Жаңалықтар

Жастар арасында садақ атудан Әлем чемпионатында Қазақстан екінші орын алды

Бүгін Алматыға садақ атудан жастар құрамасы келеді. Оның ішінде жеке есепте 2 орын алған жас спортшы Санжар Мұсаев бар, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстан Республикасы Садақ, арбалет пен дартс ату федерациясының президенті Е. Ерденбековке сілтеме жасап.  Осылайша, Санжар Мұсаев екінші орын алды, деді Е.Ерденбеков. Оның айтуынша, бірінші орын Ұлыбританияға бұйырған, ал үшінші орынды Мексика өз қанжығасына байлады. «Санжар – жаттықтырушы Артем Кичкиннің тәрбиеленушісі, бас жаттықтырушы – Нығматулла Сайдиев, Алматы облысы, Талдықорған қаласы»,-деп толықтырды федерация президенті.  Естеріңізге сала кетсек, 1996-1997 жылдар аралығында туған жастар арасында садақ атудан Әлем чемпионаты 13-20 қазан күндері Укси қаласында (ҚХР) өткен еді.
21.10.2013 10:30 3545

Бүгін Алматыға садақ атудан жастар құрамасы келеді. Оның ішінде жеке есепте 2 орын алған жас спортшы Санжар Мұсаев бар, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстан Республикасы Садақ, арбалет пен дартс ату федерациясының президенті Е. Ерденбековке сілтеме жасап. 

Осылайша, Санжар Мұсаев екінші орын алды, деді Е.Ерденбеков. Оның айтуынша, бірінші орын Ұлыбританияға бұйырған, ал үшінші орынды Мексика өз қанжығасына байлады. «Санжар – жаттықтырушы Артем Кичкиннің тәрбиеленушісі, бас жаттықтырушы – Нығматулла Сайдиев, Алматы облысы, Талдықорған қаласы»,-деп толықтырды федерация президенті. 

Естеріңізге сала кетсек, 1996-1997 жылдар аралығында туған жастар арасында садақ атудан Әлем чемпионаты 13-20 қазан күндері Укси қаласында (ҚХР) өткен еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға