Жаңалықтар

Хандық қалай құрылды?

Қазақта көне тайпалар аттарын жеке-жеке кісілер есімдеріне айналдырған, одан соң өте тар ұғымда айтылғанымен, астарында орасан мән-мағына жатқан жүздік, рулық құрылымдарды ауызша қалыптастырған шежіре бар. Сол шежіреде Ұлы жүз Ақарыстың үшінші ұрпағы Төбе бидің төрт баласының бірі Меркіден – Мыңжүз, Қьрықпанжүз деген рулары тарайды деп көрсетілген. Ары қарай олардан ұрпақ таратпайды да, екеуінің жұрты қашғарлық ұйғырлар мен өзбектерге сіңіп кеткен деп келте қайырады. Расында, түбі түркі тектес халықтар қатарына жатып, арғы тегі қазақтармен тамырлас болған мыңжүз бен қырықпанжүз XV ғасырдың аяғында Жетісу мен Қашғар өңіріндегі Моғолстан хандығы ыдыраған кезде ассим- илияциялық жолмен бір жағы — ұйғыр, бір жағы – өзбек эт- ностарына сіңісіп кеткен. Бұл екеуі өзбек пен ұйғырдың басқа тайпаларымен араласып, ХV-ХVІП ғасырлар аралығында Ферғана жазығы мен Қашғар арасын жайлаған. Уақыт өте келе, өзбек арасындағы мыңжүздер (мингілер) санының көптігімен және билікке кұмарлығымен үстем тайпаға айналған. Байырғы өзбек-тәжік жазбагерлері мыңжүзді — «Минка юз», (кейінгі тарихшылардың жазуынша – минг, менгі) қырықпанжүзді — «Қарақпин юз» деп жазған. Олардың жазуы бойынша, кейін үлкен хандыққа айналған, бастапқыда бектік (ұлыс мағынасында) аталған Қоқанды алғаш құрған Ерезеноғлы Шахрух бек осы мыңжүз (минка юз) тайпасының Тобағыш тармағынан шыққан. Қазіргі ғылыми айналымдағы осы бір мәлімет – нақты тарихи дерек боп есептеледі. Шахрухтың кезінде бұл өлке Бұқар хандығына бағынышты еді, әрі мұндағы қышлақ-кенттерге Сейіт әулетінен тараған қожалар үстемдік құратын. ХҮІІІ ғасырдың басында Бұқар билеушісі Убайдулла Ферғана жазығындағы жұртқа қатты қысым жасайды. Бұған наразы болған мыңжүз-менгі тайпасының көсемдері өздерінің соңдарына басқа да ферғаналық жұрттарды ілестіріп, әмірліктен тәуелсіз болу әрекетіне кіріседі. Наразы жұрттың көсемдері әп дегенде-ақ өздеріне басшы етіп, Шахрухты таңдайды. Бірақ Шахрух не Шыңғыс ханның, не Абрасиаб әмірлерінің ұрпағы емес-ті. Сондықтан да сол кездегі қалыптасқан қоғамдық жүйе бойынша, хан атануға немесе әмір атануға қақы жоқ-ты. Дегенмен оны жақтаушы жұрттың көсемдері мен ақсақалдары Шахрухтың шыққан тегін Ақсақ Темірдің ұрпағы Бабырмен байланыстырған «Алтын бесік» аңызын ойлап тауып, елге жария етеді (Бұл туралы қырғыз жазушысы Т. Қасымбековтің «Сынған қылыш» атты кітабында кеңірек әңгімеленген). Сөйтіп ол Бабырдың ұрпағы ретінде танылып, Бұқардан бөлінген жеке бектіктің бегі боп сайланады. Бұл уақиға – хыжраның 1123 жылы, ал біздің санақпен 1709 жылдың қара күзінде іске асқан.   Шахрухтың бектік туы астына жұртты алғаш ұйыстырған жері — Марғұлан уалаятына қарасты Қоқан қышлағы. Алған бетінен қайтпайтын, қатал да ержүрек әрі сөзге шешен Шахрух бек айналасы аз жылдың ішінде жан-жағындағы Марғұлан, Наманған иеліктеріндегі жерлерді тартып алып, Қоқан бектігінің билігін нығайтады. Және де басып алған жерлеріне сонау Қашғария мен Қысарда жатқан өзіне туыс мыңжүз бен қырықпанжүздің мыңдаған өкілдерін шақырып орналастырады.  Шахруқтан соң билік басына келген оның ұлы – Әбдірахым (билік құрған уақыты –1721-1734 жылдар) бектіктің шекарасын одан ары кеңейтіп, Хоженд, Әндіжан, Каттақорған шаһарларын және де Самарқан мен Жызақ өңірлерінің оңтүстік аймақтарын өзіне қар- атты. Одан кейінгі бек болған Әбдірахымның інісі – Әбдікерім (1734-1750) Ош өлкесін жаулап алады. 1740 жылы бектіктің арнайы резиденциясы ретінде Қоқанның қақ ортасынан өте үлкен сарай салдырады, сондай-ақ оның сыртын қоршатып, биіктігі үш құлаш қамал тұрғызады. Осыдан бастап бұл қала бектіктің ресми астанасы болып орнығады.  Әбдікерімнен соң билік құрған Әбдірахман небәрі бір жыл ғана бектік құрды. Оны алмастырған Елдана бек (1751-1770) үлкен саясаттың адамы болыпты. Ол Ферғана жазығындағы ірі-ірі шаһарлардың билеушілеріне ықпалы күшті қазақ, тәжік, ұйғыр, өзбек, құрама билерін өзіне тартып, солар арқылы бектік аумағын кеңейтеді. Оның кезінде Қоқан бектігі (1758 жыл) Бұқар мен Хиуа тарапынан жеке ел ретінде танылды. 1765 жылы ол қазақ иелігіндегі Ташкентке жорық ұйымдастырды. Алайда Абылай хан жетекшілік еткен қазақ сарбаздарынан жеңіліп, кері шегінді. Елданадан кейін бектік лауазымын ұстаған Һәм Қоқан тарихында айтулы із қалдырған Нарбота бек те (1770-1799) Ташкент шаһары мен оның айналасын жаулап алмақ ниетпен екі рет бұл маңға баса-көктеп кіреді. Осынау уақытта Ташкент шаһары төрт бекініске бөлініп, билікті бір-бірінен бейтарап төрт билеуші құзырында ұстайтын. Бірақ төрт бекіністің де билеушілерін бір ортаға ұйымдастыра білген Төле бидің кенже ұлы, Ташкенттің Шайхантәуір бөлігінің биі Қожамжардан тұмсығы бұзылып, жорығы сәтсіздікке ұшырайды. Есесіне, ол қазіргі Тәжікстанның шығыс облыстарын құзырына қаратады да, XVIII ғасырдың аяғына таман Қоқан бектігі бүкіл Ферғана жазығына билік орнатып, оған Ферғана, Әндіжан, Ош, Каттақорған, Наманған, Марғұлан, Шұсты, Қасансай, Ұратөбе, Өзгент қалалары қарайды. Әлбетте, бір талассыз нәрсе – мұндай жетістіктің бәріне жеке билікті аңсаушы – Шахруқ бек ұрпақтары жанкешті жорықтар арқылы қол жеткізеді.   «Қоқан хандығына қатысты жазбалар» атты жинақтағы деректерге сүйенсек, Нарбота бек хижраның 1212 жылы (1799) қайтыс болады да, оның орнына екінші баласы Әлім бектіктің тағына отырады. Ол таққа отырғанда оның туыстары өзара билікке таласып, Әлімге қарсы көтеріліс бастайды. Осының кесірінен бектіктің бірлігі әлсірейді. Ферғанада осындай аумалы кезеңді пайдаланып қалмақшы болған әрі бектіктің біраз жерін басып алуды ойлаған Ташкент билеушісі Жүнісқожа Әлімнің құзырындағы өлкеге соғыс ашады. Жүнісқожа мұның алдында ғана (1798 жылы) Ташкентті Қожамжар бас болған қазақ билігінен тартып алған-ды. Өзбек тарихшыларының жазуынша, түбі қашғарлық ұйғыр Жүнісқожа Қоқанға қарсы сегіз мыңдық әскермен аттанады. Ташкенттен шыққан әскер Піскент, Ахангараннан өтіп, Бегебадқа жетеді. Жүнісқожаның ойы — тау етегімен жүріп отырып, Қоқанға Бегабад, Хоженд арқылы тиіспек болған. Бірақ дер кезінде құлақтанған Әлім бек Бегабад үстіндегі Қандыр асуында Жүнісқожа әскерін он екі мың сыпай топтанған қолмен қарсы алады. Үш күнге ұласқан соғыста Жүнісқожа қирай жеңіледі де, Ташкентке шегінеді. Бұл уақиға біздің санақпен 1801 жылы еткен. Бұдан кейін Әлім бек бес-алты жыл бойы Ферғана жазығындағы ішкі қырқыстарды ретке келтіріп, бектіктің шекарасы мен билігін орнықтырады. 1806 жылғы ерте көктемде Нарботаның билігі уақытында Бұхар хандығына қарап кеткен Хоженд қаласын қайта басып алады. Бұл жеңіске мастанған ол, өзін хан жариялап, Қоқан бектігін Қоқан хандығы деп өз хаткерлеріне ресми түрде жазғыза бастайды. Баяғы Әбдікерім тұрғызған қала қорғанын бұздырады да, аумағын кеңейтіп, биіктетіп, жаңадан салдырады. (Жеті қақпалы осы қорған 1920 жылға дейін бұзылмай тұрған). Расында, осы кезден бастап оны сыртқы елдердің бәрі хандық деп мойындайды.  Әлім өзін хан деп жариялаған шақта Қоқан иелігінде 15 шаһар болған. Әскер саны 80 мыңнан асқан. Өзінен төменгі билік сатыларына өте сенімді адамдарын тағайындаған Әлім 1806 жылы күзде Жүнісқожа иелігіндегі Ташкентті шабады. Оны 20 мыңдық әскерімен үш-ақ күнде жаулап алады. Сөйтіп, бүкіл Ташкент уәлаятыңдағы (бұған Жизақ, Шардара жерлері де қосылған) қазақ, өзбек, құрама жұртына қарасты қалалар мен қыстақ-ауылдар Қоқан хандығының иелігіне өтеді.  Әлбетте, ілкі заманнан Орта Азиядағы ең жазиралы өлке атанған, Қытай мен Қашғардың, Үнді мен Парсы елдерінен келетін керуендер өтетін, қазіргі тілмен айтқанда, экономикалық аса маңызды Ферғана өңірінде Қоқан тәрізді жеке елдің пайда болғанын көрші хандықтар, әсіресе Бұқар әмірлігі қаламағаны анық. Бірақ Қоқан жеке бектік құруға әрекеттеніп жатқан уақытта Бұқар мен Хиуа сыртқы басқыншылар тарапынан жапа шегуде еді. Хиуа Аралдың солтүстігінен таяп келе жатқан орыс басқыншыларына алаңдаулы болатын. Бұқар болса, түрікпен жерін көктей өтіп, өздеріне жиі-жиі қауіп төндірген Иран шахы Нәдір бастаған қызылбастардың беттерін қайтарумен әлек боп жатты. Ташкент пен оның айналасындағы қазақтар шаһардың жеке билігіне ұмтылған Жүнісқожаның, қала берді, тау асып келген қырғыздармен оқтын-оқтын шайқасып, өз тыныштықтарын қамтамасыз ету жолында күресуде-тін. Осындай жәйттерге байланысты жеке елдік мүдде жолында әрекетке кіріскен қоқандықтарға кедергі келтірер ешкім болмады. Анығын айтқанда, оның жеке ел болып қалыптасуына тарихтың өзі осындай ыңғайлы сәтті тудырып берді. Ал Әлім хан тұсында хандық ретінде нығайған соң жан-жағындағы елдердің бәрі онымен санасатын болды. Қоқан билеушілерінің түп-тамыры Шыңғыс ханнан, болмаса Ақсақ Темірден тарамаған. Соған қарамастан, олар Шыңғыс пен Темір ұрпақтарының билік жүйесіне еліктеп, оның негізін қалаған Шахрухтан бастап соңғы ханы Құдиярға дейін атадан немесе әкеден балаға ауысқан билік сатысын ұстанды.  МОМБЕК ӘБДӘКІМҰЛЫ, жазушы «Түркістан» газеті
11.11.2013 06:18 6660

Қазақта көне тайпалар аттарын жеке-жеке кісілер есімдеріне айналдырған, одан соң өте тар ұғымда айтылғанымен, астарында орасан мән-мағына жатқан жүздік, рулық құрылымдарды ауызша қалыптастырған шежіре бар. Сол шежіреде Ұлы жүз Ақарыстың үшінші ұрпағы Төбе бидің төрт баласының бірі Меркіден – Мыңжүз, Қьрықпанжүз деген рулары тарайды деп көрсетілген. Ары қарай олардан ұрпақ таратпайды да, екеуінің жұрты қашғарлық ұйғырлар мен өзбектерге сіңіп кеткен деп келте қайырады. Расында, түбі түркі тектес халықтар қатарына жатып, арғы тегі қазақтармен тамырлас болған мыңжүз бен қырықпанжүз XV ғасырдың аяғында Жетісу мен Қашғар өңіріндегі Моғолстан хандығы ыдыраған кезде ассим- илияциялық жолмен бір жағы — ұйғыр, бір жағы – өзбек эт- ностарына сіңісіп кеткен. Бұл екеуі өзбек пен ұйғырдың басқа тайпаларымен араласып, ХV-ХVІП ғасырлар аралығында Ферғана жазығы мен Қашғар арасын жайлаған. Уақыт өте келе, өзбек арасындағы мыңжүздер (мингілер) санының көптігімен және билікке кұмарлығымен үстем тайпаға айналған.

Байырғы өзбек-тәжік жазбагерлері мыңжүзді — «Минка юз», (кейінгі тарихшылардың жазуынша – минг, менгі) қырықпанжүзді — «Қарақпин юз» деп жазған. Олардың жазуы бойынша, кейін үлкен хандыққа айналған, бастапқыда бектік (ұлыс мағынасында) аталған Қоқанды алғаш құрған Ерезеноғлы Шахрух бек осы мыңжүз (минка юз) тайпасының Тобағыш тармағынан шыққан. Қазіргі ғылыми айналымдағы осы бір мәлімет – нақты тарихи дерек боп есептеледі.

Шахрухтың кезінде бұл өлке Бұқар хандығына бағынышты еді, әрі мұндағы қышлақ-кенттерге Сейіт әулетінен тараған қожалар үстемдік құратын. ХҮІІІ ғасырдың басында Бұқар билеушісі Убайдулла Ферғана жазығындағы жұртқа қатты қысым жасайды. Бұған наразы болған мыңжүз-менгі тайпасының көсемдері өздерінің соңдарына басқа да ферғаналық жұрттарды ілестіріп, әмірліктен тәуелсіз болу әрекетіне кіріседі. Наразы жұрттың көсемдері әп дегенде-ақ өздеріне басшы етіп, Шахрухты таңдайды. Бірақ Шахрух не Шыңғыс ханның, не Абрасиаб әмірлерінің ұрпағы емес-ті. Сондықтан да сол кездегі қалыптасқан қоғамдық жүйе бойынша, хан атануға немесе әмір атануға қақы жоқ-ты. Дегенмен оны жақтаушы жұрттың көсемдері мен ақсақалдары Шахрухтың шыққан тегін Ақсақ Темірдің ұрпағы Бабырмен байланыстырған «Алтын бесік» аңызын ойлап тауып, елге жария етеді (Бұл туралы қырғыз жазушысы Т. Қасымбековтің «Сынған қылыш» атты кітабында кеңірек әңгімеленген). Сөйтіп ол Бабырдың ұрпағы ретінде танылып, Бұқардан бөлінген жеке бектіктің бегі боп сайланады. Бұл уақиға – хыжраның 1123 жылы, ал біздің санақпен 1709 жылдың қара күзінде іске асқан. 

 Шахрухтың бектік туы астына жұртты алғаш ұйыстырған жері — Марғұлан уалаятына қарасты Қоқан қышлағы. Алған бетінен қайтпайтын, қатал да ержүрек әрі сөзге шешен Шахрух бек айналасы аз жылдың ішінде жан-жағындағы Марғұлан, Наманған иеліктеріндегі жерлерді тартып алып, Қоқан бектігінің билігін нығайтады. Және де басып алған жерлеріне сонау Қашғария мен Қысарда жатқан өзіне туыс мыңжүз бен қырықпанжүздің мыңдаған өкілдерін шақырып орналастырады. 

Шахруқтан соң билік басына келген оның ұлы – Әбдірахым (билік құрған уақыты –1721-1734 жылдар) бектіктің шекарасын одан ары кеңейтіп, Хоженд, Әндіжан, Каттақорған шаһарларын және де Самарқан мен Жызақ өңірлерінің оңтүстік аймақтарын өзіне қар- атты. Одан кейінгі бек болған Әбдірахымның інісі – Әбдікерім (1734-1750) Ош өлкесін жаулап алады. 1740 жылы бектіктің арнайы резиденциясы ретінде Қоқанның қақ ортасынан өте үлкен сарай салдырады, сондай-ақ оның сыртын қоршатып, биіктігі үш құлаш қамал тұрғызады. Осыдан бастап бұл қала бектіктің ресми астанасы болып орнығады. 

Әбдікерімнен соң билік құрған Әбдірахман небәрі бір жыл ғана бектік құрды. Оны алмастырған Елдана бек (1751-1770) үлкен саясаттың адамы болыпты. Ол Ферғана жазығындағы ірі-ірі шаһарлардың билеушілеріне ықпалы күшті қазақ, тәжік, ұйғыр, өзбек, құрама билерін өзіне тартып, солар арқылы бектік аумағын кеңейтеді. Оның кезінде Қоқан бектігі (1758 жыл) Бұқар мен Хиуа тарапынан жеке ел ретінде танылды. 1765 жылы ол қазақ иелігіндегі Ташкентке жорық ұйымдастырды. Алайда Абылай хан жетекшілік еткен қазақ сарбаздарынан жеңіліп, кері шегінді. Елданадан кейін бектік лауазымын ұстаған Һәм Қоқан тарихында айтулы із қалдырған Нарбота бек те (1770-1799) Ташкент шаһары мен оның айналасын жаулап алмақ ниетпен екі рет бұл маңға баса-көктеп кіреді. Осынау уақытта Ташкент шаһары төрт бекініске бөлініп, билікті бір-бірінен бейтарап төрт билеуші құзырында ұстайтын. Бірақ төрт бекіністің де билеушілерін бір ортаға ұйымдастыра білген Төле бидің кенже ұлы, Ташкенттің Шайхантәуір бөлігінің биі Қожамжардан тұмсығы бұзылып, жорығы сәтсіздікке ұшырайды. Есесіне, ол қазіргі Тәжікстанның шығыс облыстарын құзырына қаратады да, XVIII ғасырдың аяғына таман Қоқан бектігі бүкіл Ферғана жазығына билік орнатып, оған Ферғана, Әндіжан, Ош, Каттақорған, Наманған, Марғұлан, Шұсты, Қасансай, Ұратөбе, Өзгент қалалары қарайды. Әлбетте, бір талассыз нәрсе – мұндай жетістіктің бәріне жеке билікті аңсаушы – Шахруқ бек ұрпақтары жанкешті жорықтар арқылы қол жеткізеді. 

 «Қоқан хандығына қатысты жазбалар» атты жинақтағы деректерге сүйенсек, Нарбота бек хижраның 1212 жылы (1799) қайтыс болады да, оның орнына екінші баласы Әлім бектіктің тағына отырады. Ол таққа отырғанда оның туыстары өзара билікке таласып, Әлімге қарсы көтеріліс бастайды. Осының кесірінен бектіктің бірлігі әлсірейді. Ферғанада осындай аумалы кезеңді пайдаланып қалмақшы болған әрі бектіктің біраз жерін басып алуды ойлаған Ташкент билеушісі Жүнісқожа Әлімнің құзырындағы өлкеге соғыс ашады. Жүнісқожа мұның алдында ғана (1798 жылы) Ташкентті Қожамжар бас болған қазақ билігінен тартып алған-ды. Өзбек тарихшыларының жазуынша, түбі қашғарлық ұйғыр Жүнісқожа Қоқанға қарсы сегіз мыңдық әскермен аттанады. Ташкенттен шыққан әскер Піскент, Ахангараннан өтіп, Бегебадқа жетеді. Жүнісқожаның ойы — тау етегімен жүріп отырып, Қоқанға Бегабад, Хоженд арқылы тиіспек болған. Бірақ дер кезінде құлақтанған Әлім бек Бегабад үстіндегі Қандыр асуында Жүнісқожа әскерін он екі мың сыпай топтанған қолмен қарсы алады. Үш күнге ұласқан соғыста Жүнісқожа қирай жеңіледі де, Ташкентке шегінеді. Бұл уақиға біздің санақпен 1801 жылы еткен.

Бұдан кейін Әлім бек бес-алты жыл бойы Ферғана жазығындағы ішкі қырқыстарды ретке келтіріп, бектіктің шекарасы мен билігін орнықтырады. 1806 жылғы ерте көктемде Нарботаның билігі уақытында Бұхар хандығына қарап кеткен Хоженд қаласын қайта басып алады. Бұл жеңіске мастанған ол, өзін хан жариялап, Қоқан бектігін Қоқан хандығы деп өз хаткерлеріне ресми түрде жазғыза бастайды. Баяғы Әбдікерім тұрғызған қала қорғанын бұздырады да, аумағын кеңейтіп, биіктетіп, жаңадан салдырады. (Жеті қақпалы осы қорған 1920 жылға дейін бұзылмай тұрған). Расында, осы кезден бастап оны сыртқы елдердің бәрі хандық деп мойындайды.

 Әлім өзін хан деп жариялаған шақта Қоқан иелігінде 15 шаһар болған. Әскер саны 80 мыңнан асқан. Өзінен төменгі билік сатыларына өте сенімді адамдарын тағайындаған Әлім 1806 жылы күзде Жүнісқожа иелігіндегі Ташкентті шабады. Оны 20 мыңдық әскерімен үш-ақ күнде жаулап алады. Сөйтіп, бүкіл Ташкент уәлаятыңдағы (бұған Жизақ, Шардара жерлері де қосылған) қазақ, өзбек, құрама жұртына қарасты қалалар мен қыстақ-ауылдар Қоқан хандығының иелігіне өтеді.

 Әлбетте, ілкі заманнан Орта Азиядағы ең жазиралы өлке атанған, Қытай мен Қашғардың, Үнді мен Парсы елдерінен келетін керуендер өтетін, қазіргі тілмен айтқанда, экономикалық аса маңызды Ферғана өңірінде Қоқан тәрізді жеке елдің пайда болғанын көрші хандықтар, әсіресе Бұқар әмірлігі қаламағаны анық. Бірақ Қоқан жеке бектік құруға әрекеттеніп жатқан уақытта Бұқар мен Хиуа сыртқы басқыншылар тарапынан жапа шегуде еді. Хиуа Аралдың солтүстігінен таяп келе жатқан орыс басқыншыларына алаңдаулы болатын. Бұқар болса, түрікпен жерін көктей өтіп, өздеріне жиі-жиі қауіп төндірген Иран шахы Нәдір бастаған қызылбастардың беттерін қайтарумен әлек боп жатты. Ташкент пен оның айналасындағы қазақтар шаһардың жеке билігіне ұмтылған Жүнісқожаның, қала берді, тау асып келген қырғыздармен оқтын-оқтын шайқасып, өз тыныштықтарын қамтамасыз ету жолында күресуде-тін. Осындай жәйттерге байланысты жеке елдік мүдде жолында әрекетке кіріскен қоқандықтарға кедергі келтірер ешкім болмады. Анығын айтқанда, оның жеке ел болып қалыптасуына тарихтың өзі осындай ыңғайлы сәтті тудырып берді. Ал Әлім хан тұсында хандық ретінде нығайған соң жан-жағындағы елдердің бәрі онымен санасатын болды.

Қоқан билеушілерінің түп-тамыры Шыңғыс ханнан, болмаса Ақсақ Темірден тарамаған. Соған қарамастан, олар Шыңғыс пен Темір ұрпақтарының билік жүйесіне еліктеп, оның негізін қалаған Шахрухтан бастап соңғы ханы Құдиярға дейін атадан немесе әкеден балаға ауысқан билік сатысын ұстанды. 

МОМБЕК ӘБДӘКІМҰЛЫ,

жазушы

«Түркістан» газеті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға