Жаңалықтар

23 қазанда «Dariger» тегін мобильді қосымшасының тұсаукесері өтеді

Дәрігерлер мен науқас жандарға арналған Қазақстандағы алғашқы «Dariger» тегін мобильді қосымшасының тұсаукесері рәсімі Astana Zdorovie 2013 халықаралық медициналық көрмесінің аясында өтеді. Бұл туралы BAQ.kz тілшісі хабарлайды.  «Dariger» мобильді қосымшасы – Beeline Қазақстан компаниясының «Beeline Telemedicine» әлеуметтік бағдарламасындағы алғашқы жобасы. Бағдарламаның міндеті – мобильді технологияның көмегімен, отандастарымызға өздерінің және өз жақындарының денсаулығын бақылауда жаңа мүмкіндіктер ұсына отырып, Қазақстандағы денсаулық сақтау сапасын арттыруға атсалысу. «Dariger» МҚ-ның негізі – Адамдардың барлық негізгі сырқаттарының анықталуы мен емделуінің ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен хаттамалары. Қосымша қазақ және орыс тілдерінде болады. «Dariger» жас дәрігерлер мен студенттерге өз кәсіби шеберліктерін арттыру жолында және дербес дәрігерлік қызмет барысында таптырмас көмекші бола алады. Қосымшаны медицина саласының мамандары ғана емес, арнайы медициналық мағлұмат алғысы келген барлық қазақстандықтар пайдалана алады.
21.10.2013 10:05 3267

Дәрігерлер мен науқас жандарға арналған Қазақстандағы алғашқы «Dariger» тегін мобильді қосымшасының тұсаукесері рәсімі Astana Zdorovie 2013 халықаралық медициналық көрмесінің аясында өтеді. Бұл туралы BAQ.kz тілшісі хабарлайды. 

«Dariger» мобильді қосымшасы – Beeline Қазақстан компаниясының «Beeline Telemedicine» әлеуметтік бағдарламасындағы алғашқы жобасы.
Бағдарламаның міндеті – мобильді технологияның көмегімен, отандастарымызға өздерінің және өз жақындарының денсаулығын бақылауда жаңа мүмкіндіктер ұсына отырып, Қазақстандағы денсаулық сақтау сапасын арттыруға атсалысу.
«Dariger» МҚ-ның негізі – Адамдардың барлық негізгі сырқаттарының анықталуы мен емделуінің ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен хаттамалары. Қосымша қазақ және орыс тілдерінде болады. «Dariger» жас дәрігерлер мен студенттерге өз кәсіби шеберліктерін арттыру жолында және дербес дәрігерлік қызмет барысында таптырмас көмекші бола алады. Қосымшаны медицина саласының мамандары ғана емес, арнайы медициналық мағлұмат алғысы келген барлық қазақстандықтар пайдалана алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға