Жаңалықтар

Музыка кадрларын даярлауға қамқорлық керек

Музыка кадрларын даярлауға жан ашыр қамқорлық керек. «Оқуға есік ашық» деп хабарлай салғанымен, іс өнбейді. Консерваторияға, музыкалық училищеге қазақ жастарын жоспарлы түрде іріктеп алу жағы жетімсіз. Қазір консерваторияның үлт аспаптары факультетінен басқада қазақ жастарының аз оқитынын әркім біледі. Жақында консерваторияның ұлт аспаптары факультеті студенттерінің концерті болды. Студенттер оркестрі өзінің өнер өрінде екенін көрсетті. Бұған әркім-ақ қуанды. Бірақ осы сияқты тұтас коллектив немесе топ басқа факультеттерде неге жоқ? Қазақ музыкасының зерттелуі де қуанарлық халде емес екені белгілі. А.Жүбановтың бұдан бірталай жыл бұрын шыққан кітабынан басқа еңбек сирек. Әсіресе, музыка зерттеуші қазақ мамандары аз. Осының салдарынан кей жағдайда музыка тарихы да, жеке шығармалар да әркімге қолжаулық болып кете береді. Кейбір ән мен күй «идеясыздықтан» жоқ боп кетеді. Ал қайсыбір шығарма бірнеше жыл айтылмай жүріп, үмыттырып барып қайта корінеді. Енді біреулерінің сөзі «ескілеу» болып шығады немесе композитордың өмірбаянынан бір «шатақ» табылады. Міне, осындай шым-шытырық көзқарас, пікір дегендер қазақ музыка зерттеу дүниесінде жаңалық емес. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын «Қыз Жібек» операсы кенет сахнадан алынып қалды. Кейін оның либреттосы қайта жазылып, опера қайта   қойылғанша,   ондағы   небір   асыл   әндер   еш   жерде орындалмай жүрді. Мұның себебі неде екенін ешкім білмеді. Әдетте бір «дуалы ауыз»: «Байқаңдар, осы әнде идеясыздық жоқ па екен» десе болғаны, ән байғұс ақ-қарасына қарамай, орындалудан қалады. Оны зерттеуге, анықтауға ешкімнің жүрегі дауаламайды.                                                         Халық музыкасының дәстүрін, характерін бүзу жеміс бермейтіні айқын. Қазіргі қазақ совет композиторларының ең жақсы әндері нағыз халықтық дәстүр негізінде жазылғапын көреміз. С.Кәрімбаевтың, Л.Хамидидің, Е.Брусиловскийдің, Б.Байқадамовтың, А.Еспаевтың, О.Мұхамеджановтың тәуір әндерінде қазақ әндерінің заңдылығы, ырғағы байқалады. Сондықтан да ол әндер халық арасында сүйікті. Осы ретте талантты композитор Асқат Еспаевтың қазақ әндерін жасауда сәтті қадам үстінде екенін атап айтқымыз келеді. Алайда жаңа әндердің кейбір сәтті жасалғандарымен қатар, ешкімнің жүрегіне жылу бермейтін, «тыңдаушының қүлағын кесетін» нашары тым көп. Бірталай әндер жүректі жарып шыққан, сылдыраған үйлесім болмай, «қүр бақырған, айқай» болып келеді. Ондай әндер халықтың эстетикалық талғамын әсте өсірмейді, қайта оны мүқалтуға бастайды. Мұндай ұнамсыз әуендердің шығуына да әр түрлі жағдай себеп болса керек. Соның бірі музыкадагы жаңашылдық дегенді үстірт түсінушілік. Біздіңше, музыкадағы жаңалық әнді дірілдетіп айтуда емес, өз заманыньщ, халықтың рухын білдіре білудс. Дарылдаған, дірілдеген айқайдың бөрі бірдей ән болмайтынын ұғынуға тиіспіз. Осындай дәрменсіз, зорлықпен үйлескен өндер, өсіресс радиодан; «қазақ совет композиторларынын өнін береміз» деп кабарлағанда молынан ұшырайды, Кейбір композиторлардын «жаңашылдьсғы» сонша, өннін кай ғасырда кай олде гуганын ажыратудың өзі машақат. Жаңашылдық деген осы болса, оның болғанынан болмағаны игі. Асылы, жақсы ән, күй тудыру үшін халықтық негіздерге бару шарт. Ән – зорлыққа көнбейтін ең демократиялық жанрдың бірі. Оны схемамен, құр еліктеумен немесе қүрастырумен жасауға болмайды. Әнде өмірдің өзіндей қажеттілік болып жасалуға тиіс. Қазақ композиторлары халық стихиясының, үлттық өмірдіц қайнаган жерінен бойына күш, шабытына қанат табар еді. Осы күнде де кейбір алыс қазақ ауылдарында жыл сайын жаңа ән, күйлер туып жатады. Той үстінде, яіілдеханада, айтыс түсында, халық ойындарында, қысқасы, үлттық өмірдің көрініс табатын жерінде ән мен .күйдіц зайыр элементі бар. Міне, композитордың міндеті соны табу. Онсыз жерде үлкен таланттың езі де сусыз егістей қурап, еш нотиже бермек емес. Осы күнгі тақырыпқа жазылған бірде-бір қазақ операсының болмауы да композиторларымыздың халықпен байланысының аздығын көрсетеді. Искусствоның озіне тән айрықша заңдылығы болады десек, сол заңдылықтың бірі -көркемөнердің белгілі бір үлт топырағында ғана туатындығы еді. Осы шындықты түсінер шақ жеткен сиякты. 1956
12.11.2013 11:07 3177

Музыка кадрларын даярлауға жан ашыр қамқорлық керек. «Оқуға есік ашық» деп хабарлай салғанымен, іс өнбейді. Консерваторияға, музыкалық училищеге қазақ жастарын жоспарлы түрде іріктеп алу жағы жетімсіз. Қазір консерваторияның үлт аспаптары факультетінен басқада қазақ жастарының аз оқитынын әркім біледі.

Жақында консерваторияның ұлт аспаптары факультеті студенттерінің концерті болды. Студенттер оркестрі өзінің өнер өрінде екенін көрсетті. Бұған әркім-ақ қуанды. Бірақ осы сияқты тұтас коллектив немесе топ басқа факультеттерде неге жоқ?

Қазақ музыкасының зерттелуі де қуанарлық халде емес екені белгілі. А.Жүбановтың бұдан бірталай жыл бұрын шыққан кітабынан басқа еңбек сирек. Әсіресе, музыка зерттеуші қазақ мамандары аз. Осының салдарынан кей жағдайда музыка тарихы да, жеке шығармалар да әркімге қолжаулық болып кете береді. Кейбір ән мен күй «идеясыздықтан» жоқ боп кетеді. Ал қайсыбір шығарма бірнеше жыл айтылмай жүріп, үмыттырып барып қайта корінеді. Енді біреулерінің сөзі «ескілеу» болып шығады немесе композитордың өмірбаянынан бір «шатақ» табылады. Міне, осындай шым-шытырық көзқарас, пікір дегендер қазақ музыка зерттеу дүниесінде жаңалық емес. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын «Қыз Жібек» операсы кенет сахнадан алынып қалды. Кейін оның либреттосы қайта жазылып, опера қайта   қойылғанша,   ондағы   небір   асыл   әндер   еш   жерде орындалмай жүрді. Мұның себебі неде екенін ешкім білмеді.
Әдетте бір «дуалы ауыз»: «Байқаңдар, осы әнде идеясыздық жоқ па екен» десе болғаны, ән байғұс ақ-қарасына қарамай, орындалудан қалады. Оны зерттеуге, анықтауға ешкімнің
жүрегі дауаламайды.                                                        

Халық музыкасының дәстүрін, характерін бүзу жеміс бермейтіні айқын. Қазіргі қазақ совет композиторларының ең жақсы әндері нағыз халықтық дәстүр негізінде жазылғапын көреміз. С.Кәрімбаевтың, Л.Хамидидің, Е.Брусиловскийдің, Б.Байқадамовтың, А.Еспаевтың, О.Мұхамеджановтың тәуір әндерінде қазақ әндерінің заңдылығы, ырғағы байқалады. Сондықтан да ол әндер халық арасында сүйікті. Осы ретте талантты композитор Асқат Еспаевтың қазақ әндерін жасауда сәтті қадам үстінде екенін атап айтқымыз келеді.

Алайда жаңа әндердің кейбір сәтті жасалғандарымен қатар, ешкімнің жүрегіне жылу бермейтін, «тыңдаушының қүлағын кесетін» нашары тым көп. Бірталай әндер жүректі жарып шыққан, сылдыраған үйлесім болмай, «қүр бақырған, айқай» болып келеді. Ондай әндер халықтың эстетикалық талғамын әсте өсірмейді, қайта оны мүқалтуға бастайды. Мұндай ұнамсыз әуендердің шығуына да әр түрлі жағдай себеп болса керек. Соның бірі музыкадагы жаңашылдық дегенді үстірт түсінушілік. Біздіңше, музыкадағы жаңалық әнді дірілдетіп айтуда емес, өз заманыньщ, халықтың рухын білдіре білудс. Дарылдаған, дірілдеген айқайдың бөрі бірдей ән болмайтынын ұғынуға тиіспіз. Осындай дәрменсіз, зорлықпен үйлескен өндер, өсіресс радиодан; «қазақ совет композиторларынын өнін береміз» деп кабарлағанда молынан ұшырайды, Кейбір композиторлардын «жаңашылдьсғы» сонша, өннін кай ғасырда кай олде гуганын ажыратудың өзі

машақат. Жаңашылдық деген осы болса, оның болғанынан болмағаны игі.

Асылы, жақсы ән, күй тудыру үшін халықтық негіздерге бару шарт. Ән – зорлыққа көнбейтін ең демократиялық жанрдың бірі. Оны схемамен, құр еліктеумен немесе қүрастырумен жасауға болмайды. Әнде өмірдің өзіндей қажеттілік болып жасалуға тиіс. Қазақ композиторлары халық стихиясының, үлттық өмірдіц қайнаган жерінен бойына күш, шабытына қанат табар еді.

Осы күнде де кейбір алыс қазақ ауылдарында жыл сайын жаңа ән, күйлер туып жатады. Той үстінде, яіілдеханада, айтыс түсында, халық ойындарында, қысқасы, үлттық өмірдің көрініс табатын жерінде ән мен .күйдіц зайыр элементі бар. Міне, композитордың міндеті соны табу. Онсыз жерде үлкен таланттың езі де сусыз егістей қурап, еш нотиже бермек емес. Осы күнгі тақырыпқа жазылған бірде-бір қазақ операсының болмауы да композиторларымыздың халықпен байланысының аздығын көрсетеді. Искусствоның озіне тән айрықша заңдылығы болады десек, сол заңдылықтың бірі -көркемөнердің белгілі бір үлт топырағында ғана туатындығы еді. Осы шындықты түсінер шақ жеткен сиякты.

1956

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Алдыңғы жаңалық
60-е и 50-е годы