Жаңалықтар

Журналистика халықты бақытты болуға бағыттайды

Журналистиканың халыққа қызмет етуі сол халықтың реалды қажеттерін өтеу үшін, оны прогреске бастайтын, жақсылыққа жеткізетін жолды таңдау деген сөз. Дүниеде бірер адамның бақытты болғанынан ештеңе бітпейді, ал бүкіл халық бақытты болса онан асқан арман — мақсат жоқ шығар. Міне, журналистика да осы жағдайды ескеріп, осы бағытта жұмыс істемек. Халық өмірінде қандай жаңалықтар, өзгерістер, бастамалар болып жатыр, осының бәрі журналистикада айнадағыдай көрініп отыруы керек. Сондай-ақ халықтың пікірі, ойы, мақсаты журналистиканың ең бір мұқият назар аударып отыратын тұсы. Ал өмірде жақсылықтар болып жатса, соны журналистика ең бірінші көре біліп, ізін суытпай жариялап отыруы тиіс. Оны кең насихаттап, қолдап, таратып отыруы жөн. Ал егер, қажет болған жағдайда, оны тіпті, тез өмірге енгізуге күресіп отырудың да артықтығы жоқ. Өмірдегі нағыз заңдылықтардың өзі халықтың шынайы керегін қанағаттандыратын болуы керек. Сол үшін де халықты біріктіріп, оның жетімсіз нәрсесін жеткізуге ұмтылу үлкен жауапкершілік. Ал журналистер жан-тәнін аямай, қате идеяларды немесе астарында жалған мақсат жатқан істерді халық алдында әшкерелеп, кемшілігін ашып айтып, оны толықтыруға, түзетуге тырысу керек. Мүмкін жалған идеяға халық алданып қалған шығар, осы жағын ойластыру жөн. Халық өміріне кедергі келтіретін нәрсенің бәрін журналистика дер кезінде көріп-біліп, ескертіп отыруы, қоғамдық пікір туғызуы қажет екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан өмірде сенімсіз нәрсеге жол бермеу керек. Мүндай жайларды айтқанда, жазғанда өрине, оның қарапайым халыққа түсінікті болуын ойластыру керек. Бұл ретте ауыл адамы үшін де, қала адамы үшін де, сондай-ақ интелигентке де қозғалып отырған мәселе ортақ әрі екі жаққа бірдей түсінікті, ұғынықты болуы өте маңызды. Жалпы журналистикада екіұшты ойдан, бір-біріне қайшы пікірден сақтану керек. Ондай жағдайда оқырманды не тындаушыны шатастыру оңай. Ал бұл журналистиканың беделін түсіретіні белгілі. Журналист үшін түсінікті тіл, анық ой қажет. Сөзді, сөйлемді ауырлатпауға тырысу керек. Халық әрбір мақаланы оқығанда, не тыңдағанда қиналмай ұғатындай дәрежеде болуы тиіс. Әртүрлі терминдер мен шетелдің сөздерін және түсініксіз ұғымдарды журналистикаға тықпалай бермей, тиімді тәсілдерді қолдану қажет. Келесі бір білуге тиіс нәрсе журналистиканың демократиялылығы. Яғни, журналистика шынайы демократия үшін еңбек етеді, күреседі. Халықтың демократиялық құқықтарын кеңейту үшін күш жұмсайды. Халықтың еркіндігі, өз ісін атқаруы мен мемлекет ісіне араласуы баспасөз, радио, телевидениенің үздіксіз жүргізіп отыратын мәселесіне айналуы қажет. Демократия саяси құрылыстың формасы ретінде азаматтардың теңдігі мен бостандығын, өкіметті басқаруға араласуын, әртүрлі орындарға сайлануға қатысуын, Конституцияда адам праволарын қамтамасыз етуді көздейтін бағыт. Ол қоғамдық ұйымдар қызметін, өкіметті, мемлекеттік мәселелерді бүкілхалықтық етіп талқылауды жүргізуге пайдалы. Демократия жағдайында барлық адам заң алдында бірдей құқыққа ие болады, олардың әділ өмір сүруіне кепілдік береді. Біреуге біреу қысым жасау демократияға жатпайды. Сондықтан қоғам жан-жақты демократияға көшкенде ғана шынайы өмір қатынастары орнығады. Демократияның тағы бір пайдасы жариялылықты күшейтіп, әділетсіздікке қарсы сынды дамытуға жағдай жасайды. Демократия мен журналистика тығыз байланысты болуы тиіс. Демократия кезінде журналистиканың рөлі онан сайын артып, қоғамдық пікірдің үйымдастырушысы мен жариялаушысы ретінде көрінеді. Қоғамдық пікірді туғызатын да, жасайтын да халық, әлеуметтік топтар. Қоғамдық пікір — өз кезегіндегі әлеуметтік өмірдің маңызды мәселелеріне байланысты туады. Өткен мен бүгінге байланысты процестер мен фактілерге байла-нысты өріс алады. Актуальді оқиғалар мен құбылыстар, іс-әрекеттер мен идеялар бағаланып, нақты мақсаттар мен міндеттер және оған жету жолдары жөнінде қоғамдық пікір пайда болады. Ол көзқарастар мен тарихи санаға қатысты болып келеді. Жалпы қоғамдық пікір — өмірдің нақты жағдайдарын байқай отырып, оны қалай өзгертудің жолдарын қарастыратын жүйе болып табылады. Қоғамдық пікір тарихи жағдайларга байланысты өзгеріп отырады. Ол ғылым, саясат, экономика, мәдениет, яғни барлық саланы қамти береді. Демек, журналистика болса, сол қоғамдық пікірдің туып, дамуына, жариялануына қызу араласып отырады. Егер демократия болмаса, қоғамдық пікір де еркін дами алмайтыны белгілі. Қоғамдық пікір — қоғамдық санадан туып, әртүрлі пікірлер арқылы қалыптасады. Журналистиканың халықтығы мен демократиялылығы оның қалың көпшілікпен байланысында. Сол арқылы журналистика өз жұмысы туралы халықтың қатысын әрі пікірін біліп отырады және халық арасында демократиялық құбылыстардың ашық, екпінді жүруіне мүмкіндік туғызады. http://refik.kz
11.11.2013 07:39 4039

Журналистиканың халыққа қызмет етуі сол халықтың реалды қажеттерін өтеу үшін, оны прогреске бастайтын, жақсылыққа жеткізетін жолды таңдау деген сөз. Дүниеде бірер адамның бақытты болғанынан ештеңе бітпейді, ал бүкіл халық бақытты болса онан асқан арман — мақсат жоқ шығар. Міне, журналистика да осы жағдайды ескеріп, осы бағытта жұмыс істемек. Халық өмірінде қандай жаңалықтар, өзгерістер, бастамалар болып жатыр, осының бәрі журналистикада айнадағыдай көрініп отыруы керек. Сондай-ақ халықтың пікірі, ойы, мақсаты журналистиканың ең бір мұқият назар аударып отыратын тұсы. Ал өмірде жақсылықтар болып жатса, соны журналистика ең бірінші көре біліп, ізін суытпай жариялап отыруы тиіс. Оны кең насихаттап, қолдап, таратып отыруы жөн. Ал егер, қажет болған жағдайда, оны тіпті, тез өмірге енгізуге күресіп отырудың да артықтығы жоқ. Өмірдегі нағыз заңдылықтардың өзі халықтың шынайы керегін қанағаттандыратын болуы керек. Сол үшін де халықты біріктіріп, оның жетімсіз нәрсесін жеткізуге ұмтылу үлкен жауапкершілік. Ал журналистер жан-тәнін аямай, қате идеяларды немесе астарында жалған мақсат жатқан істерді халық алдында әшкерелеп, кемшілігін ашып айтып, оны толықтыруға, түзетуге тырысу керек. Мүмкін жалған идеяға халық алданып қалған шығар, осы жағын ойластыру жөн. Халық өміріне кедергі келтіретін нәрсенің бәрін журналистика дер кезінде көріп-біліп, ескертіп отыруы, қоғамдық пікір туғызуы қажет екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан өмірде сенімсіз нәрсеге жол бермеу керек. Мүндай жайларды айтқанда, жазғанда өрине, оның қарапайым халыққа түсінікті болуын ойластыру керек. Бұл ретте ауыл адамы үшін де, қала адамы үшін де, сондай-ақ интелигентке де қозғалып отырған мәселе ортақ әрі екі жаққа бірдей түсінікті, ұғынықты болуы өте маңызды. Жалпы журналистикада екіұшты ойдан, бір-біріне қайшы пікірден сақтану керек. Ондай жағдайда оқырманды не тындаушыны шатастыру оңай. Ал бұл журналистиканың беделін түсіретіні белгілі. Журналист үшін түсінікті тіл, анық ой қажет. Сөзді, сөйлемді ауырлатпауға тырысу керек. Халық әрбір мақаланы оқығанда, не тыңдағанда қиналмай ұғатындай дәрежеде болуы тиіс. Әртүрлі терминдер мен шетелдің сөздерін және түсініксіз ұғымдарды журналистикаға тықпалай бермей, тиімді тәсілдерді қолдану қажет.
Келесі бір білуге тиіс нәрсе журналистиканың демократиялылығы. Яғни, журналистика шынайы демократия үшін еңбек етеді, күреседі. Халықтың демократиялық құқықтарын кеңейту үшін күш жұмсайды. Халықтың еркіндігі, өз ісін атқаруы мен мемлекет ісіне араласуы баспасөз, радио, телевидениенің үздіксіз жүргізіп отыратын мәселесіне айналуы қажет. Демократия саяси құрылыстың формасы ретінде азаматтардың теңдігі мен бостандығын, өкіметті басқаруға араласуын, әртүрлі орындарға сайлануға қатысуын, Конституцияда адам праволарын қамтамасыз етуді көздейтін бағыт. Ол қоғамдық ұйымдар қызметін, өкіметті, мемлекеттік мәселелерді бүкілхалықтық етіп талқылауды жүргізуге пайдалы. Демократия жағдайында барлық адам заң алдында бірдей құқыққа ие болады, олардың әділ өмір сүруіне кепілдік береді. Біреуге біреу қысым жасау демократияға жатпайды. Сондықтан қоғам жан-жақты демократияға көшкенде ғана шынайы өмір қатынастары орнығады. Демократияның тағы бір пайдасы жариялылықты күшейтіп, әділетсіздікке қарсы сынды дамытуға жағдай жасайды. Демократия мен журналистика тығыз байланысты болуы тиіс. Демократия кезінде журналистиканың рөлі онан сайын артып, қоғамдық пікірдің үйымдастырушысы мен жариялаушысы ретінде көрінеді. Қоғамдық пікірді туғызатын да, жасайтын да халық, әлеуметтік топтар. Қоғамдық пікір — өз кезегіндегі әлеуметтік өмірдің маңызды мәселелеріне байланысты туады. Өткен мен бүгінге байланысты процестер мен фактілерге байла-нысты өріс алады. Актуальді оқиғалар мен құбылыстар, іс-әрекеттер мен идеялар бағаланып, нақты мақсаттар мен міндеттер және оған жету жолдары жөнінде қоғамдық пікір пайда болады. Ол көзқарастар мен тарихи санаға қатысты болып келеді. Жалпы қоғамдық пікір — өмірдің нақты жағдайдарын байқай отырып, оны қалай өзгертудің жолдарын қарастыратын жүйе болып табылады. Қоғамдық пікір тарихи жағдайларга байланысты өзгеріп отырады. Ол ғылым, саясат, экономика, мәдениет, яғни барлық саланы қамти береді. Демек, журналистика болса, сол қоғамдық пікірдің туып, дамуына, жариялануына қызу араласып отырады. Егер демократия болмаса, қоғамдық пікір де еркін дами алмайтыны белгілі. Қоғамдық пікір — қоғамдық санадан туып, әртүрлі пікірлер арқылы қалыптасады. Журналистиканың халықтығы мен демократиялылығы оның қалың көпшілікпен байланысында. Сол арқылы журналистика өз жұмысы туралы халықтың қатысын әрі пікірін біліп отырады және халық арасында демократиялық құбылыстардың ашық, екпінді жүруіне мүмкіндік туғызады.

http://refik.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға