Жаңалықтар

Жетістіктері

12 маусым үздіксіз бір командада өнер көрсетіп келе жатқан Андрейдіңбасынан талай оқиға өтті. Бос қақпаға гол соға алмау, пенальтиден мүлт кету секілді келеңсіз сәттер оның өмірінде де бірнеше рет кездесті. Бірақ, ешқашан салы суға кетіп, мойыған жоқ. Әрдайым өзінің кемшілігін жойып, шеберлігін шыңдауда аянып қалған емес. Андрей Фионченко – Қазақстан Кубогының жалпы тарихындағы бас мерген. Биылғы жылы іріктеу кезеңінде Семейдің «Спартагына» 21-голын соғу арқылы марқұм Олег Литвиненконы басып озды. Ал жартылай финалдағы «Ертіс» қақпасына соққан голынан кейін Мұрат Тілешевті де артқа тастады.   Андрей, сондай-ақ, «Шахтердің» тағы бір талантты шабуылшысы болған Руслан Иманқұловтың рекордын жаңартты. Кезінде Руслан «кеншілер» сапында Қазақстан чемпионатындағы ең көп гол соққан сұрмерген атанып еді. Енді, міне, ол рекорд та жаңарып отыр. Андрей биыл нағыз бабында. Алаңда жиырмадағы жастармен бірдей тыным таппай жүгіреді. Еңбекқорлығымен танылған футболшы «Шахтердің» Еурокубоктағы жеңістеріне ерекше үлесін қосып жүр. ОныңЧемпиондар лигасы аясында «Селтик» қақпасына алғаш болып есеп ашқанын ешкім ұмыта қоймасы анық. Одан бері Еуропа лигасыныңтоптық кезеңіндегі Астанадағы екі ойында да қанжығасын майлады. «Маккаби» мен «АЗ Алкмаар» қақпашысы оның мықтылығын еріксіз мойындады. Сондай-ақ, «Шахтер» Алматыда «Қайраттан» үш доп айырмашылығымен ұтылып жатқанда, командасын жеңілістен құтқарған нағыз капитан! Оның команданы қиын сәтте жеңілістен құтқаруы бірінші рет емес. Тіпті, биыл ұлттық құрамамыз Фарер аралдарынан Астанада ұтылып жатқанда, абыройымызды сақтап қалғанда осы – Андрей. Ол бұған дейін ұлттыққұрамаға бірнеше жыл шақырылмай жүрген еді. Еурокубоктағы Хижниченко екеуінің нәтижелі жұп екенін ескерген Беранек ұлттыққұраманың соңғы кездесулеріне шақырды. Ұзақ үзілістен кейін құрама жейдесін қайта киген шабуылшы екінші таймда өзінің алаңдағы пайдалы ойыншы екенін дәлелдей алды. Алдымен қарсыластың айып алаңында ойнақ салған Финоны Фарер қорғаушылары шалып шығып, төреші пенальти белгілейді. Оны Қайрат Нұрдәулетов сәтті орындайды. Сосын Андрей өзі жеңіс голын соғып, Қазақстанның іріктеу кезеңдегі алғашқы әрі жалғыз жеңісіне сүбелі үлесін қосты. Одан кейін Тронсхвенде өткенқарымта матчта ұлттық құраманы тағы да жеңілістен құтқарып қалды. Негізі ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын 2003 жылы 6 маусымда Польша құрамасына қарсы өткізген. Ал 2004 жылы 19 ақпанда Кипрде Армения құрамасына қарсы өткен жолдастық кездесуде алғашқы голын соқты. Сондай-ақ, 2007 жылы Шымкентте өткен «Алма- ТВ» кубогында жеңіске жетті.  Жалпы, ұлттық құрама сапында осы уақытқа дейін 19 кездесу өткізіп, 4 гол соққан.   Жетістіктері: командалық Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2011, 2012 жылдары Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2007, 2009 жылдары Қазақстан кубогының жеңімпазы: 2013 жылы Қазақстан Кубогының финалисі: 2009, 2010 жылдары Қазақстан Суперкубогының иегері: 2013 жылы Алма-ТВ кубогының жеңімпазы: 2007 жылы Жеке жетістері Қазақстан біріншілігінің ең үздік сұрмергені: 2003 жылы 2003, 2006 жылдары Қазақстан біріншілігінің үздік 22 футболшысыныңқатарына енген. Бек Төлеуов «Sport»    
12.11.2013 05:26 2948

12 маусым үздіксіз бір командада өнер көрсетіп келе жатқан Андрейдіңбасынан талай оқиға өтті. Бос қақпаға гол соға алмау, пенальтиден мүлт кету секілді келеңсіз сәттер оның өмірінде де бірнеше рет кездесті. Бірақ, ешқашан салы суға кетіп, мойыған жоқ. Әрдайым өзінің кемшілігін жойып, шеберлігін шыңдауда аянып қалған емес.

Андрей Фионченко – Қазақстан Кубогының жалпы тарихындағы бас мерген. Биылғы жылы іріктеу кезеңінде Семейдің «Спартагына» 21-голын соғу арқылы марқұм Олег Литвиненконы басып озды. Ал жартылай финалдағы «Ертіс» қақпасына соққан голынан кейін Мұрат Тілешевті де артқа тастады.   Андрей, сондай-ақ, «Шахтердің» тағы бір талантты шабуылшысы болған Руслан Иманқұловтың рекордын жаңартты. Кезінде Руслан «кеншілер» сапында Қазақстан чемпионатындағы ең көп гол соққан сұрмерген атанып еді. Енді, міне, ол рекорд та жаңарып отыр.

Андрей биыл нағыз бабында. Алаңда жиырмадағы жастармен бірдей тыным таппай жүгіреді. Еңбекқорлығымен танылған футболшы «Шахтердің» Еурокубоктағы жеңістеріне ерекше үлесін қосып жүр. ОныңЧемпиондар лигасы аясында «Селтик» қақпасына алғаш болып есеп ашқанын ешкім ұмыта қоймасы анық. Одан бері Еуропа лигасыныңтоптық кезеңіндегі Астанадағы екі ойында да қанжығасын майлады. «Маккаби» мен «АЗ Алкмаар» қақпашысы оның мықтылығын еріксіз мойындады. Сондай-ақ, «Шахтер» Алматыда «Қайраттан» үш доп айырмашылығымен ұтылып жатқанда, командасын жеңілістен құтқарған нағыз капитан!

Оның команданы қиын сәтте жеңілістен құтқаруы бірінші рет емес. Тіпті, биыл ұлттық құрамамыз Фарер аралдарынан Астанада ұтылып жатқанда, абыройымызды сақтап қалғанда осы – Андрей. Ол бұған дейін ұлттыққұрамаға бірнеше жыл шақырылмай жүрген еді. Еурокубоктағы Хижниченко екеуінің нәтижелі жұп екенін ескерген Беранек ұлттыққұраманың соңғы кездесулеріне шақырды. Ұзақ үзілістен кейін құрама жейдесін қайта киген шабуылшы екінші таймда өзінің алаңдағы пайдалы ойыншы екенін дәлелдей алды. Алдымен қарсыластың айып алаңында ойнақ салған Финоны Фарер қорғаушылары шалып шығып, төреші пенальти белгілейді. Оны Қайрат Нұрдәулетов сәтті орындайды. Сосын Андрей өзі жеңіс голын соғып, Қазақстанның іріктеу кезеңдегі алғашқы әрі жалғыз жеңісіне сүбелі үлесін қосты. Одан кейін Тронсхвенде өткенқарымта матчта ұлттық құраманы тағы да жеңілістен құтқарып қалды. Негізі ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын 2003 жылы 6 маусымда Польша құрамасына қарсы өткізген. Ал 2004 жылы 19 ақпанда Кипрде Армения құрамасына қарсы өткен жолдастық кездесуде алғашқы голын соқты. Сондай-ақ, 2007 жылы Шымкентте өткен «Алма- ТВ» кубогында жеңіске жетті.  Жалпы, ұлттық құрама сапында осы уақытқа дейін 19 кездесу өткізіп, 4 гол соққан.

 

Жетістіктері:

командалық

Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2011, 2012 жылдары

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2007, 2009 жылдары

Қазақстан кубогының жеңімпазы: 2013 жылы

Қазақстан Кубогының финалисі: 2009, 2010 жылдары

Қазақстан Суперкубогының иегері: 2013 жылы

Алма-ТВ кубогының жеңімпазы: 2007 жылы

Жеке жетістері

Қазақстан біріншілігінің ең үздік сұрмергені: 2003 жылы

2003, 2006 жылдары Қазақстан біріншілігінің үздік 22 футболшысыныңқатарына енген.

Бек Төлеуов «Sport»

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Алдыңғы жаңалық
Нағыз капитан