Жаңалықтар

Геолог-картограф Молдияр Серікбаев

М.Серікбайұлы еліміздегі геология саласының болашағына алаңдаушылықпен қарайтын азамат. Бұл саладағы кадрлардың жүйелі даярланбауы, тіпті ҚазМУ-дың геологиядан арнайы білім беретін факультетінің 1961 жылы жабылып қалғанына, картография, геодезия кадрларын қалыптастыратын координациялық және ғылыми-зерттеу әдістемелік орталықтардың жоқтығына, еліміздің геологиялық, топырақтану, геоботаникалық, зоологиялық, гидрогеологиялық, сейсмологиялық, археологиялық, тарихи, т.б. салаларында картография мәселелерінің дамуы кешеуілдеп келе жатқанын айтып, бірнеше рет мәселе көтерді. Ономастика саласын, жер-су, елді мекен атауларының шығу тарихын жетік білетін ол, бұл саладағы орынсыздықтарға, яғни әлдебір елді мекендерге сол жердің тарихи деректеріне қатысы жоқ атаулардың берілуіне қарсы табанды түрде күрес жүргізіп келеді. Мұны ­Молдияр Серікбайұлының еліміздің жер-су атауларындағы тарихи сабақтастықты сақтауға деген шынайы жанашырлығы деп білгеніміз жөн. Ардақты азаматтың ерекше атап өтерлік еңбегінің бірі ол – қазақтың ұлы қайраткері, тарихи тұлға, ірі мемлекет басшысы Тұрар Рысқұловқа қатысты құнды құжаттардың қайта тірілуіне тікелей атсалысқандығы. Әсіресе, еліміздің егемендікке ие болып, рухани тәуелсіздік алған жылдары Алаш арыстарына қатысты бұрындары белгісіз болып келген мұрағат материалдарының ашылуына, зерттелуіне септігін тигізді. Бірде тарихшы, бірде әдебиетші, бірде саясаттанушы болып, өзінің шын мәніндегі таза ғылыми табиғатын, ұлтжанды қасиетін осылай танытты. Пікірлерін нақты тарихи деректермен дәлелдей отырып, орнықты ой айтуға дағдыланған ол Т.Рысқұловтың қайраткерлік қызметіне қатысты бірнеше құнды құжаттар тауып, соның негізінде оның тұлғалық бейнесін аша білді. Айталық, 1920 жылы 1-8 қыркүйек аралығында Баку қаласында болған Шығыс халықтарының  І  съезіндегі сөзінде «батыс пен шығысты біріктіру керек» деп ұран тастағанын, 1924 жылы Лениннің қайтыс болуына байланысты «Правда» газетінде жарияланған мақаласында: «Еуропалық, Азиялық халықтарды бірін-біріне қарама-қарсы қоймай, біріктіру керек» деген Еуразиялық және 1920 жылы Ленинге жолдаған ұсынысында Түрік Республикасы мен Түрік компартиясын, Түркі тілдес халықтардың конфедерациясын құру идеясын, яғни Түрік идеясын ұсынғанын, 1925-1926 жылдары коминтерннің Моңғолиядағы өкілі болғанда, Моңғолияның орталығын Уланбатор (Қызыл батыр) деп атап, Моңғолия компартиясының бағдарламасы мен тұжырымдамасын жазуын, оның ұлт­тық валютасын ендіруге және сол кездердегі Қытай мен Моңғолия ара­сындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіруге үлкен үлес қосқаны, 1 млн. 200 мың адамды ашаршылықтан аман алып қалғанын, ал 1926-1935 жылдары «Ақсу-Жабағылы», «Науырызым», «Илмен» қорықтарын құрғанын, Ұлттық Республикаларды индустрияландыруды (1926) ұсынып, «Болашақ» бағдарламасының негізін (1928) қалағанын, Орта Азия және Қазақстан студенттерін Германияға оқуға жібергенін, Түркістан мен Иран Респуб­ликасы арасында 1923 жылы кедендік одақты құру идеясын ұсынғанын, Қазақ университетін (1928), ветеринария ­институтын (1929), ауыл шаруашылық институтын(1930), т.б. ашқанын айтады. Алайда Т.Рысқұловтың 25 том болатын еңбектері Ташкент, Бішкек, Мәскеу, Уланбатор, Уфа, Батыс Еуропа, Солтүстік Америка университеттерінің қорында жиналмай жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Сондықтан оларды жинап, ғылыми негізде жүйелеу үшін тұрартану орталығын ашып, шығармашылық топтар құрып, тарихи кешенді мұражай салу керектігін алға тартады. Қолдаушысы табылса ол орталықта зерттелер ғылыми, тарихи материалдар, құнды мұралар ғалымның жеке мұрағатында молынан табылатындығы мәлім. Өйткені И.В.Сталиннің 1922 жылы 14 мамырда Г.К.Орджоникидзеге жолдаған хатында: «Түркістандық коммунистерді еркелете берудің қажеті жоқ, олар ондай құрметке лайық емес, соңғы екі жыл олардың барлығы жиылып жалғыз Рысқұловқа татымайтындығын айқын көрсетті, мен оның (Түркістанға) қайта оралуына қарсы емеспін» деп мойындауының өзі талай мәселеден сыр тартады емес пе? («Аңыз адам» журналы, №10, мамыр 2011 жыл. 1 бет). Осы басылымдағы «Түріктік идея Тұрардың ойынан еш уақытта шықпаған» деген сұхбатында М.Серікбаев: «..Тұрар өресінің биіктігі – Гималай тауының Эве­рест шыңындай, тереңдігі – Мариан ойы­­сының тереңдігіндей» деп жоғары баға беруі де тегін емес. М.Әуезовтің Абайы секілді, М.Серікбаевтың өмірлік тақы­рыбына айналған ұлы тұлға Т.Рысқұлов туралы жинаған мәліметтері талай туындыларға арқау болары да ақиқат. Ұлы тұлғалардың ұлтқа сіңген еңбегін ұлықтап, ұрпағына ұлағаттылық танытып жүрген таланттың өз өмірі де өнеге. Ол кісінің есте сақтау қабілетінің күштілігі мен осыншама мол мағлұматты жатқа айтып, жер-су атауларына, олардың шығу тарихына қатысты шежірелерге, аңыз-әңгімелерге жүйріктігі кім-кімді де тамсандырары хақ. Ұлт тағдырына, оның рухани құн­дылықтарына қатысты қандай да бір маңызды мәжілістер, ғылыми-тәжі­рибелік конференциялар болмасын барлығына атсалысып, белсенді түрде араласып жүреді. Бұл Молдияр ағаның өзін өзгеге таныту үшін емес, сол жиында отырғандардан әлдеқайда көп елді аралап, білімнің кені болған мыңдаған мұрағаттарды араласа да білуге деген құштарлығының азаймағандығын білдірсе керек. М.Серікбаевтың пайымдауынша, бақыт деген атақ та, мансап та, байлық та емес, өз ұлтыңның құндылықтарын баянды ету жолындағы жанкешті күрес. Әл-Фараби атамыз айтқандай: «Бақыттың мәні–парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, адамның өз мінез-құлқын іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп,игілікке бағыттап отыруы». Ұлт үшін атқарар істің үлкені мен ұсағы болмайтынын жақсы сезінетін қайраткер ағамыз Молдияр Серікбаев сексеннің сеңгіріне келсе де, бүкіл саналы ғұмырын халыққа адал қызмет етуге арнаған нағыз ұлтжанды азамат. Гүлзия ПІРӘЛІ, «Ана тілі» газеті
11.11.2013 05:11 4100

М.Серікбайұлы еліміздегі геология саласының болашағына алаңдаушылықпен қарайтын азамат. Бұл саладағы кадрлардың жүйелі даярланбауы, тіпті ҚазМУ-дың геологиядан арнайы білім беретін факультетінің 1961 жылы жабылып қалғанына, картография, геодезия кадрларын қалыптастыратын координациялық және ғылыми-зерттеу әдістемелік орталықтардың жоқтығына, еліміздің геологиялық, топырақтану, геоботаникалық, зоологиялық, гидрогеологиялық, сейсмологиялық, археологиялық, тарихи, т.б. салаларында картография мәселелерінің дамуы кешеуілдеп келе жатқанын айтып, бірнеше рет мәселе көтерді. Ономастика саласын, жер-су, елді мекен атауларының шығу тарихын жетік білетін ол, бұл саладағы орынсыздықтарға, яғни әлдебір елді мекендерге сол жердің тарихи деректеріне қатысы жоқ атаулардың берілуіне қарсы табанды түрде күрес жүргізіп келеді. Мұны ­Молдияр Серікбайұлының еліміздің жер-су атауларындағы тарихи сабақтастықты сақтауға деген шынайы жанашырлығы деп білгеніміз жөн.
Ардақты азаматтың ерекше атап өтерлік еңбегінің бірі ол – қазақтың ұлы қайраткері, тарихи тұлға, ірі мемлекет басшысы Тұрар Рысқұловқа қатысты құнды құжаттардың қайта тірілуіне тікелей атсалысқандығы. Әсіресе, еліміздің егемендікке ие болып, рухани тәуелсіздік алған жылдары Алаш арыстарына қатысты бұрындары белгісіз болып келген мұрағат материалдарының ашылуына, зерттелуіне септігін тигізді. Бірде тарихшы, бірде әдебиетші, бірде саясаттанушы болып, өзінің шын мәніндегі таза ғылыми табиғатын, ұлтжанды қасиетін осылай танытты.
Пікірлерін нақты тарихи деректермен дәлелдей отырып, орнықты ой айтуға дағдыланған ол Т.Рысқұловтың қайраткерлік қызметіне қатысты бірнеше құнды құжаттар тауып, соның негізінде оның тұлғалық бейнесін аша білді. Айталық, 1920 жылы 1-8 қыркүйек аралығында Баку қаласында болған Шығыс халықтарының  І  съезіндегі сөзінде «батыс пен шығысты біріктіру керек» деп ұран тастағанын, 1924 жылы Лениннің қайтыс болуына байланысты «Правда» газетінде жарияланған мақаласында: «Еуропалық, Азиялық халықтарды бірін-біріне қарама-қарсы қоймай, біріктіру керек» деген Еуразиялық және 1920 жылы Ленинге жолдаған ұсынысында Түрік Республикасы мен Түрік компартиясын, Түркі тілдес халықтардың конфедерациясын құру идеясын, яғни Түрік идеясын ұсынғанын, 1925-1926 жылдары коминтерннің Моңғолиядағы өкілі болғанда, Моңғолияның орталығын Уланбатор (Қызыл батыр) деп атап, Моңғолия компартиясының бағдарламасы мен тұжырымдамасын жазуын, оның ұлт­тық валютасын ендіруге және сол кездердегі Қытай мен Моңғолия ара­сындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіруге үлкен үлес қосқаны, 1 млн. 200 мың адамды ашаршылықтан аман алып қалғанын, ал 1926-1935 жылдары «Ақсу-Жабағылы», «Науырызым», «Илмен» қорықтарын құрғанын, Ұлттық Республикаларды индустрияландыруды (1926) ұсынып, «Болашақ» бағдарламасының негізін (1928) қалағанын, Орта Азия және Қазақстан студенттерін Германияға оқуға жібергенін, Түркістан мен Иран Респуб­ликасы арасында 1923 жылы кедендік одақты құру идеясын ұсынғанын, Қазақ университетін (1928), ветеринария ­институтын (1929), ауыл шаруашылық институтын(1930), т.б. ашқанын айтады. Алайда Т.Рысқұловтың 25 том болатын еңбектері Ташкент, Бішкек, Мәскеу, Уланбатор, Уфа, Батыс Еуропа, Солтүстік Америка университеттерінің қорында жиналмай жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Сондықтан оларды жинап, ғылыми негізде жүйелеу үшін тұрартану орталығын ашып, шығармашылық топтар құрып, тарихи кешенді мұражай салу керектігін алға тартады. Қолдаушысы табылса ол орталықта зерттелер ғылыми, тарихи материалдар, құнды мұралар ғалымның жеке мұрағатында молынан табылатындығы мәлім. Өйткені И.В.Сталиннің 1922 жылы 14 мамырда Г.К.Орджоникидзеге жолдаған хатында: «Түркістандық коммунистерді еркелете берудің қажеті жоқ, олар ондай құрметке лайық емес, соңғы екі жыл олардың барлығы жиылып жалғыз Рысқұловқа татымайтындығын айқын көрсетті, мен оның (Түркістанға) қайта оралуына қарсы емеспін» деп мойындауының өзі талай мәселеден сыр тартады емес пе? («Аңыз адам» журналы, №10, мамыр 2011 жыл. 1 бет). Осы басылымдағы «Түріктік идея Тұрардың ойынан еш уақытта шықпаған» деген сұхбатында М.Серікбаев: «..Тұрар өресінің биіктігі – Гималай тауының Эве­рест шыңындай, тереңдігі – Мариан ойы­­сының тереңдігіндей» деп жоғары баға беруі де тегін емес. М.Әуезовтің Абайы секілді, М.Серікбаевтың өмірлік тақы­рыбына айналған ұлы тұлға Т.Рысқұлов туралы жинаған мәліметтері талай туындыларға арқау болары да ақиқат.
Ұлы тұлғалардың ұлтқа сіңген еңбегін ұлықтап, ұрпағына ұлағаттылық танытып жүрген таланттың өз өмірі де өнеге. Ол кісінің есте сақтау қабілетінің күштілігі мен осыншама мол мағлұматты жатқа айтып, жер-су атауларына, олардың шығу тарихына қатысты шежірелерге, аңыз-әңгімелерге жүйріктігі кім-кімді де тамсандырары хақ.
Ұлт тағдырына, оның рухани құн­дылықтарына қатысты қандай да бір маңызды мәжілістер, ғылыми-тәжі­рибелік конференциялар болмасын барлығына атсалысып, белсенді түрде араласып жүреді. Бұл Молдияр ағаның өзін өзгеге таныту үшін емес, сол жиында отырғандардан әлдеқайда көп елді аралап, білімнің кені болған мыңдаған мұрағаттарды араласа да білуге деген құштарлығының азаймағандығын білдірсе керек.
М.Серікбаевтың пайымдауынша, бақыт деген атақ та, мансап та, байлық та емес, өз ұлтыңның құндылықтарын баянды ету жолындағы жанкешті күрес. Әл-Фараби атамыз айтқандай: «Бақыттың мәні–парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, адамның өз мінез-құлқын іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп,игілікке бағыттап отыруы».
Ұлт үшін атқарар істің үлкені мен ұсағы болмайтынын жақсы сезінетін қайраткер ағамыз Молдияр Серікбаев сексеннің сеңгіріне келсе де, бүкіл саналы ғұмырын халыққа адал қызмет етуге арнаған нағыз ұлтжанды азамат.

Гүлзия ПІРӘЛІ,

«Ана тілі» газеті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға