп елестегендей болып, ақыры із-түссіз кетеді.

Поэма тым шұбалаңқы. Сондықтан да қайталау ұшырайды. Мәселен, Ыбырайдың оқудың, мектептің мән-жайын түсіндіргені бірнеше қайталанады.

Суреттеудің орнына түсіндіру мол.

Сонымен, түйіп айтсақ, «Дала қоңырауында» Ыбырай туралы, оның заманы, ортасы жайында біраз дерек бар. Ақын ұлы ағартушыға деген махаббатын көп жерде әдемі баяндайды. Ыбырай еңбегінің қазақ еліне үлкен ырыс болғанын айтады. Ыбырайдың Торғайда тұңғыш рет мектеп ашуын әңгімелейді. Қаһармандардың монологтарында ОЛардың өмірлік арманы, дүниетанымы аңғарылады. Бірақ, бөрін айт та, бірін айт, олардың тұлғасы көбіне бір-ақ цсотасынан, жадағайлау шыққан. Автор шын мәніндегі «таныс байтаныс» типтік тұлға жасады деп айту қиын. Бұл поэмада өмір  шындығы көркемдік шындық биігіне көтерілмеген.

Алайда, Ғафу осы поэмасында, шындаса, көп мүмкіншілігі бар, ұзаққа шабар жүйрік ақын екендігін де көрсетті. Бұған шығарманың нағыз поэзияға толы беттері дәлел. Бірақ автор бұл жолы үлкен жанрдың - поэманың үдесінен шыға алмаған. Бұл автордың поэма ерекшелігін жете зерттеп, ақындық шеберлігін арттыра беруінің қажеттігін дәлелдейді.

1957

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға