Азат Нұрғалиев
Кезінде «Тобыл» сапында жасындай жарқыраған, бүгінгі күні шымкенттік «Ордабасының» үздік жартылай қорғаушыларының бірі – Азат Нұрғалиев. Азат Мәлікұлы Нұрғалиев 1986 жылы 30 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келген. Азат та футболға қызығушылығы оянғаннан кейін қаладағы «Балалар мен жасөпірімдер спорт» мектебінде тәлім алған. Бұл мектепте сол кезде Азаттан бөлек Таңат Нөсербаев, Мұхтар Мұхтаров сияқты бүгінгі күні танымал футболшылар болды. Спорт мектебінен кейін 2004 жылы «Ордабасыға» шақырылды. Ол кезде команданың бас бапкері Бақтияр Байсейітов болатын. Бақтияр Даниярұлы көптеген жас футболшыларды негізгі құрамда ойнатып, жұлдыздарының жарқырауына жол ашты. Шымкенттік команданың сапында алғашқы жылы 20 ойын өткізіп, бір гол соқты. Келесі жылы тіпті ашыла түсті. Сосын оған қостанайлық «Тобыл» құда түсті. Бас бапкер Дмитрий Огай сол жылы Азатпен қатар Александр Петухов, Александр Фамильцев, Сергей Скорых, Мүслім Агаев секілді танымал футболшыларды Қостанайға шақырды. Жаңа бапкер, жаңа ойыншылар маусымды өте сәтті бастады. Бастапқы төрт ойында «Тобыл» футболшылары турнир кестесінде бірінші орынға жайғасты. Бірақ кейіннен бірнеше ойында ұпай жоғалтып, біріншілікті үшінші орынмен аяқтады. «Тобыл» футболшылары чемпионаттағы 30 ойында 43 гол соғып, шабуылдағы нәтижеліктерімен ерекшеленді. Келесі маусым да «Тобыл» үшін өте сәтті аяқталды. «Интертото» кубогына қатысқан Дмитрий Огайдың шәкірттері алысқа шапты. Жолына кездескен қарсыластың бірнешеуін жолынан ығыстырды. «Зестафони», «Слован» (Ливерец), «ОФИ Крит» командалары жерлестеріміздің мықтылығын мойындады. Қазақстан біріншілігінде тағы да «Ақтөбеден» кейінгі екінші орынға ие болды. Есесіне, тұңғыш рет Қазақстан кубогы Қостанай футболшыларына бұйырды. Финалда Азат өзінің бұрынғы командасы «Ордабасыға» қарсы ойнады. Сол кездесуде «Тобыл» 3:0 есебімен шымкенттік футболшыларды тас-талқан етіп ұтты. 2008 жылы ол өзінің командадағы нәтижелі ойыншылардың бір екенін көрсетті. Қазақстан чемпионатында 21 ойында 8 гол соқты. Бұрындары бір маусымда бес голдан артық соқпайтын футболшы үшін бұл жоғары нәтиже. Азат негізінен көп голдан соққан соққан гөрі, әріптестеріне жиі пас бергенді жақсы көреді. «Тобыл» жанкүйерлері де, футболшылары да көптен күткен бас жүлделеріне 2010 жылы қол жеткізді. Дмитрий Огайдың тұсында бұйырмаған «алтынды» ресейлік Равиль Сабитов әперді. Равиль Сабитов командамен келісімшартқа отырғаннан кейін оқу-жаттығу жиындарын Түркия және Италия жерінде өткізді. Сондай-ақ, ел біріншілігі жаңа жүйеге көшті. Жаңа жүйе командаға құт әкелді. Клуб президенті Халимжан Ержанов бастаған басшылар футболшыларға қажетті жағдайды жасап, чемпион болу үшін қолдан келгенді аямады. Төккен тер текке кеткен жоқ. Сарыла күткен сары алтында Қостанай жұртымен де қауышты. Маусым аяқталған соң, команданың біраз футболшылары Қостанайдан кетті. «Тобылдың» аңыз футболшысы Нұрбол Жұмасқалиев елордаға кеткенде Азат өз туған жеріне оралды. Шымкентке келген соң, «Ордабасымен» екінші рет Қазақстан кубогында жеңіске жетті. Бір қызығы, финалда олар қостанайлық «Тобылды» тізерлетті, 2007 жылы «Тобылмен» жеңіске жеткенде, керсінше финалда «Ордабасыны» ұтқан еді. Соған қарағанда Азат қайсында ойнайды сол команда жеңіске жететін секілді. Ал былтыр Азат «Жетісу» және «Сұңқар» клубтарына жалға берілді. Биылғы маусымда қайтадан «Ордабасыда» өнер көрсетіп жүр. Бұл күндері Шымкенттік клубтың сенім артар серкелерінің бірі. Ұлттық құрамада Ұлттық құрамаға алғаш 2009 жылы шақырылды. Арно Пайперс құрамадан кеткен соң, оның орнына бір ойынға Бернд Штанге бастап шықты. Беларусь өткен кездесуге Штанге шақырған ойыншылардың қатарында Азат та болды. Одан кейін бас бапкер Бернд Шторк Андорамен болған матчқа шақырды. Жалпы құрама сапында осы уақытқа дейін 16 ойын өткізген. Жетістіктері: Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2010 жылы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2007, 2008 жылдары Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2006 жылы Қазақстан Кубогының иегері: 2007, 2011 жылдары Бек Төлеуов, «Sport»Кезінде «Тобыл» сапында жасындай жарқыраған, бүгінгі күні шымкенттік «Ордабасының» үздік жартылай қорғаушыларының бірі – Азат Нұрғалиев.
Азат Мәлікұлы Нұрғалиев 1986 жылы 30 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келген. Азат та футболға қызығушылығы оянғаннан кейін қаладағы «Балалар мен жасөпірімдер спорт» мектебінде тәлім алған. Бұл мектепте сол кезде Азаттан бөлек Таңат Нөсербаев, Мұхтар Мұхтаров сияқты бүгінгі күні танымал футболшылар болды.
Спорт мектебінен кейін 2004 жылы «Ордабасыға» шақырылды. Ол кезде команданың бас бапкері Бақтияр Байсейітов болатын. Бақтияр Даниярұлы көптеген жас футболшыларды негізгі құрамда ойнатып, жұлдыздарының жарқырауына жол ашты. Шымкенттік команданың сапында алғашқы жылы 20 ойын өткізіп, бір гол соқты. Келесі жылы тіпті ашыла түсті. Сосын оған қостанайлық «Тобыл» құда түсті.
Бас бапкер Дмитрий Огай сол жылы Азатпен қатар Александр Петухов, Александр Фамильцев, Сергей Скорых, Мүслім Агаев секілді танымал футболшыларды Қостанайға шақырды. Жаңа бапкер, жаңа ойыншылар маусымды өте сәтті бастады. Бастапқы төрт ойында «Тобыл» футболшылары турнир кестесінде бірінші орынға жайғасты. Бірақ кейіннен бірнеше ойында ұпай жоғалтып, біріншілікті үшінші орынмен аяқтады. «Тобыл» футболшылары чемпионаттағы 30 ойында 43 гол соғып, шабуылдағы нәтижеліктерімен ерекшеленді.
Келесі маусым да «Тобыл» үшін өте сәтті аяқталды. «Интертото» кубогына қатысқан Дмитрий Огайдың шәкірттері алысқа шапты. Жолына кездескен қарсыластың бірнешеуін жолынан ығыстырды. «Зестафони», «Слован» (Ливерец), «ОФИ Крит» командалары жерлестеріміздің мықтылығын мойындады.
Қазақстан біріншілігінде тағы да «Ақтөбеден» кейінгі екінші орынға ие болды. Есесіне, тұңғыш рет Қазақстан кубогы Қостанай футболшыларына бұйырды. Финалда Азат өзінің бұрынғы командасы «Ордабасыға» қарсы ойнады. Сол кездесуде «Тобыл» 3:0 есебімен шымкенттік футболшыларды тас-талқан етіп ұтты.
2008 жылы ол өзінің командадағы нәтижелі ойыншылардың бір екенін көрсетті. Қазақстан чемпионатында 21 ойында 8 гол соқты. Бұрындары бір маусымда бес голдан артық соқпайтын футболшы үшін бұл жоғары нәтиже. Азат негізінен көп голдан соққан соққан гөрі, әріптестеріне жиі пас бергенді жақсы көреді.
«Тобыл» жанкүйерлері де, футболшылары да көптен күткен бас жүлделеріне 2010 жылы қол жеткізді. Дмитрий Огайдың тұсында бұйырмаған «алтынды» ресейлік Равиль Сабитов әперді.
Равиль Сабитов командамен келісімшартқа отырғаннан кейін оқу-жаттығу жиындарын Түркия және Италия жерінде өткізді. Сондай-ақ, ел біріншілігі жаңа жүйеге көшті. Жаңа жүйе командаға құт әкелді. Клуб президенті Халимжан Ержанов бастаған басшылар футболшыларға қажетті жағдайды жасап, чемпион болу үшін қолдан келгенді аямады. Төккен тер текке кеткен жоқ. Сарыла күткен сары алтында Қостанай жұртымен де қауышты.
Маусым аяқталған соң, команданың біраз футболшылары Қостанайдан кетті. «Тобылдың» аңыз футболшысы Нұрбол Жұмасқалиев елордаға кеткенде Азат өз туған жеріне оралды.
Шымкентке келген соң, «Ордабасымен» екінші рет Қазақстан кубогында жеңіске жетті. Бір қызығы, финалда олар қостанайлық «Тобылды» тізерлетті, 2007 жылы «Тобылмен» жеңіске жеткенде, керсінше финалда «Ордабасыны» ұтқан еді. Соған қарағанда Азат қайсында ойнайды сол команда жеңіске жететін секілді.
Ал былтыр Азат «Жетісу» және «Сұңқар» клубтарына жалға берілді. Биылғы маусымда қайтадан «Ордабасыда» өнер көрсетіп жүр. Бұл күндері Шымкенттік клубтың сенім артар серкелерінің бірі.
Ұлттық құрамада
Ұлттық құрамаға алғаш 2009 жылы шақырылды. Арно Пайперс құрамадан кеткен соң, оның орнына бір ойынға Бернд Штанге бастап шықты. Беларусь өткен кездесуге Штанге шақырған ойыншылардың қатарында Азат та болды. Одан кейін бас бапкер Бернд Шторк Андорамен болған матчқа шақырды. Жалпы құрама сапында осы уақытқа дейін 16 ойын өткізген.
Жетістіктері:
Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2010 жылы
Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2007, 2008 жылдары
Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2006 жылы
Қазақстан Кубогының иегері: 2007, 2011 жылдары
Бек Төлеуов, «Sport»
