Жаңалықтар

Жасанды сөз балалар әдебиетіне зиян

Балаларға арналған шығармалар өмір оқулығы болуға тиіс.    Жас    баланың    өзі    тани    алмаған,    бірақ    білуге құштарланған мәселелерін әдебиет үйретуі керек. Шығарманың тілі жеңіл, анық, түсінікті болсын. Жасанды сөз әсіресе балалар әдебиетінде зиян. Оқушының өз ойындай қарапайым, мөлдір, таза, фокусы жоқ тіл қажет. Бұған ауыз әдебиетінен бір мысал алып көрейік. Бір дегенің - білек, Екі дегенің - елек, Үш дегенің - үсік, Төрт дегенің - тосек, Бес дегенің - бесік, Алты дегенің - асық, Жеті дегенің - желке, Сегіз дегенің - серке, Тоғыз дегенің - торқа, Он дегенің - оймақ, - Он бір қара жұмбақ. Осы тақпақ олең екі бірдей қызмет атқарып тұр. Мұны жаттаған бала біріншіден, сан үйренсе, екіншіден, бірталай заттың атын біліп шығады. Міне, осы секілді тәсілмен қазіргі емір шындығынан неше алуан тақпақ өлеңдер жасауға болар еді. Бұл мысалдарды алған себебіміз - жазушы, ақын балалар әдебиетінің ертеден бар үлгілерін дамыта отырып, жаңа заманға лайық шығармалар тудыра алатынын ескерту еді. Жоғарыдағыдай тақпақ ретімен «Бір дегенің - бірлік, Екі дегенің - ерлік» сияқтандырып, неше құбылтып, енерлеп алып кетуге болмас па еді? Соғыстан кейінгі жылдарда қазақ балалар әдебиеті кең оркендей бастады. Егер бұрын жазба әдебиетте балаларға арналған шығармалар саусақпен санарлықтай болса, қазір жағдай мүлде басқаша деуге болады. Атап айтқанда, қазіргі кезде балалар жазушыларының тұрақты тобы пайда болды. Бұрын балалар әдебиеті дегенде - аузымызға түсетіні Ыбырайдың әңгімелері, Абайдың кейбір олеңдері, совет жазушыларының рабайда бір ұшырайтын шығармалары болушы еді. Соңғы жылдарда балалар әдебиеті С.Бегалиннің, Б.Соқпақбаевтың, Н.Ғабдуллиннің, С.Сарғасқаевтың, М.Гумеровтың, Ә.Дүйсенбиевтің, М.Жаманбалиновтың т.б. шығармаларымен молая түсті. Сөйтіп балалар әдебиеті сын көтере аларлық, профессионалды дәрежеге жетті. Бірталай автор өздерінің алғашқы шығармаларын балалар өмірін суреттеуге арнап отыр. Демек, ендігі жерде қазақ балалар әдебиетінің даму тенденциясы туралы пікір алысу қажеттігі туа бастады. Осы кезге дейін қазақ балалар әдебиетінің баяу дамыған бір саласы - суретті кітапшалар шығару. Соғыстан бұрын басылып шыққан бес-ондаған суретті кітапшадан соң ұзақ жылдар бойы бұл мәселе тіпті қозғаусыз жатты. Соғыстан кейінгі бірнеше жылдан соң ғана бұл жұмыс қолға алына бастады. Бірақ шындап көңіл бөлінгені соңғы екі-үш жылда десек, қателеспейміз. Суретті кітапшалар ана жастан мына жастағы балаларға ғана пайдалы деп кесіп-пішіп айту қиын. Кейде ондай кітаптарды ересек адамдардың да қызығып оқитыны болады. Дегенмен, бұл топтағы әдебиеттің негізгі тұтынушысы мектеп жасына дейінгі және төменгі класс балалары. Осы уақытқа дейін қазақ әдебиетінде ең жас оқушыларга арналған кітапшалар жоқтың қасы болды. Қазір әдебиетіміз әр жанрда кемелденіп өсті. Енді бұкіл оқушының жас ерекшелігін, қажетін ескерту, соларды қанағаттандыру міндеті туып отыр. Соның ішінде бұл күнге дейін сөз бола қоймаған мәселе -суретті кітапшалар шығару мәселесі. Адамгершілік, ақыл, дене, еңбек, эстетикалық тәрбиенің тұтастығы - жастарға коммунистік тәрбие берудің басты шарты. Міне, осы зор міндетті белгілі дәрежеде орындауға тиісті құралдың бірі - суретті кітапшалар. Педагогикада оқушылардың білім негіздері мен жаңа ұғымдарды қабылдауы, тусінуі үшін көрнектілік әдісі қандай роль атқарса, суретті кітапшалар да өз оқушысына сондай қызмет атқаруға  тиіс.   Жас   балалардың   эстетикалық  талғамының, дүниетануының, адамгершілік негіздерінің көркеюіне мұндай кітапшалардың берер пайдасы мол. Коммунистік қоғамның бүкіл моральдік, саяси этикалық принциптері әдебиеттің, соның ішінде, суретті кітапшалардың да, идеялық негізі болуы шарт. Қысқарта айтқанда, суретті кітапшаларда материалдың оқушы жасына, психологиясына лайықты, тілінің анық, ашық, тартымды, суретінің әсерлі, көрнекті, қызғылықты болуы, шығарманың идеялы, иедагогикалық жағынан үйлесімді болуымен ұштасып жатуға тиіс. Соңғы жылдарда басылып шыққан суретті кітапшалардың біразы фольклор сюжетін өңдеу жолымен жасалған. Бұл нағыз заңды құбылыс. Ойткені халық әдебиеті қашан да күллі өдебиеттің қайнар бұлағы болып қала бермек. Неше түрлі сөз өрнектері, тапқыр теңеулер, ашық бояулы айқын қаһармандар, адамзат өмірінің сәби шағында туған әрі әсерлі, әрі ғажайып қызғылықты сюжеттер фольклордан мол ұшырайды. Қазір жас өқушылар «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қаңбақ шал», «Екі жетім», «Қотыр торғай», «Жыл басы», «Түлкі мен бөдене», «Бөрік киген түлкі», «Тапқыш» т.б. біраз суретті кітапшаларды оқи бастады. Бұлардың әрқайсысының да бслгілі дәрежеде дүние танытарлық онегесі бар кітаптар. Осы кітапшаларға берілген суреттер де, негізінен алғанда, жақсы шыққан. Олар оқиғаның мазмұнын айқындай түсуге көп собепкер. Жоғарыда біз мысалға алған кітапшалардың дені оқушы іалғамына татырлық болғанымен, оларда кемшіліктер де бар екендігін айтуымыз парыз. Кейбір өнделген әңгімелерде қазақ іілінің байлығы еркін байқалмайды. Жасанды сөз, жас өқушыға түсінуге қиындық келтіретін оралымдар ұшырайды. ()пдай шалағайлықтар суретті кітапшаларда орын алмауға тиіс дси ойлаймыз. Бұған бір ғана мысал алып көрейік. Е.Исмаилов өцдеген «Қошқар мен теке» атты кітапшада, жетістіктерімен қмтар, кейбір сөйлем шалағайлығы ұшырап қалады. Мәселен мұнда: «Аяқ аттаған сайын қауіп-қатер кездеседі бұларға», «Қайда барарын, қайда мекендеп өмір сүрерін қошқар мен теке әлі айқындаған жоқ», «Апыр-ай, бізді он екі қасқыр іздеп келе жатқан екен, енді тезірек жүріп, анау көрінген бәйтерекке жетіп алайық, - деп аяғын жүргізе бастады» деген сөйлемдер бар. Бұл секілді олақ сөйлемдер әсіресе жас оқушыға арналған кітапшалардан орын алмаса дейміз. Кейінгі жылдарда басылып шыққан суретті кітапшалар балалар жазушыларының бұл мәселеге көңіл бөле бастағандығын танытады. Мұндай шығармалардың қатарында Ә.Дүйсенбиевтің «Сыйлық», Қ.Мұқышевтың «Ораз бен Қораз»,         З.Жұматованың        «Мараттың         таңдауы», Ж.Өмірбековтың «Елеусіз», С.Бегалиннің «Цимлян теңізі», Б.Аманшиннің «Жылқышы ауылда» т.б. біраз кітапшалары бар. Бір қуанарлығы сол - авторлар суретті кітапшалар жасаудағы орыс әдебиетінің тәжірибесін жақсы меңгере бастаған. Оқиғаны жалпылама алмай, нақтылы бір көрініспен қысқа, тұжырымды етіп берушілік бар. Мәселен Б.Аманшиннің «Жылқышы ауылда» деген кітапшасында балаларды жылқы өсіруге ынтықтыратын, батылдыққа тәрбиелейтін әсерлі өлең жолдары бар. Кітапшадан бір жас баланың асауға бас білдіргені айтылады. Оқиға кімді де болса қызықтырарлықтай, нанымды шыққан. Сол сияқты Н.Ғабдуллиннің «Кішкентай құс» деген әңгімесінде де нақтылық бар. Бас-аяғы жиырма шақты сөйлемнен құралған бұл әңгімеде біраз нәрсе айтылады. Негізгі идеясы -балаларды гумандық аяушылық сезімге тәрбиелеу. Мұнда бір баланың жаңбыр астында суға малынып, ұша алмай қалған балапанды ұстап алып, жүнін кептіріп қайтадан ұшырып жібергені сөз болады. Тілі жас бала психологиясына қонымды, әсерлі-ақ. Әңгіменің идеясы да оқушыға анық, дәл жетеді. М.Әлімбаевтың кітапшасында да («Менің ойыншығым») жас баланы еңбекке, ұқыптылыққа тәрбиелеу тақырыбы өте қызғылықты шешілген. Мұнда автор - құрғақ ақыл айтушы емес, өмір процесінің бір құбылысын шебер көрсетуші. Қорытындыны әрбір оқушы өздері шығара алады. Міне, осы сияқты қасиеттер суретті кітапшаларда неғұрлым көп болса, олардың бағасы да соғурлым арта түспек. Суретті кітапшаларда өмір кубылысы табиғи нанымды берілуі қажет. Өмірдің қайшылығын бояп суреттеу үлкендерге қанша пайдасыз болса, жас оқушыларға да қажетсіз. Әдебиет жастарды шыншылдық рухында тәрбиелеуге тиіс. «Бәрі де оңай, бәрі де жеңіл» - деп суреттеушілік балаларды ойлауға, ізденуге, талаптануға ұмтылдырмайтыны даусыз. Кейбір кітапшаларда жас балаға түсініксіз жайлар сөз болады. Бұдан суретті кітап оқиғасының нақты, түсінікті, күнделікті тіршілікке қатысты болуы қажеттігін аңғарамыз. Асылы мектеп жасына дейінгі және төменгі класс балаларына арналған кітапшалар ең алдымен баланың өзіне таныс нәрселер төңірегінде болуы мақұл. Мәселен, В.В.Маяковский «Кім болам?» деген өлеңінде оқушыға біраз мамандықтың атын атап, олардың ерекшелігін қызықтыра баяндайды. Оқушы онда айтылғандардың бәрі де оңай емес екенін, бірақ шындап кіріссе, матрос та, ушқыш та бола алатынын ұғына алады. Балаларға реалистік тәрбие беру - суретті кітапшалардың әліппесі болуға тиіс. Кейбір кітапшалар автордың, ізгі ниетіне қарамастан, осерсіз оқылатынын айту керек. Суретті кітапшалардан идеялылықпен қатар көркемдікті де талап етеміз. Балалар одебиетінде дидактизм, риторика орынсыз. Оның ішінде суретті кітапшаларға тіпті керексіз. Жақсылық, адамдық деген ұйымға оқушының өзі келетіндей болуы қажет. Амал не, суретті кітапшалардың кейбіреуінде салқын насихат айтушылық ұшырайды. М.Зверевтің «Кім қалай ойнайды» деген кітапшасындағы кейбір сөйлемдер ересектерге арналған іылыми түсініктеме секілді. «Жабайы аңдардың күшіктерінің ойынына қараңдаршы. Олар бірін-бірі қуалап алысып, жулысып, тістейді де жатады. Бірақ олар осылай ойнап жүріп гамақ табудың, қорғанудың, қуғанына жетіп, қашқанынан кұтылудың тәсілін үйренеді».  Мұндай  «ақыл»  кіші  түгіл, үлкенді   де   қызықтырмайтыны   анық.   Осылай   болса,   жас балалардың жас ерекшелігіне лайық тіл табу керек. Кейбір кітапшалардағы автордың тапқырлық, оқушыға өмір танытарлық деп ұсынғаны мағынасыздық болып шыққанын айтпауға- болмайды. Бұған С.Талжановтың «Ұстаның үйі» деген кітапшасы дәлел. Осындағы «Жоғалған сақа», «Ұстаның үйі», «Бұған күдіктенуге бола ма?», «Тігінші» деген кішкене әңгімелердің бір де бірін сәтті шыққан деп айту қиын. Пікірімізді дәлелдеу үшін осы әңгіменің біреуін алып қарайық. «Бұған күдіктенуге бола ма?» деген әңгімеде бір адамның базардан жүз сомға тоты сатып алғаны, ол тотының «бұған күдіктенуге бола ма?» деген сөздерді жатқа білетіндігі айтылады. Әлгі адам үйіне келгеннен кейін тотыны қалдырып, өзі бір жаққа кетеді. Ол жоқта үйін ұрылар тонап кетеді. Үй иесі қайтып келгенде, тоты: «Бұған күдіктенуге бола ма?» - деп, қайталай береді. Әңгіменің мазмұны осы. Бұдан автордың айтпақ болғанын түсінудің өзі бір машақат. Асылы, дүниеде күлкі шақыратын жайлар көп-ақ. Бірақ ол үшін белгілі логиканың, ұғымның анықтығы керек қой. Кітапшадағы суреттер оқушының қиялын жетелеп, қызыктырып отыратын болсын дейміз. Кейбір кітапшадағы суреттер оқиғаға дәл, сай келмейді. Біздіңше, балалар жазушысы оқушы психолоГиясын қалай терең білсе, суретші де мектеп жасына дейінгі және төменгі класс балаларының өмірін жақсы білуге тиіс. Онсыз жерде суретші, қанша талантты болса да, әсерлі сурет жасай алмақ емес. Қазақ тіліндегі суретті кітапшалардың кейбіреулерінде бір суреттің өзі әр жерде әр түрлі болып шығып жүр. Мәселен, «Мараттың таңдауы» деген кітапшадағы Мараттың шешесінің суреті үш түрлі болып шыққан. Суретші Н.Гаев көп еңбек сіңіре тұрса да, бұл жағына назар аудармаған секілді. Мұндай мысалдарды басқа да кітапшалардан кездестіруге болады. Дегенмен суретті кітапшаларды шығаруға көп көмек етіп жүрген К.Баранов, Б.Урманче, Р.Великанов, Н.Лебедев, Р.Сахи, Р.Фролова сияқты суретшілердің еңбектерінің кұнды екендігін атап өту керек. Қазақ тілінде шыққан суретті кітапшаларды оқып шыққан кісі біздің жазушыларымыздың әлі де болса, бұл мәселеге жете көңіл бөлмей келе жатқандығын аңғартады. Суретті кітапшалар, шынында, оңай, жеңіл-желпі іс емес. Бұл жазушыдан балалар өмірін, мінез-құлқын терең зерттеуді; оларды қызықтыратын, сұрауына жауап айтатын тақырып-тарды таңдап алуды, педагогика, дидактика принциптерін жете білуді талап етеді. Әзірше қазақ жазушылары суретті кітапшалар жасаудың ең бастапқы сатысында ғана жұр. Тақырыптың кедейлігі таңқаларлық. Өңделген халық оңгімелері мен бүгінгі өмірге арналған бірен-саран кітапшадан басқа табысымыз шамалы. Ендігі жерде балалар өмірін жан-жақты, әсерлі көрсететін шығармалар қажет. Біздің жазушыларымыздың қазіргі ұстанған әдісі, педагогика тілімен айтқанда, дедукциялық әдіс төңірегінде ғана жүр. Өмір құбылысын жалпылама алып көрсетушілік басым. Әрине, балалар әдебиетінде бұл да керек. Бірақ жас оқушыларға арналған әдебиет әр түрлі ғылыми әдіске негізделуі тиіс. Жекеден жалпыға, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға тәрізді т.б. принциптерді қолдану қажет. Орыстың С.Маршак, Л.Барто, С.Михалков сияқты балалар жазушыларының шығармаларында өмір көріністері өте қарапайым, әрі ғибрат аларлық, үйренерлік дәрежеде көрсетіледі. Біздің жазушыларымыз баланы ең әуелі тазалық, ұқыптылық, едептілік, әділдік, тапқырлық, табандылық, үлкенді сыйлау сияқты нәрседен бастап үйретуі тиіс. Көркем шығармалардың қасиеті мазмұнына байланысты. Балалар жазушысы да осы шындықты есте тұтуы шарт. Әрбір идея шығармада жалаң Көрінбей, мазмұнның өзінен туып отыруы қажет. Балалар одебиетіндегі кемшіліктің бірі - авторлардың өмірдің жанды коріністерін алудан гөрі, құрғақ идеяны төтелей ұсынуға машықтануы.
12.11.2013 12:52 5790

Балаларға арналған шығармалар өмір оқулығы болуға тиіс.    Жас    баланың    өзі    тани    алмаған,    бірақ    білуге құштарланған мәселелерін әдебиет үйретуі керек. Шығарманың тілі жеңіл, анық, түсінікті болсын. Жасанды сөз әсіресе балалар әдебиетінде зиян. Оқушының өз ойындай қарапайым, мөлдір, таза, фокусы жоқ тіл қажет. Бұған ауыз әдебиетінен бір мысал алып көрейік.

Бір дегенің - білек,

Екі дегенің - елек,

Үш дегенің - үсік,

Төрт дегенің - тосек,

Бес дегенің - бесік,

Алты дегенің - асық,

Жеті дегенің - желке,

Сегіз дегенің - серке,

Тоғыз дегенің - торқа,

Он дегенің - оймақ, -

Он бір қара жұмбақ. Осы тақпақ олең екі бірдей қызмет атқарып тұр. Мұны жаттаған бала біріншіден, сан үйренсе, екіншіден, бірталай заттың атын біліп шығады. Міне, осы секілді тәсілмен қазіргі емір шындығынан неше алуан тақпақ өлеңдер жасауға болар еді. Бұл мысалдарды алған себебіміз - жазушы, ақын балалар әдебиетінің ертеден бар үлгілерін дамыта отырып, жаңа заманға лайық шығармалар тудыра алатынын ескерту еді. Жоғарыдағыдай тақпақ ретімен «Бір дегенің - бірлік, Екі дегенің - ерлік» сияқтандырып, неше құбылтып, енерлеп алып кетуге болмас па еді?

Соғыстан кейінгі жылдарда қазақ балалар әдебиеті кең оркендей бастады. Егер бұрын жазба әдебиетте балаларға арналған шығармалар саусақпен санарлықтай болса, қазір жағдай мүлде басқаша деуге болады. Атап айтқанда, қазіргі кезде балалар жазушыларының тұрақты тобы пайда болды. Бұрын балалар әдебиеті дегенде - аузымызға түсетіні Ыбырайдың әңгімелері, Абайдың кейбір олеңдері, совет жазушыларының рабайда бір ұшырайтын шығармалары болушы еді. Соңғы жылдарда балалар әдебиеті С.Бегалиннің, Б.Соқпақбаевтың, Н.Ғабдуллиннің, С.Сарғасқаевтың, М.Гумеровтың, Ә.Дүйсенбиевтің, М.Жаманбалиновтың т.б. шығармаларымен молая түсті. Сөйтіп балалар әдебиеті сын көтере аларлық, профессионалды дәрежеге жетті. Бірталай автор өздерінің алғашқы шығармаларын балалар өмірін суреттеуге арнап отыр. Демек, ендігі жерде қазақ балалар әдебиетінің даму тенденциясы туралы пікір алысу қажеттігі туа бастады.

Осы кезге дейін қазақ балалар әдебиетінің баяу дамыған бір саласы - суретті кітапшалар шығару. Соғыстан бұрын басылып шыққан бес-ондаған суретті кітапшадан соң ұзақ жылдар бойы бұл мәселе тіпті қозғаусыз жатты. Соғыстан кейінгі бірнеше жылдан соң ғана бұл жұмыс қолға алына бастады. Бірақ шындап көңіл бөлінгені соңғы екі-үш жылда десек, қателеспейміз.

Суретті кітапшалар ана жастан мына жастағы балаларға ғана пайдалы деп кесіп-пішіп айту қиын. Кейде ондай кітаптарды ересек адамдардың да қызығып оқитыны болады. Дегенмен, бұл топтағы әдебиеттің негізгі тұтынушысы мектеп жасына дейінгі және төменгі класс балалары. Осы уақытқа дейін қазақ әдебиетінде ең жас оқушыларга арналған кітапшалар жоқтың қасы болды. Қазір әдебиетіміз әр жанрда кемелденіп өсті. Енді бұкіл оқушының жас ерекшелігін, қажетін ескерту, соларды қанағаттандыру міндеті туып отыр. Соның ішінде бұл күнге дейін сөз бола қоймаған мәселе -суретті кітапшалар шығару мәселесі.

Адамгершілік, ақыл, дене, еңбек, эстетикалық тәрбиенің тұтастығы - жастарға коммунистік тәрбие берудің басты шарты. Міне, осы зор міндетті белгілі дәрежеде орындауға тиісті құралдың бірі - суретті кітапшалар. Педагогикада оқушылардың білім негіздері мен жаңа ұғымдарды қабылдауы, тусінуі үшін көрнектілік әдісі қандай роль атқарса, суретті кітапшалар да өз оқушысына сондай қызмет атқаруға  тиіс.   Жас   балалардың   эстетикалық  талғамының, дүниетануының, адамгершілік негіздерінің көркеюіне мұндай кітапшалардың берер пайдасы мол.

Коммунистік қоғамның бүкіл моральдік, саяси этикалық принциптері әдебиеттің, соның ішінде, суретті кітапшалардың да, идеялық негізі болуы шарт. Қысқарта айтқанда, суретті кітапшаларда материалдың оқушы жасына, психологиясына лайықты, тілінің анық, ашық, тартымды, суретінің әсерлі, көрнекті, қызғылықты болуы, шығарманың идеялы, иедагогикалық жағынан үйлесімді болуымен ұштасып жатуға тиіс.

Соңғы жылдарда басылып шыққан суретті кітапшалардың біразы фольклор сюжетін өңдеу жолымен жасалған. Бұл нағыз заңды құбылыс. Ойткені халық әдебиеті қашан да күллі өдебиеттің қайнар бұлағы болып қала бермек. Неше түрлі сөз өрнектері, тапқыр теңеулер, ашық бояулы айқын қаһармандар, адамзат өмірінің сәби шағында туған әрі әсерлі, әрі ғажайып қызғылықты сюжеттер фольклордан мол ұшырайды. Қазір жас өқушылар «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қаңбақ шал», «Екі жетім», «Қотыр торғай», «Жыл басы», «Түлкі мен бөдене», «Бөрік киген түлкі», «Тапқыш» т.б. біраз суретті кітапшаларды оқи бастады. Бұлардың әрқайсысының да бслгілі дәрежеде дүние танытарлық онегесі бар кітаптар. Осы кітапшаларға берілген суреттер де, негізінен алғанда, жақсы шыққан. Олар оқиғаның мазмұнын айқындай түсуге көп собепкер.

Жоғарыда біз мысалға алған кітапшалардың дені оқушы іалғамына татырлық болғанымен, оларда кемшіліктер де бар екендігін айтуымыз парыз. Кейбір өнделген әңгімелерде қазақ іілінің байлығы еркін байқалмайды. Жасанды сөз, жас өқушыға түсінуге қиындық келтіретін оралымдар ұшырайды. ()пдай шалағайлықтар суретті кітапшаларда орын алмауға тиіс дси ойлаймыз. Бұған бір ғана мысал алып көрейік. Е.Исмаилов өцдеген «Қошқар мен теке» атты кітапшада, жетістіктерімен қмтар, кейбір сөйлем шалағайлығы ұшырап қалады. Мәселен мұнда: «Аяқ аттаған сайын қауіп-қатер кездеседі бұларға», «Қайда барарын, қайда мекендеп өмір сүрерін қошқар мен теке әлі айқындаған жоқ», «Апыр-ай, бізді он екі қасқыр іздеп келе жатқан екен, енді тезірек жүріп, анау көрінген бәйтерекке жетіп алайық, - деп аяғын жүргізе бастады» деген сөйлемдер бар. Бұл секілді олақ сөйлемдер әсіресе жас оқушыға арналған кітапшалардан орын алмаса дейміз.

Кейінгі жылдарда басылып шыққан суретті кітапшалар
балалар жазушыларының бұл мәселеге көңіл бөле
бастағандығын танытады. Мұндай шығармалардың қатарында
Ә.Дүйсенбиевтің «Сыйлық», Қ.Мұқышевтың «Ораз бен
Қораз»,         З.Жұматованың        «Мараттың         таңдауы», Ж.Өмірбековтың «Елеусіз», С.Бегалиннің «Цимлян теңізі», Б.Аманшиннің «Жылқышы ауылда» т.б. біраз кітапшалары бар. Бір қуанарлығы сол - авторлар суретті кітапшалар жасаудағы орыс әдебиетінің тәжірибесін жақсы меңгере бастаған. Оқиғаны жалпылама алмай, нақтылы бір көрініспен қысқа, тұжырымды етіп берушілік бар. Мәселен Б.Аманшиннің «Жылқышы ауылда» деген кітапшасында балаларды жылқы өсіруге ынтықтыратын, батылдыққа тәрбиелейтін әсерлі өлең жолдары бар. Кітапшадан бір жас баланың асауға бас білдіргені айтылады. Оқиға кімді де болса қызықтырарлықтай, нанымды шыққан. Сол сияқты Н.Ғабдуллиннің «Кішкентай құс» деген әңгімесінде де нақтылық бар. Бас-аяғы жиырма шақты сөйлемнен құралған бұл әңгімеде біраз нәрсе айтылады. Негізгі идеясы -балаларды гумандық аяушылық сезімге тәрбиелеу. Мұнда бір баланың жаңбыр астында суға малынып, ұша алмай қалған балапанды ұстап алып, жүнін кептіріп қайтадан ұшырып жібергені сөз болады. Тілі жас бала психологиясына қонымды, әсерлі-ақ. Әңгіменің идеясы да оқушыға анық, дәл жетеді. М.Әлімбаевтың кітапшасында да («Менің ойыншығым») жас баланы еңбекке, ұқыптылыққа тәрбиелеу тақырыбы өте қызғылықты шешілген. Мұнда автор - құрғақ ақыл айтушы емес, өмір процесінің бір құбылысын шебер көрсетуші. Қорытындыны әрбір оқушы өздері шығара алады. Міне, осы сияқты қасиеттер суретті кітапшаларда неғұрлым көп болса, олардың бағасы да соғурлым арта түспек.

Суретті кітапшаларда өмір кубылысы табиғи нанымды берілуі қажет. Өмірдің қайшылығын бояп суреттеу үлкендерге қанша пайдасыз болса, жас оқушыларға да қажетсіз. Әдебиет жастарды шыншылдық рухында тәрбиелеуге тиіс. «Бәрі де оңай, бәрі де жеңіл» - деп суреттеушілік балаларды ойлауға, ізденуге, талаптануға ұмтылдырмайтыны даусыз. Кейбір кітапшаларда жас балаға түсініксіз жайлар сөз болады. Бұдан суретті кітап оқиғасының нақты, түсінікті, күнделікті тіршілікке қатысты болуы қажеттігін аңғарамыз. Асылы мектеп жасына дейінгі және төменгі класс балаларына арналған кітапшалар ең алдымен баланың өзіне таныс нәрселер төңірегінде болуы мақұл. Мәселен, В.В.Маяковский «Кім болам?» деген өлеңінде оқушыға біраз мамандықтың атын атап, олардың ерекшелігін қызықтыра баяндайды. Оқушы онда айтылғандардың бәрі де оңай емес екенін, бірақ шындап кіріссе, матрос та, ушқыш та бола алатынын ұғына алады. Балаларға реалистік тәрбие беру - суретті кітапшалардың әліппесі болуға тиіс.

Кейбір кітапшалар автордың, ізгі ниетіне қарамастан, осерсіз оқылатынын айту керек. Суретті кітапшалардан идеялылықпен қатар көркемдікті де талап етеміз. Балалар одебиетінде дидактизм, риторика орынсыз. Оның ішінде суретті кітапшаларға тіпті керексіз. Жақсылық, адамдық деген ұйымға оқушының өзі келетіндей болуы қажет. Амал не, суретті кітапшалардың кейбіреуінде салқын насихат айтушылық ұшырайды. М.Зверевтің «Кім қалай ойнайды» деген кітапшасындағы кейбір сөйлемдер ересектерге арналған іылыми түсініктеме секілді. «Жабайы аңдардың күшіктерінің ойынына қараңдаршы. Олар бірін-бірі қуалап алысып, жулысып, тістейді де жатады. Бірақ олар осылай ойнап жүріп гамақ табудың, қорғанудың, қуғанына жетіп, қашқанынан кұтылудың тәсілін үйренеді».  Мұндай  «ақыл»  кіші  түгіл, үлкенді   де   қызықтырмайтыны   анық.   Осылай   болса,   жас балалардың жас ерекшелігіне лайық тіл табу керек. Кейбір кітапшалардағы автордың тапқырлық, оқушыға өмір танытарлық деп ұсынғаны мағынасыздық болып шыққанын айтпауға- болмайды. Бұған С.Талжановтың «Ұстаның үйі» деген кітапшасы дәлел. Осындағы «Жоғалған сақа», «Ұстаның үйі», «Бұған күдіктенуге бола ма?», «Тігінші» деген кішкене әңгімелердің бір де бірін сәтті шыққан деп айту қиын. Пікірімізді дәлелдеу үшін осы әңгіменің біреуін алып қарайық. «Бұған күдіктенуге бола ма?» деген әңгімеде бір адамның базардан жүз сомға тоты сатып алғаны, ол тотының «бұған күдіктенуге бола ма?» деген сөздерді жатқа білетіндігі айтылады. Әлгі адам үйіне келгеннен кейін тотыны қалдырып, өзі бір жаққа кетеді. Ол жоқта үйін ұрылар тонап кетеді. Үй иесі қайтып келгенде, тоты: «Бұған күдіктенуге бола ма?» - деп, қайталай береді. Әңгіменің мазмұны осы. Бұдан автордың айтпақ болғанын түсінудің өзі бір машақат. Асылы, дүниеде күлкі шақыратын жайлар көп-ақ. Бірақ ол үшін белгілі логиканың, ұғымның анықтығы керек қой. Кітапшадағы суреттер оқушының қиялын жетелеп, қызыктырып отыратын болсын дейміз. Кейбір кітапшадағы суреттер оқиғаға дәл, сай келмейді. Біздіңше, балалар жазушысы оқушы психолоГиясын қалай терең білсе, суретші де мектеп жасына дейінгі және төменгі класс балаларының өмірін жақсы білуге тиіс. Онсыз жерде суретші, қанша талантты болса да, әсерлі сурет жасай алмақ емес. Қазақ тіліндегі суретті кітапшалардың кейбіреулерінде бір суреттің өзі әр жерде әр түрлі болып шығып жүр. Мәселен, «Мараттың таңдауы» деген кітапшадағы Мараттың шешесінің суреті үш түрлі болып шыққан. Суретші Н.Гаев көп еңбек сіңіре тұрса да, бұл жағына назар аудармаған секілді. Мұндай мысалдарды басқа да кітапшалардан кездестіруге болады. Дегенмен суретті кітапшаларды шығаруға көп көмек етіп жүрген К.Баранов, Б.Урманче, Р.Великанов, Н.Лебедев, Р.Сахи, Р.Фролова сияқты суретшілердің еңбектерінің кұнды екендігін атап өту керек.

Қазақ тілінде шыққан суретті кітапшаларды оқып шыққан кісі біздің жазушыларымыздың әлі де болса, бұл мәселеге жете көңіл бөлмей келе жатқандығын аңғартады. Суретті кітапшалар, шынында, оңай, жеңіл-желпі іс емес. Бұл жазушыдан балалар өмірін, мінез-құлқын терең зерттеуді; оларды қызықтыратын, сұрауына жауап айтатын тақырып-тарды таңдап алуды, педагогика, дидактика принциптерін жете білуді талап етеді. Әзірше қазақ жазушылары суретті кітапшалар жасаудың ең бастапқы сатысында ғана жұр. Тақырыптың кедейлігі таңқаларлық. Өңделген халық оңгімелері мен бүгінгі өмірге арналған бірен-саран кітапшадан басқа табысымыз шамалы. Ендігі жерде балалар өмірін жан-жақты, әсерлі көрсететін шығармалар қажет. Біздің жазушыларымыздың қазіргі ұстанған әдісі, педагогика тілімен айтқанда, дедукциялық әдіс төңірегінде ғана жүр. Өмір құбылысын жалпылама алып көрсетушілік басым. Әрине, балалар әдебиетінде бұл да керек. Бірақ жас оқушыларға арналған әдебиет әр түрлі ғылыми әдіске негізделуі тиіс. Жекеден жалпыға, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға тәрізді т.б. принциптерді қолдану қажет. Орыстың С.Маршак, Л.Барто, С.Михалков сияқты балалар жазушыларының шығармаларында өмір көріністері өте қарапайым, әрі ғибрат аларлық, үйренерлік дәрежеде көрсетіледі. Біздің жазушыларымыз баланы ең әуелі тазалық, ұқыптылық, едептілік, әділдік, тапқырлық, табандылық, үлкенді сыйлау сияқты нәрседен бастап үйретуі тиіс. Көркем шығармалардың қасиеті мазмұнына байланысты. Балалар жазушысы да осы шындықты есте тұтуы шарт. Әрбір идея шығармада жалаң Көрінбей, мазмұнның өзінен туып отыруы қажет. Балалар одебиетіндегі кемшіліктің бірі - авторлардың өмірдің жанды коріністерін алудан гөрі, құрғақ идеяны төтелей ұсынуға машықтануы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға