Жаңалықтар

Балалар әдебиеті жайында

Бізде, әдетте, балалар әдебиеті тың жанр деген пікір жиі айтылады. Бұл бір жағынан алғанда дұрыс та. Бірақ мұны айтушылар қазіргі балалар әдебиетінің қазақтың бай әдебиет дәстүрін дамыту қажеттігін түсіне бермейді. Саралап, сұрыптап қадір тұтып ала білсек, фольклор мұрасының ішінде бүгінгі социалистік мәдениет талабына сай келерлік шығармалар ұшан-теңіз. Батырлар, лиро-эпостық, тарихи жырлардың қай-қайсысында болса да, жас баланың қиялына қозғау салатын, өшпес әсер беретін сұлу өлеңдер аз емес. Балалардың ақыл-ойын, дүниетануын өсіруге ертегілердің мәні зор. Тіпті ертегілерді балалар әдебиетінің ең ежелгі нұсқасы деп атауға болар еді. Халық ертегілерінде дүниедегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, ерлік пен қорқақтық, жомарттық пен сараңдық, құлық пен аңғалдық сияқты қасиеттер мол ұшырайды. Оларда жас балаға сан түрлі түсінік беретін, сұрыпталған, ашық бояулы, есепсіз мол оқиға бар. Сол сияқты тұрмыс-салт жырларында да, кәсіпке байланысты туған өлеңдер де бала психологиясына лайық шығармалар коптеп табылады: тапқыр сөздер, тақпақтар, жаңылтпаштар т.б. Бірақ кейінгі жылдарда ауыз әдебиетінің тамаша байлығы балаларға жеткілікті дәрежеде ұсынылмай келеді. Фольклордың сан алуан үлгілері бастауыш кластардың ана тілі оқулықтарына мұлде аз енген. Ал олардың жеке-жеке кітапша етіп шығару жұмысы тек соңғы жылдарда ғана қолға алына бастады. Қазақ халқының ерте кездегі тіршілік негізі мал шаруашылығына байланысты болғаны белгілі. Малға арналып галай-талай олең туған. Халқымыздың ең жақсы сөздерді малға байланыстырып алуы да соны дәлелдейді. Сұлуын «бота көзім», баласын «қозым», «құлыным» деп, мықтысын, батырын «нар жігіт» деп, серісін, әншісін «серке» деп атауы , бұған айғақ. Көп өлеңдер әр малдың ерекшелігін, мінезін суреттеуге   арналған.    Осындай   өлеңдерді   қазақ   балалар әдебиетінің классикалық үлгілері деуге болар еді. Халықтың малға деген қамқорлығы, оның сырын, мінезін терең білгені соншалық, сол білгенін балаларға да үйретуді арман еткен. Осы     өлеңдердегі     тіл     қандай     жеңіл!     Педогогикалық принциптерді   жатқа  білетін,   балалардың  жас   ерекшелігін ескерген ғалым ақын жазды деп ойлауға болатындай. Онда бірде-бір жалған, жасанды сөз жоқ. Мұндай өлеңдер қазіргі жас балаға да барынша керек. Қазақ республикасы еліміздің шығыстағы   ең   ірі   мал   базасы   екені   әркімге   аян.   Қазақ малшылары өздерінің бай тәжірибесін кең пайдаланып келеді. Малға арналып туған өлеңдерді малшылар осы күні де сүйсіне тыңдайды.   Ауылды   жерлерде   туып-өскен   балалар   белгілі дәрежеде  сондай  өлеңдерді,  жырларды,  ертектерді тыңдап өседі. Осыдан жиырма шақты жылдар бұрын ауыз әдебиетінің материалдары оқулықтардан елеулі орын алушы еді. Олардың жас оқушыға әсері күшті болатын. Халық даналығынан туған шығармалар - оқушының тіл ұстартуына,  ана тілін сүйіп өсуіне, тілдің неше алуан өзгешеліктерін үйренуге мың да бір дауа. Сездердің тіке, астарлы,   әр түрлі мағыналарын білуге, айтайын дегеніңді жамыратпай, қысқа, нақ айтуға үйрететін нағыз таза тіл фольклорда. Ендеше, тіл меруертінің мөлдір бұлағы   болған   фольклор   мұраларын   үздіксіз   насихаттап, барынша   кең   пайдалану   кажет.    Балаларға   эстетикалық адамгершілік,   ақыл-тәрбиесін   беруде   әдебиеттің   қызметі өзгеше.   Міне,   осы   мақсатқа   сай   келетін   нұсқаны   ескі әдебиеттен де, қазіргі жазушылардың шығармаларынан да іріктеп  ала  білу  міндеті  тұр.   Балаларға  аз  да  болса,  тіл ұстартатын, танығыштық, тәрбиелік әсер бере алатын болса, ондай   шығарманы,   шыққан   ғасырына   қарамай,   молынан ұсыну  тиіс.   Өйткені  социалистік  реализм  әдебиетінің  өзі көктен түскен жоқ. Ол - бүкіл дүниежүзілік әдеби дамудың  жоғары белесі.
12.11.2013 12:41 5194

Бізде, әдетте, балалар әдебиеті тың жанр деген пікір жиі айтылады. Бұл бір жағынан алғанда дұрыс та. Бірақ мұны айтушылар қазіргі балалар әдебиетінің қазақтың бай әдебиет дәстүрін дамыту қажеттігін түсіне бермейді. Саралап, сұрыптап қадір тұтып ала білсек, фольклор мұрасының ішінде бүгінгі социалистік мәдениет талабына сай келерлік шығармалар ұшан-теңіз. Батырлар, лиро-эпостық, тарихи жырлардың қай-қайсысында болса да, жас баланың қиялына қозғау салатын, өшпес әсер беретін сұлу өлеңдер аз емес.

Балалардың ақыл-ойын, дүниетануын өсіруге ертегілердің мәні зор. Тіпті ертегілерді балалар әдебиетінің ең ежелгі нұсқасы деп атауға болар еді. Халық ертегілерінде дүниедегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, ерлік пен қорқақтық, жомарттық пен сараңдық, құлық пен аңғалдық сияқты қасиеттер мол ұшырайды. Оларда жас балаға сан түрлі түсінік беретін, сұрыпталған, ашық бояулы, есепсіз мол оқиға бар. Сол сияқты тұрмыс-салт жырларында да, кәсіпке байланысты туған өлеңдер де бала психологиясына лайық шығармалар коптеп табылады: тапқыр сөздер, тақпақтар, жаңылтпаштар т.б. Бірақ кейінгі жылдарда ауыз әдебиетінің тамаша байлығы балаларға жеткілікті дәрежеде ұсынылмай келеді. Фольклордың сан алуан үлгілері бастауыш кластардың ана тілі оқулықтарына мұлде аз енген. Ал олардың жеке-жеке кітапша етіп шығару жұмысы тек соңғы жылдарда ғана қолға алына бастады.

Қазақ халқының ерте кездегі тіршілік негізі мал шаруашылығына байланысты болғаны белгілі. Малға арналып галай-талай олең туған. Халқымыздың ең жақсы сөздерді малға байланыстырып алуы да соны дәлелдейді. Сұлуын «бота көзім», баласын «қозым», «құлыным» деп, мықтысын, батырын «нар жігіт» деп, серісін, әншісін «серке» деп атауы , бұған айғақ. Көп өлеңдер әр малдың ерекшелігін, мінезін суреттеуге   арналған.    Осындай   өлеңдерді   қазақ   балалар әдебиетінің классикалық үлгілері деуге болар еді. Халықтың малға деген қамқорлығы, оның сырын, мінезін терең білгені соншалық, сол білгенін балаларға да үйретуді арман еткен. Осы     өлеңдердегі     тіл     қандай     жеңіл!     Педогогикалық принциптерді   жатқа  білетін,   балалардың  жас   ерекшелігін ескерген ғалым ақын жазды деп ойлауға болатындай. Онда бірде-бір жалған, жасанды сөз жоқ. Мұндай өлеңдер қазіргі жас балаға да барынша керек. Қазақ республикасы еліміздің шығыстағы   ең   ірі   мал   базасы   екені   әркімге   аян.   Қазақ малшылары өздерінің бай тәжірибесін кең пайдаланып келеді. Малға арналып туған өлеңдерді малшылар осы күні де сүйсіне тыңдайды.   Ауылды   жерлерде   туып-өскен   балалар   белгілі дәрежеде  сондай  өлеңдерді,  жырларды,  ертектерді тыңдап өседі.

Осыдан жиырма шақты жылдар бұрын ауыз әдебиетінің материалдары оқулықтардан елеулі орын алушы еді. Олардың жас оқушыға әсері күшті болатын. Халық даналығынан туған шығармалар - оқушының тіл ұстартуына,  ана тілін сүйіп өсуіне, тілдің неше алуан өзгешеліктерін үйренуге мың да бір дауа. Сездердің тіке, астарлы,   әр түрлі мағыналарын білуге, айтайын дегеніңді жамыратпай, қысқа, нақ айтуға үйрететін нағыз таза тіл фольклорда. Ендеше, тіл меруертінің мөлдір бұлағы   болған   фольклор   мұраларын   үздіксіз   насихаттап, барынша   кең   пайдалану   кажет.    Балаларға   эстетикалық адамгершілік,   ақыл-тәрбиесін   беруде   әдебиеттің   қызметі өзгеше.   Міне,   осы   мақсатқа   сай   келетін   нұсқаны   ескі әдебиеттен де, қазіргі жазушылардың шығармаларынан да іріктеп  ала  білу  міндеті  тұр.   Балаларға  аз  да  болса,  тіл ұстартатын, танығыштық, тәрбиелік әсер бере алатын болса, ондай   шығарманы,   шыққан   ғасырына   қарамай,   молынан ұсыну  тиіс.   Өйткені  социалистік  реализм  әдебиетінің  өзі көктен түскен жоқ. Ол - бүкіл дүниежүзілік әдеби дамудың  жоғары белесі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға