Жаңалықтар

Суретті кітапшалар жайында

Орыс халқының ұлы ойшылы В.Г.Белинский бұдан бір ғасыр бұрын өзінің «Балалар кітаптары жайында» деген мақаласында: «Балаларға орыстың халық өлендерін, азын-аулақ үзінді жасай отырып Кирша Даниловтың ертегі олеңдерін оқып беру өте пайдалы, тіпті қажет-ақ. Әдетте халықтық деген нәрсе тәрбие мәселесінде ұмыт болып жұр. Жасөспірімдер былай тұрсын, балалардың өзі де Корнель мен Расиннің трагедияларынан үзіндіні жатқа біледі, IV Генрих пен XIV Людовик жайында ондаған анекдоттар айта алады. Бірақ олардың өз халқының поэзиясы, орыс әдебиеті туралы түсінігі де жоқ... Балаларға жалпы, бүкіл адамзаттық, дүниежүзілік білімнен мәлімет бергенде, оны оларға, негізінде ұлттық үлгілер арқылы таныстыруға талаптаныңыздар. Олар Генрихтардан, Карлдардан, Наполеондардан бұрын ұлы Петрмен ғана емес, Иванмен де таныссын. Жалпының өзі жекеден тұрады ғой. Кімде-кім өз отанын сүймесе, ол бүкіл адамзатқа да жат» деген болатын. Бұл сөздердің ақиқаттығын барлық халықтардың да тарихы анық дәлелдеп келеді. Жасөспірімдерге табиғат пен адам өмірін, тіршілігі сан түрлі құбылыстардың сырын ұқтыруға балалар әдебиетінің атқаратын қызметі аса үлкен. Тарихқа аты мәлім атақты музыканттар мен жазушылардың, қолбасылар мен жиһанкездердің, ойшылдар мен оқымыстылардың ешқайсысы да «бірден болған» емес. Орыстың данышпан ақыны А.С.Пушкиннің сегіз жасында алғашқы пьесасын жазғанын кім білмейді? Ал М.Ю.Лермонтов үш-төрт жасында ана тілімен қатар бірнеше тілде сөйлейтін болған. Жасы жиырма-отызға келгенде басқа бір тілді үйрену мен бала кезде үйренудің көп айырмасы бар. Немесе поезды, тракторды, автомашинаны, заводты сырттай тамашалау мен тәжірибеде солардың барлық ерекшелігін білу бір емес. Машина тілін білмеген адам оған өмір бойы қызықпай кетуі де мүмкін. Міне, осы себептерден де балаларға ерте бастан мәдениеттің, әдебиеттің, техниканың негіздерінен білім беру жұмысы аса зор жауапкершілікті керек етеді. Қазіргі қазақ окушысының өз ана тілінде оқитын көп-көп кітаптары бар. Бізде кітап басу жүмысы жылдан жылға жақсарып келе жатыр. Әсіресе, көркем әдебиет шығармалары молшылық болып келеді. Бұған соңғы жеті-сегіз жылда аударма әдебиеттің көптеп басылуы айрықша себепші. Қазақ әдебиеті барлык жанрда дамыған әдебиетке айналды. Әдебетімізде   балаларға   арналған   шығармалардың   көбею фактысының өзі қуанышты көрініс. Бұл халқымыздың мәдени дамуындағы үлкен прогрестің нышаны.
12.11.2013 12:34 3550

Орыс халқының ұлы ойшылы В.Г.Белинский бұдан бір ғасыр бұрын өзінің «Балалар кітаптары жайында» деген мақаласында: «Балаларға орыстың халық өлендерін, азын-аулақ үзінді жасай отырып Кирша Даниловтың ертегі олеңдерін оқып беру өте пайдалы, тіпті қажет-ақ. Әдетте халықтық деген нәрсе тәрбие мәселесінде ұмыт болып жұр. Жасөспірімдер былай тұрсын, балалардың өзі де Корнель мен Расиннің трагедияларынан үзіндіні жатқа біледі, IV Генрих пен XIV Людовик жайында ондаған анекдоттар айта алады. Бірақ олардың өз халқының поэзиясы, орыс әдебиеті туралы түсінігі де жоқ... Балаларға жалпы, бүкіл адамзаттық, дүниежүзілік білімнен мәлімет бергенде, оны оларға, негізінде ұлттық үлгілер арқылы таныстыруға талаптаныңыздар. Олар Генрихтардан, Карлдардан, Наполеондардан бұрын ұлы Петрмен ғана емес, Иванмен де таныссын. Жалпының өзі жекеден тұрады ғой. Кімде-кім өз отанын сүймесе, ол бүкіл адамзатқа да жат» деген болатын. Бұл сөздердің ақиқаттығын барлық халықтардың да тарихы анық дәлелдеп келеді.

Жасөспірімдерге табиғат пен адам өмірін, тіршілігі сан түрлі құбылыстардың сырын ұқтыруға балалар әдебиетінің атқаратын қызметі аса үлкен. Тарихқа аты мәлім атақты музыканттар мен жазушылардың, қолбасылар мен жиһанкездердің, ойшылдар мен оқымыстылардың ешқайсысы да «бірден болған» емес. Орыстың данышпан ақыны А.С.Пушкиннің сегіз жасында алғашқы пьесасын жазғанын кім білмейді? Ал М.Ю.Лермонтов үш-төрт жасында ана тілімен қатар бірнеше тілде сөйлейтін болған. Жасы жиырма-отызға келгенде басқа бір тілді үйрену мен бала кезде үйренудің көп айырмасы бар. Немесе поезды, тракторды, автомашинаны, заводты сырттай тамашалау мен тәжірибеде солардың барлық ерекшелігін білу бір емес. Машина тілін білмеген адам оған өмір бойы қызықпай кетуі де мүмкін. Міне, осы себептерден де балаларға ерте бастан мәдениеттің, әдебиеттің, техниканың негіздерінен білім беру жұмысы аса зор жауапкершілікті керек етеді.

Қазіргі қазақ окушысының өз ана тілінде оқитын көп-көп кітаптары бар. Бізде кітап басу жүмысы жылдан жылға жақсарып келе жатыр. Әсіресе, көркем әдебиет шығармалары молшылық болып келеді. Бұған соңғы жеті-сегіз жылда аударма әдебиеттің көптеп басылуы айрықша себепші. Қазақ әдебиеті барлык жанрда дамыған әдебиетке айналды. Әдебетімізде   балаларға   арналған   шығармалардың   көбею фактысының өзі қуанышты көрініс. Бұл халқымыздың мәдени дамуындағы үлкен прогрестің нышаны.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға