Жаңалықтар

Арийлер туралы

Арийлер мәселесі жөнінде бірден-бір ғана сүйенетін жазба деректер – «Ригведа» және «Авеста» кітаптары. Осы туындылар – арийлер деп аталатын этностың тарихы мен тұрмысы сәулеленген зороастрийлердің қасиетті кітаптары. Б.з.б. VI-IV ғасырларда «Авеста» парсы тілінде жазылса, б.з. XIII-XIV ғасырларында оның парсы тілінде жазылған нұсқасы бізге жеткен. Парсы тілі үндіеуропалық тілдер тобына жатады. Морфологиялық жолмен зерттегенде дүниежүзіндегі барша халықтардың тілдері грамматикалық құрылысының ұқсастығы бойынша 10 үлкен тіл тобына бөлінеді. Солардың бірі – үндіеуропалық тілдер тобы. Бұл топқа Еуропаның жергілікті халықтарының тілдері түгел кіреді. Соның ішінде парсы (Иран) тілі де бар. Осы лингвистикалық бірлікке сүйеніп, «Авестаның» бізге жеткен нұсқасы парсы тілінде болғандықтан, Еуропа ғалымдарының басым көпшілігі арийлердің шыққан тегі Алдыңғы Азия (Отаны) деп, Еуропа құрлығындағы үндіеуропалық тіл семьясына жататын барлық этностардың ежелгі бабалары арийлер болатынын қағаз бетіне толтырды. Олардың негізгі сүйенетін деректері – шығарманың парсы тілінде жазылуы. Олай болса, еуроцентристер «Авеста» кітабының мазмұнындағы кешенді деректерге көңіл бөлмей, мәселені біржақты қараумен келе жатыр. Осындай көзқарастағы еуроцентристердің пікірлері тарихта былай тұжырымдалған: «Единственно оправданным и принятым в настоящее время в науке является применение термина Арии по отношению к племенам и народам, говорящим на индоиранских языках (восточной ветвей индоевропейской семьи)». Келтірілген үзіндіде ашық айтыл­ған. Еуроцентристер ұзақ жылдардан бері арийлер мәселесін тек үндіеуропалық тілге негізделіп, осы тіл тобында сөйлейтін тайпалар мен халықтардың бабасы болған деген ғылыми тұжырымдама жасаған. Міне, осы тұжырымдама әлі күнге дейін әлем тарихында үстемдік етуде. Бұл мәселені біржақты қараудың нәтижесінде оны ғылыми тұрғыдан түбегейлі шешу мүмкін емес. Орталық Азия түріктері ежелден Алдыңғы Азияны мекендеген парсылармен кешенді қарым-қатынаста болған. Парсылардан шыққан ғұламалар түрік тілін жақсы білсе, түрік ғұламалары да солай парсыша жазған, сөйлеген. Сондықтан бізге жеткен «Авеста» кітабы ертедегі түркі тілінен парсы тіліне көшірілген болуы да мүмкін. «Авеста» кітабының авторы әлі анықталмаған. Бұл мәселенің әлі түбегейлі шешілмегенін мойындауымыз қажет. Бұл тұжырымның ғылыми негізі жеткіліксіз болғандықтан, арийлер мәселесін қайта қарайтын уақыт келді. Біріншіден, «Авеста» кітабында жазылған арий тайпалары мен халықтардың кешенді тұрмысын негізге алып, олардың өрбіген мекенін, табиғи, саяси, экономикалық және рухани мәдениеттерін талдап, зерттеп, бір ғылыми тұжырым шығару қажет. Екіншіден, ХІХ ғасырда, әсіресе, ХХ ғасырда археология ғылымы дамып, алғашқы адамдардың өрбіген Көне құрлықтарды зерттеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде Орталық Азияда археологиялық зерттеулер кеңінен жүргізіліп, жаңадан тас, қола, темір және орта ғасыр ескерткіштері ашылды. Нәтижесінде бұрын хабарымыз болмаған жаңалықтар топталып, өте бай археологиялық деректер жиналды. Археология тарих ғылымының өрісін кеңейтті. ХХ ғасырдағы белгілі ағылшын археологы Г.Чайлд осы ғылымның жетістіктерін: «Археология произвела переворот в исторической науке. Она расширила пространственный горизонт истории почти в той же степени, в какой телескоп расширил поле зрения астрономии. Она в сотни раз увеличила для истории перспективу в прошлое, точно так же, как микроскоп открыл для биологии, что за внешним обликом больших организмов скрывается жизнь мельчайших клеток. Наконец, она внесла такие же изменения в объем и содержание исторической науки, какие радиоактивность внесла в химию. Прежде всего, археология имеет дело преимущественно с повседневными предметами практического применения, приспособлениями и изобретениями, таким, как дом, осушительные канавы, топоры и т.д., которые сами по себе оказали значительно более глубокое влияние на жизнь горазда большего числа людей, чем любое сражение или заговор, но заниматься каторым ученые-историки прежде считали ниже собственного достоинства», – деп тамаша тұжырымдаған Ғұламаның археологиялық жетістіктерді талдап, қорытқан пікірін сол күйінде келтірдік. Ол археология ғылымының соңғы ғасырлардағы жетістіктерін талдап, ой елегінен өткізіп, ғылыми тұжырымдаған. Адам баласының алғашқы дәуірлерін зерттеуде бұл ғылым өте бай кешенді жиылған деректерді жинап, көне заманның тарихын сәулелендіруде шешуші қызмет атқарады. Осы артефактілерге негізделіп, жер шарын мекендеген халықтардың алғашқы тарихы жарық көрді. ХІХ-ХХ ғасырлардағы палеолит, қола, темір және ортағасырлық дәуірлер бойынша өте бай археологиялық деректер жиналды. Бұл ғылыми бұлақтар бұрын жарық көрген кейбір тұжырымдарды қайта қарауды қажет етеді. Оған қосымша, кейінгі жылдарда әлемдік мұрағаттардан өте бай жазба деректер табылды. Міне, осы деректерге сүйене отырып, әлем халықтарының тарихының кейбір көнерген проблемаларын қайта қарайтын тарихи кезең келді. Солардың бірі – арийлер мәселесіне деген жаңа көзқарас. Уахит ШӘЛЕКЕНОВ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры
11.11.2013 04:08 4206

Арийлер мәселесі жөнінде бірден-бір ғана сүйенетін жазба деректер – «Ригведа» және «Авеста» кітаптары. Осы туындылар – арийлер деп аталатын этностың тарихы мен тұрмысы сәулеленген зороастрийлердің қасиетті кітаптары. Б.з.б. VI-IV ғасырларда «Авеста» парсы тілінде жазылса, б.з. XIII-XIV ғасырларында оның парсы тілінде жазылған нұсқасы бізге жеткен. Парсы тілі үндіеуропалық тілдер тобына жатады.
Морфологиялық жолмен зерттегенде дүниежүзіндегі барша халықтардың тілдері грамматикалық құрылысының ұқсастығы бойынша 10 үлкен тіл тобына бөлінеді. Солардың бірі – үндіеуропалық тілдер тобы. Бұл топқа Еуропаның жергілікті халықтарының тілдері түгел кіреді. Соның ішінде парсы (Иран) тілі де бар. Осы лингвистикалық бірлікке сүйеніп, «Авестаның» бізге жеткен нұсқасы парсы тілінде болғандықтан, Еуропа ғалымдарының басым көпшілігі арийлердің шыққан тегі Алдыңғы Азия (Отаны) деп, Еуропа құрлығындағы үндіеуропалық тіл семьясына жататын барлық этностардың ежелгі бабалары арийлер болатынын қағаз бетіне толтырды. Олардың негізгі сүйенетін деректері – шығарманың парсы тілінде жазылуы. Олай болса, еуроцентристер «Авеста» кітабының мазмұнындағы кешенді деректерге көңіл бөлмей, мәселені біржақты қараумен келе жатыр. Осындай көзқарастағы еуроцентристердің пікірлері тарихта былай тұжырымдалған: «Единственно оправданным и принятым в настоящее время в науке является применение термина Арии по отношению к племенам и народам, говорящим на индоиранских языках (восточной ветвей индоевропейской семьи)».

Келтірілген үзіндіде ашық айтыл­ған. Еуроцентристер ұзақ жылдардан бері арийлер мәселесін тек үндіеуропалық тілге негізделіп, осы тіл тобында сөйлейтін тайпалар мен халықтардың бабасы болған деген ғылыми тұжырымдама жасаған. Міне, осы тұжырымдама әлі күнге дейін әлем тарихында үстемдік етуде. Бұл мәселені біржақты қараудың нәтижесінде оны ғылыми тұрғыдан түбегейлі шешу мүмкін емес. Орталық Азия түріктері ежелден Алдыңғы Азияны мекендеген парсылармен кешенді қарым-қатынаста болған. Парсылардан шыққан ғұламалар түрік тілін жақсы білсе, түрік ғұламалары да солай парсыша жазған, сөйлеген. Сондықтан бізге жеткен «Авеста» кітабы ертедегі түркі тілінен парсы тіліне көшірілген болуы да мүмкін. «Авеста» кітабының авторы әлі анықталмаған. Бұл мәселенің әлі түбегейлі шешілмегенін мойындауымыз қажет.
Бұл тұжырымның ғылыми негізі жеткіліксіз болғандықтан, арийлер мәселесін қайта қарайтын уақыт келді. Біріншіден, «Авеста» кітабында жазылған арий тайпалары мен халықтардың кешенді тұрмысын негізге алып, олардың өрбіген мекенін, табиғи, саяси, экономикалық және рухани мәдениеттерін талдап, зерттеп, бір ғылыми тұжырым шығару қажет. Екіншіден, ХІХ ғасырда, әсіресе, ХХ ғасырда археология ғылымы дамып, алғашқы адамдардың өрбіген Көне құрлықтарды зерттеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде Орталық Азияда археологиялық зерттеулер кеңінен жүргізіліп, жаңадан тас, қола, темір және орта ғасыр ескерткіштері ашылды. Нәтижесінде бұрын хабарымыз болмаған жаңалықтар топталып, өте бай археологиялық деректер жиналды. Археология тарих ғылымының өрісін кеңейтті. ХХ ғасырдағы белгілі ағылшын археологы Г.Чайлд осы ғылымның жетістіктерін: «Археология произвела переворот в исторической науке. Она расширила пространственный горизонт истории почти в той же степени, в какой телескоп расширил поле зрения астрономии. Она в сотни раз увеличила для истории перспективу в прошлое, точно так же, как микроскоп открыл для биологии, что за внешним обликом больших организмов скрывается жизнь мельчайших клеток. Наконец, она внесла такие же изменения в объем и содержание исторической науки, какие радиоактивность внесла в химию. Прежде всего, археология имеет дело преимущественно с повседневными предметами практического применения, приспособлениями и изобретениями, таким, как дом, осушительные канавы, топоры и т.д., которые сами по себе оказали значительно более глубокое влияние на жизнь горазда большего числа людей, чем любое сражение или заговор, но заниматься каторым ученые-историки прежде считали ниже собственного достоинства», – деп тамаша тұжырымдаған
Ғұламаның археологиялық жетістіктерді талдап, қорытқан пікірін сол күйінде келтірдік. Ол археология ғылымының соңғы ғасырлардағы жетістіктерін талдап, ой елегінен өткізіп, ғылыми тұжырымдаған. Адам баласының алғашқы дәуірлерін зерттеуде бұл ғылым өте бай кешенді жиылған деректерді жинап, көне заманның тарихын сәулелендіруде шешуші қызмет атқарады. Осы артефактілерге негізделіп, жер шарын мекендеген халықтардың алғашқы тарихы жарық көрді. ХІХ-ХХ ғасырлардағы палеолит, қола, темір және ортағасырлық дәуірлер бойынша өте бай археологиялық деректер жиналды. Бұл ғылыми бұлақтар бұрын жарық көрген кейбір тұжырымдарды қайта қарауды қажет етеді. Оған қосымша, кейінгі жылдарда әлемдік мұрағаттардан өте бай жазба деректер табылды. Міне, осы деректерге сүйене отырып, әлем халықтарының тарихының кейбір көнерген проблемаларын қайта қарайтын тарихи кезең келді. Солардың бірі – арийлер мәселесіне деген жаңа көзқарас.

Уахит ШӘЛЕКЕНОВ,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің профессоры

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға