Жаңалықтар

Ташкентті иелену – басты мұрат болған...

Ежелден шығыстан батысқа, оңтүстіктен солтүстікке кіре тартқан керуендер жолының торабы, бір кездері ұлы Жібек жолының кіндік тармағы атанған, қай заманда да Орта Азияда стратегиялық һәм экономикалық маңызы аса жоғары болған, ал уақыт өте бүкіл бір географиялық аймақтың орталығы санала бастаған Ташкентті иелену – кімге болмасын, басты мұрат болғаны тарихтан мәлім.Тәуекелден кейін бұқарлықтармен үздіксіз соғыс жүргізген Есім ханның жорықтары да көбіне-көп осы Ташкентті қорғау мүддесінен туындаған. Бірақ Есім хан игеріп отырған аймақ тым байтақ еді. Сол байтақ жердің ең қауіптісі, өзбек хандары түгілі сонау Иран шахтары да көз қадап отырған сол Ташкент уәлаяты-тын. Сондықтан жан-жақтан жау қысқан қазақ жерін қорғау жолында бір тыным таппай, біресе шығысқа, біресе батысқа аттанатын Есімге Ташкент тарапты мекем ұстап тұру үшін ол шаһарға бір сенімді адамды бек етіп қою керек болыпты. Ол бұл лауазымға өзінің туысы Тұрсынды таңдапты. Тұрсынның кезінде Ташкентте қаңлылардың дәрежесі төмендеп, үстем орынға қатағандар шыққан болатын. Міне, осы қатағандардың бек-оғландарына арқа сүйеген ол, 1624 жылы Шахрухиа түбінде өзінен жеңілген Бұқардың Имамқұлы ханымен келісім жасасып, Ташкентті жеке уәлаят, ал өзін хан деп жариялайды. Көп ұзамай Ташкентте өз атынан теңге шығарады, Есімнің Шығыс Түркістанда жүргенін пайдаланып, Түркістан, Сайрам қалаларын шабады. Оның бұл әрекеті – жер аумағы біршама айқындалып, тегі бір жұрттың бір ұлтқа, яғни қазаққа біріккен кезде елді екіге жарып, алауыздық тудырған кешірілмес опасыздығы еді. Бірақ ұлт ұйытқысын бұзған сатқынға қашанда зауал табылған. 1627 жылы Есім хан оның басын найзаға шаншиды, оған жақтас қатағандардың тоз-тозын шығарады. Ташкентке хәкім етіп, қаңлы Бақтышты (өзбектер Пахташ деп жазған) тағайындайды. Міне, осы Бақтыштан бастап 1784 жылға дейін Ташкент қазақ билерінің иелігінде болды. 1720 жылы оның тағына Ұлы жүздің ханы Жолбарыс отырды. 1729 жылы Ташкентті қалмақтар алғаш рет жау­лады. 1731 жылы оны қазақтар азат етіп алады. Дүрбін-ойраттың екінші шабуылы 1735 жылы іске асады. 1739 жылы қазақтар қайтадан өздеріне қайтарады. 1740 жылы қалмақтарға сатылған Ташкенттегі аз ғана сарттар мен қырғыздардың тобы Жолбарысқа у беріп өлтірді. Сол жылы Абылай сұлтанның қолдауымен қала билігі Төле бидің қолына көшеді. Осы жылы күзде қалмақтар шаһарды үшінші рет басады да, өздеріне жақтас қырғыздар арасынан Көкім дегенді қала биі етіп қояды. Көкімнің билігі алты айға да жетпейді. Оны Төленің туысы Бәйтік өлтіргенімен, ондағы қалмақ билігі төрт жарым жылға созылады. Қазақтар тек 1745 жылы ғана оларды қаладан түпкілікті қуады.   Осы жерде мынадай сұрақ туындайды: егер Ташкент әлімсақтан өзбектердікі болса, неге олар қалмақтармен соғыспайды? Өзбек тарихында өзбек-қалмақ соғысы деген дерек атымен жоқ. Қалмақтар Ташкенттен асып, Ферғана жазығының солтүстігіне бір рет барған. Осы соғыс қана қоқан-қалмақ шайқасы делініп, аз ғана дерекпен кейінгі өзбек тарихына енген. ХVIII ғасырдағы Қоқан бегінің хаткерлерінің өздері жазбаларында «Ташкент тараптағы қазақ жерінде қыпшақ-қазақтар мен қалмақтардың жойқын соғысы жүріп жатыр» деп бірнеше мәрте жазады. Тіпті Ташкенттің ХVIII ғасырдың бірінші ширегі мен ХIХ ғасырдың алғашқы жартысындағы кезеңінің тарихын тәптіштеп жазған Мұхамед Салық Ташкандидің «Тарихи-жәдидә-Ташкент» атты еңбегінде де аталмыш шаһар үшін қалмақтарға қарсы тек қазақтардың соғысқаны туралы жазылған. 1745 жылдан кейін Ташкент билігі Төле бидің қолына толық көшеді. Ташкенттен бастап сонау Жетісуға дейінгі қазақ жері қалмақтардан азат етілген осы кезден былайғы уақытта жерге таласудан туындаған қазақ-қырғыз қақтығысы белең алады. Төле ғұмырының соңына дейін жеті сайын қайталанатын осы қақтығысты реттеумен күн өткізеді. Өзі өмірден өтер алдында: « Мәйітімді осындағы Шайхантәуір әулиенің жанына жерлеңдер. Бейітім – Ташкент қазақ жерінің төрі екенін оған таласып жүргендерге білдіріп жатсын»,– деп өсиеттейді. Төленің қаупі бекер емес екен. Ол қайтыс бола салысымен, шаһарда сол тұста әжептеуір көбейіп қалған өзбектерге тілімен де, түр жағынан да сіңісе түскен Шағатай, Жошы, Хажы-Тархан әулеттері мен Қоқан хандығына арқа сүйеген сарт-қашғарлықтар тобы арасында билікке талас басталады. Бірақ Төленің орнына шаһар бегі сайланған оның кенже ұлы Қожамжар алғашқыда оларға дес бермейді. Алайда қала ішіндегі тартыстармен қатар, сырттан үздіксіз соққан қырғыз бен Қоқан шапқыншыларының қаупі күннен-күнге арта түседі. Қожамжар Абылай сұлтаннан көмек сұрауға мәжбүр болады. 1765 жылы Арқадан Абылай көп қолмен келіп, Піскент жағасында Ташкентке бағыт алған Қоқан қолын тас-талқан етеді. Ташкентте бас көтерген бүлікшілердің көсемдерін жазаға тартады. Абылай өлген 1781 жылдан кейін шаһар билігі үшін талас-тартыс қайтадан өршиді. Қорытындысында, Ташкент төрт бөлікке бөлініп, әрқайсысын бір-бір билеуші билейтін, атап айтқанда, Қожамжар билейтін – Шайхантәуір, Хажы-Тархан әулеттеріне қарайтын – Бесағаш, Жошы ұрпақтарының иелігіне өткен – Сибзар, Шағатайдан тарағандардың үлесіне тиген – Көкше сияқты төрт қамалға айналады. 1784 жылы бұрын Төленің, кейін Қожамжардың сарайында даруғалық жасаған Жүнісқожа деген қашғарлық ұйғыр бас көтеріп, Қоқан бектерімен жасырын келісім жасаудың арқасында бір-ақ зеңбіректі бес мыңдық қолмен алдымен Шайхантәуір, одан соң басқа қамалдарды басып алады. Төрт қамалды бұздырып, бүкіл Ташкентті қоршайтын биіктігі 4-5 құлаш келген, аумағы 16 шақырымдық жаңа қорған салдырады.  Шайхантәуір билігінен айрылған Қожамжар Ташкенттен 20 шақырым жердегі Төленің жазғы қонысына барып жайғасады. Ұзақ жыл шаһар билігін қайтарудың жолын іздеп, Жүнісқожамен талай рет шайқасады. 1798 жылы Қоқаннан қосымша күш алдырған Жүнісқожа Қожамжар бастаған қазақтарды Ташкент маңынан біржолата аластатуды ойлап, үлкен соғысқа кіріседі. Алдымен қазақ ауылдары үстіндегі Шымған тауының екі жырасының түбінен ағатын өзеннің жоғарғы жағын таспен бөгеп, өте үлкен екі шатқалдың арасын суға тотырады. Су аса аумақты екі жыра-шатқалдың кемеріне келіп толғанда, бөгесін тастар оның қысымына төтеп бере алмай, бірден бұзылады. Содан орасан жылдамдықпен ылдиға жылжыған алапат сел төмендегі қазақ ауылдарын басады. Селден аман қалып, жағаға шыққандарын қаруын кезеніп дайын тұрған жау шеріктері қырады. Жүнісқожаның зұлымдығы соншалық, сонда өлген қазақтардың бастарын кескізіп, тау қылып үйгізеді. Жүнісқожа со жолы неше мыңдаған қазақтарды қырып, Қожамжарды Қазығұрт етегіне көшіріп жіберсе де, ол маңнан қазақ атаулының бәрі түп көтеріліп көшіп кетпеді. Ташкент маңымен қоса, Бегабад, Піскент, Жызақ шегінде қалған 500 мыңдай қазақ оған бас иіп, бағынады.   1806 жылы Ташкентті қоқандықтар жаулап алады. Шаһар мен оның айналасына Ферғана жақтан өзбектерді көшіріп әкеп орналастыру – осы кезеңнен бастап қолға қатты алыныпты. Қоқан хандары Ташкент түгілі қазақ жерін билеген 55 жыл ішінде өздері басқан Шымкент, Түркістан, Иқан, Сайрам, Әулиеата, Созақ қалаларына өз жерлерінен мыңдаған өзбектерді көшіріп әкелді және барлық тарапта өзбек тілі мен ұлтын үстем орынға шығарды.   1865 жылы Ташкентті орыстар бауырына басты. 1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы құрылып, ол бес облысқа бөлінді. 1887 жылы жүргізілген санақта Қоқан кезінде жергілікті қазақтарды өзбектерге ассимилияциялау жүйесі қарқынды жүргізілгеніне қарамастан, Ташкент пен оның айналасындағы Ташқазақ, Жызақ уездері халқының 53 пайызы қазақтар, 15 пайызы құрамалар (олар да қазақтар), қалғандары өзбектер мен тәжіктер болды. 1918 жылы қаңтарда мұнда кеңес өкіметі толық орнап, Түркістан автономиялық республикасы құрылды. Түркістанға алғашқыда орыс коммунистері жетекшілік жасағанымен, кейін қазақтан шыққан белгілі тұлғалар басшылық етті. Бұл жылдары Ташкентте ел басқарған, билік пен ғылым орындарында қызмет еткен қазақтардың саны өзбектерден әлдеқайда мол болды.   1924 жылы Түркістан республикасы таратылып, оған қараған өлкелер одақтас республикаларға бөлінді. Осы кезде Ташкентті қазақ пен өзбек республикаларының қайсысының құрамында қалдыру мәселесі үлкен дауға айналған. Өзбек коммунистерінің жетекшілері Ташкенттегі өзбектердің санын жасанды түрде көбейтіп, «Қалада басқа ұлттарға қарағанда өзбектердің саны әлдеқайда басым. Сол үшін де Ташкент өзбектікі болуға тиіс», – деп Орталық Комитетке хат жазған. Ол хаттаға мәлімет бойынша, Ташкенттегі қазақтардың 40 пайызға жуығы өзбек санатына кіріп, олардың санын мейлінше арттырып жіберген.Т. Рысқұлов пен С. Қожанов, т. б. Алаш қайраткерлері оны Қазақстанға қалдыру керектігін, оның ілкіден қазақ қаласы және қала мен төңірегіндегі жұрттың 70-72 пайызы қазақтар екенін нешеме деректермен дәлелдеп бақса да, жоғарыдағы мәліметке сенген әрі зорлыққа басқан Сталин бастаған орталықтағы коммунистер Ташкентті Өзбек республикасына беріп жіберді.   Әлбетте, біз қазір Ташкент бұрын біздікі еді деп, біреуге қарсы өнбес дауды қозғамаймыз. Бірақ та, тарих болған күйінде елге айтылуы керек. Тағы бір ащы ақиқат – Өзбекстанда қазір тұрып жатқан қазақтар жылдар өткен сайын әр түрлі себептерге байланысты бір кездері басқаға айналған баяғы бабаларындай өзбек этносын қабылдап, сол ұлтқа кірігіп бара жатыр. Белгілі демограф М. Тәтімовтің қайбір жылы «Өзбекстандағы қазақтардың 500 мыңдайы өзбек этносын қабылдауға бейім тұр» деп жазғаны шындықтың нақ өзі. Бұған керісінше, Қазақстанда нешеме жүз жылдан бері тұрса да, бірде-бір өзбек қазаққа айналған емес... Момбек ӘБДӘКІМҰЛЫ, жазушы
11.11.2013 06:00 5916

Ежелден шығыстан батысқа, оңтүстіктен солтүстікке кіре тартқан керуендер жолының торабы, бір кездері ұлы Жібек жолының кіндік тармағы атанған, қай заманда да Орта Азияда стратегиялық һәм экономикалық маңызы аса жоғары болған, ал уақыт өте бүкіл бір географиялық аймақтың орталығы санала бастаған Ташкентті иелену – кімге болмасын, басты мұрат болғаны тарихтан мәлім.Тәуекелден кейін бұқарлықтармен үздіксіз соғыс жүргізген Есім ханның жорықтары да көбіне-көп осы Ташкентті қорғау мүддесінен туындаған. Бірақ Есім хан игеріп отырған аймақ тым байтақ еді. Сол байтақ жердің ең қауіптісі, өзбек хандары түгілі сонау Иран шахтары да көз қадап отырған сол Ташкент уәлаяты-тын. Сондықтан жан-жақтан жау қысқан қазақ жерін қорғау жолында бір тыным таппай, біресе шығысқа, біресе батысқа аттанатын Есімге Ташкент тарапты мекем ұстап тұру үшін ол шаһарға бір сенімді адамды бек етіп қою керек болыпты. Ол бұл лауазымға өзінің туысы Тұрсынды таңдапты. Тұрсынның кезінде Ташкентте қаңлылардың дәрежесі төмендеп, үстем орынға қатағандар шыққан болатын. Міне, осы қатағандардың бек-оғландарына арқа сүйеген ол, 1624 жылы Шахрухиа түбінде өзінен жеңілген Бұқардың Имамқұлы ханымен келісім жасасып, Ташкентті жеке уәлаят, ал өзін хан деп жариялайды. Көп ұзамай Ташкентте өз атынан теңге шығарады, Есімнің Шығыс Түркістанда жүргенін пайдаланып, Түркістан, Сайрам қалаларын шабады. Оның бұл әрекеті – жер аумағы біршама айқындалып, тегі бір жұрттың бір ұлтқа, яғни қазаққа біріккен кезде елді екіге жарып, алауыздық тудырған кешірілмес опасыздығы еді. Бірақ ұлт ұйытқысын бұзған сатқынға қашанда зауал табылған. 1627 жылы Есім хан оның басын найзаға шаншиды, оған жақтас қатағандардың тоз-тозын шығарады. Ташкентке хәкім етіп, қаңлы Бақтышты (өзбектер Пахташ деп жазған) тағайындайды.

Міне, осы Бақтыштан бастап 1784 жылға дейін Ташкент қазақ билерінің иелігінде болды. 1720 жылы оның тағына Ұлы жүздің ханы Жолбарыс отырды. 1729 жылы Ташкентті қалмақтар алғаш рет жау­лады. 1731 жылы оны қазақтар азат етіп алады. Дүрбін-ойраттың екінші шабуылы 1735 жылы іске асады. 1739 жылы қазақтар қайтадан өздеріне қайтарады. 1740 жылы қалмақтарға сатылған Ташкенттегі аз ғана сарттар мен қырғыздардың тобы Жолбарысқа у беріп өлтірді. Сол жылы Абылай сұлтанның қолдауымен қала билігі Төле бидің қолына көшеді. Осы жылы күзде қалмақтар шаһарды үшінші рет басады да, өздеріне жақтас қырғыздар арасынан Көкім дегенді қала биі етіп қояды. Көкімнің билігі алты айға да жетпейді. Оны Төленің туысы Бәйтік өлтіргенімен, ондағы қалмақ билігі төрт жарым жылға созылады. Қазақтар тек 1745 жылы ғана оларды қаладан түпкілікті қуады. 

 Осы жерде мынадай сұрақ туындайды: егер Ташкент әлімсақтан өзбектердікі болса, неге олар қалмақтармен соғыспайды? Өзбек тарихында өзбек-қалмақ соғысы деген дерек атымен жоқ. Қалмақтар Ташкенттен асып, Ферғана жазығының солтүстігіне бір рет барған. Осы соғыс қана қоқан-қалмақ шайқасы делініп, аз ғана дерекпен кейінгі өзбек тарихына енген. ХVIII ғасырдағы Қоқан бегінің хаткерлерінің өздері жазбаларында «Ташкент тараптағы қазақ жерінде қыпшақ-қазақтар мен қалмақтардың жойқын соғысы жүріп жатыр» деп бірнеше мәрте жазады. Тіпті Ташкенттің ХVIII ғасырдың бірінші ширегі мен ХIХ ғасырдың алғашқы жартысындағы кезеңінің тарихын тәптіштеп жазған Мұхамед Салық Ташкандидің «Тарихи-жәдидә-Ташкент» атты еңбегінде де аталмыш шаһар үшін қалмақтарға қарсы тек қазақтардың соғысқаны туралы жазылған.

1745 жылдан кейін Ташкент билігі Төле бидің қолына толық көшеді. Ташкенттен бастап сонау Жетісуға дейінгі қазақ жері қалмақтардан азат етілген осы кезден былайғы уақытта жерге таласудан туындаған қазақ-қырғыз қақтығысы белең алады. Төле ғұмырының соңына дейін жеті сайын қайталанатын осы қақтығысты реттеумен күн өткізеді. Өзі өмірден өтер алдында: « Мәйітімді осындағы Шайхантәуір әулиенің жанына жерлеңдер. Бейітім – Ташкент қазақ жерінің төрі екенін оған таласып жүргендерге білдіріп жатсын»,– деп өсиеттейді. Төленің қаупі бекер емес екен. Ол қайтыс бола салысымен, шаһарда сол тұста әжептеуір көбейіп қалған өзбектерге тілімен де, түр жағынан да сіңісе түскен Шағатай, Жошы, Хажы-Тархан әулеттері мен Қоқан хандығына арқа сүйеген сарт-қашғарлықтар тобы арасында билікке талас басталады. Бірақ Төленің орнына шаһар бегі сайланған оның кенже ұлы Қожамжар алғашқыда оларға дес бермейді. Алайда қала ішіндегі тартыстармен қатар, сырттан үздіксіз соққан қырғыз бен Қоқан шапқыншыларының қаупі күннен-күнге арта түседі. Қожамжар Абылай сұлтаннан көмек сұрауға мәжбүр болады. 1765 жылы Арқадан Абылай көп қолмен келіп, Піскент жағасында Ташкентке бағыт алған Қоқан қолын тас-талқан етеді. Ташкентте бас көтерген бүлікшілердің көсемдерін жазаға тартады.

Абылай өлген 1781 жылдан кейін шаһар билігі үшін талас-тартыс қайтадан өршиді. Қорытындысында, Ташкент төрт бөлікке бөлініп, әрқайсысын бір-бір билеуші билейтін, атап айтқанда, Қожамжар билейтін – Шайхантәуір, Хажы-Тархан әулеттеріне қарайтын – Бесағаш, Жошы ұрпақтарының иелігіне өткен – Сибзар, Шағатайдан тарағандардың үлесіне тиген – Көкше сияқты төрт қамалға айналады. 1784 жылы бұрын Төленің, кейін Қожамжардың сарайында даруғалық жасаған Жүнісқожа деген қашғарлық ұйғыр бас көтеріп, Қоқан бектерімен жасырын келісім жасаудың арқасында бір-ақ зеңбіректі бес мыңдық қолмен алдымен Шайхантәуір, одан соң басқа қамалдарды басып алады. Төрт қамалды бұздырып, бүкіл Ташкентті қоршайтын биіктігі 4-5 құлаш келген, аумағы 16 шақырымдық жаңа қорған салдырады.

 Шайхантәуір билігінен айрылған Қожамжар Ташкенттен 20 шақырым жердегі Төленің жазғы қонысына барып жайғасады. Ұзақ жыл шаһар билігін қайтарудың жолын іздеп, Жүнісқожамен талай рет шайқасады. 1798 жылы Қоқаннан қосымша күш алдырған Жүнісқожа Қожамжар бастаған қазақтарды Ташкент маңынан біржолата аластатуды ойлап, үлкен соғысқа кіріседі. Алдымен қазақ ауылдары үстіндегі Шымған тауының екі жырасының түбінен ағатын өзеннің жоғарғы жағын таспен бөгеп, өте үлкен екі шатқалдың арасын суға тотырады. Су аса аумақты екі жыра-шатқалдың кемеріне келіп толғанда, бөгесін тастар оның қысымына төтеп бере алмай, бірден бұзылады. Содан орасан жылдамдықпен ылдиға жылжыған алапат сел төмендегі қазақ ауылдарын басады. Селден аман қалып, жағаға шыққандарын қаруын кезеніп дайын тұрған жау шеріктері қырады. Жүнісқожаның зұлымдығы соншалық, сонда өлген қазақтардың бастарын кескізіп, тау қылып үйгізеді. Жүнісқожа со жолы неше мыңдаған қазақтарды қырып, Қожамжарды Қазығұрт етегіне көшіріп жіберсе де, ол маңнан қазақ атаулының бәрі түп көтеріліп көшіп кетпеді. Ташкент маңымен қоса, Бегабад, Піскент, Жызақ шегінде қалған 500 мыңдай қазақ оған бас иіп, бағынады. 

 1806 жылы Ташкентті қоқандықтар жаулап алады. Шаһар мен оның айналасына Ферғана жақтан өзбектерді көшіріп әкеп орналастыру – осы кезеңнен бастап қолға қатты алыныпты. Қоқан хандары Ташкент түгілі қазақ жерін билеген 55 жыл ішінде өздері басқан Шымкент, Түркістан, Иқан, Сайрам, Әулиеата, Созақ қалаларына өз жерлерінен мыңдаған өзбектерді көшіріп әкелді және барлық тарапта өзбек тілі мен ұлтын үстем орынға шығарды. 

 1865 жылы Ташкентті орыстар бауырына басты. 1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы құрылып, ол бес облысқа бөлінді. 1887 жылы жүргізілген санақта Қоқан кезінде жергілікті қазақтарды өзбектерге ассимилияциялау жүйесі қарқынды жүргізілгеніне қарамастан, Ташкент пен оның айналасындағы Ташқазақ, Жызақ уездері халқының 53 пайызы қазақтар, 15 пайызы құрамалар (олар да қазақтар), қалғандары өзбектер мен тәжіктер болды. 1918 жылы қаңтарда мұнда кеңес өкіметі толық орнап, Түркістан автономиялық республикасы құрылды. Түркістанға алғашқыда орыс коммунистері жетекшілік жасағанымен, кейін қазақтан шыққан белгілі тұлғалар басшылық етті. Бұл жылдары Ташкентте ел басқарған, билік пен ғылым орындарында қызмет еткен қазақтардың саны өзбектерден әлдеқайда мол болды. 

 1924 жылы Түркістан республикасы таратылып, оған қараған өлкелер одақтас республикаларға бөлінді. Осы кезде Ташкентті қазақ пен өзбек республикаларының қайсысының құрамында қалдыру мәселесі үлкен дауға айналған. Өзбек коммунистерінің жетекшілері Ташкенттегі өзбектердің санын жасанды түрде көбейтіп, «Қалада басқа ұлттарға қарағанда өзбектердің саны әлдеқайда басым. Сол үшін де Ташкент өзбектікі болуға тиіс», – деп Орталық Комитетке хат жазған. Ол хаттаға мәлімет бойынша, Ташкенттегі қазақтардың 40 пайызға жуығы өзбек санатына кіріп, олардың санын мейлінше арттырып жіберген.Т. Рысқұлов пен С. Қожанов, т. б. Алаш қайраткерлері оны Қазақстанға қалдыру керектігін, оның ілкіден қазақ қаласы және қала мен төңірегіндегі жұрттың 70-72 пайызы қазақтар екенін нешеме деректермен дәлелдеп бақса да, жоғарыдағы мәліметке сенген әрі зорлыққа басқан Сталин бастаған орталықтағы коммунистер Ташкентті Өзбек республикасына беріп жіберді. 

 Әлбетте, біз қазір Ташкент бұрын біздікі еді деп, біреуге қарсы өнбес дауды қозғамаймыз. Бірақ та, тарих болған күйінде елге айтылуы керек. Тағы бір ащы ақиқат – Өзбекстанда қазір тұрып жатқан қазақтар жылдар өткен сайын әр түрлі себептерге байланысты бір кездері басқаға айналған баяғы бабаларындай өзбек этносын қабылдап, сол ұлтқа кірігіп бара жатыр. Белгілі демограф М. Тәтімовтің қайбір жылы «Өзбекстандағы қазақтардың 500 мыңдайы өзбек этносын қабылдауға бейім тұр» деп жазғаны шындықтың нақ өзі. Бұған керісінше, Қазақстанда нешеме жүз жылдан бері тұрса да, бірде-бір өзбек қазаққа айналған емес...

Момбек ӘБДӘКІМҰЛЫ,

жазушы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға