Жаңалықтар

Қазақ тіліндегі шешілмеген мәселелер

Қазақ тілінің шешілмеген мәселелері тіпті көп. Жеке сөздерді әр түрлі жазушылық екінің бірінен ұшырайды. Қазақ тіліндегі барлық сөздерді бір ізге түсіретін жаңа орфография сөздігі қажет-ақ. Тіпті, тілдің тарихи қалыптасқан жүйесін орынсыз бүзушылық газет, журнал беттерінде де жиі байқалады. «Ауылдың жанында қой жайылып жүр» деудің орнына «Ауылдардың жандарында қойлар жайылып жүр» дегенді көре бастадық. Мұндай шым-шытырықты ғылыми негізде пікір алысып қана шешуге болады.  Кейбір   жолдастар   қазақ   тілін   «прогреске»   жеткізуді көздеп,  оған орынды-орынсыз «жаңалық»  енгізуге  құштар. Бұдан бірнеше жыл бұрын баспасөз бетінде қазақ тіліндегі «һ» әрпін жоюдың амалы  қайсы  деген  айтыстың  болғаны  да есімізде. Бірақ «һ» әрпін жоюға мүмкіншілік болмағандықтан,» ол бос талас болып өтті. Ондай науқандар әлі күнге дейін болып келеді. Соның бірі қысқарған сөздер жайындағы өткен жылғы мемлекеттік терминологиялық комиссияның шешімі деуге болады. Өткен жылдан бастап, бұрыннан күллі қазақ оқушысына   түсінікті   «СОКП»,   «СОТА»   сияқты   сөздер «КПСС», «ТАСС» деп жазылатын болды. Осы арада біздің кейбір тіл мамандарымыздың тым белсенділік көрсеткеніне қынжылмасқа болмайды. Мәселе «СОКП»,  «КПСС» деген жеке сөздерде түрған жоқ. Біздің оқушымыз ол екеуін де түсіне алады. Әңгіме тілдің заңдылығының бұзылуында болып отыр. Мүмкін, терминком мүшелері бірнеше қысқарған сөзді орысша алғаннан жалпы тілге нүқсан келмес деп те ойлаған шығар. Бірақ бұл ғылыми қате үйғарым екенін батыл айта аламыз. Тіл мен ой тығыз байланысты. Оқушы кыскарған сөздерді окығанда, оның әрпін емес, мағынасын еске алады. Егер окушы кыскарған сөздердін мәнін ұға алмаса, сол сөз тұрған сөйлемді де түсіне алмайды. Қысқарған сөздердің жалпыға түсінікті баламасын өзгертер заңдылмғына жасалған зорлык демеске болмайды. «СОТА-ның фотохроникасы» леудін орнына, «ТАСС-тың фотохроникасы» дегенде не ұттық? Түк те ұтқанымыз жоқ. Сырт қарағанда «ТАСС» деп аталатын, тіл мұқалмайтын тәрізді. Бірақ оқушы «ТАСС» деп ойсыз көз жүгіртпейді ғой. «ТАСС» деген «Телеграфное агенство Советского Союза» емес пе! Сонда «ТАСС-тың фотохроникасы» дегеніміз «Телеграфное агенство Советского Союзаның фотохроникасы» болып шықпай ма? Тілдің негізін, оның табиғи жүйесін бұрмалау деген осылай болса керек. Әрине, барлық қысқарған сөздердің қазақша баламасын іздеп іздеп сарсаң болу шарт та емес шығар. Оның бәрін қазақша қолдануға қазақ тілінде оригиналды техникалық, ғылыми еңбектердің аздығы мүмкіндік бермейді. Көптеген қысқарған сөздер, мәселен, «Васхнил» деген сияқтылар орысшадагыдай алынып жүр. Бұл осылай-ақ болсын. Бірақ қазақ баспасөз бетінде ясиі қолданылатын, барлық оқушыга түсінікті қысқарған терминдерді өзгерту ақылға сыймайды. Мұндайда жұртшылық пікірін ортаға салып отыру орынды болар еді. Мектептерде, жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытудағы, тілдің лексикалық, орфографиялық, термино-логиялық мәселелеріндегі даулы жайларды шешудің маңызы зор. Бұл бәрінен бұрын бүгінгі өмірдің қажетінен туып отыр. Бұған, әсіресе, тіл мамандары, әдебиетшілер, күллі интеллигенция қызу ат салысуы тиіс. 1956
12.11.2013 10:48 6737

Қазақ тілінің шешілмеген мәселелері тіпті көп. Жеке сөздерді әр түрлі жазушылық екінің бірінен ұшырайды. Қазақ тіліндегі барлық сөздерді бір ізге түсіретін жаңа орфография сөздігі қажет-ақ. Тіпті, тілдің тарихи қалыптасқан жүйесін орынсыз бүзушылық газет, журнал беттерінде де жиі байқалады. «Ауылдың жанында қой жайылып жүр» деудің орнына «Ауылдардың жандарында қойлар жайылып жүр» дегенді көре бастадық. Мұндай шым-шытырықты ғылыми негізде пікір алысып қана шешуге болады.

 Кейбір   жолдастар   қазақ   тілін   «прогреске»   жеткізуді көздеп,  оған орынды-орынсыз «жаңалық»  енгізуге  құштар. Бұдан бірнеше жыл бұрын баспасөз бетінде қазақ тіліндегі «һ» әрпін жоюдың амалы  қайсы  деген  айтыстың  болғаны  да есімізде. Бірақ «һ» әрпін жоюға мүмкіншілік болмағандықтан,» ол бос талас болып өтті. Ондай науқандар әлі күнге дейін болып келеді. Соның бірі қысқарған сөздер жайындағы өткен жылғы мемлекеттік терминологиялық комиссияның шешімі деуге болады. Өткен жылдан бастап, бұрыннан күллі қазақ оқушысына   түсінікті   «СОКП»,   «СОТА»   сияқты   сөздер «КПСС», «ТАСС» деп жазылатын болды. Осы арада біздің кейбір тіл мамандарымыздың тым белсенділік көрсеткеніне қынжылмасқа болмайды. Мәселе «СОКП»,  «КПСС» деген жеке сөздерде түрған жоқ. Біздің оқушымыз ол екеуін де түсіне алады. Әңгіме тілдің заңдылығының бұзылуында болып отыр. Мүмкін, терминком мүшелері бірнеше қысқарған сөзді орысша алғаннан жалпы тілге нүқсан келмес деп те ойлаған шығар. Бірақ бұл ғылыми қате үйғарым екенін батыл айта аламыз. Тіл мен ой тығыз байланысты. Оқушы кыскарған сөздерді окығанда, оның әрпін емес, мағынасын еске алады. Егер окушы кыскарған сөздердін мәнін ұға алмаса, сол сөз тұрған сөйлемді де түсіне алмайды. Қысқарған сөздердің жалпыға түсінікті баламасын өзгертер заңдылмғына жасалған зорлык демеске болмайды. «СОТА-ның фотохроникасы» леудін орнына, «ТАСС-тың фотохроникасы» дегенде не ұттық? Түк те ұтқанымыз жоқ. Сырт қарағанда «ТАСС» деп аталатын, тіл мұқалмайтын тәрізді. Бірақ оқушы «ТАСС» деп ойсыз көз жүгіртпейді ғой. «ТАСС» деген «Телеграфное агенство Советского Союза» емес пе! Сонда «ТАСС-тың фотохроникасы» дегеніміз «Телеграфное агенство Советского Союзаның фотохроникасы» болып шықпай ма? Тілдің негізін, оның табиғи жүйесін бұрмалау деген осылай болса керек. Әрине, барлық қысқарған сөздердің қазақша баламасын іздеп іздеп сарсаң болу шарт та емес шығар. Оның бәрін қазақша қолдануға қазақ тілінде оригиналды техникалық, ғылыми еңбектердің аздығы мүмкіндік бермейді. Көптеген қысқарған сөздер, мәселен, «Васхнил» деген сияқтылар орысшадагыдай алынып жүр. Бұл осылай-ақ болсын. Бірақ қазақ баспасөз бетінде ясиі қолданылатын, барлық оқушыга түсінікті қысқарған терминдерді өзгерту ақылға сыймайды. Мұндайда жұртшылық пікірін ортаға салып отыру орынды болар еді.

Мектептерде, жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытудағы, тілдің лексикалық, орфографиялық, термино-логиялық мәселелеріндегі даулы жайларды шешудің маңызы зор. Бұл бәрінен бұрын бүгінгі өмірдің қажетінен туып отыр. Бұған, әсіресе, тіл мамандары, әдебиетшілер, күллі интеллигенция қызу ат салысуы тиіс.

1956

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға