Жаңалықтар

АҚШ-та қазақ әдебиетінің антологиясы таныстырылды

АҚШ-та алғаш рет қазақ әдебиетінің антологиясы таныстырылды. Антология атауы – «Ұлы Дала әңгімелері: Қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің антологиясы», деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. «Шараға қоғамдық-саяси және академиялық топтардың, дипкорпустың өкілдері, қазақ диаспорасының мүшелері мен өнер және мәдениет саласының мамандары қатысты», - делінген ақпаратта. Шарада сөз сөйлеген Қазақстан елшісі Қайрат Омаров аталмыш басылымның жоғары мәдени құндылығын атап өтті. Оған қазақстандық жазушылар мен ақындардың таңдаулы шығармалары кірді. Сондай-ақ, ол мәдениет саласында өзара ынтымақтастық орнатуға барлық жағдайдың жасалғанын айтты. Таныстырылған кітапты онлайн дүкендерден сатып алуға болады. BNews.kz
17.10.2013 05:31 3773

АҚШ-та алғаш рет қазақ әдебиетінің антологиясы таныстырылды. Антология атауы – «Ұлы Дала әңгімелері: Қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің антологиясы», деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Шараға қоғамдық-саяси және академиялық топтардың, дипкорпустың өкілдері, қазақ диаспорасының мүшелері мен өнер және мәдениет саласының мамандары қатысты», - делінген ақпаратта.

Шарада сөз сөйлеген Қазақстан елшісі Қайрат Омаров аталмыш басылымның жоғары мәдени құндылығын атап өтті. Оған қазақстандық жазушылар мен ақындардың таңдаулы шығармалары кірді. Сондай-ақ, ол мәдениет саласында өзара ынтымақтастық орнатуға барлық жағдайдың жасалғанын айтты.

Таныстырылған кітапты онлайн дүкендерден сатып алуға болады.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға