Жаңалықтар

Музыка Мұқтажы

Музыка – халықтың жан күйінің көрінісі. Халық азапты ауыр бейнет үстінде де, думанды той кезінде де жан толқынын әнмен, күймен білдіріп отырған. Өз елінің өмірін, психологиясын терең түсінген ұлы Абай: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп босқа айтпаған. Абай ән мен күйдің халық өміріндегі орнын дәл таныған. Сондықтан да ол «құр айқай, бақырған» құнсыз әнді емес, «құлақтан кіріп, бойды алар» әнді, күйді насихаттайды. Шынында, Абайдың өзі де асқан талантты композитор ғой. Ол - ән мен күйдің халықтық негізден туатынын қатты ескерген. Осы себептен де оның музыкалық асыл мүрасы күні бүгінге дейін жастардың ең сүйікті әндерінің катарынан орын алады. Асылы, әннің де, күйдің де омірлі болуы оның жүректі жарып шыққан шыншылдығына, халықтығына байланысты. Музыкалық мұрамызда күрделі үлесі бар әнші, күйшілердің еңбегі - ескірмес қазына. Бірақ сол қазынаны жарата, пайдалана білу, одан үйрене білу де аса зор жұмыс. Қазақ халқының қалың ортасынан шыққан Біржанның, Ақанның, Мұхиттың, Мәдидің, Естайдың әні осы күнге дейін жүрегімізді тербейді. Тіпті музыка классиктерінің ән-күйлері біздің жанымызға бала жасымыздан енген десек, артық айтқандық емес. Қазақ арасында өскен қыз бен жігіттің қайсысы Абай, Ақан, Естай әндерінен тіл жеткісіз ләззат алмап еді. Біржанның, Мұхиттың, Мәдидің өршіл әндері кімнің қиялына қозғау салмаған? Құрманғазының асқақ, екпінді, Дәулеткерейдің сазды, назды, Тәттімбеттің ойлы, әсем күйлерін тыңдай, жаттай жүре емірдің ғажайып сүлулығын тани түскенбіз. Ғасырлар бойы халық даналығы тудырған музыкалық мұра да, жеке композиторлардың шығармалары да бүгінгі социалистік өмір игілігіне жарап келе жатқаны мәлім. Міне, осы бала жастан жанымызға дарыған, рухани өміріміздің бір саласы болып кеткен қазақ әні мен күйінің бұдан былай да өркендеуін тілейміз. Сондықтан халықтық музыка мұраларын жинау, зерттеу, насихаттау жұмысындағы өзіміз байқаған олқылықтарды айтпауға лажымыз болмады. Қазақ әндері мен күйлерін жинап, насихаттау жолындағы біраз еңбектер жүртқа мәлім. Халықтық музыканың мол бір бөлегін жинаған композитор А.Затаевичтің, басқа да орыс, қазақ зерттеушілерінің еңбегі бүл саладағы үлкен жүмыстар екені даусыз. Композитор Е.Брусиловскийдің қазақ музыкасы негізіңде  жасаған  «Қыз  Жібек»,  «Ер  Тарғын»,   «Жалбыр» опералары өз түсында халқымыздың өміріндегі айта калғандай мәдени оқиға болғаны анық. Қазақ елінің опера туралы түсінігі де, талғам-талабы да осы шығармаларды тыңдау үстінде өсіп келгенін жасыруга болмайды. Кейінірек туған «Абай», «Біржан-Сара» опералары да талантты шығармалар еді. Қазақ музыкасының қадірлі қайраткері, профессор А.Жүбановтың басқаруымен өсіп жетілген, қазір атағы дүние жүзіне әйгілі Қүрманғазы атындағы үлт аспаптары оркестрін кім білмейді? Әділін айтсақ, бүл оркестр халқымыздың музыкадағы үлттық нақышты сақтап, дамытып келе жатқан мақтанышы да. Ақырында, оқтын-оқтын шығарылып түратын ән нотасының жинақтарын, радиодан айтылатын әндерді, филармонияны, кейбір облыстардағы концерт бригадаларын атасақ, қазақ музыкасын зерттеу, насихаттау, дамыту жолында едәуір жүмыстардың жасалып келгеніне көзіміз жетеді. Консерваторияны, музыкалық мектептерді бітірген кадрлар да сүйсінерлік табысымыз. Мұның бәрі - қуанарлық жағдай. Бірақ өмір қажеті жылдан-жылға өсіп отыратынын үмытуға болмайды. Ашығын айтсақ, қазіргі халықтық музыканы насихаттау, кадрлар даярлау жүмысында елеулі кемшіліктер бар. Мүны дәлелдеу үшін белгілі музыка маманы болу да міпдепі емес секілді. Өйткені, бүл күн сайын көзіміз коріп жүрген шындық. Бірақ, неге екені белгісіз, бүл мәселе күпі бүгіиге дейтін кең көлемде көпшілік талқысына түсіп көрген жоқ. Осы саладағы бір жақсы ниетті ақын Х.Бекхожин биыл «Қазақ өдебиеті» газетінде көтерген еді. Амал не, республикамыздың белгілі музыка мамандарыныц бір тобы онда айтылған  әділ сынға өре қарсы тұрды. Музыкаға жаны ашыған  тілектестік сөздері  үшін ол жолдастар Х.Бекхожииді жазғыруға  дейін  барғаны белгілі. Ең өкініштісі сол - осы уақытқа дейтін халықтық музыканы кең көлемде насихапауіа Қазак ССР Мәдениет министрлігі де, композиторлар ондағы да  жанды басшылық етпей  келеді. Музыкалық мұра да, оның тағдыры да «тістегеннің аузында, ұстағанның қолында» кетіп барады. Оған басы ауырып балтыры сыздап отырған басшылықты көре алмай жүрміз. Мәдениет министрлігі немесе басқа да тиісті орындар бүл жонінде қанша жоспар, қанша баяндама жасағанын оздері білер, бірақ істің нәтижесі халықты қанағаттандырмай отырғаны ақиқат. Егер ол кемшіліктердің ең бастыларын ғана тізіп айтар болсақ, бәрінен бүрын музыкалық шығармалардың толық жиналмай келе жатқанын көрсетер едік.
12.11.2013 10:55 3435

Музыка – халықтың жан күйінің көрінісі. Халық азапты ауыр бейнет үстінде де, думанды той кезінде де жан толқынын әнмен, күймен білдіріп отырған.

Өз елінің өмірін, психологиясын терең түсінген ұлы Абай: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп босқа айтпаған. Абай ән мен күйдің халық өміріндегі орнын дәл таныған. Сондықтан да ол «құр айқай, бақырған» құнсыз әнді емес, «құлақтан кіріп, бойды алар» әнді, күйді насихаттайды. Шынында, Абайдың өзі де асқан талантты композитор ғой. Ол - ән мен күйдің халықтық негізден туатынын қатты ескерген. Осы себептен де оның музыкалық асыл мүрасы күні бүгінге дейін жастардың ең сүйікті әндерінің катарынан орын алады. Асылы, әннің де, күйдің де омірлі болуы оның жүректі жарып шыққан шыншылдығына, халықтығына байланысты.

Музыкалық мұрамызда күрделі үлесі бар әнші, күйшілердің еңбегі - ескірмес қазына. Бірақ сол қазынаны жарата, пайдалана білу, одан үйрене білу де аса зор жұмыс. Қазақ халқының қалың ортасынан шыққан Біржанның, Ақанның, Мұхиттың, Мәдидің, Естайдың әні осы күнге дейін жүрегімізді тербейді. Тіпті музыка классиктерінің ән-күйлері біздің жанымызға бала жасымыздан енген десек, артық айтқандық емес. Қазақ арасында өскен қыз бен жігіттің қайсысы Абай, Ақан, Естай әндерінен тіл жеткісіз ләззат алмап еді. Біржанның, Мұхиттың, Мәдидің өршіл әндері кімнің қиялына қозғау салмаған? Құрманғазының асқақ, екпінді, Дәулеткерейдің сазды, назды, Тәттімбеттің ойлы, әсем күйлерін тыңдай, жаттай жүре емірдің ғажайып сүлулығын тани түскенбіз.

Ғасырлар бойы халық даналығы тудырған музыкалық мұра да, жеке композиторлардың шығармалары да бүгінгі социалистік өмір игілігіне жарап келе жатқаны мәлім. Міне, осы бала жастан жанымызға дарыған, рухани өміріміздің бір саласы болып кеткен қазақ әні мен күйінің бұдан былай да өркендеуін тілейміз. Сондықтан халықтық музыка мұраларын жинау, зерттеу, насихаттау жұмысындағы өзіміз байқаған олқылықтарды айтпауға лажымыз болмады.

Қазақ әндері мен күйлерін жинап, насихаттау жолындағы біраз еңбектер жүртқа мәлім. Халықтық музыканың мол бір бөлегін жинаған композитор А.Затаевичтің, басқа да орыс, қазақ зерттеушілерінің еңбегі бүл саладағы үлкен жүмыстар екені даусыз. Композитор Е.Брусиловскийдің қазақ музыкасы негізіңде  жасаған  «Қыз  Жібек»,  «Ер  Тарғын»,   «Жалбыр» опералары өз түсында халқымыздың өміріндегі айта калғандай мәдени оқиға болғаны анық. Қазақ елінің опера туралы түсінігі де, талғам-талабы да осы шығармаларды тыңдау үстінде өсіп келгенін жасыруга болмайды. Кейінірек туған «Абай», «Біржан-Сара» опералары да талантты шығармалар еді. Қазақ музыкасының қадірлі қайраткері, профессор А.Жүбановтың басқаруымен өсіп жетілген, қазір атағы дүние жүзіне әйгілі Қүрманғазы атындағы үлт аспаптары оркестрін кім білмейді? Әділін айтсақ, бүл оркестр халқымыздың музыкадағы үлттық нақышты сақтап, дамытып келе жатқан мақтанышы да. Ақырында, оқтын-оқтын шығарылып түратын ән нотасының жинақтарын, радиодан айтылатын әндерді, филармонияны, кейбір облыстардағы концерт бригадаларын атасақ, қазақ музыкасын зерттеу, насихаттау, дамыту жолында едәуір жүмыстардың жасалып келгеніне көзіміз жетеді. Консерваторияны, музыкалық мектептерді бітірген кадрлар да сүйсінерлік табысымыз.

Мұның бәрі - қуанарлық жағдай. Бірақ өмір қажеті жылдан-жылға өсіп отыратынын үмытуға болмайды. Ашығын айтсақ, қазіргі халықтық музыканы насихаттау, кадрлар даярлау жүмысында елеулі кемшіліктер бар. Мүны дәлелдеу үшін белгілі музыка маманы болу да міпдепі емес секілді. Өйткені, бүл күн сайын көзіміз коріп жүрген шындық. Бірақ, неге екені белгісіз, бүл мәселе күпі бүгіиге дейтін кең көлемде көпшілік талқысына түсіп көрген жоқ. Осы саладағы бір жақсы ниетті ақын Х.Бекхожин биыл «Қазақ өдебиеті» газетінде көтерген еді. Амал не, республикамыздың белгілі музыка мамандарыныц бір тобы онда айтылған  әділ сынға өре қарсы тұрды. Музыкаға жаны ашыған  тілектестік сөздері  үшін ол жолдастар Х.Бекхожииді жазғыруға  дейін  барғаны белгілі. Ең өкініштісі сол - осы уақытқа дейтін халықтық музыканы кең көлемде насихапауіа Қазак ССР Мәдениет министрлігі де, композиторлар ондағы да  жанды басшылық етпей  келеді. Музыкалық мұра да, оның тағдыры да «тістегеннің аузында, ұстағанның қолында» кетіп барады. Оған басы ауырып балтыры сыздап отырған басшылықты көре алмай жүрміз. Мәдениет министрлігі немесе басқа да тиісті орындар бүл жонінде қанша жоспар, қанша баяндама жасағанын оздері білер, бірақ істің нәтижесі халықты қанағаттандырмай отырғаны ақиқат. Егер ол кемшіліктердің ең бастыларын ғана тізіп айтар болсақ, бәрінен бүрын музыкалық шығармалардың толық жиналмай келе жатқанын көрсетер едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға