Жаңалықтар

Александр Кучма

Ұлттық құраманың бұрынғы қорғаушысы, Қазақстан, Германия, Польша клубтарында өнер көрсеткен футболшымыз –Александр Кучма. Александр Васильевич Кучма 1980 жылы 9 желтоқсанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақстанда Тараз топырағының футбол мектебі мықты екені белгілі. Сол талай таланттар өсірген өлкеден шыққан футболшылардың бірі осы Александр Кучма екені даусыз. Оның алаңдағы міндеті қорғаушы болғанымен, айып соққысын орындау, стандартты жағдайларда гол соғу шеберлігі жоғары. Саша ерте танылған футболшы. Бозбала кезінде «Тараздың» бапкерлері байқап, командаға шақырады. Алғашында клубтың қосалқы құрамында доп тебе бас­тады. Дегенмен негізгі құрамдағы дебюті де көп күттірген жоқ. 17 жасында ел біріншілігіндегі алғашқы ойынын өткізді. Әйткенмен Әулиеата жерінде көп тұрақтаған жоқ. Сол кезде екі бөлінген «Қайрат» клубына ауысады. Оны шақырған «ЦСКА-Қайрат» болды. Ол клубта Қайрат Нұрдәулетов, Руслан Балтиев, Әли Әлиевтермен бірге доп тепті. Алматыда бар-жоғы бір маусым ғанаөткізді. Сосын Германия чемпионатынан ұсыныс түсіп, Қазақстаннан кетті. «Раштадт 04» деген команда сапында екі маусым өнер көрсетті. Кейіннен тағы бір неміс командасы «Зонненхоф Гроссашпах» сапына ауыс­ты. Әрине бұлардыңешқайсысы Бундеслиганың командалары емес. «Зонненхоф Гроссашпах» командасы ол жылдары «Вербандслига Вюртемберг» лигасында өнер көрсетті. Жалпы, Александр Кучма Германия жерінде 2000-2004 жылдар аралығында ойнады. «Раштадт 04» командасында 33 ойынға қатысса, «Зонненхоф Гроссашпахпен» 55 рет алаңға шыққан. Ал 2005 жылы бір маусымын Польшаның «Рух» клубында өткізді. Ал 2006 жылы алты жылғы үзілістен соң, Қазақстанға оралды. Сол кездегіұлттық құраманың бас бапкері Арно Пайперс елордалық «Астана» клубын да жаттықтырушы еді. Голландиялық маманның шақыруымен осы клубқа ауысты. Бір жағынан ұлттық құрамада жиі ойнауға тамаша мүмкіндік. «Астана» сапында команда капитаны болды. Әрбір ойында командаластарын алға жігерлендіріп, көшбасшылығымен танылып жүрді. Алғашқы жылыҚазақстан чемпионы атанды. Елге оралған бетте, осындай жетістікке жетем депөзі де ойламаса керек. Келесі жылы Чемпиондар лигасына қатысты. Бірінші кезеңде Грузия чемпионы «Олимпи» командасын қарсылас көрмеді. «Астана» бұл клубты айналып өту арқылы Чемпиондар лигасының екінші раундқа өткен тұңғыш қазақстандық команда атанды. Екінші раундта әйгілі Норвегияныңбірнеше дүркін жеңімпазы «Русенбургке» тап болды. Өкінішке қарай,  Норвегия жерінде өткен ойында 1:7, Астанадағы қарымта кездесуде 1:3 есебімен жол берді. Астанадағы қарымта жалғыз голды айып соққысынан осы Александр Кучма соққан болатын. 2008 жылы «Астана» қаржылық қиындыққа тап болды. Футболшылардыңайлықтары уақытымен берілмеді. Маусым аяғында ҚФФ команданы Бірінші лигаға жіберуге мәжбүр болды. Осыдан кейін көп ойыншылар өзге клубтарға ауысты.  Саша «Ордабасыны» таңдады. Шымкент жерінде де оны команда капитаны ретінде таңдады. Оңтүстікте бір маусымда 25 ойын өткізді. Жыл соңында келісімшартын ұзартпай, «Оқжетпеске» ауысып кетті. Көкшетауда жүргенде келеңсіз жағдайға тап болды. Қостанайлық «Тобылмен» өткен ойында келісілген ойынға қатысы бар деп ҚФФ оны жыл аяғына дейін футбол ойнауға тыйым салды. Кучма өзінің ешқандай кінәсі жоқ екенін айтып, ақталуға тырысқанымен, шешім өзгеріссіз қалды. Ал 2011 жылы «Ертіспен» бір жылдықкелісімшартқа отырды. Кереку жерінде ел біріншілігімен қатар, Еуропа лигасының іріктеу ойын­дарына қатысты. 2012 жылы туған жері «Таразға» араға 14 жыл салып қайта оралды. Тәжірибеліқорғаушы Любко Петровичтің сенім артқан серкелерінің бірі болды. «Тараз» былтырғы маусымды өте жоғары деңгейде өткізді. Сербиялық маман жаттықтырған тұста біріншілікті төртінші орынмен аяқтады. Бұл «Тараздың» соңғы 10-15 жыл көлеміндегі ең ірі жетістігі болды. Әйтпесе, жамбылдықтар бірнеше жыл турнир кестесінің соңғы жағында салпақтап жүрген еді. Былтыр желтоқсан айында «Тобылға» ауысқанымен, маусымаралық үзіліс кезінде «Таразға» қайта келді. Қайта келуінің бірден-бір себебі өзіне жақсы таныс голландиялық Арно Пайперстің «Тараздың» тізгінін ұстауы болды. Пайперс бұрын ұлттық құрамада өнер көрсеткен Скорых пен Кучма сынды футболшыларды шақырған болатын. Қазіргі кезде Александр «Таразда» өнер көрсетіп жүр. Ұлттық құрамада                                                                       Ұлттық құрамадағы алғашқы кездесуін 2005 жылы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Грузияға қарсы өткізген. Арно Пайперс жаттықтырған кезде «Еуро-2008» іріктеу аясында ұлттық құраманың негізгі қорғаушыларының бірі болды. Алғашқы голын Тәжікстанға қарсы жолдастық кездесуде соқты. Жалпы,ұлттық құрама сапында 37 ойында екі гол соққан. Жетістіктері:  Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2006 жылы Қазақстан Кубогының финалисі: 2006 жылы Бек Төлеуов  
12.11.2013 05:32 3191

Ұлттық құраманың бұрынғы қорғаушысы, Қазақстан, Германия, Польша клубтарында өнер көрсеткен футболшымыз –Александр Кучма.

Александр Васильевич Кучма 1980 жылы 9 желтоқсанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақстанда Тараз топырағының футбол мектебі мықты екені белгілі. Сол талай таланттар өсірген өлкеден шыққан футболшылардың бірі осы Александр Кучма екені даусыз. Оның алаңдағы міндеті қорғаушы болғанымен, айып соққысын орындау, стандартты жағдайларда гол соғу шеберлігі жоғары.

Саша ерте танылған футболшы. Бозбала кезінде «Тараздың» бапкерлері байқап, командаға шақырады. Алғашында клубтың қосалқы құрамында доп тебе бас­тады. Дегенмен негізгі құрамдағы дебюті де көп күттірген жоқ. 17 жасында ел біріншілігіндегі алғашқы ойынын өткізді. Әйткенмен Әулиеата жерінде көп тұрақтаған жоқ. Сол кезде екі бөлінген «Қайрат» клубына ауысады. Оны шақырған «ЦСКА-Қайрат» болды. Ол клубта Қайрат Нұрдәулетов, Руслан Балтиев, Әли Әлиевтермен бірге доп тепті. Алматыда бар-жоғы бір маусым ғанаөткізді. Сосын Германия чемпионатынан ұсыныс түсіп, Қазақстаннан кетті. «Раштадт 04» деген команда сапында екі маусым өнер көрсетті. Кейіннен тағы бір неміс командасы «Зонненхоф Гроссашпах» сапына ауыс­ты. Әрине бұлардыңешқайсысы Бундеслиганың командалары емес. «Зонненхоф Гроссашпах» командасы ол жылдары «Вербандслига Вюртемберг» лигасында өнер көрсетті. Жалпы, Александр Кучма Германия жерінде 2000-2004 жылдар аралығында ойнады. «Раштадт 04» командасында 33 ойынға қатысса, «Зонненхоф Гроссашпахпен» 55 рет алаңға шыққан. Ал 2005 жылы бір маусымын Польшаның «Рух» клубында өткізді.

Ал 2006 жылы алты жылғы үзілістен соң, Қазақстанға оралды. Сол кездегіұлттық құраманың бас бапкері Арно Пайперс елордалық «Астана» клубын да жаттықтырушы еді. Голландиялық маманның шақыруымен осы клубқа ауысты. Бір жағынан ұлттық құрамада жиі ойнауға тамаша мүмкіндік.

«Астана» сапында команда капитаны болды. Әрбір ойында командаластарын алға жігерлендіріп, көшбасшылығымен танылып жүрді. Алғашқы жылыҚазақстан чемпионы атанды. Елге оралған бетте, осындай жетістікке жетем депөзі де ойламаса керек. Келесі жылы Чемпиондар лигасына қатысты. Бірінші кезеңде Грузия чемпионы «Олимпи» командасын қарсылас көрмеді. «Астана» бұл клубты айналып өту арқылы Чемпиондар лигасының екінші раундқа өткен тұңғыш қазақстандық команда атанды. Екінші раундта әйгілі Норвегияныңбірнеше дүркін жеңімпазы «Русенбургке» тап болды. Өкінішке қарай,  Норвегия жерінде өткен ойында 1:7, Астанадағы қарымта кездесуде 1:3 есебімен жол берді. Астанадағы қарымта жалғыз голды айып соққысынан осы Александр Кучма соққан болатын.

2008 жылы «Астана» қаржылық қиындыққа тап болды. Футболшылардыңайлықтары уақытымен берілмеді. Маусым аяғында ҚФФ команданы Бірінші лигаға жіберуге мәжбүр болды. Осыдан кейін көп ойыншылар өзге клубтарға ауысты.  Саша «Ордабасыны» таңдады. Шымкент жерінде де оны команда капитаны ретінде таңдады. Оңтүстікте бір маусымда 25 ойын өткізді. Жыл соңында келісімшартын ұзартпай, «Оқжетпеске» ауысып кетті. Көкшетауда жүргенде келеңсіз жағдайға тап болды. Қостанайлық «Тобылмен» өткен ойында келісілген ойынға қатысы бар деп ҚФФ оны жыл аяғына дейін футбол ойнауға тыйым салды. Кучма өзінің ешқандай кінәсі жоқ екенін айтып, ақталуға тырысқанымен, шешім өзгеріссіз қалды. Ал 2011 жылы «Ертіспен» бір жылдықкелісімшартқа отырды. Кереку жерінде ел біріншілігімен қатар, Еуропа лигасының іріктеу ойын­дарына қатысты.

2012 жылы туған жері «Таразға» араға 14 жыл салып қайта оралды. Тәжірибеліқорғаушы Любко Петровичтің сенім артқан серкелерінің бірі болды. «Тараз» былтырғы маусымды өте жоғары деңгейде өткізді. Сербиялық маман жаттықтырған тұста біріншілікті төртінші орынмен аяқтады. Бұл «Тараздың» соңғы 10-15 жыл көлеміндегі ең ірі жетістігі болды. Әйтпесе, жамбылдықтар бірнеше жыл турнир кестесінің соңғы жағында салпақтап жүрген еді. Былтыр желтоқсан айында «Тобылға» ауысқанымен, маусымаралық үзіліс кезінде «Таразға» қайта келді. Қайта келуінің бірден-бір себебі өзіне жақсы таныс голландиялық Арно Пайперстің «Тараздың» тізгінін ұстауы болды. Пайперс бұрын ұлттық құрамада өнер көрсеткен Скорых пен Кучма сынды футболшыларды шақырған болатын. Қазіргі кезде Александр «Таразда» өнер көрсетіп жүр.

Ұлттық құрамада                                                                      

Ұлттық құрамадағы алғашқы кездесуін 2005 жылы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Грузияға қарсы өткізген. Арно Пайперс жаттықтырған кезде «Еуро-2008» іріктеу аясында ұлттық құраманың негізгі қорғаушыларының бірі болды. Алғашқы голын Тәжікстанға қарсы жолдастық кездесуде соқты. Жалпы,ұлттық құрама сапында 37 ойында екі гол соққан.

Жетістіктері:

 Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2006 жылы

Қазақстан Кубогының финалисі: 2006 жылы

Бек Төлеуов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға