Жаңалықтар

Адамның бірлікте өмір сүруі – заманның мамыражай болмағына кепіл

Қоғамның басты байлығы адам және оның өмірі болғандықтан, адам баласының бірлікте, тыныштықта, ымырада өмір сүруі – заманның мамыражай болмағына кепіл. Дана қазақ әу бастан баланы осы қағидаларға бейімдеп тәрбиелеп келді. Бұрынғы көшпелі дала мәдениетінде адам екіге бөліп қарастырылатын: оның жақсы жағы және жаман жағы. Сол дәуірдегі тәрбие беруші – әулие ұстаздар баланың теріс мінез-құлқымен, қылығымен, қасаң әдеттерімен күресе отырып, рухын кемелдендіруші еді. Осындай ілімнің нәтижесінде қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы қалыптасқан. Кешегі 1937-1938-жылдардың зұлматында репрессияға ұшыраған интеллигенциялардың 4-5 жылдық семинариялар мен 2 кластық орыс-қазақ мектептерін оқығаны болмаса, барлығы дерлік ауыл ақсақалдарының алдын көргендер еді. Зиялы қауымның өз қолдарымен жазған өмірбаяндарына көз жүгіртсек, мынадай естеліктерге куә боламыз: «Баяғыда, бала күнімізде ауылымыздың жанында дөң болушы еді. Күн жылынғанда, әсіресе, жазғытұрым мезгілінде ауылдың үлкендері төңіректегі қарадомалақ балалардың бәрін жинап, әлгі жасыл желекке оранған төмпешіктің үстінде отырып, жыр-дастан, ертегі және қызықты әңгімелер айтып беруші еді. Біз оны қоршалай отырып, аузынан шыққан әрбір сөзді ұйып тыңдайтынбыз», – дейді. XX ғасырдың басына дейін қазақ баласы рухани қорегін осылай тапты. Біздің халқымыз қара бастың қамынан аса алмайтын тоғышар, мешеу наданды тәрбиелеп шығаруды мақсат етіп қойған емес. Дала қарадомалағының ұстанымы біреу ғана болған: «Ауылыңда болса аузыңа тиеді, еліңде болса ерніңе тиеді». Бабаларымыздан қалған ертегі, дастан, жыр һәм қиссалардағы батырлар мен жомарттар баланың «Ержеткенде мен де осылардай болам» дейтін арманына айналды. Дала педагогикасының мақсаты – осы таза дәптерді ізгі ниетпен, адамгершілікпен, ар-ұятпен толтыру. Сондықтан қазақ салиқалы азаматты көкірегі ояу, терең ойлы жан деп есептеген. Қазіргі таңда адам бұрынғысынша дараланып, бөлшектеніп емес, тұтас ағза ретінде ұғындырылады. Оның кертартпа қуаты ескерілмей, ол қоғамның басты қозғаушы күші саналды. Сөйтіп, бітеу жараға айналдырылды. Бұл адам денесінен бөртіп шыққан жараға ешқандай ем-дом жасамай, дәкемен орап, сыртынан сипалағанмен бірдей еді. Бүгінгі біздің қызметіміз сол жараны сырттай сипалау болып қалды. Білімді жұрт – Еуропа осы кеселге бірінші болып шалдыққан. Неміс философы Фихте өзінің зарын бізге былай деп жеткізеді: «Жас адамның бойында даналық немесе залым болуының мүмкіндіктері болады. Бірақ, – дейді ұлы философ, – менің ізгі данагөй немесе залым болып шығуым менсіз шартты түрде алдын ала анықталып қойылған секілді. Ондай анықтауға өз тарапымнан өзгеріс енгізуге дәрменсіздігім, сондықтан да алғашқыда (дана болуға ұмтылуда) менің ешқандай табысымның жоқтығы, ал екіншісінде (залым болып шығардай) ешбір кінәмнің жоқтығы мені жиреніш пен үрейге булықтырады…». Адам баласы жаратылысқа қарап өзін-өзі тануы тиіс. Өнер-білім – ақылдың азығы. Ал ақыл – рухты кемелдендіруші қуат. Өзен ағысынан, өскен ағаштан, толған ойдан, домалаған тастан ғибрат алмаса даму кенжелейді. Педагогика адам дайындаушы емес, маман дайын­даушы болып өзгерді және соңғыларының саны көбейді. Оны методологиялық көзқараспен пән деп атады. Көз алдыңызға хош иісті табиғи гүл мен пластмассадан жасалған гүлді қатар қойып елестетіңізші. Табиғи гүлге су керек, күннің жарығы керек, жылу керек, қорек тыңайтқыш керек, түбін қопсыту керек және осы нәзік те ауыр жұмысты атқаратын гүл өсіруші міндетті түрде керек. Сол сияқты адам болу үшін саған таза ақыл керек, кемел тақуалық керек, рухани дертіңе ем керек және шипаны бойыңа егетін Ұстаз керек. Ал пластмасса гүлге бояу мен пластмасса жеткілікті болса, сол сияқты маманға студент деген атақ пен аттестат, диплом ғана қанағат береді. Керек пен керексізді ажырата алмай педагогикадағы категориялар мағынасынан адастырылып догмаланды. Қорыта келгенде, елімізде ұлттық құндылықтар негізінде білім, тәрбие бере отырып, тұлға қалыптастыру сынды келелі мәселелер күнтәртібіне шыққаны анық. Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпақ тәрбиелеу – қазақ халқында ежелден-ақ келе жатқан үрдіс. Ұлтымыздың осы бір жақсы әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бүгінгі тәрбие үрдісінде тиімді екені даусыз мәселе. Ендеше, осынау ұлан-ғайыр жерімізде ғұмыр кешіп, артына мол рухани мұра қалдырған тұлғаларымыздың қалыптастырған тәрбиелік ілімін заман талабына сай пайдалану басты мақсат болып табылады.   Қаламқас Қамзаева «Ана тілі» газеті
16.10.2013 10:17 4165

Қоғамның басты байлығы адам және оның өмірі болғандықтан, адам баласының бірлікте, тыныштықта, ымырада өмір сүруі – заманның мамыражай болмағына кепіл. Дана қазақ әу бастан баланы осы қағидаларға бейімдеп тәрбиелеп келді.
Бұрынғы көшпелі дала мәдениетінде адам екіге бөліп қарастырылатын: оның жақсы жағы және жаман жағы. Сол дәуірдегі тәрбие беруші – әулие ұстаздар баланың теріс мінез-құлқымен, қылығымен, қасаң әдеттерімен күресе отырып, рухын кемелдендіруші еді. Осындай ілімнің нәтижесінде қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы қалыптасқан. Кешегі 1937-1938-жылдардың зұлматында репрессияға ұшыраған интеллигенциялардың 4-5 жылдық семинариялар мен 2 кластық орыс-қазақ мектептерін оқығаны болмаса, барлығы дерлік ауыл ақсақалдарының алдын көргендер еді. Зиялы қауымның өз қолдарымен жазған өмірбаяндарына көз жүгіртсек, мынадай естеліктерге куә боламыз: «Баяғыда, бала күнімізде ауылымыздың жанында дөң болушы еді. Күн жылынғанда, әсіресе, жазғытұрым мезгілінде ауылдың үлкендері төңіректегі қарадомалақ балалардың бәрін жинап, әлгі жасыл желекке оранған төмпешіктің үстінде отырып, жыр-дастан, ертегі және қызықты әңгімелер айтып беруші еді. Біз оны қоршалай отырып, аузынан шыққан әрбір сөзді ұйып тыңдайтынбыз», – дейді. XX ғасырдың басына дейін қазақ баласы рухани қорегін осылай тапты.
Біздің халқымыз қара бастың қамынан аса алмайтын тоғышар, мешеу наданды тәрбиелеп шығаруды мақсат етіп қойған емес. Дала қарадомалағының ұстанымы біреу ғана болған: «Ауылыңда болса аузыңа тиеді, еліңде болса ерніңе тиеді». Бабаларымыздан қалған ертегі, дастан, жыр һәм қиссалардағы батырлар мен жомарттар баланың «Ержеткенде мен де осылардай болам» дейтін арманына айналды.
Дала педагогикасының мақсаты – осы таза дәптерді ізгі ниетпен, адамгершілікпен, ар-ұятпен толтыру. Сондықтан қазақ салиқалы азаматты көкірегі ояу, терең ойлы жан деп есептеген.
Қазіргі таңда адам бұрынғысынша дараланып, бөлшектеніп емес, тұтас ағза ретінде ұғындырылады. Оның кертартпа қуаты ескерілмей, ол қоғамның басты қозғаушы күші саналды. Сөйтіп, бітеу жараға айналдырылды. Бұл адам денесінен бөртіп шыққан жараға ешқандай ем-дом жасамай, дәкемен орап, сыртынан сипалағанмен бірдей еді. Бүгінгі біздің қызметіміз сол жараны сырттай сипалау болып қалды. Білімді жұрт – Еуропа осы кеселге бірінші болып шалдыққан. Неміс философы Фихте өзінің зарын бізге былай деп жеткізеді: «Жас адамның бойында даналық немесе залым болуының мүмкіндіктері болады. Бірақ, – дейді ұлы философ, – менің ізгі данагөй немесе залым болып шығуым менсіз шартты түрде алдын ала анықталып қойылған секілді. Ондай анықтауға өз тарапымнан өзгеріс енгізуге дәрменсіздігім, сондықтан да алғашқыда (дана болуға ұмтылуда) менің ешқандай табысымның жоқтығы, ал екіншісінде (залым болып шығардай) ешбір кінәмнің жоқтығы мені жиреніш пен үрейге булықтырады…».
Адам баласы жаратылысқа қарап өзін-өзі тануы тиіс. Өнер-білім – ақылдың азығы. Ал ақыл – рухты кемелдендіруші қуат. Өзен ағысынан, өскен ағаштан, толған ойдан, домалаған тастан ғибрат алмаса даму кенжелейді.
Педагогика адам дайындаушы емес, маман дайын­даушы болып өзгерді және соңғыларының саны көбейді. Оны методологиялық көзқараспен пән деп атады. Көз алдыңызға хош иісті табиғи гүл мен пластмассадан жасалған гүлді қатар қойып елестетіңізші. Табиғи гүлге су керек, күннің жарығы керек, жылу керек, қорек тыңайтқыш керек, түбін қопсыту керек және осы нәзік те ауыр жұмысты атқаратын гүл өсіруші міндетті түрде керек. Сол сияқты адам болу үшін саған таза ақыл керек, кемел тақуалық керек, рухани дертіңе ем керек және шипаны бойыңа егетін Ұстаз керек. Ал пластмасса гүлге бояу мен пластмасса жеткілікті болса, сол сияқты маманға студент деген атақ пен аттестат, диплом ғана қанағат береді. Керек пен керексізді ажырата алмай педагогикадағы категориялар мағынасынан адастырылып догмаланды.
Қорыта келгенде, елімізде ұлттық құндылықтар негізінде білім, тәрбие бере отырып, тұлға қалыптастыру сынды келелі мәселелер күнтәртібіне шыққаны анық. Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпақ тәрбиелеу – қазақ халқында ежелден-ақ келе жатқан үрдіс. Ұлтымыздың осы бір жақсы әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бүгінгі тәрбие үрдісінде тиімді екені даусыз мәселе. Ендеше, осынау ұлан-ғайыр жерімізде ғұмыр кешіп, артына мол рухани мұра қалдырған тұлғаларымыздың қалыптастырған тәрбиелік ілімін заман талабына сай пайдалану басты мақсат болып табылады.
 

Қаламқас Қамзаева

«Ана тілі» газеті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға