Жаңалықтар

Журналистің ұстанатын принципі жазған материалдарының нанымды болуы

Объективтілік дегеніміз — шындықтың нағыз өзі деген сөз. Журналистің тағы бір ұстанатын принципі жазған материалдарының нанымды болуы. Бұған жетудің жолы да оңай емес. Әртүрлі жанрда жазатын журналистің өз дүниесінің әркез нанымды шығуына күш салуы бұлжымас талап. Кейде тәжірибе немесе білімнің жетіспеуі салдарынан кейбір жазған дүниенің нанымдылығы аз болып шығатын кездері бар. Кейбір құбылыстарды жазғанда журналист сол өзі айтқан ойларын оқырманға дүрыс жеткізе алды ма, жоқ па соны байқау керек. Журналист ой-пікірді қағазға түсіргенде, оның өзгелерге, яғни, жұртшылыққа түсінікті болуын алдын-ала ойластыруы қажет. Екіұшты ұғым беретін жайлар болмауы керек. Айтқалы отырған идеяңмен оқырман келісе ме, жоқ па, соған көз жіберген жөн. Қоғамда әртүрлі көзқарастар, ой қайшылықтары кездесуі мүмкін. Соның бәрінде ең ортақ ой-пікірлер арқылы жол таба білу керек. Жазған нәрсеңді ғалымдар оқыса да, инженер мен дәрігер оқыса да жатсынбайтын болуы жөн. Бәрінің де ойынан шығып, бәрінің де көкейіндегісін қозғайтындай мақала болса, журналистің табысқа жеткені. Сондықтан да журналист барлық саладан хабары бар, эрудициясы жоғары маман болуға тиіс. Ол әркез өмірде бейнелегенде ылғи жоғарыда айтылғандай объективті әрі шыншыл болғаны ғанибет. Мүндай жағдай оған абырой мен бедел әкелмек. Журналистика мен журналистің құқығы жөнінде әртүрлі мемлекеттік заңдарда айтылып жатады. Журналист — өз саласындағы толық құқы бар кәсіби маман. Оның құқына ешкім қол сұғуға хақысы жоқ. Ол журналистикада білім алып, соған орай қызмет ететін тұлға. Журналист өз елінің басқа да азаматтары немесе мамандары секілді, мемлекеттік тәртіп бойынша, заң шарттарына сәйкес өмір сүрмек. Ол өзінің кәсіптік жұмысы, творчестволық еңбегі арқасында қызмет жасап, іс-әрекет етеді. Ол еркін еңбек етуге, демалуға, қоғамдық өмірге қатысуға құқылы. Журналистің заңға, адамгершілікке қайшы келмейтін жұмыс жасауына ешқандай кедергі болмауы тиіс. Ол өзінің арына сеніп және өзі жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдарының жарғысына, бағдарламасына сай еңбек етеді. Сондай-ақ журналистік мамандық — басқа да кейбір мамандықтар секілді қадірлі мамандықтардың бірі екеніне сөз жоқ. Журналистпен заң орындары, үкімет және басқа ұйымдар тығыз байланысты жұмыс істеп, есептесіп отырады. Бұл журналистиканың қоғам, мемлекет алдындағы үлкен рөліне, қажеттігіне өте байланысты. Журналист өзі еңбек ететін редакцияның мүшесі болады, ұжыммен жұмыс істейді. Ол үнемі білімін көтеріп отырады. Журналист өз жеке мүддесі үшін жұмыс істемей, халық пен елдің қамы үшін жұмыс істейтіндіктен, оны заң орындары да, үкімет те қорғауға, қолдауға міндетті. Журналистің еңбегі халықтың көз алдында болады. Ол не айтса да, жазса да халыққа жариялы түрде белгілі болып отырады. Журналист өз правосын пайдаланып, басқалар бара алмайтын жерлерге, мекемелерге барып, жолығып, сөйлесіп, деректер алуға ерікті. Келесі бір айтатын нәрсе журналистік этика туралы. Этика адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен практикалық талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Еңбексүйгіштік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез осының бәрі этика критерийлерін анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы алғанда адамгершілік принципіне бағынады. Этика саналы азамат болуды қалайды. Демек, журналист те осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті. Өйткені журналистің кәсіби мамандығы мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын. Этикалық нормалардың заңда жасалмаған тұстарын журналист өзі ақылымен, сана-сезімімен ұғып-білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды. Журналистің де өз борышы болады, соны адал атқару борыш. Әрбір маманның правосы болумен бірге, міндеттері болатынын ұмытпау лазым. Этика әсіресе, адамдық арға қатысты болып келеді. Ар болған жерде, ұят та ұмытылмайды. Ал этикалық нормаларды бұзу адамға абырой әпермейді. Сондықтан журналистке де басқалар секілді этикалық нормаларды сақтау негізгі міндет. Журналистің көптеген праволарымен бірге, кей жағдайда оған да араласуға болмайтын мәселелер кездесуі. мүмкін. Ондайда кеуде қағып, өзімшілдікке салынбау керек. Ал журналист қателік жасап немесе кемшілік жіберсе, кешірім сұрауы тиіс. Ол қалың жұртшылықпен жұмыс істейтіндіктен, оларды өзі де сыйлай білуі керек. Мінезі шыдамды, төзімді болуы қажет. Журналист парасатты жан болғаны жөн. Өз жұмысында қателік жібермеуге тырысатын маман болса жақсы. Әсіресе, материал жинағанда және жазғанда кемшілік жібермеуі керек. Осыдан келіп, журналистің жауапкершілігі пайда болады. Ол арға тимеуі керек. Сол секілді өзі де журналист деген атқа кір келтірмей жүруі тиіс. Ол халықты құрметтеп, езі де жұрттың алғысын алуы жөн. Журналист творчестволық тұлға ретінде басқалардан ерекше қасиеті бар жан. Ол өзгелерге өнеге болуы тиіс. Журналистің жұмысы халықтың сынына түседі, оған халық төрелік етеді. Сондықтан журналист өз мамандығының, қызметінің халыққа керек екенін терең сезініп, жауапкершілігін, борышын адал атқаруы міндет болып табылады. http://refik.kz
11.11.2013 07:35 7784

Объективтілік дегеніміз — шындықтың нағыз өзі деген сөз. Журналистің тағы бір ұстанатын принципі жазған материалдарының нанымды болуы. Бұған жетудің жолы да оңай емес. Әртүрлі жанрда жазатын журналистің өз дүниесінің әркез нанымды шығуына күш салуы бұлжымас талап. Кейде тәжірибе немесе білімнің жетіспеуі салдарынан кейбір жазған дүниенің нанымдылығы аз болып шығатын кездері бар. Кейбір құбылыстарды жазғанда журналист сол өзі айтқан ойларын оқырманға дүрыс жеткізе алды ма, жоқ па соны байқау керек.
Журналист ой-пікірді қағазға түсіргенде, оның өзгелерге, яғни, жұртшылыққа түсінікті болуын алдын-ала ойластыруы қажет. Екіұшты ұғым беретін жайлар болмауы керек. Айтқалы отырған идеяңмен оқырман келісе ме, жоқ па, соған көз жіберген жөн. Қоғамда әртүрлі көзқарастар, ой қайшылықтары кездесуі мүмкін. Соның бәрінде ең ортақ ой-пікірлер арқылы жол таба білу керек. Жазған нәрсеңді ғалымдар оқыса да, инженер мен дәрігер оқыса да жатсынбайтын болуы жөн. Бәрінің де ойынан шығып, бәрінің де көкейіндегісін қозғайтындай мақала болса, журналистің табысқа жеткені. Сондықтан да журналист барлық саладан хабары бар, эрудициясы жоғары маман болуға тиіс. Ол әркез өмірде бейнелегенде ылғи жоғарыда айтылғандай объективті әрі шыншыл болғаны ғанибет. Мүндай жағдай оған абырой мен бедел әкелмек.
Журналистика мен журналистің құқығы жөнінде әртүрлі мемлекеттік заңдарда айтылып жатады. Журналист — өз саласындағы толық құқы бар кәсіби маман. Оның құқына ешкім қол сұғуға хақысы жоқ. Ол журналистикада білім алып, соған орай қызмет ететін тұлға. Журналист өз елінің басқа да азаматтары немесе мамандары секілді, мемлекеттік тәртіп бойынша, заң шарттарына сәйкес өмір сүрмек. Ол өзінің кәсіптік жұмысы, творчестволық еңбегі арқасында қызмет жасап, іс-әрекет етеді. Ол еркін еңбек етуге, демалуға, қоғамдық өмірге қатысуға құқылы. Журналистің заңға, адамгершілікке қайшы келмейтін жұмыс жасауына ешқандай кедергі болмауы тиіс. Ол өзінің арына сеніп және өзі жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдарының жарғысына, бағдарламасына сай еңбек етеді. Сондай-ақ журналистік мамандық — басқа да кейбір мамандықтар секілді қадірлі мамандықтардың бірі екеніне сөз жоқ. Журналистпен заң орындары, үкімет және басқа ұйымдар тығыз байланысты жұмыс істеп, есептесіп отырады. Бұл журналистиканың қоғам, мемлекет алдындағы үлкен рөліне, қажеттігіне өте байланысты. Журналист өзі еңбек ететін редакцияның мүшесі болады, ұжыммен жұмыс істейді. Ол үнемі білімін көтеріп отырады. Журналист өз жеке мүддесі үшін жұмыс істемей, халық пен елдің қамы үшін жұмыс істейтіндіктен, оны заң орындары да, үкімет те қорғауға, қолдауға міндетті. Журналистің еңбегі халықтың көз алдында болады. Ол не айтса да, жазса да халыққа жариялы түрде белгілі болып отырады. Журналист өз правосын пайдаланып, басқалар бара алмайтын жерлерге, мекемелерге барып, жолығып, сөйлесіп, деректер алуға ерікті.
Келесі бір айтатын нәрсе журналистік этика туралы. Этика адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен практикалық талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Еңбексүйгіштік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез осының бәрі этика критерийлерін анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы алғанда адамгершілік принципіне бағынады. Этика саналы азамат болуды қалайды. Демек, журналист те осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті. Өйткені журналистің кәсіби мамандығы мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын. Этикалық нормалардың заңда жасалмаған тұстарын журналист өзі ақылымен, сана-сезімімен ұғып-білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды. Журналистің де өз борышы болады, соны адал атқару борыш. Әрбір маманның правосы болумен бірге, міндеттері болатынын ұмытпау лазым. Этика әсіресе, адамдық арға қатысты болып келеді. Ар болған жерде, ұят та ұмытылмайды. Ал этикалық нормаларды бұзу адамға абырой әпермейді. Сондықтан журналистке де басқалар секілді этикалық нормаларды сақтау негізгі міндет. Журналистің көптеген праволарымен бірге, кей жағдайда оған да араласуға болмайтын мәселелер кездесуі. мүмкін. Ондайда кеуде қағып, өзімшілдікке салынбау керек. Ал журналист қателік жасап немесе кемшілік жіберсе, кешірім сұрауы тиіс. Ол қалың жұртшылықпен жұмыс істейтіндіктен, оларды өзі де сыйлай білуі керек. Мінезі шыдамды, төзімді болуы қажет. Журналист парасатты жан болғаны жөн. Өз жұмысында қателік жібермеуге тырысатын маман болса жақсы. Әсіресе, материал жинағанда және жазғанда кемшілік жібермеуі керек. Осыдан келіп, журналистің жауапкершілігі пайда болады. Ол арға тимеуі керек. Сол секілді өзі де журналист деген атқа кір келтірмей жүруі тиіс. Ол халықты құрметтеп, езі де жұрттың алғысын алуы жөн. Журналист творчестволық тұлға ретінде басқалардан ерекше қасиеті бар жан. Ол өзгелерге өнеге болуы тиіс. Журналистің жұмысы халықтың сынына түседі, оған халық төрелік етеді. Сондықтан журналист өз мамандығының, қызметінің халыққа керек екенін терең сезініп, жауапкершілігін, борышын адал атқаруы міндет болып табылады.

http://refik.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға