Жаңалықтар

Тоғанас батыр туралы

Атақты Балқы Базардың (1842-1911 ж.):  ...Қысқа күнде қырық шапқан, Жанқожа, Есет, Қыстаубай. Қасым, Сейіл, Бұқарбай Сәмет пен батыр Тоғанас, Солардан да өткен сұм заман, ­­­­­­­­– деп Сыр батырларының ерлігін аспандатқан жыры бар. Осындағы Тоғанас атақты Бәйтік батырдың баласы. Тоғанастың әкесі Бәйтік, атасы Бәймембет, бабасы Тойқожа да нағыз батыр атанған кісілер. Қазір Тойқожа батыр атымен бір қауым ел аталып отыр.  Тойқожа батыр Ақжайық бойындағы құба қалмақпен болған бір ұрыста жасағымен қоршауда қалып, сол шайқаста мерт болыпты. Тойқожа батыр ерлігін баласы Бәймембет, немересі Бәйтік, шөбересі Тоғанас, Бодаштар жалғастырған. Ел арасында «Бәйтік-Тоғанас» деген атпен әкелі-балалы екі батырдың ерлік істері аңыз болып тараған. Бәйтік Бәй­мем­бетұлы шамамен 1762-1841 жылдарда өмір сүрген батыр.  Атаға тартып туған Тоғанас та батырлық жолды қуады. Өйткені бір жағынан Ресей мемлекеті, оңтүстік жағынан Хиуа мен Қоқан бектерінің үздіксіз шабуылынан елін, жерін қорғау күн тәртібінен түспейтін кез. 1830-1831 жылдары Тоғанас атын іздеп жүріп «Тайкеткен» өзегінің қалың қамысы ішінен жолбарысты соғып алып, терісін жамылып ауы­лына келіпті. Осы оқиғадан соң Тоғанастың батыр атағы (бұл кезде 15-16 жастағы бозбала – Т.Д.) қалың елге жайылып кетеді.  Бұл қоқандықтардың Сыр бо­йына сұғына еніп, елден түрлі алым-салық жинап, зар илеткен кезі. Хиуа бегі Қожанияз шөмекейлерді өзіне бағындыру үшін 500 жасағымен шабуылға шығады. Бұл хабарды естіген Шағырай, Қыстаубай, Сарман батырлар да 500-дей қол жинайды. Ішінде Тоғанас та болады. Күмісқорғанның аралығында екі қол кездеседі. Осы шайқаста жараланса да аттан түспеген Тоғанас пен қазақ жігіттері жауды жеңіп, батырлық ісі одан әрі жалғасқан. Тоғанас Бәйтікұлы 1810-1813 жылдарда туып, 1868-1869 жылдарда өмірден өтсе керек. Өйткені 1868 жылдың күзгі түтін пұл жинауға қатысты құжатта (Перовскі уезі, №3 ауыл) Баяу Бәйтіков, Бодаш Бәйтіков, Әлім Бодашов, Жақсылық, Алдамжар Аққоянов пен Тажығұл Тоғанасовтың есімдері тіркелген. Бұл уақыттарда Тоғанас батыр өмірде болса жазылар еді, демек батыр сол жылдарда қайтыс болған деген ой келеді. Жалпы мұрағаттағы дерек көздерінде Тоғанастың есімі 1862 жылдардан кейін кездеспеді. 1862-1869 жылдарда батыр үйде отырып қалған сияқты. Кейбір деректерде, Тоғанас 64 жасында өз ажалынан қайтыс болды десе, екіншісінде түркімен батырының қолынан қаза болған деседі. Бәрі де мүмкін. Қуаңдария өзені маңындағы «Тоғанас» атты белгі батырдың мерт болған жеріне қойылған ескерткіш деседі қариялар. Жалпы Тоғанас Бәйтікұлының аты ауызша және жазба деректерде Күмісқорғандағы қоқандықтарды қууынан басталады. Ол мұнда алаша Түлкібай, табын Бұқарбай батырлармен бірге Бейісбайды өлтіруге қатысады. Жалпы барлық құжаттар мен жазбаларда Тоғанас батыр есімі Байқадам, Жанқожа, Бұқарбай, Қыстаубай, Сейіл, Дәрмен Сарманов сияқты батырлар және сұлтан Елекей Қасымов пен азаттық күрестің қозғаушысы Кенесары хан, Бекмырза Әлдиев, Алмат Тобабергенов, Пірәлі Өтетілеуов, Сәдір Алтыбаев, Қызылбас Мүсірепов, тағы басқа би, батырлармен қатар аталады. Қоқан, Хиуа бектері Қожанияз бен Бабажанды, қарақалпақ Орынбай мен Нұртайды Қуаңдария мен Жаңадария бойынан алдырып, оларды өлтіргендер арасында Тоғанастың есімі жиі кездесті. Бұл ауызша әңгімелер кей ретте жазба деректерді толықтыра түседі. Тынышбек ДАЙРАБАЙ, зерттеуші
11.11.2013 06:06 6731

Атақты Балқы Базардың (1842-1911 ж.): 

...Қысқа күнде қырық шапқан,

Жанқожа, Есет, Қыстаубай.

Қасым, Сейіл, Бұқарбай

Сәмет пен батыр Тоғанас,

Солардан да өткен сұм заман, ­­­­­­­­– деп Сыр батырларының ерлігін аспандатқан жыры бар. Осындағы Тоғанас атақты Бәйтік батырдың баласы. Тоғанастың әкесі Бәйтік, атасы Бәймембет, бабасы Тойқожа да нағыз батыр атанған кісілер. Қазір Тойқожа батыр атымен бір қауым ел аталып отыр. 

Тойқожа батыр Ақжайық бойындағы құба қалмақпен болған бір ұрыста жасағымен қоршауда қалып, сол шайқаста мерт болыпты. Тойқожа батыр ерлігін баласы Бәймембет, немересі Бәйтік, шөбересі Тоғанас, Бодаштар жалғастырған. Ел арасында «Бәйтік-Тоғанас» деген атпен әкелі-балалы екі батырдың ерлік істері аңыз болып тараған.

Бәйтік Бәй­мем­бетұлы шамамен 1762-1841 жылдарда өмір сүрген батыр. 

Атаға тартып туған Тоғанас та батырлық жолды қуады. Өйткені бір жағынан Ресей мемлекеті, оңтүстік жағынан Хиуа мен Қоқан бектерінің үздіксіз шабуылынан елін, жерін қорғау күн тәртібінен түспейтін кез. 1830-1831 жылдары Тоғанас атын іздеп жүріп «Тайкеткен» өзегінің қалың қамысы ішінен жолбарысты соғып алып, терісін жамылып ауы­лына келіпті. Осы оқиғадан соң Тоғанастың батыр атағы (бұл кезде 15-16 жастағы бозбала – Т.Д.) қалың елге жайылып кетеді.

 Бұл қоқандықтардың Сыр бо­йына сұғына еніп, елден түрлі алым-салық жинап, зар илеткен кезі. Хиуа бегі Қожанияз шөмекейлерді өзіне бағындыру үшін 500 жасағымен шабуылға шығады. Бұл хабарды естіген Шағырай, Қыстаубай, Сарман батырлар да 500-дей қол жинайды. Ішінде Тоғанас та болады. Күмісқорғанның аралығында екі қол кездеседі. Осы шайқаста жараланса да аттан түспеген Тоғанас пен қазақ жігіттері жауды жеңіп, батырлық ісі одан әрі жалғасқан.

Тоғанас Бәйтікұлы 1810-1813 жылдарда туып, 1868-1869 жылдарда өмірден өтсе керек. Өйткені 1868 жылдың күзгі түтін пұл жинауға қатысты құжатта (Перовскі уезі, №3 ауыл) Баяу Бәйтіков, Бодаш Бәйтіков, Әлім Бодашов, Жақсылық, Алдамжар Аққоянов пен Тажығұл Тоғанасовтың есімдері тіркелген. Бұл уақыттарда Тоғанас батыр өмірде болса жазылар еді, демек батыр сол жылдарда қайтыс болған деген ой келеді. Жалпы мұрағаттағы дерек көздерінде Тоғанастың есімі 1862 жылдардан кейін кездеспеді. 1862-1869 жылдарда батыр үйде отырып қалған сияқты. Кейбір деректерде, Тоғанас 64 жасында өз ажалынан қайтыс болды десе, екіншісінде түркімен батырының қолынан қаза болған деседі. Бәрі де мүмкін. Қуаңдария өзені маңындағы «Тоғанас» атты белгі батырдың мерт болған жеріне қойылған ескерткіш деседі қариялар.

Жалпы Тоғанас Бәйтікұлының аты ауызша және жазба деректерде Күмісқорғандағы қоқандықтарды қууынан басталады. Ол мұнда алаша Түлкібай, табын Бұқарбай батырлармен бірге Бейісбайды өлтіруге қатысады. Жалпы барлық құжаттар мен жазбаларда Тоғанас батыр есімі Байқадам, Жанқожа, Бұқарбай, Қыстаубай, Сейіл, Дәрмен Сарманов сияқты батырлар және сұлтан Елекей Қасымов пен азаттық күрестің қозғаушысы Кенесары хан, Бекмырза Әлдиев, Алмат Тобабергенов, Пірәлі Өтетілеуов, Сәдір Алтыбаев, Қызылбас Мүсірепов, тағы басқа би, батырлармен қатар аталады.

Қоқан, Хиуа бектері Қожанияз бен Бабажанды, қарақалпақ Орынбай мен Нұртайды Қуаңдария мен Жаңадария бойынан алдырып, оларды өлтіргендер арасында Тоғанастың есімі жиі кездесті. Бұл ауызша әңгімелер кей ретте жазба деректерді толықтыра түседі.

Тынышбек ДАЙРАБАЙ, зерттеуші

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға