Жаңалықтар

Арийлер Үндістанды жаулап алғаны туралы

Б.з.б. IV-II мың жылдарда арийлер солтүстік-батыс Үндістанды жаулап алғаны туралы көптеген тарихи әдебиеттерде жазылған. Бірақ арийлердің Үндістанға күшпен басып кіргенін дәлелдейтін айтарлықтай деректер келтірілмеген. Сондықтан арийлердің Үндістанға жүргізген басқыншылық саясатына күмән келтірушілер және ашықтан-ашық жоққа шығарушылар өздерінің ойларын білдірген. Олардың басым көпшілігінің ғылыми пікірлері бойынша арийлер бейбітшілік жолмен оңтүстік көршісі болған Үндістанға біртіндеп тараған. Ғалымдардың осы пікірлері шындықтан алшақ емес. Ежелден арийлер солтүстік Үндістанның көршілері болып, олар біртіндеп Үндістанның солтүстігіне бейбітшілік жолмен кіріп, жергілікті тұрғындарға үстемдігін жүргізген деген пікір шындыққа жақын. Себебі Үндістанның солтүстігінде түріктердің ертедегі бабалары болған арийлердің ықпалы күшті болғанын тарих мойындайды. Арийлер иеленген жерінде мемлекетті ұйымдастырып, соғысқанда арийлік әскерлер қолға түскендерді өлтірмей, оларды құлға айналдырып, жұмысқа пайдаланған. Нәтижесінде құлшылық мемлекеттің негізін салып, қоғамда құқықтық теңсіз адамдар тобы келіп шыққан. Осындай жолмен Үндістанда кастаға бөлінушілік пайда болғаны, құлшылық мемлекеттің болғанын хабарлайды. Үндістан халықтарының арасындағы осындай саяси, экономикалық және мәдени даму арийлердің ықпалында болды деген пікірлерді жазған. Үндістанның солтүстік-батыс көршілері арийлер болғаны жазба деректерде кең тараған. «В ХIV-XII в.в. в cеверо-запад Индии приходят скотоводческие племена так называемых ариев, поселяющиеся вначале в Пенджабе, а затем и в долине Ганга. Веды-собрание др.-инд. религиозных гимнов и заклинаний (по предположению большинства санскритологов, созданные в 1500-1000 до н.э.), рисуют эти племена уже частично оседлыми (они выращивали ячмень с применением плуга и искусственного орашения), знавшими различные ремесла (в т.ч. производство оружия и др. предметов из меди, а возможно, также из бронзы); они вели торговлю, используя в качестве денег скот и золотые украшения (нишка). Племена (джана) ведических ариев (бхарата, яду, пуру, гандхары и др.) делились на роды (вши), состоявшие в свою очередь, из нескольких больших патриархальных семей (кула)». Келтірілген сілтемедегі пікірді түгел қолдаймыз. Өйткені Үндістанның солтүстік-батысындағы ежелгі көршілері арийлердің Орталық Азияның оңтүстігінен келгені айтылған. Осы аймақтағы белгілі Ария өзенінің алқаптарын мекендеген этностарды ирандықтар мен үнділер арийлер деп атаған. Ежелден көршілес арийлер бейбітшілік жолмен өздерімен шекаралас Пенджабқа, кейін Ганга өзенінің жоғарғы алқабына таралып, Балх (Балық) қаласын, Ариана (Герат) қалаларын салған. Ертеде түріктер қаланы «Балық» деп атаған. Бұл аймақты арийлер иеленіп, суармалы диқаншылықпен, мал шаруашылығымен, қолөнер кәсібімен және саудамен айналысқаны айтылған. Ұлы Жібек жолы Балх қаласына да келген. Арийлер руларға бөлінгенін талдап көрсеткен. Бұндай этникалық руларға бөліну – ежелден түріктерге тән қасиет. Арийлердің қолөнер кәсібінде алтыннан сәнді бұйымдарды және соғыс бұйымдарын мол шығаратыны айтылған. Міне, осындай тығыз байланыстың барысында арийлер бейбітшілік жолмен Үндістанға енген деген тұжырым ғылыми тұрғыдан дұрыс жазылған. «Арийлер Үндістанға келгенге дейін жергілікті тұрғындардың мәдениеті төмен болды» деген тұжырымдамаларға қатты соққы берілді. ХХ ғасырдың 20-жылдарында Инда өзенінің алқабынан ашылған Хараппа (Начарра) мәдениеті. Ол Инда өзенінің алқабындағы Пенджабтағы Рави өзенінің жағасында орналасқан. Ол Мохенджо-Даро ескерткішінің солтүстік-шығысындағы 643,6 шақырым қашықтықта. Хараппа – ертедегі қаланың орны. Бұл жерде археологиялық зерттеулер кең көлемде өткен ғасырдың 20-46 жылдары жүргізілген. Қазба кезінде қам кірпіштен өрілген ені 12,2 метр дуалдар ашылып, олардың сырты күйдірілген кірпіштермен өрілген. Ашылған құрлықтың солтүстік жағынан қолөнер кәсіпшілердің қызмет орындары мен қоныстары, сауда орталықтары ашылған. Қаланың оңтүстігінде молалардың (қойымалылықтық) орындары табылған. Бөлмелердің дуалдарында тауыс құсының әртүрлі және өсімдіктердің геометриялық бейнелері салынған суреттер кездескен. Сөйтіп, Хараппа мәдениеті арийлер Үндістанға таралмастан 1000 жыл бұрын пайда болған өркениет екені күмән тудырмайды. Хараппамен теңдес Махенджо-Даро ескерткіші. Бұл мәдениеттер б.з.б. ІІІ мыңыншы жылдардың ортасынан, ІІ мыңыншы жылдардың ортасына дейінгі уақыттарды қамтиды. Махенджо-Даро мен Хараппа – отырықшы қалалық тұрғындардың мәдениет ескерткіші. Бұл орындардан табылған құнды археологиялық деректер Оңтүстік Азия халықтарының арғы тегін анықтауда, жергілікті мәдениеттің даму заңдылығын түсінуде құнды мағлұматтар. Соның нәтижесінде ғасырлар бойы Оңтүстік Азияның аборигендерінің мәдени дәрежесі жөніндегі еуроцентристердің, солардың арийлер Үндістанға өркениет әкелді деушілерге соққы береді. Сондықтан арийлер Үндістанға келгенге дейін, аборигендер өздерінің автохтондық (жергілікті) мәдениетін орасан зор қарқынмен дамытқан. Сөйтіп, еуроцентристер арийлердің қайдан шыққаны мен олардың Үндістанды қашан жаулап алғаны туралы осы күнге дейін бір тұжырымға келе алған жоқ. Өйткені олар «Авеста» кітабының жазылған тіліне ғана сүйеніп, бұл мәселені шешкілері келді. Бұл жолмен арийлер проблемасын түбегейлі шешу мүмкін емес. ХХ ғасырда арийлер мәселесін шешуде Г.Чайлдтың пікірін қолдап, арийлердің өрбіген Отаны Қара теңіздің солтүстік далаларынан, Еділ өзенінің төменгі бойларында қола мәдениетін пайда еткен тайпалар деген пікірлер айтушылар көбірек болған. Олар: «…что степы Северного Причерноморья в давности были первоначальной родиной индоиранских племен, что легендарная река Ранха было иранским названием матушки Волги; проводились исследования о влиянии индоиранских языков на финно-угорские» (Абаев, 1949; его же, 1972; Топоров, Турбачев, 1962; Стрижак, 1965; Барроу, 1976; Миллер, 1987). Аттары аталған ғалымдардың пікірлерін толық қолдау қиын. Қара теңіздің солтүстік даласынан Волга (Еділ) өзенінің алқаптарын қамтыған аймақтар үндіирандық тайпалардың алғашқы қоныстанған Отаны деген тұжырымның ғылыми негізі жоқ. Еділ өзенін парсылардың Ранха деп атағаны туралы пікір дұрыс емес. Сондай-ақ жергілікті этностарды үндіеуропалық тілде сөйлеушілер деу де қисынға келмейді. Парсы халықтары өздерінің солтүстік және шығыс көршілерін ертеден білген. Олардың жайлаған табиғи-географиялық орталықтарынан хабары болып, кейбір ономостикалық терминдерді өздерінше атаған болуы мүмкін. Парсылардың қойған жер атамалары Орталық Азияда жеткілікті. Мысалы, Амудария мен Сырдарияны парсылар бірнеше құбылтып атаған. Сол көне заманның өзіне тән этникалық қарым-қатынастары болған. Оған қосымша скифтер мен сарматтар иран тілінен хабары болған. Себебі Геродоттың айтуы бойынша, скифтер Алдыңғы Азияны 28 жыл билеп, өздерінің үстемдігін жүргізген. Бұл географиялық аймақ ежелден арийлердің туын тіккен Отанының бір бөлігі болып, олардың ұрпақтары скифтер, сарматтар, массагеттер Солтүстік Қара теңізден бастап, Солтүстік Кавказды және Еділ бойларын мекендеген түркітілдес этностар болған. Уахит ШӘЛЕКЕНОВ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры
11.11.2013 04:15 6009

Б.з.б. IV-II мың жылдарда арийлер солтүстік-батыс Үндістанды жаулап алғаны туралы көптеген тарихи әдебиеттерде жазылған. Бірақ арийлердің Үндістанға күшпен басып кіргенін дәлелдейтін айтарлықтай деректер келтірілмеген. Сондықтан арийлердің Үндістанға жүргізген басқыншылық саясатына күмән келтірушілер және ашықтан-ашық жоққа шығарушылар өздерінің ойларын білдірген. Олардың басым көпшілігінің ғылыми пікірлері бойынша арийлер бейбітшілік жолмен оңтүстік көршісі болған Үндістанға біртіндеп тараған. Ғалымдардың осы пікірлері шындықтан алшақ емес. Ежелден арийлер солтүстік Үндістанның көршілері болып, олар біртіндеп Үндістанның солтүстігіне бейбітшілік жолмен кіріп, жергілікті тұрғындарға үстемдігін жүргізген деген пікір шындыққа жақын. Себебі Үндістанның солтүстігінде түріктердің ертедегі бабалары болған арийлердің ықпалы күшті болғанын тарих мойындайды. Арийлер иеленген жерінде мемлекетті ұйымдастырып, соғысқанда арийлік әскерлер қолға түскендерді өлтірмей, оларды құлға айналдырып, жұмысқа пайдаланған. Нәтижесінде құлшылық мемлекеттің негізін салып, қоғамда құқықтық теңсіз адамдар тобы келіп шыққан. Осындай жолмен Үндістанда кастаға бөлінушілік пайда болғаны, құлшылық мемлекеттің болғанын хабарлайды. Үндістан халықтарының арасындағы осындай саяси, экономикалық және мәдени даму арийлердің ықпалында болды деген пікірлерді жазған.
Үндістанның солтүстік-батыс көршілері арийлер болғаны жазба деректерде кең тараған. «В ХIV-XII в.в. в cеверо-запад Индии приходят скотоводческие племена так называемых ариев, поселяющиеся вначале в Пенджабе, а затем и в долине Ганга. Веды-собрание др.-инд. религиозных гимнов и заклинаний (по предположению большинства санскритологов, созданные в 1500-1000 до н.э.), рисуют эти племена уже частично оседлыми (они выращивали ячмень с применением плуга и искусственного орашения), знавшими различные ремесла (в т.ч. производство оружия и др. предметов из меди, а возможно, также из бронзы); они вели торговлю, используя в качестве денег скот и золотые украшения (нишка). Племена (джана) ведических ариев (бхарата, яду, пуру, гандхары и др.) делились на роды (вши), состоявшие в свою очередь, из нескольких больших патриархальных семей (кула)».
Келтірілген сілтемедегі пікірді түгел қолдаймыз. Өйткені Үндістанның солтүстік-батысындағы ежелгі көршілері арийлердің Орталық Азияның оңтүстігінен келгені айтылған. Осы аймақтағы белгілі Ария өзенінің алқаптарын мекендеген этностарды ирандықтар мен үнділер арийлер деп атаған. Ежелден көршілес арийлер бейбітшілік жолмен өздерімен шекаралас Пенджабқа, кейін Ганга өзенінің жоғарғы алқабына таралып, Балх (Балық) қаласын, Ариана (Герат) қалаларын салған. Ертеде түріктер қаланы «Балық» деп атаған. Бұл аймақты арийлер иеленіп, суармалы диқаншылықпен, мал шаруашылығымен, қолөнер кәсібімен және саудамен айналысқаны айтылған. Ұлы Жібек жолы Балх қаласына да келген. Арийлер руларға бөлінгенін талдап көрсеткен. Бұндай этникалық руларға бөліну – ежелден түріктерге тән қасиет. Арийлердің қолөнер кәсібінде алтыннан сәнді бұйымдарды және соғыс бұйымдарын мол шығаратыны айтылған. Міне, осындай тығыз байланыстың барысында арийлер бейбітшілік жолмен Үндістанға енген деген тұжырым ғылыми тұрғыдан дұрыс жазылған.
«Арийлер Үндістанға келгенге дейін жергілікті тұрғындардың мәдениеті төмен болды» деген тұжырымдамаларға қатты соққы берілді. ХХ ғасырдың 20-жылдарында Инда өзенінің алқабынан ашылған Хараппа (Начарра) мәдениеті. Ол Инда өзенінің алқабындағы Пенджабтағы Рави өзенінің жағасында орналасқан. Ол Мохенджо-Даро ескерткішінің солтүстік-шығысындағы 643,6 шақырым қашықтықта. Хараппа – ертедегі қаланың орны. Бұл жерде археологиялық зерттеулер кең көлемде өткен ғасырдың 20-46 жылдары жүргізілген. Қазба кезінде қам кірпіштен өрілген ені 12,2 метр дуалдар ашылып, олардың сырты күйдірілген кірпіштермен өрілген. Ашылған құрлықтың солтүстік жағынан қолөнер кәсіпшілердің қызмет орындары мен қоныстары, сауда орталықтары ашылған. Қаланың оңтүстігінде молалардың (қойымалылықтық) орындары табылған. Бөлмелердің дуалдарында тауыс құсының әртүрлі және өсімдіктердің геометриялық бейнелері салынған суреттер кездескен.
Сөйтіп, Хараппа мәдениеті арийлер Үндістанға таралмастан 1000 жыл бұрын пайда болған өркениет екені күмән тудырмайды. Хараппамен теңдес Махенджо-Даро ескерткіші. Бұл мәдениеттер б.з.б. ІІІ мыңыншы жылдардың ортасынан, ІІ мыңыншы жылдардың ортасына дейінгі уақыттарды қамтиды. Махенджо-Даро мен Хараппа – отырықшы қалалық тұрғындардың мәдениет ескерткіші. Бұл орындардан табылған құнды археологиялық деректер Оңтүстік Азия халықтарының арғы тегін анықтауда, жергілікті мәдениеттің даму заңдылығын түсінуде құнды мағлұматтар. Соның нәтижесінде ғасырлар бойы Оңтүстік Азияның аборигендерінің мәдени дәрежесі жөніндегі еуроцентристердің, солардың арийлер Үндістанға өркениет әкелді деушілерге соққы береді. Сондықтан арийлер Үндістанға келгенге дейін, аборигендер өздерінің автохтондық (жергілікті) мәдениетін орасан зор қарқынмен дамытқан. Сөйтіп, еуроцентристер арийлердің қайдан шыққаны мен олардың Үндістанды қашан жаулап алғаны туралы осы күнге дейін бір тұжырымға келе алған жоқ. Өйткені олар «Авеста» кітабының жазылған тіліне ғана сүйеніп, бұл мәселені шешкілері келді. Бұл жолмен арийлер проблемасын түбегейлі шешу мүмкін емес.
ХХ ғасырда арийлер мәселесін шешуде Г.Чайлдтың пікірін қолдап, арийлердің өрбіген Отаны Қара теңіздің солтүстік далаларынан, Еділ өзенінің төменгі бойларында қола мәдениетін пайда еткен тайпалар деген пікірлер айтушылар көбірек болған. Олар: «…что степы Северного Причерноморья в давности были первоначальной родиной индоиранских племен, что легендарная река Ранха было иранским названием матушки Волги; проводились исследования о влиянии индоиранских языков на финно-угорские» (Абаев, 1949; его же, 1972; Топоров, Турбачев, 1962; Стрижак, 1965; Барроу, 1976; Миллер, 1987).
Аттары аталған ғалымдардың пікірлерін толық қолдау қиын. Қара теңіздің солтүстік даласынан Волга (Еділ) өзенінің алқаптарын қамтыған аймақтар үндіирандық тайпалардың алғашқы қоныстанған Отаны деген тұжырымның ғылыми негізі жоқ. Еділ өзенін парсылардың Ранха деп атағаны туралы пікір дұрыс емес. Сондай-ақ жергілікті этностарды үндіеуропалық тілде сөйлеушілер деу де қисынға келмейді. Парсы халықтары өздерінің солтүстік және шығыс көршілерін ертеден білген. Олардың жайлаған табиғи-географиялық орталықтарынан хабары болып, кейбір ономостикалық терминдерді өздерінше атаған болуы мүмкін. Парсылардың қойған жер атамалары Орталық Азияда жеткілікті. Мысалы, Амудария мен Сырдарияны парсылар бірнеше құбылтып атаған. Сол көне заманның өзіне тән этникалық қарым-қатынастары болған. Оған қосымша скифтер мен сарматтар иран тілінен хабары болған. Себебі Геродоттың айтуы бойынша, скифтер Алдыңғы Азияны 28 жыл билеп, өздерінің үстемдігін жүргізген. Бұл географиялық аймақ ежелден арийлердің туын тіккен Отанының бір бөлігі болып, олардың ұрпақтары скифтер, сарматтар, массагеттер Солтүстік Қара теңізден бастап, Солтүстік Кавказды және Еділ бойларын мекендеген түркітілдес этностар болған.


Уахит ШӘЛЕКЕНОВ,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің профессоры

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға