Жаңалықтар

Талғат Байсуфинов

Бүгінгі күні бапкер ретінде елімізге кеңінен танымал болған Талғат Байсуфинов кезінде допты түзу тепкен футболшы болған. Талғат Маруанұлы Байсуфинов 1968 жылы,4 қыркүйекте Павлодар облысында дүниеге келген. Әкесі Маруан Байсуфионов та өз кезеңінде футболшы болған. Талғаттың спорттың осы түрін таңдауына әкесініңсептігі тигені сөзсіз. Жастайынан аладоптың қыр-сырына қанығып өседі.Қазіргі «Ертістің» атауы ол кезде «Трактор» болатын.  Міне, сол «Трактор» клубының балалар тобында жаттықты. Алғаш рет доп тебуді кәсіби түрде үйреткен Анатолий Казаков есімді жергілікті жаттықтырушы болды. Анатолий баптаған жас футболшы 1985 жылы өзі армандаған «Трактордың» негізгі құрамына алынды. Ол кезде авлодар қаласының командасы КСРО чемпионатының Екінші лигасындаөнер көрсетіп жүрген. 17-ге толмаған жартылай қорғаушы бапкерлердіңсенім үдесінен шыға білді. Алғашқы жылы жастығына қарамастан 24 ойын өткізіп үлгереді. Екінші жылы да негізгі құрамда өнер көрсетіп, 20 матч­та 5 голдың авторы атанады. Ал 18-ге толғанда, әскер қатарына шақырылды. Екі жыл Отан алдындағы борышын өтеді. Әскер қатарынан оралған  соң  «Тракторға» қайтып келді де КСРО чемпионатының Екінші лигасының аймақтық додасында жеңіске жетті. Кейіннен екі маусым Ақсудың «Металлург» командасында да ойнады. Ермакта (қазіргі Ақсу қаласы) жүргенде жиі гол соғумен ерекшеленді.Тәуелсіздік алған тұста, «Тракторға» қайта оралды. Кейіннен команда атауы «Аңсат» болып өзгерді. 1993 жылы екінші рет ұйымдастырылған ел біріншілігінде ерке Ертістің жігіттері топ жарды. Бұл оның футболшы ретіндегі алғашқы әрі жалғыз чемпиондық тәжі болды. Келесі жылы «Аңсат» чемпион атанбаса да  жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ал 1998 жылы «Ертіс» Қазақстан Кубогында чемпион атанды. Финалда оларҚызылорданың «Қайсарынан» басым түсті. Осы кубок «Ертістің» жалпы тарихындағы жалғыз кубок болып табылады. Өйткені, одан кейін үш рет финалға шыққанымен, ешқайсысында жеңіске жеткен жоқ. Сондай-ақ, Талғат футболшы «Еңбек» (Жезқазған), «Автомобилист» (Шортанды), «Батыр» (Екібастұз), «Жетісу» (Талдықорған), «Маңғыстау» (Ақтау), «Восток» (Өскемен) клубтарында өнер көрсетті. Алғаш 1992 жылы Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталғанда, тізімге енген футболшылардың қатарында болды. Орталық Азия Кубогынақатысты. Сол жылы Тәжікстан құрамасына қарсы алаңға шықты. Одан кейін еліміздің бас командасына шақырыла қоймады. Талғат Байсуфинов футболшы ретіндегі карьерасында – «Трактор» («Аңсат», «Ертіс») сапында 1985-1986, 1989, 1992-1995, 1998-1999 жылдары ойнаған. Осы жылдары 180 матч өткізіп, 26 гол соққан. Соның110 ойынын Қазақстан чемпионаттары аясында өткізіп, 17 голдың авторы атанған. Футболдағы карьерасын 35 жасында «Восток» сапында аяқтады. Бутсысын шегеге ілгеннен кейін көп ұзамай бапкерлікке бет бұрады. Алдымен Қызылжардың «Есіл-Богатырь» клубының бапкерлер тобындақызмет етті. Сондай-ақ, Қазақстан жастар құрамасыныңжаттықтырушылар штабына да енді. Төрт жыл Петропавл клубында тәжірибе жинады. Сосын бір кездері өзі доп тепкен Ақсу қаласыныңкомандасы бас бапкерлікке шақырылды. Бұл оның бас бапкер ретіндегі алғашқы қызметі болды. Жақсы қырынан таныла бастаған жас маманды бірер жылдан соң, өзінің сүйікті клубы «Ертістің»  бапкерлер қосынына шақырады. Алғашқы екі жылы Ойрат Садуовтың көмекшісі болған Талғат Маруанұлын 2010 жылы бас бапкерлікке бекітті. Оның алдында 2009 жылы, 24 қарашада УЕФА-ның «Жиро» категориясы бойынша тәлім алып,  кейіннен емтиханды ойдағыдай тапсырып, «Pro» категориясына ие болды. «Pro» категориясына ие болған бапкер Премьер-лигадағы командалар мен ұлттық құрамаларды баптауға болады.  Мұндай лиценцизяға қол жеткізген әзірге жалғыз жергілікті маман. Талғат Байсуфинов қазіргі кезде «Ертісті» алға сүйреп келеді.  Бас бапкер ретінде алғашқы жылы Кереку клубына ел біріншілігінің қола жүлдесінәперді. Ал былтыр «Ертіс» күміске қол созды. Сондай-ақ, Қазақстан кубогының финалына да жетті. Жетістіктері: Футболшы ретінде Қазақстан чемпионатының жеңімпазы – 1993 («Аңсат», Павлодар). Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері – 1994 жыл («Аңсат»).  Қазақстан чемпионатының  қола жүлдегері – 1992 жыл («Трактор»), 1998 жыл («Ертіс»). Қазақстан кубогының иегері – 1997/1998 жж. («Ертіс»). КСРО чемпионатының ІІ-лигасындағы аймақтық доданың жеңімпазы – 1989 жыл («Трактор»). Бапкер ретінде Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері – 2012 жыл («Ертіс»). Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері – 2010 жыл («Ертіс»). Қазақстан кубогының финалисі – 2012 жыл («Ертіс»).   Бек Төлеуов, «Sport»
12.11.2013 05:28 3348

Бүгінгі күні бапкер ретінде елімізге кеңінен танымал болған Талғат Байсуфинов кезінде допты түзу тепкен футболшы болған.

Талғат Маруанұлы Байсуфинов 1968 жылы,4 қыркүйекте Павлодар облысында дүниеге келген. Әкесі Маруан Байсуфионов та өз кезеңінде футболшы болған. Талғаттың спорттың осы түрін таңдауына әкесініңсептігі тигені сөзсіз. Жастайынан аладоптың қыр-сырына қанығып өседі.Қазіргі «Ертістің» атауы ол кезде «Трактор» болатын.  Міне, сол «Трактор» клубының балалар тобында жаттықты. Алғаш рет доп тебуді кәсіби түрде үйреткен Анатолий Казаков есімді жергілікті жаттықтырушы болды. Анатолий баптаған жас футболшы 1985 жылы өзі армандаған «Трактордың» негізгі құрамына алынды. Ол кезде

авлодар қаласының командасы КСРО чемпионатының Екінші лигасындаөнер көрсетіп жүрген. 17-ге толмаған жартылай қорғаушы бапкерлердіңсенім үдесінен шыға білді. Алғашқы жылы жастығына қарамастан 24 ойын өткізіп үлгереді. Екінші жылы да негізгі құрамда өнер көрсетіп, 20 матч­та 5 голдың авторы атанады. Ал 18-ге толғанда, әскер қатарына шақырылды. Екі жыл Отан алдындағы борышын өтеді. Әскер қатарынан оралған  соң  «Тракторға» қайтып келді де КСРО чемпионатының Екінші лигасының аймақтық додасында жеңіске жетті.

Кейіннен екі маусым Ақсудың «Металлург» командасында да ойнады. Ермакта (қазіргі Ақсу қаласы) жүргенде жиі гол соғумен ерекшеленді.Тәуелсіздік алған тұста, «Тракторға» қайта оралды. Кейіннен команда атауы «Аңсат» болып өзгерді. 1993 жылы екінші рет ұйымдастырылған ел біріншілігінде ерке Ертістің жігіттері топ жарды. Бұл оның футболшы ретіндегі алғашқы әрі жалғыз чемпиондық тәжі болды. Келесі жылы «Аңсат» чемпион атанбаса да  жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ал 1998 жылы «Ертіс» Қазақстан Кубогында чемпион атанды. Финалда оларҚызылорданың «Қайсарынан» басым түсті. Осы кубок «Ертістің» жалпы тарихындағы жалғыз кубок болып табылады. Өйткені, одан кейін үш рет финалға шыққанымен, ешқайсысында жеңіске жеткен жоқ. Сондай-ақ, Талғат футболшы «Еңбек» (Жезқазған), «Автомобилист» (Шортанды), «Батыр» (Екібастұз), «Жетісу» (Талдықорған), «Маңғыстау» (Ақтау), «Восток» (Өскемен) клубтарында өнер көрсетті.

Алғаш 1992 жылы Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталғанда, тізімге енген футболшылардың қатарында болды. Орталық Азия Кубогынақатысты. Сол жылы Тәжікстан құрамасына қарсы алаңға шықты. Одан кейін еліміздің бас командасына шақырыла қоймады.

Талғат Байсуфинов футболшы ретіндегі карьерасында – «Трактор» («Аңсат», «Ертіс») сапында 1985-1986, 1989, 1992-1995, 1998-1999 жылдары ойнаған. Осы жылдары 180 матч өткізіп, 26 гол соққан. Соның110 ойынын Қазақстан чемпионаттары аясында өткізіп, 17 голдың авторы атанған.

Футболдағы карьерасын 35 жасында «Восток» сапында аяқтады. Бутсысын шегеге ілгеннен кейін көп ұзамай бапкерлікке бет бұрады. Алдымен Қызылжардың «Есіл-Богатырь» клубының бапкерлер тобындақызмет етті. Сондай-ақ, Қазақстан жастар құрамасыныңжаттықтырушылар штабына да енді. Төрт жыл Петропавл клубында тәжірибе жинады. Сосын бір кездері өзі доп тепкен Ақсу қаласыныңкомандасы бас бапкерлікке шақырылды. Бұл оның бас бапкер ретіндегі алғашқы қызметі болды. Жақсы қырынан таныла бастаған жас маманды бірер жылдан соң, өзінің сүйікті клубы «Ертістің»  бапкерлер қосынына шақырады. Алғашқы екі жылы Ойрат Садуовтың көмекшісі болған Талғат Маруанұлын 2010 жылы бас бапкерлікке бекітті. Оның алдында 2009 жылы, 24 қарашада УЕФА-ның «Жиро» категориясы бойынша тәлім алып,  кейіннен емтиханды ойдағыдай тапсырып, «Pro» категориясына ие болды. «Pro» категориясына ие болған бапкер Премьер-лигадағы командалар мен ұлттық құрамаларды баптауға болады.  Мұндай лиценцизяға қол жеткізген әзірге жалғыз жергілікті маман.

Талғат Байсуфинов қазіргі кезде «Ертісті» алға сүйреп келеді.  Бас бапкер ретінде алғашқы жылы Кереку клубына ел біріншілігінің қола жүлдесінәперді. Ал былтыр «Ертіс» күміске қол созды. Сондай-ақ, Қазақстан кубогының финалына да жетті.

Жетістіктері:

Футболшы ретінде

Қазақстан чемпионатының жеңімпазы – 1993 («Аңсат», Павлодар).

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері – 1994 жыл («Аңсат»).

 Қазақстан чемпионатының  қола жүлдегері – 1992 жыл («Трактор»), 1998 жыл («Ертіс»).

Қазақстан кубогының иегері – 1997/1998 жж. («Ертіс»).

КСРО чемпионатының ІІ-лигасындағы аймақтық доданың жеңімпазы – 1989 жыл («Трактор»).

Бапкер ретінде

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері – 2012 жыл («Ертіс»).

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері – 2010 жыл («Ертіс»).

Қазақстан кубогының финалисі – 2012 жыл («Ертіс»).

 

Бек Төлеуов, «Sport»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Алдыңғы жаңалық
Жетістіктері