Жаңалықтар

Шиеліде шайнекпен бірдей баклажан өсті

Қызылорда облысы, Шиелі ауданында ерекше құбылыстар жиі бой көрсетуде. Атап айтсақ, Шиелі ауданының тұрғыны Серiк Өмiрбековтың бақшасында салмағы 2 келі тартатын баклажан өсіпті. Қиярдағы немесе қозының денесiндегi «Алла» жазуы барша жамағатты елең еткізгені жасырын емес. Ал ауданға қарасты Бәйгеқұм ауылындағы айдаһар тақiлеттес жануар, Бидайкөл елді мекеніндегі алма жемiсiнен бас көтере алмай тұрған ергежейлi ағаш көпшілікті таңғалдырып келеді. Табиғат-ананың осындай таңғажайыптарына Шиелі ауданының тұрғыны Серiк Өмiрбековтың үйiнде өскен баклажанды қосуға болады. Пiшiмi ерекше, салмағы 1-2 кг тартатын баклажанды ешбір жерден кездестірмедік. Ерекше пішінді үш баклажан үлкен табаққа әзер сыйды. Бұл оның сортынан ба, жердiң күштiлiгi ме, әлде тыңайтқыш бердi ме?.. Оны бiлмедiк. Әйтеуір мұны табиғаттың тағы бір тылмыс құдіретіне баладық. Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ BNews.kz
18.10.2013 03:01 3937

Қызылорда облысы, Шиелі ауданында ерекше құбылыстар жиі бой көрсетуде. Атап айтсақ, Шиелі ауданының тұрғыны Серiк Өмiрбековтың бақшасында салмағы 2 келі тартатын баклажан өсіпті.

Қиярдағы немесе қозының денесiндегi «Алла» жазуы барша жамағатты елең еткізгені жасырын емес. Ал ауданға қарасты Бәйгеқұм ауылындағы айдаһар тақiлеттес жануар, Бидайкөл елді мекеніндегі алма жемiсiнен бас көтере алмай тұрған ергежейлi ағаш көпшілікті таңғалдырып келеді.

Табиғат-ананың осындай таңғажайыптарына Шиелі ауданының тұрғыны Серiк Өмiрбековтың үйiнде өскен баклажанды қосуға болады. Пiшiмi ерекше, салмағы 1-2 кг тартатын баклажанды ешбір жерден кездестірмедік. Ерекше пішінді үш баклажан үлкен табаққа әзер сыйды. Бұл оның сортынан ба, жердiң күштiлiгi ме, әлде тыңайтқыш бердi ме?.. Оны бiлмедiк. Әйтеуір мұны табиғаттың тағы бір тылмыс құдіретіне баладық.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ
BNews.kz
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға