Мақсыр және Өгейшөп өсімдігі
Масқыр. Бұл өсімдіктің жабайы түрі кездеспейді. Жерорта теңізі елдерінде, Орта Азияда мақсырдың қолдан өсірілетін 19 түрі бар. Қазақстанда оның 4 түрі өсіріледі. Олар: түкті мақсыр, тікенді мақсыр, сортаң мақсыр және бояу мақсыр деп аталады. Енді бояу мақсырға толығырақ назар аударайық. Мақсыр (сафлор) - тармақталған тік сабақты, біржылдық өсімдік. Оның қандауыр тәрізді сопақ жапырақтары өсімдік сабағына сағақсыз орналасады. Жапырақтарының жиегінде тікенектері болады. Сабақтың биіктігі - 100 сантиметр, кейде одан асып түседі. Гүлшоғыры - себетгүл. Гүлінің түсі ашық сары немесе қызыл-сары болып келеді. Бір өсімдікте 5-тен 60-қа дейін себетгүл бар. Жемісі - тұқымша. Бір себетгүлдегі ақ түсті, қырлы, жылтыр тұқымшалар саны 20-дай 100-ге дейін жетеді. Мақсырдың тұқымшаларынан май алынады. Олардың құрамында 25-37% май болады. Мақсыр майы күнбағыс майынан кем түспейді. Оның майы тағамға және техникалық мақсатқа (бояу, эмаль, сабын алуға) пайдаланылады. Мақсырдың тұқымшалары ауыл шаруашылық құстарына жем ретінде беріледі. Ал тұқым ұны ауыл шаруашылық малдарға күнжара түріндегі малазық болып саналады. Мақсырдың балаусалы сабақ жапырақтары сүрлемге салынып, малға беріледі. Күлте жапырақшалары да бағалы. Олардан қызыл және сары бояу өндіріледі. Аспаздыққа да пайдаланылады. Мата бояйтын бояу алынады. Солтүстік Африка және Азия елдерінде өсірілетіндіктен, мақсыр ыстыққа төзімді, құрғақшылыққа төтеп бере алады. Ол суды да үнемді жұмсайды. Мақсыр топырақ талғамайды. Өскіндері -6-10оС температураға төзеді. Өсімді мерзімі 93-117 күн. Мақсыр ауыспалы егістікте астық дақылдылардан кейін егіледі. Оның тұқымы көктемде қатар аралығы 30-60 см болатындай етіп себіледі. Егу нормасы - 1 гектарға 8-15 кг тұқым себу. Себу тереңдігі 5-8 см. Тұқымы толық пісіп, өсімдік құраған кезде комбайнмен тауып алады. Бітеугүлдену кезінде - пішен ретінде, ал гүлдеу немесе себетгүл түзу кезінде сүрлемге орып жинайды. Мақсыр - өте пайдалы өсімдік. Өгейшөп - Қазақстанда 1 ғана түрі кездесетін тамырсабақты, көпжылдық шөптекті өсімдік. Ерте көктемде көптеген шөптекті өсімдіктерден бұрын өгейшөп шығып, гүлдейді. Өгейшөп тамырсабағынан дамыған гүлсидамның биіктігі 10-25 см, жапырақтары қызғылт-қоңыр түсті, сағақсыз, қабыршақты болады. Гүлдеп болған соң тамырға жақын жерінен ұзын сағақты, жүрек пішінді, ені 10-15 сантиметрге жететін үлкен жасыл жапырақтары дамиды. Өгейшөп жапырағы тақтасының үстіңгі беті түксіз жылтыр - «салқындық» сезім тудырады. Жапырақтың астыңғы бетінде жұмсақ түктер өсіп, «жылылық» шырай білдіреді. Осы екі түрлі ерекшелігіне байланысты өсімдік «өгейшөп» аталған. Өгейшөптің сары түсті ұсақ гүлдері ені 1-2 см мөлшерінде себетгүлге (корзинка) - гүлшоғырға жиналған. Себетгүлде топтасқан гүлдері екі түрлі: себетгүлдің жиегіндегі (шетіндегі) гүлдердің барлығы - аналық тілшелі гүлдер, ортасында орналасқандарының барлығы - аталық түтікшелі гүлдер. Сонымен, өгейшөптің себетгүлінде (гүлшоғырында) аталық та, аналық та гүлдердің болатынына көз жеткіздік. Өгейшөпті өзен жағалауынан, сайлардан, аласа төбе етектерінен, өзге де жерлерден кездестіре аламыз. Ол - дәрілік өсімдік. Халықтық медицинада жапырағы, гүлі, сабағы әр түрлі дертке дәру ретінде пайдаланылады. Оның жапырағы қақырық түсіруге жиі қолданылады. Ауатамырдың қабынуына, сондай-ақ туберкулезді емдеуде де өгейшөп жапырағының маңызы зор.Масқыр. Бұл өсімдіктің жабайы түрі кездеспейді. Жерорта теңізі елдерінде, Орта Азияда мақсырдың қолдан өсірілетін 19 түрі бар. Қазақстанда оның 4 түрі өсіріледі. Олар: түкті мақсыр, тікенді мақсыр, сортаң мақсыр және бояу мақсыр деп аталады. Енді бояу мақсырға толығырақ назар аударайық.
Мақсыр (сафлор) - тармақталған тік сабақты, біржылдық өсімдік. Оның қандауыр тәрізді сопақ жапырақтары өсімдік сабағына сағақсыз орналасады. Жапырақтарының жиегінде тікенектері болады. Сабақтың биіктігі - 100 сантиметр, кейде одан асып түседі. Гүлшоғыры - себетгүл. Гүлінің түсі ашық сары немесе қызыл-сары болып келеді. Бір өсімдікте 5-тен 60-қа дейін себетгүл бар. Жемісі - тұқымша. Бір себетгүлдегі ақ түсті, қырлы, жылтыр тұқымшалар саны 20-дай 100-ге дейін жетеді.
Мақсырдың тұқымшаларынан май алынады. Олардың құрамында 25-37% май болады. Мақсыр майы күнбағыс майынан кем түспейді. Оның майы тағамға және техникалық мақсатқа (бояу, эмаль, сабын алуға) пайдаланылады. Мақсырдың тұқымшалары ауыл шаруашылық құстарына жем ретінде беріледі. Ал тұқым ұны ауыл шаруашылық малдарға күнжара түріндегі малазық болып саналады. Мақсырдың балаусалы сабақ жапырақтары сүрлемге салынып, малға беріледі. Күлте жапырақшалары да бағалы. Олардан қызыл және сары бояу өндіріледі. Аспаздыққа да пайдаланылады. Мата бояйтын бояу алынады.
Солтүстік Африка және Азия елдерінде өсірілетіндіктен, мақсыр ыстыққа төзімді, құрғақшылыққа төтеп бере алады. Ол суды да үнемді жұмсайды. Мақсыр топырақ талғамайды. Өскіндері -6-10оС температураға төзеді. Өсімді мерзімі 93-117 күн. Мақсыр ауыспалы егістікте астық дақылдылардан кейін егіледі. Оның тұқымы көктемде қатар аралығы 30-60 см болатындай етіп себіледі. Егу нормасы - 1 гектарға 8-15 кг тұқым себу. Себу тереңдігі 5-8 см. Тұқымы толық пісіп, өсімдік құраған кезде комбайнмен тауып алады. Бітеугүлдену кезінде - пішен ретінде, ал гүлдеу немесе себетгүл түзу кезінде сүрлемге орып жинайды. Мақсыр - өте пайдалы өсімдік.
Өгейшөп - Қазақстанда 1 ғана түрі кездесетін тамырсабақты, көпжылдық шөптекті өсімдік. Ерте көктемде көптеген шөптекті өсімдіктерден бұрын өгейшөп шығып, гүлдейді. Өгейшөп тамырсабағынан дамыған гүлсидамның биіктігі 10-25 см, жапырақтары қызғылт-қоңыр түсті, сағақсыз, қабыршақты болады. Гүлдеп болған соң тамырға жақын жерінен ұзын сағақты, жүрек пішінді, ені 10-15 сантиметрге жететін үлкен жасыл жапырақтары дамиды. Өгейшөп жапырағы тақтасының үстіңгі беті түксіз жылтыр - «салқындық» сезім тудырады. Жапырақтың астыңғы бетінде жұмсақ түктер өсіп, «жылылық» шырай білдіреді. Осы екі түрлі ерекшелігіне байланысты өсімдік «өгейшөп» аталған. Өгейшөптің сары түсті ұсақ гүлдері ені 1-2 см мөлшерінде себетгүлге (корзинка) - гүлшоғырға жиналған. Себетгүлде топтасқан гүлдері екі түрлі: себетгүлдің жиегіндегі (шетіндегі) гүлдердің барлығы - аналық тілшелі гүлдер, ортасында орналасқандарының барлығы - аталық түтікшелі гүлдер. Сонымен, өгейшөптің себетгүлінде (гүлшоғырында) аталық та, аналық та гүлдердің болатынына көз жеткіздік.
Өгейшөпті өзен жағалауынан, сайлардан, аласа төбе етектерінен, өзге де жерлерден кездестіре аламыз. Ол - дәрілік өсімдік. Халықтық медицинада жапырағы, гүлі, сабағы әр түрлі дертке дәру ретінде пайдаланылады. Оның жапырағы қақырық түсіруге жиі қолданылады. Ауатамырдың қабынуына, сондай-ақ туберкулезді емдеуде де өгейшөп жапырағының маңызы зор.
