Жаңалықтар

Сейітгерей Нұралыханов

Кеңес өкіметі қазақтарға дербестік беріп, ұлттық мемлекет құруы қазақтың оқыған терең білімді зиялыларының тегеурінді іс-қимыл әрекетінің әсерінен болды. Ондай білімді жүздеген қазақ жастары патшалық Ресейдің оқу орындарынан алды, ол бұратана халықтарға білім беруге мүдделі болып оқытқанының көрінісі. Қажеттілігіне қарай білім алуы үшін әдейі стипендия төледі. Онысы құзыретті қызметкерлердің қарауымен шешілді. Осы орайда деректі құжаттарға сүйеніп екі мысалды келтіремін. Ішкі Қырғыз Ордасын басқаратын Уақытша кеңестің төрағасы генерал Новицскийдің Астрахань губерниясының губернаторына 1903 жылдың 18 шілдесінде №671 санды жазған қолдау хатында Қамыс – Самар бөлімінің әкімі Мұқанәлі Шынтеміровтің баласы Ғұмарды, Астрахань гимназиясын аяқтаған Сейітгерей Нұралыхановқа төленіп келген (действительный Статского Советника Тимашева) нақты статс кеңесшісі Тимашев атындағы жылдық 181 сом 20 тиын стипендияны Қазыналық қордан төлетіп, сол гимназияға оқытуды сұраған. Шынтеміров табысымен баласын оқытуға мүмкіндігі болмайды, өйткені жанұясында адам саны көп дей келіп, ол кісінің сұранысына құрметпен қарауға тұрарлық деген ұсынысын жолдаған. Сұраныс бойынша Шынтеміровтің жанұясындағы дәулетінің мүмкіндігін қарау жөнінде губернатордың №4019 санды 13 қыркүйектегі хатына жауабын жалғаған. Онда 1900 жылғы соңғы санақта Шынтеміровтің жанұясында 11 адам, бәріне ортақ 42 бас түйе, 60 бас жылқы, 100 бас сиыр, 300 бас қой бар. Басқа құнды мүліктері жоқ. Мал тұрақты байлық көзі бола алмайды, мал азығының тапшылығынан және басқа жағдайларға байланысты шығынға ұшырауы мүмкін деп көрсеткен. Екі құжатқа да Новицский қол қойған. Бұл мал баққан қазақтың тұрмыс жағдайы жан-жақты қаралып, орнықты шешім қабылданғанын көрсетеді. Келесі жағдай. Осы ізбен Қалмақ бөлімінің 7-старшинасының тұрғыны қазіргі каторга жұмыстағы ­Сей­тек Оразалиевтің әйелі Закираның 10 жасар баласы Исхайырды Астрахань гимназиясына оқыту үшін қазыналық қордан стипендия төлеу жөніндегі тілегін қарау жөніндегі құжаттар. Закира Оразалиеваның меншігінде тек 8 ірі қара барлығын көрсеткен. Бұрыннан босаған екі стипендияға Әскери-старшина ұлы Ниязов Ахметке келесі Талов бөлімінің 3 старшина тұрғыны қырғыз Габбасов Бектастың ұлы 13 жасар Габдулгазизге беріліп қойғандықтан, Қалмақ бөліміндегі учаскелік мектепте оқитын Исхайыр Оразалиевті бірінші босаған стипендия­ны тағайындауға тізімге кірістіріліп оқыту жөнінде шешімге ұсыныс жасаған. Ішкі Қырғыз Ордасының Уақытша кеңесінің төрағасы генерал ­Новиц­ский қол қойған қатынас жолданған. Астрахань мұрағаты 1–қор, 335–іс, 8-11 б, 2 тізімдеме. Санамыздағы қасаң ұғымның қателігіне көзіміз жеткендей. Қазақ елінің әр бөлімінде 1900 жылдары учаскелік мектептің жұмыс жасағаны каторгаға айдалған кісілердің жанұясына қамқорлық жасалып, балаларына білім алуға жағдай туғызылғанын түсіндік. 1 январь 1895 жылы Бөкей Ордасында 9 училище жұмыс жасаған. ГААО.ф13, опись 10, дело 3200 л.75,79. 2-кластық училище: 1 Хан ордасында – 49 бала. 2. Үлкен Ганюшкино – 51 бала. 1- кластық : Қалмақ қисымында – 21 бала, Камыс Самарда – 42 бала, Нарында – 21бала, Талапта – 38 бала, Торғында – 32 бала, Қыздар училищесінде – 32, мектепте 21 бала. Қыздар мектебі 1883 жылы ашылған. Жұмысшы мен шаруалар және қызыл әскерлер билігін орнықтырған Кеңес өкіметі, оның жетекшісі большевиктер партиясы Алаш азаматы ұлт зиялыларын қынадай қырып, олардың жанұясын, ұрпақтарын жоюдың шарасын алды. Тек олардың өздерінің баласы емес, ағайын-тумаларының балаларын «Байдың құйыршығы», «Халық жауының» ұрпақтары деп ешбір оқу орнына қабылдамады. Жалпы білімділердің түп-тамырымен солып, жоқ болуын ұйымдастырды. Зымиян істерін жылтыр сөзбен бүркемелеп тұмшалады. Барлық үгіт-насихат бұқаралық ақпараттық құралдарын түгел қосып, ол үшін сан мыңдаған адамдарға жұмыс жасатып, халықтың санасын улап өздерінің идеясын орнықтырғаны Кеңес өкіметі тарап, егемендік алған тұста анықталды. Ел аузынан атын естіп жүрген, оқыған әдеби кітаптардан жазушы Тәкен Әлімқұловтың «Сейтек сарыны» деректі баян кітабында және профессор Тымат Мергалиевтің «Жаңа дәуір жыршысы» атты музыкалық зерттеу кітабындағы бас­ты образы Сейтек күйшінің баласының деректері мұрағатта кездескендігі тың ой салды. Сейтек күйші жөнінде ізденіп өмір жолын, музыка әлеміне сіңірген еңбегін білуге деген ынтызарлық туындады. Ол кісіні күйші деуіміздің астары өзі күй шығарды және өзінің де басқаның да туындысын шебер орындаушы. Күй – ұран. Күй – ғашықтар жыры. Күй – көңілді назды демалыс сәті. Күй – қайғы, оны сергіту, көңіл айту. Санай берсек, сан алуан қырынан көрінетін қанымызға сіңген өнерді дүниеге әкелуші кісілер де жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар. Олардың өздеріне тән күйді шығару тәсілімен, алуан түрлі әуендік құрылымдармен ерекшеленеді. Күй өнерінің шеберлерінің алдыңғы қатарында басқаға ұқсамайтын өрнегімен дараланған Сейтек күйші жөнінде біліміміз аса терең еместігін сезіндім. 1991 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданының орталығы Сайхында Сейтектің туылғанына 130 жыл толуына орай шара ұйымдастырылды. Қазақстанның Батыс өңірінен, көршілес Ресейден күй дәріптеуші өнерпаздар шақырылып, Сейтек күйлерін және басқа туындыларды орындаушылар сайысы өткізілді. Біздің ауданнан орындаушылық қабілеті жоғары Махамбет Долдашев қатысты. Бекітілген ережеге сай ­Сейтек күйшінің «Сексен ер» деген күйінің орындалуы міндетті шарт болатын. Күйдің музыкалық туынды ретінде өзіндік әуендік, сарындық ерекшеліктерімен қатар аңыздық желісі болатын. Қазан төңкерісі кезінде ­М.Тұн­­ган­чин­нің бас­шы­лы­ғы­мен құралған қазақ­тың бірінші ерікті атты әскер полкінің Бисен Жа­некешов басқарған эс­­кадро­ны­ның қапыда қолға түсіп, шәйт болған сексен қызыл әскердің қазасына ар­налған күй екені айтылды. Оқиға көңілге тоқылғандықтан ба, сексен ерді тыңдағанда ысынып, суынып қанды қырғын болған жайт көз алдыңнан көлбеңдеп өтіп жатқандай сезіндік. Күй авторының шеберлігіне таңдай қаға тамсандық. Көрермендер орындаушыға да, авторға да ризашылық сезімдерін білдірді. Сол сәттен алған әсер ме мұрағаттан Есқайыр жөніндегі құжаттар кездескенде тоқтала қарап, оны ерекше көретіндей дәрежеге жеткізген Сейтек күйшіге бас иіп, өнерін сыйлағандығымның белгісі деп есептедім. Сейтек Оразалиев 1861 жылы Бөкей Ордасына қарасты Хакки сорының шығыс етегінде белгілі ноғайлы Шамақ байдың тұрақты қонысының шығысында Нарынның Жасқұс құмының қатқыл етегінде орналасқан, төленгіттердің қонысында, қазір «Сейтек қыстауы» атанатын жерде дүниеге келген. Атасы Байшора Жәңгір ханның ордасында қызметшілік атқарған. Мыңғыраған малды болмаса да, бір басына жетерлік дәулеті болған. Оның бізге белгілі ұлы Оразәлі де, әкеден қалған енші мал-мүлікпен қатар, ауылына жақын орналасқан Хан жәрмеңкесінің қызметшісі, кейде сатуға малын әкелген құм қазақтарының малын жайғап, көмек жасап нәпақасын тапқан. Кейіннен Басқұншақтағы тұз көлдегі кәсіпке араласып жалданып, жалақымен күнделікті тұрмысын күйттеген. Оның үш ұлы Шошақ (Сұлтанғали), Сейтек (Сейтқали), Мәнкей (Нұрғали) атты ұлдары ата кәсібін жалғастырған азаматтар. Малды шаруасын және тұзды кәсіп еткен үлкен ағасы мен інісінің ортасында өнерге жақын Сейтек жастайынан серілік құрып, әнші, күйшілер арасынан табылады. Әкесі ертерек өмірден өткенде бүкіл әулеттің жүгі ағасы Шолақтың мойнына түседі. Сейтектің өр мінезді, өз дегені болмаса көне бермейтін бір беткейлігіне орай ірі денелі, қайраттылығы туа біткен қасиеттің көрінісі болғандай. Анасы Бәтима Сейтекке аяғы ауыр кезінде қасқырдың жүрегіне аусары ауыпты дегенді айтады. Оның қаншалықты шындыққа жанасатынын ашып айта алмаспыз. Жалпы нағашы жұрты Ысықтар екені анық сияқты. Өнерге құштар жас, елгезек аң­ғарымпаз болып өседі. Қазақи салт дәстүрде той-топыр жиындар жиі болып тұрады. Бір ауылдың қызығы сол маңдағы қанаттас отырғандардың ортақ мерекесіндей өтеді. Алыс-жақыннан келетін домбырашы, әнші мен жыршылардың шеберліктеріне тәнті болып таңдай қағысқандардың арасындағы бала Сейтек тамашалаумен қатар сиқырлы әуенді көңіліне қондырып іштей қайталап отыратын. Үйіне келгенде оңашаланып құлаққа қонған сазды қос ішекте қайталап ойнатуға машықтанды. Інісінің домбыраға әуестігін байқаған ағасы Сұлтанғали өзінің білетін өнерін үйретті. Үлкендік қамқорлығын жасап, алғашқы ұстазы болды. Ауылдағы Әлікей, Салауат, Тұрып, Мақар сынды білікті домбырашылардан дәріс алуына жағдай жасады. Олар арқылы Дәулеткерей күйлерінің шеберлік танымдарын игерді. 10 жасқа келгенде «Күйші бала» атанып, халық алдында есімі шықты. Сейтектің жағымды, келістігі жағынан ел арасына тараған әңгіме нағашыларының құлағына тиеді. Әжептәуір дәулеті бар, ортасында беделді, ашып айтар билік иесі нағашы атасы Дәулетияр, «Жиеннің жақсылығы нағашыдан» дегендей сырттай марқайып риза болып жүреді. «Халық айтса, қалып айтпайды» дегендей талабы алдындағы жасөспірімді көнекөз Қариялар мен танымал өнерпаздарды жинап, жиенін сынату ниетімен әдейі шақырып, тиісті құрметін жасайды. Жиналғандар қонақасыға риза болып, маңдайлары тершіп, қолдарының майын саптама етікке сүртіп, арасында қамшыларын майлаған, тістерін шұқып, іргеге сүйенісіп отырысқан сәтте нағашысы: «Жиенім елдігіңді көрсет, қонақ қаде бер, мына отырған жақсылардың өзіңе көрсеткен ауылдың алтыауызының қарымтасын қайтаршы» деп алдын ала әдейі даярлаған домбыраны ығыстырып қолына ұстатты. Жиналғандар көп нәрседен хабары бар дала сарапшылары, балаға жақсы бағаларын жамыраса беріп, ризашылықтарын білдіреді. Олардың пікірлері бір арнаға тоғысады. Асығып аптықпайды, Құрман­ғазының дауылды, жүрдек күйлеріне құлқы шамалы. Дәулеткерейдің сезімге толы үзіліп, талықсыған лирикаларына да көп бара бермейді. Бірақ төкпе күйдің табиғатынан ауытқымай, оған өз өрнегін енгізуге тырысқан көңіл күй әуендері баршылық және әр шығарманы орындағанда белгілі бір ойды түйіп-түйіп тастағанды ұнатады. Бірақ одан туынды тұтастығы үзілмейді, қайта сабақтасып, қайрымдағы негізгі тақырыпты мезгіл-мезгіл ойға оралтады, буын араларын үзбестен жалғап отыратындығын бағалайды. Теңіз маңы округіндегі нағашылар ауыл арасы шалғайлау болса да, Сақмадағы ұлы күйші Құрманғазыға Сейтекті бата алу үшін апарады. Бұл жөнінде Тымат Мерғалиев «Жаңа дәуір жыршысы» кітабында «Осы кездесуде Құрманғазы күй тартудың небір ғажайып үлгілерін көрсетіп, әр шығарманың характеріне қарай орындау ерекшеліктерін Сейтекке уақыттың тығыздығына қарамай үйретуге тырысып бағады. Сол жолы Сейтек Құрманғазының «Қайран шешем», «Сарыарқа», «Қызыл қайың» сияқты күйлерін оның өзінен үйренеді» деп жазған. Албырт жастың өнерге құш­тарлығы артып, Еділ-Жайық арасы, Ішкі Бөкей Ордасын аралап, барын елге беріп, халық арасындағы құндылықтарды бойына сіңірді. Бұл орайда іргелес Қалмақ қырына Түрікмен құмдарына асып, ел кезген жиһангердей ұзақ сапарларда жүрді. Домбыра әуенінің қыр-сырын игере отырып шыңдалып, талай өнер саңлақтарымен сайысқа да түскен. Ордада жылына екі рет болатын Хан базарында Берғали, Мырзакерей сынды күйшілермен өнер жарыстырған. Сол кездегі елді күймен тәнті еткен Көлборсындағы (Волгоград маңы) Жақиямен кездесіп, күй қағысып бағын сынаған. Өнер шыңына шығып шыңдалған сәт­терден бастап, өзі де артына өш­пестей із қалдырар күйлер шығарды.  
11.11.2013 05:37 3795

Кеңес өкіметі қазақтарға дербестік беріп, ұлттық мемлекет құруы қазақтың оқыған терең білімді зиялыларының тегеурінді іс-қимыл әрекетінің әсерінен болды. Ондай білімді жүздеген қазақ жастары патшалық Ресейдің оқу орындарынан алды, ол бұратана халықтарға білім беруге мүдделі болып оқытқанының көрінісі. Қажеттілігіне қарай білім алуы үшін әдейі стипендия төледі. Онысы құзыретті қызметкерлердің қарауымен шешілді.
Осы орайда деректі құжаттарға сүйеніп екі мысалды келтіремін.

Ішкі Қырғыз Ордасын басқаратын Уақытша кеңестің төрағасы генерал Новицскийдің Астрахань губерниясының губернаторына 1903 жылдың 18 шілдесінде №671 санды жазған қолдау хатында Қамыс – Самар бөлімінің әкімі Мұқанәлі Шынтеміровтің баласы Ғұмарды, Астрахань гимназиясын аяқтаған Сейітгерей Нұралыхановқа төленіп келген (действительный Статского Советника Тимашева) нақты статс кеңесшісі Тимашев атындағы жылдық 181 сом 20 тиын стипендияны Қазыналық қордан төлетіп, сол гимназияға оқытуды сұраған. Шынтеміров табысымен баласын оқытуға мүмкіндігі болмайды, өйткені жанұясында адам саны көп дей келіп, ол кісінің сұранысына құрметпен қарауға тұрарлық деген ұсынысын жолдаған. Сұраныс бойынша Шынтеміровтің жанұясындағы дәулетінің мүмкіндігін қарау жөнінде губернатордың №4019 санды 13 қыркүйектегі хатына жауабын жалғаған. Онда 1900 жылғы соңғы санақта Шынтеміровтің жанұясында 11 адам, бәріне ортақ 42 бас түйе, 60 бас жылқы, 100 бас сиыр, 300 бас қой бар. Басқа құнды мүліктері жоқ. Мал тұрақты байлық көзі бола алмайды, мал азығының тапшылығынан және басқа жағдайларға байланысты шығынға ұшырауы мүмкін деп көрсеткен.
Екі құжатқа да Новицский қол қойған. Бұл мал баққан қазақтың тұрмыс жағдайы жан-жақты қаралып, орнықты шешім қабылданғанын көрсетеді.
Келесі жағдай. Осы ізбен Қалмақ бөлімінің 7-старшинасының тұрғыны қазіргі каторга жұмыстағы ­Сей­тек Оразалиевтің әйелі Закираның 10 жасар баласы Исхайырды Астрахань гимназиясына оқыту үшін қазыналық қордан стипендия төлеу жөніндегі тілегін қарау жөніндегі құжаттар. Закира Оразалиеваның меншігінде тек 8 ірі қара барлығын көрсеткен. Бұрыннан босаған екі стипендияға Әскери-старшина ұлы Ниязов Ахметке келесі Талов бөлімінің 3 старшина тұрғыны қырғыз Габбасов Бектастың ұлы 13 жасар Габдулгазизге беріліп қойғандықтан, Қалмақ бөліміндегі учаскелік мектепте оқитын Исхайыр Оразалиевті бірінші босаған стипендия­ны тағайындауға тізімге кірістіріліп оқыту жөнінде шешімге ұсыныс жасаған. Ішкі Қырғыз Ордасының Уақытша кеңесінің төрағасы генерал ­Новиц­ский қол қойған қатынас жолданған. Астрахань мұрағаты 1–қор, 335–іс, 8-11 б, 2 тізімдеме. Санамыздағы қасаң ұғымның қателігіне көзіміз жеткендей. Қазақ елінің әр бөлімінде 1900 жылдары учаскелік мектептің жұмыс жасағаны каторгаға айдалған кісілердің жанұясына қамқорлық жасалып, балаларына білім алуға жағдай туғызылғанын түсіндік.
1 январь 1895 жылы Бөкей Ордасында 9 училище жұмыс жасаған. ГААО.ф13, опись 10, дело 3200 л.75,79.
2-кластық училище: 1 Хан ордасында – 49 бала.
2. Үлкен Ганюшкино – 51 бала.
1- кластық : Қалмақ қисымында – 21 бала, Камыс Самарда – 42 бала, Нарында – 21бала, Талапта – 38 бала, Торғында – 32 бала, Қыздар училищесінде – 32, мектепте 21 бала. Қыздар мектебі 1883 жылы ашылған.
Жұмысшы мен шаруалар және қызыл әскерлер билігін орнықтырған Кеңес өкіметі, оның жетекшісі большевиктер партиясы Алаш азаматы ұлт зиялыларын қынадай қырып, олардың жанұясын, ұрпақтарын жоюдың шарасын алды. Тек олардың өздерінің баласы емес, ағайын-тумаларының балаларын «Байдың құйыршығы», «Халық жауының» ұрпақтары деп ешбір оқу орнына қабылдамады. Жалпы білімділердің түп-тамырымен солып, жоқ болуын ұйымдастырды. Зымиян істерін жылтыр сөзбен бүркемелеп тұмшалады. Барлық үгіт-насихат бұқаралық ақпараттық құралдарын түгел қосып, ол үшін сан мыңдаған адамдарға жұмыс жасатып, халықтың санасын улап өздерінің идеясын орнықтырғаны Кеңес өкіметі тарап, егемендік алған тұста анықталды.
Ел аузынан атын естіп жүрген, оқыған әдеби кітаптардан жазушы Тәкен Әлімқұловтың «Сейтек сарыны» деректі баян кітабында және профессор Тымат Мергалиевтің «Жаңа дәуір жыршысы» атты музыкалық зерттеу кітабындағы бас­ты образы Сейтек күйшінің баласының деректері мұрағатта кездескендігі тың ой салды. Сейтек күйші жөнінде ізденіп өмір жолын, музыка әлеміне сіңірген еңбегін білуге деген ынтызарлық туындады. Ол кісіні күйші деуіміздің астары өзі күй шығарды және өзінің де басқаның да туындысын шебер орындаушы.
Күй – ұран.
Күй – ғашықтар жыры.
Күй – көңілді назды демалыс сәті.
Күй – қайғы, оны сергіту, көңіл айту.
Санай берсек, сан алуан қырынан көрінетін қанымызға сіңген өнерді дүниеге әкелуші кісілер де жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар. Олардың өздеріне тән күйді шығару тәсілімен, алуан түрлі әуендік құрылымдармен ерекшеленеді. Күй өнерінің шеберлерінің алдыңғы қатарында басқаға ұқсамайтын өрнегімен дараланған Сейтек күйші жөнінде біліміміз аса терең еместігін сезіндім.
1991 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданының орталығы Сайхында Сейтектің туылғанына 130 жыл толуына орай шара ұйымдастырылды. Қазақстанның Батыс өңірінен, көршілес Ресейден күй дәріптеуші өнерпаздар шақырылып, Сейтек күйлерін және басқа туындыларды орындаушылар сайысы өткізілді. Біздің ауданнан орындаушылық қабілеті жоғары Махамбет Долдашев қатысты. Бекітілген ережеге сай ­Сейтек күйшінің «Сексен ер» деген күйінің орындалуы міндетті шарт болатын. Күйдің музыкалық туынды ретінде өзіндік әуендік, сарындық ерекшеліктерімен қатар аңыздық желісі болатын.
Қазан төңкерісі кезінде ­М.Тұн­­ган­чин­нің бас­шы­лы­ғы­мен құралған қазақ­тың бірінші ерікті атты әскер полкінің Бисен Жа­некешов басқарған эс­­кадро­ны­ның қапыда қолға түсіп, шәйт болған сексен қызыл әскердің қазасына ар­налған күй екені айтылды.
Оқиға көңілге тоқылғандықтан ба, сексен ерді тыңдағанда ысынып, суынып қанды қырғын болған жайт көз алдыңнан көлбеңдеп өтіп жатқандай сезіндік. Күй авторының шеберлігіне таңдай қаға тамсандық. Көрермендер орындаушыға да, авторға да ризашылық сезімдерін білдірді. Сол сәттен алған әсер ме мұрағаттан Есқайыр жөніндегі құжаттар кездескенде тоқтала қарап, оны ерекше көретіндей дәрежеге жеткізген Сейтек күйшіге бас иіп, өнерін сыйлағандығымның белгісі деп есептедім.
Сейтек Оразалиев 1861 жылы Бөкей Ордасына қарасты Хакки сорының шығыс етегінде белгілі ноғайлы Шамақ байдың тұрақты қонысының шығысында Нарынның Жасқұс құмының қатқыл етегінде орналасқан, төленгіттердің қонысында, қазір «Сейтек қыстауы» атанатын жерде дүниеге келген. Атасы Байшора Жәңгір ханның ордасында қызметшілік атқарған. Мыңғыраған малды болмаса да, бір басына жетерлік дәулеті болған. Оның бізге белгілі ұлы Оразәлі де, әкеден қалған енші мал-мүлікпен қатар, ауылына жақын орналасқан Хан жәрмеңкесінің қызметшісі, кейде сатуға малын әкелген құм қазақтарының малын жайғап, көмек жасап нәпақасын тапқан. Кейіннен Басқұншақтағы тұз көлдегі кәсіпке араласып жалданып, жалақымен күнделікті тұрмысын күйттеген. Оның үш ұлы Шошақ (Сұлтанғали), Сейтек (Сейтқали), Мәнкей (Нұрғали) атты ұлдары ата кәсібін жалғастырған азаматтар. Малды шаруасын және тұзды кәсіп еткен үлкен ағасы мен інісінің ортасында өнерге жақын Сейтек жастайынан серілік құрып, әнші, күйшілер арасынан табылады. Әкесі ертерек өмірден өткенде бүкіл әулеттің жүгі ағасы Шолақтың мойнына түседі.
Сейтектің өр мінезді, өз дегені болмаса көне бермейтін бір беткейлігіне орай ірі денелі, қайраттылығы туа біткен қасиеттің көрінісі болғандай. Анасы Бәтима Сейтекке аяғы ауыр кезінде қасқырдың жүрегіне аусары ауыпты дегенді айтады. Оның қаншалықты шындыққа жанасатынын ашып айта алмаспыз. Жалпы нағашы жұрты Ысықтар екені анық сияқты.
Өнерге құштар жас, елгезек аң­ғарымпаз болып өседі. Қазақи салт дәстүрде той-топыр жиындар жиі болып тұрады. Бір ауылдың қызығы сол маңдағы қанаттас отырғандардың ортақ мерекесіндей өтеді. Алыс-жақыннан келетін домбырашы, әнші мен жыршылардың шеберліктеріне тәнті болып таңдай қағысқандардың арасындағы бала Сейтек тамашалаумен қатар сиқырлы әуенді көңіліне қондырып іштей қайталап отыратын. Үйіне келгенде оңашаланып құлаққа қонған сазды қос ішекте қайталап ойнатуға машықтанды.
Інісінің домбыраға әуестігін байқаған ағасы Сұлтанғали өзінің білетін өнерін үйретті. Үлкендік қамқорлығын жасап, алғашқы ұстазы болды. Ауылдағы Әлікей, Салауат, Тұрып, Мақар сынды білікті домбырашылардан дәріс алуына жағдай жасады. Олар арқылы Дәулеткерей күйлерінің шеберлік танымдарын игерді.
10 жасқа келгенде «Күйші бала» атанып, халық алдында есімі шықты. Сейтектің жағымды, келістігі жағынан ел арасына тараған әңгіме нағашыларының құлағына тиеді. Әжептәуір дәулеті бар, ортасында беделді, ашып айтар билік иесі нағашы атасы Дәулетияр, «Жиеннің жақсылығы нағашыдан» дегендей сырттай марқайып риза болып жүреді. «Халық айтса, қалып айтпайды» дегендей талабы алдындағы жасөспірімді көнекөз Қариялар мен танымал өнерпаздарды жинап, жиенін сынату ниетімен әдейі шақырып, тиісті құрметін жасайды. Жиналғандар қонақасыға риза болып, маңдайлары тершіп, қолдарының майын саптама етікке сүртіп, арасында қамшыларын майлаған, тістерін шұқып, іргеге сүйенісіп отырысқан сәтте нағашысы: «Жиенім елдігіңді көрсет, қонақ қаде бер, мына отырған жақсылардың өзіңе көрсеткен ауылдың алтыауызының қарымтасын қайтаршы» деп алдын ала әдейі даярлаған домбыраны ығыстырып қолына ұстатты.
Жиналғандар көп нәрседен хабары бар дала сарапшылары, балаға жақсы бағаларын жамыраса беріп, ризашылықтарын білдіреді. Олардың пікірлері бір арнаға тоғысады.
Асығып аптықпайды, Құрман­ғазының дауылды, жүрдек күйлеріне құлқы шамалы. Дәулеткерейдің сезімге толы үзіліп, талықсыған лирикаларына да көп бара бермейді. Бірақ төкпе күйдің табиғатынан ауытқымай, оған өз өрнегін енгізуге тырысқан көңіл күй әуендері баршылық және әр шығарманы орындағанда белгілі бір ойды түйіп-түйіп тастағанды ұнатады. Бірақ одан туынды тұтастығы үзілмейді, қайта сабақтасып, қайрымдағы негізгі тақырыпты мезгіл-мезгіл ойға оралтады, буын араларын үзбестен жалғап отыратындығын бағалайды.
Теңіз маңы округіндегі нағашылар ауыл арасы шалғайлау болса да, Сақмадағы ұлы күйші Құрманғазыға Сейтекті бата алу үшін апарады.
Бұл жөнінде Тымат Мерғалиев «Жаңа дәуір жыршысы» кітабында «Осы кездесуде Құрманғазы күй тартудың небір ғажайып үлгілерін көрсетіп, әр шығарманың характеріне қарай орындау ерекшеліктерін Сейтекке уақыттың тығыздығына қарамай үйретуге тырысып бағады. Сол жолы Сейтек Құрманғазының «Қайран шешем», «Сарыарқа», «Қызыл қайың» сияқты күйлерін оның өзінен үйренеді» деп жазған.
Албырт жастың өнерге құш­тарлығы артып, Еділ-Жайық арасы, Ішкі Бөкей Ордасын аралап, барын елге беріп, халық арасындағы құндылықтарды бойына сіңірді. Бұл орайда іргелес Қалмақ қырына Түрікмен құмдарына асып, ел кезген жиһангердей ұзақ сапарларда жүрді. Домбыра әуенінің қыр-сырын игере отырып шыңдалып, талай өнер саңлақтарымен сайысқа да түскен. Ордада жылына екі рет болатын Хан базарында Берғали, Мырзакерей сынды күйшілермен өнер жарыстырған. Сол кездегі елді күймен тәнті еткен Көлборсындағы (Волгоград маңы) Жақиямен кездесіп, күй қағысып бағын сынаған.
Өнер шыңына шығып шыңдалған сәт­терден бастап, өзі де артына өш­пестей із қалдырар күйлер шығарды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға