Жаңалықтар

Жақаңның жарқын істері

Қырық жыл саналы ғұмырымды сарп еткен Шу өлкесі туралы сұрай қалса, санадағы естеліктерім «сөйлей» жөнеледі. Биыл сексен жылдығы аталып өтіп жатқан ауданды алғаш аяғынан тік тұрғызып, алға қадам басуына қалтқысыз қызмет еткен қайраткер ағаларымызды еске алмау мүмкін емес. Ел экономикасының еңсесі көтерілуіне сүбелі үлес қосқандар соғыстан қайтқан, жаралы жүрекпен келген солдаттар екені көпке аян. Біздің елде соғыс болған жоқ, бірақ соғыстың азабын ел тартудайын тартты. «Барлығы – майданға!» деген ұран болды. Ата-әжелеріміз аш-жалаңаш қалса да, тым болмаса, жүн шұлық тоқып берді. «Соқадан – Атомға» жетсек те ауылшаруашылығы техникаға, басқа да мұқтаж заттарға кіріптар еді. Бәрі біртіндеп келді. Бір басшы өз білігіне сенді, бір басшы нұсқауды күтіп отырды. Бойындағы жігерімен соғыстың зардабын тезірек ұмыттырсам дегендер көп болды. Солардың бірі жеті жыл соғыс шинелімен жылынып, туған елдің топырағын сағынып оралған Жапар (Әбдіжапар) Түйебеков болатын. Новосибирскіде екі жыл оқып, бойға сіңірген әскери-саяси білімімен Қазақстан Орталық Комсомол комитетіне келіп нұсқаушы болып орналасып, тиянақ­тылығымен, іскерлігімен көзге түседі. Жақаң жасы отызға таяп, отбасын құру ойында жүрген кезде есіне соғыста жүргенде суретін көріп, ғашық болған қыз түседі. Сол қызды іздеп, ақыры Жамбыл қа­ласының іргесіндегі Сарыкемер ауылында қонақ­та жүрген Әмина сұлуды тауып алады. Іс оңынан келіп, қол алысқан уәдемен Алматыға алып қайтты. Жастардың білім алуына жақсы, жайсаңдардың арасынан Темір Дарханбаев, Ілияс Омаровтар көмектесіп, Жақаң ҚазМУ-дің тарих факультетін, Әмина Қыздар педагогикалық институтын бітірді. Жоғары білімді жас Жапар Түйебековті Жамбыл облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаровтың ұсынысымен облыстың бірінші басшысы Ізмұханбет Еділбаев Меркі аудандық комсомол комитетіне бірінші хатшы етіп тағайындайды. Екі жылдан соң партиялық қызметке ауысқан Жақаң өзін білікті ұйымдастырушы ре­тінде танытып үлгерген еді. Жақсы ісімен жұртқа жаққан Жақаң 1960 жылы Шу аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. Шу өңірі облыстағы іргелі шаруашылық – 15 колхоз-совхозды құрайды. Бұрынғы басшылар нашар жұмыс істеді деген пікірден аулақпын. Істің көзін тауып істету бар да, жоғарыдан берілген нұсқауды орындау бар. Мен «іскерлік» пен «орындаушылықты» таразы басына салып отырған жоқпын. Сол кездегі газет қызметкері ретінде аудан­ның шаруашылықтарын аралап, тұрғындардың тыныс-тіршілігі туралы мақалалар жаздым. Шу өңірі – құнарлы болғанымен, қысы қатал, жазы ыстық, жартылай шөлейтті аймақ. Қыста да, жазда да мал құдық суына қарайды. Қымбат та болса артезиан құдығын қаздыру қолға алынды. Жай құдықтарға «ЗИД» моторлары қойылды. Өмір бір орында тұрмайды. Уақыт жылжыған сайын ой-өріс кеңейді. Елде жаппай электрлендіру науқаны басталды. Бұл мәселені шешуде Жақаңның түн ұйқысы төрт бөлінді. Ауданның өнертапқыш инженерлерін шақырып, трактордың генераторын «ЗИД» моторына орнатып, жарық бергізіп көріп еді, көңілден шықпады. Ауылшаруашылық басқармасының бас инженері Лихтенберг Калинин облысының Слабодское зауытының электр моторын шығаратынын біліп, қатынас қағаз жазып, барлық мал отарларына жететіндей етіп, қолма-қол ақша аудартып, алдырды. Бұл – республика бойынша үлкен жаңалық болды. Жапар Түйебеков аудан басшысы кезінде жас кадрларға арқа сүйеді. «Айттым – болды, кестім – үзілді» деген әпербақандықты бойына жуытпаған адам. Шаруашылықты басқартуда Сағат Жұмағұлов, Галина Адаменко, Оңалбай Әмірбеков, Сары Хасеновтерді алғы шепке салса, қос директор – Кәден Қабышов пен Әбимолла Көшеновті ел қажетіне пайдалана білді. Екі ақсақалды қос қанатындай көріп, ақыл-кеңестерін тыңдаған. Бұл екеуі ауданның экономикасын көтеруде зор еңбек сіңіріп, ел алғысына бөленген жандар. Осы кісілермен қоян-қолтық араласып, әзілін де жарас­тыра жүріп, іс тетігін шеше білді. 1965 жылы қар аз түсіп, көктемі жаңбырсыз болған қуаңшылық аудан еңбеккерлерін әбігерге салды. Астықтың бойы жаткаға ілінбей бидай масақ болып шашылып қалды. Масақты жерде қалдырмай жинап алу колхоз, совхоз еңбеккерлерінің, үй шаруасындағы әйелдердің, мекеме қызметкерлерінің, мектептің жоғары сынып оқушыларының мойнындағы жүк болмады. Есесіне мал азығы – «мол астық» жиналды. «Ұйымдастыра білген – ұтады» деген осы. Сол жылдардың естелігіндей болып жазылған репортаждарымды қайта түсіргім келеді. 1966 жылдың күзінен бастап Қазан рево­лю­циясының 50 жылдығын еңбектегі табыстармен, елеулі көрсеткіштермен қарсы алу міндеті күн тәртібіне қойылды. Құрылысы басталып кеткен қант зауыты Чехославакия республикасынан әкелінген жаңа технологиялармен жабдықталды. Темір бетон комбинаты іске қосылды. Аудан көлемінде ауқымды құрылыстар басталып, ауыл абаттандырылып, тал егіліп, көше бойлары түзетіліп, асфальт төселді. Аз уақыттың ішінде 335 үй салынса, оның 177-сі колхоз-совхоздарда бой көтерді. Жергілікті құрылыс материалдарын барынша кең пайдалану жұмысты жедел жүргізуге септігін тигізді. 1968 жылдың алты айға созылған қаһарлы қысы Шу ауданының мал басын 70-80 пайызға кемітіп кеткені аян. Мал басын аман сақтауға аудан еңбеккерлері түгел жұмылдырылды. Маған «қарамағында жүрдек «ГАЗ-63» машинасы бар» деп жем-шөп тиелген отыз шақты машинаны бастап бару тапсырылды. Малға жауап беретін мамандарды бастаған Сабыртай Жексенов, дәрігерлік көмек көрсететін бригаданы басқарған Сәкен Ақмолдаев, отар-отарларға бөлінетін уәкілдер әр машинаға мінген. «С-100» тракторын алдымызға салып, Шоқ­пар совхозының «Бұрқылдақ» сайына жеткенде боран үдеп, көліктер ізден шыға алмай доғарылды. Боран күннен-күнге күшейіп, жапалақтап жауған қар әсерінен дүниені ақ түтек басты. Жатқанымызға екі аптадан асты. Сайдың жиегіндегі қойшының қоржын басты үйінің бір басында қырықтан астам адам сығылысып орналастық. Жата-жата шыдамның да шегі таусылды. Аяз бетті қарып тұрса да, боран басылғандай сыңай танытқанда «нартәуекел» деп жолға шықтық. «Бұрқылдақтан» жеті шақырым алыстағанымызда кешкі боран қайта басталып әрі қарай жүру мүмкін болмады. Түнеп қалдық. Алып шыққан бір-бір ыдысымызға бензин құйып, от тұтатып, түнімен көз ілмей, мотор өшпей, күйелеш-күйелеш болып таңды атырдық. Боран да басылды. Түс ауа «Күйеліден» шыққан өлген қойларды тиеген машиналар легі қарсы кезікті. Қос трактормен жолды ашып, шығарып салдық. Біздер қонақтар шыққан үйге келіп, үй иесі берген кішкентай бір кесе тоң майды бір қазан суға қайнаттық. Мұз боп қатқан нанымызды салып, тұздықтап, бір-бір кеседен ішкенде маңдайымыздан тер шығып, бойымыз жадырап сала берді. «Ашаршылықта жеген құйқаның ауыздан дәмі кетпес» деген, осыны екі-үш жылға дейін әңгіме етіп жүрдік. Хал-қадерімізше мал басын сақтауға үлес қостық. 1967 жылдың көрсеткіштерін қайта қалпына келтіруде аудан еңбеккерлерін жұмылдырып, кеткен есені қайтаруда ауданның бірінші басшысы Жақаңның нағыз іскерлігі, қабілет-қарымы сынға түсті. Аудан1969 жылда-ақ егіс көлемін 120 мың гектарға жеткізіп, 6,5 миллион пұт астық өткізді. Қой саны 418 мыңға жеткізілді. Мүйізді ірі қара 27 мыңға жеткізілсе, оның 10120-сы сиыр, 8100-і жылқы болды. 1900 бас түйе болды. Сол жылы Жақаң тағы да Ленин орденімен марапатталған-ды. Жақаң 11 жыл ауданды басқарып тұрғанда ауданға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 5 рет келуінің өзі Жақаңның жарқын істерінің куәсі болса керек. Жұмыста халықтық бақылау комитетінің төрағасы Қалмен Разымбеков ақсақалмен қарсы бөлмеде отыратынбыз. Сенбілікті жақсылап өт­кіздік. Соңынан мен отыратын бөлмеге кі­шігірім шай әзірлеуді есепші қыздарға тапсырып қойғанмын. Қас қылғандай көше-көшені аралап, тазалықты тексеріп жүрген Жақаң мен Атқару комитетінің төрағасы екеуі «Қалменнің кабинетін көріп шығамыз» деп бұрылмасы бар ма. Есікті жапқанмен дастарқанды жасырып үлгере алмадық. «Сен қайда отырасың?» деген сұрақтан қаша алмадым. Еріксіз есікті аштым. Қалменге «тазалық жұмыстарың жақсы екен, жақсылап жуыңдар» деп күліп, қоштасып кетті. Бір аптадан кейін Жақаңның хатшы қызы телефон шалып, «шақырып жатыр» деді. «Мені шақыртатындай жөні жоқ еді» деп қуыстанып Қалекеңе кірдім. «Бар. Тапсырма бермекке шақыртқан шығар» деп күліп шығарып салды. Бардым. Кірдім. Басын қағаздан көтерген жоқ. «Төріңдегі Сталиннің портретін үйіңнің төріне іліп қой. Бар, бара бер» деп рұқсат берді. «Бұның арты не болар екен?» деп шығып кеттім. Қалекеңе келіп болған жайды айттым. «Ештеңе етпес, маған айтқан, білем» деді. «Сталиннің портретін алып тастаңдар деген жарлық шыққан жоқ еді» деп күңкілдеп едім. «Енді указ шықты» деді Қалекең. Жақаңның жарқын істерімен ел есінде қалуына зайыбының үлесі бар. Жеңгеміздің өзін емес, суретін Жақаңның қолтаңбасы қойылған «Патша көңілім не дейді…» деген кітабынан көрдім. Шындығында, Жақаңның өзі жазғандай, жеңгеміз «жанына нұр құйып, жүрегіне гүл өсірген, көрікті де бітімі бөлек періште» болыпты. Жақаңның менің бойымнан етімнің тірілігі мен ширақтығымды бағалағандығын өз аузынан естідім. Бұл мен үшін зор баға еді. Бағыс ЖАМБЫ
16.10.2013 09:46 4149

Қырық жыл саналы ғұмырымды сарп еткен Шу өлкесі туралы сұрай қалса, санадағы естеліктерім «сөйлей» жөнеледі. Биыл сексен жылдығы аталып өтіп жатқан ауданды алғаш аяғынан тік тұрғызып, алға қадам басуына қалтқысыз қызмет еткен қайраткер ағаларымызды еске алмау мүмкін емес. Ел экономикасының еңсесі көтерілуіне сүбелі үлес қосқандар соғыстан қайтқан, жаралы жүрекпен келген солдаттар екені көпке аян. Біздің елде соғыс болған жоқ, бірақ соғыстың азабын ел тартудайын тартты. «Барлығы – майданға!» деген ұран болды. Ата-әжелеріміз аш-жалаңаш қалса да, тым болмаса, жүн шұлық тоқып берді. «Соқадан – Атомға» жетсек те ауылшаруашылығы техникаға, басқа да мұқтаж заттарға кіріптар еді. Бәрі біртіндеп келді. Бір басшы өз білігіне сенді, бір басшы нұсқауды күтіп отырды. Бойындағы жігерімен соғыстың зардабын тезірек ұмыттырсам дегендер көп болды. Солардың бірі жеті жыл соғыс шинелімен жылынып, туған елдің топырағын сағынып оралған Жапар (Әбдіжапар) Түйебеков болатын. Новосибирскіде екі жыл оқып, бойға сіңірген әскери-саяси білімімен Қазақстан Орталық Комсомол комитетіне келіп нұсқаушы болып орналасып, тиянақ­тылығымен, іскерлігімен көзге түседі.

Жақаң жасы отызға таяп, отбасын құру ойында жүрген кезде есіне соғыста жүргенде суретін көріп, ғашық болған қыз түседі. Сол қызды іздеп, ақыры Жамбыл қа­ласының іргесіндегі Сарыкемер ауылында қонақ­та жүрген Әмина сұлуды тауып алады. Іс оңынан келіп, қол алысқан уәдемен Алматыға алып қайтты. Жастардың білім алуына жақсы, жайсаңдардың арасынан Темір Дарханбаев, Ілияс Омаровтар көмектесіп, Жақаң ҚазМУ-дің тарих факультетін, Әмина Қыздар педагогикалық институтын бітірді. Жоғары білімді жас Жапар Түйебековті Жамбыл облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаровтың ұсынысымен облыстың бірінші басшысы Ізмұханбет Еділбаев Меркі аудандық комсомол комитетіне бірінші хатшы етіп тағайындайды. Екі жылдан соң партиялық қызметке ауысқан Жақаң өзін білікті ұйымдастырушы ре­тінде танытып үлгерген еді.
Жақсы ісімен жұртқа жаққан Жақаң 1960 жылы Шу аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. Шу өңірі облыстағы іргелі шаруашылық – 15 колхоз-совхозды құрайды. Бұрынғы басшылар нашар жұмыс істеді деген пікірден аулақпын. Істің көзін тауып істету бар да, жоғарыдан берілген нұсқауды орындау бар. Мен «іскерлік» пен «орындаушылықты» таразы басына салып отырған жоқпын. Сол кездегі газет қызметкері ретінде аудан­ның шаруашылықтарын аралап, тұрғындардың тыныс-тіршілігі туралы мақалалар жаздым.
Шу өңірі – құнарлы болғанымен, қысы қатал, жазы ыстық, жартылай шөлейтті аймақ. Қыста да, жазда да мал құдық суына қарайды. Қымбат та болса артезиан құдығын қаздыру қолға алынды. Жай құдықтарға «ЗИД» моторлары қойылды. Өмір бір орында тұрмайды. Уақыт жылжыған сайын ой-өріс кеңейді. Елде жаппай электрлендіру науқаны басталды. Бұл мәселені шешуде Жақаңның түн ұйқысы төрт бөлінді. Ауданның өнертапқыш инженерлерін шақырып, трактордың генераторын «ЗИД» моторына орнатып, жарық бергізіп көріп еді, көңілден шықпады. Ауылшаруашылық басқармасының бас инженері Лихтенберг Калинин облысының Слабодское зауытының электр моторын шығаратынын біліп, қатынас қағаз жазып, барлық мал отарларына жететіндей етіп, қолма-қол ақша аудартып, алдырды. Бұл – республика бойынша үлкен жаңалық болды.
Жапар Түйебеков аудан басшысы кезінде жас кадрларға арқа сүйеді. «Айттым – болды, кестім – үзілді» деген әпербақандықты бойына жуытпаған адам. Шаруашылықты басқартуда Сағат Жұмағұлов, Галина Адаменко, Оңалбай Әмірбеков, Сары Хасеновтерді алғы шепке салса, қос директор – Кәден Қабышов пен Әбимолла Көшеновті ел қажетіне пайдалана білді. Екі ақсақалды қос қанатындай көріп, ақыл-кеңестерін тыңдаған. Бұл екеуі ауданның экономикасын көтеруде зор еңбек сіңіріп, ел алғысына бөленген жандар. Осы кісілермен қоян-қолтық араласып, әзілін де жарас­тыра жүріп, іс тетігін шеше білді. 1965 жылы қар аз түсіп, көктемі жаңбырсыз болған қуаңшылық аудан еңбеккерлерін әбігерге салды. Астықтың бойы жаткаға ілінбей бидай масақ болып шашылып қалды. Масақты жерде қалдырмай жинап алу колхоз, совхоз еңбеккерлерінің, үй шаруасындағы әйелдердің, мекеме қызметкерлерінің, мектептің жоғары сынып оқушыларының мойнындағы жүк болмады. Есесіне мал азығы – «мол астық» жиналды. «Ұйымдастыра білген – ұтады» деген осы. Сол жылдардың естелігіндей болып жазылған репортаждарымды қайта түсіргім келеді.
1966 жылдың күзінен бастап Қазан рево­лю­циясының 50 жылдығын еңбектегі табыстармен, елеулі көрсеткіштермен қарсы алу міндеті күн тәртібіне қойылды. Құрылысы басталып кеткен қант зауыты Чехославакия республикасынан әкелінген жаңа технологиялармен жабдықталды. Темір бетон комбинаты іске қосылды. Аудан көлемінде ауқымды құрылыстар басталып, ауыл абаттандырылып, тал егіліп, көше бойлары түзетіліп, асфальт төселді. Аз уақыттың ішінде 335 үй салынса, оның 177-сі колхоз-совхоздарда бой көтерді. Жергілікті құрылыс материалдарын барынша кең пайдалану жұмысты жедел жүргізуге септігін тигізді.
1968 жылдың алты айға созылған қаһарлы қысы Шу ауданының мал басын 70-80 пайызға кемітіп кеткені аян. Мал басын аман сақтауға аудан еңбеккерлері түгел жұмылдырылды. Маған «қарамағында жүрдек «ГАЗ-63» машинасы бар» деп жем-шөп тиелген отыз шақты машинаны бастап бару тапсырылды. Малға жауап беретін мамандарды бастаған Сабыртай Жексенов, дәрігерлік көмек көрсететін бригаданы басқарған Сәкен Ақмолдаев, отар-отарларға бөлінетін уәкілдер әр машинаға мінген. «С-100» тракторын алдымызға салып, Шоқ­пар совхозының «Бұрқылдақ» сайына жеткенде боран үдеп, көліктер ізден шыға алмай доғарылды. Боран күннен-күнге күшейіп, жапалақтап жауған қар әсерінен дүниені ақ түтек басты. Жатқанымызға екі аптадан асты. Сайдың жиегіндегі қойшының қоржын басты үйінің бір басында қырықтан астам адам сығылысып орналастық. Жата-жата шыдамның да шегі таусылды. Аяз бетті қарып тұрса да, боран басылғандай сыңай танытқанда «нартәуекел» деп жолға шықтық. «Бұрқылдақтан» жеті шақырым алыстағанымызда кешкі боран қайта басталып әрі қарай жүру мүмкін болмады. Түнеп қалдық. Алып шыққан бір-бір ыдысымызға бензин құйып, от тұтатып, түнімен көз ілмей, мотор өшпей, күйелеш-күйелеш болып таңды атырдық. Боран да басылды. Түс ауа «Күйеліден» шыққан өлген қойларды тиеген машиналар легі қарсы кезікті. Қос трактормен жолды ашып, шығарып салдық. Біздер қонақтар шыққан үйге келіп, үй иесі берген кішкентай бір кесе тоң майды бір қазан суға қайнаттық. Мұз боп қатқан нанымызды салып, тұздықтап, бір-бір кеседен ішкенде маңдайымыздан тер шығып, бойымыз жадырап сала берді. «Ашаршылықта жеген құйқаның ауыздан дәмі кетпес» деген, осыны екі-үш жылға дейін әңгіме етіп жүрдік. Хал-қадерімізше мал басын сақтауға үлес қостық.
1967 жылдың көрсеткіштерін қайта қалпына келтіруде аудан еңбеккерлерін жұмылдырып, кеткен есені қайтаруда ауданның бірінші басшысы Жақаңның нағыз іскерлігі, қабілет-қарымы сынға түсті. Аудан1969 жылда-ақ егіс көлемін 120 мың гектарға жеткізіп, 6,5 миллион пұт астық өткізді. Қой саны 418 мыңға жеткізілді. Мүйізді ірі қара 27 мыңға жеткізілсе, оның 10120-сы сиыр, 8100-і жылқы болды. 1900 бас түйе болды. Сол жылы Жақаң тағы да Ленин орденімен марапатталған-ды. Жақаң 11 жыл ауданды басқарып тұрғанда ауданға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 5 рет келуінің өзі Жақаңның жарқын істерінің куәсі болса керек.
Жұмыста халықтық бақылау комитетінің төрағасы Қалмен Разымбеков ақсақалмен қарсы бөлмеде отыратынбыз. Сенбілікті жақсылап өт­кіздік. Соңынан мен отыратын бөлмеге кі­шігірім шай әзірлеуді есепші қыздарға тапсырып қойғанмын. Қас қылғандай көше-көшені аралап, тазалықты тексеріп жүрген Жақаң мен Атқару комитетінің төрағасы екеуі «Қалменнің кабинетін көріп шығамыз» деп бұрылмасы бар ма. Есікті жапқанмен дастарқанды жасырып үлгере алмадық. «Сен қайда отырасың?» деген сұрақтан қаша алмадым. Еріксіз есікті аштым. Қалменге «тазалық жұмыстарың жақсы екен, жақсылап жуыңдар» деп күліп, қоштасып кетті. Бір аптадан кейін Жақаңның хатшы қызы телефон шалып, «шақырып жатыр» деді. «Мені шақыртатындай жөні жоқ еді» деп қуыстанып Қалекеңе кірдім. «Бар. Тапсырма бермекке шақыртқан шығар» деп күліп шығарып салды. Бардым. Кірдім. Басын қағаздан көтерген жоқ. «Төріңдегі Сталиннің портретін үйіңнің төріне іліп қой. Бар, бара бер» деп рұқсат берді. «Бұның арты не болар екен?» деп шығып кеттім. Қалекеңе келіп болған жайды айттым. «Ештеңе етпес, маған айтқан, білем» деді. «Сталиннің портретін алып тастаңдар деген жарлық шыққан жоқ еді» деп күңкілдеп едім. «Енді указ шықты» деді Қалекең.
Жақаңның жарқын істерімен ел есінде қалуына зайыбының үлесі бар. Жеңгеміздің өзін емес, суретін Жақаңның қолтаңбасы қойылған «Патша көңілім не дейді…» деген кітабынан көрдім. Шындығында, Жақаңның өзі жазғандай, жеңгеміз «жанына нұр құйып, жүрегіне гүл өсірген, көрікті де бітімі бөлек періште» болыпты. Жақаңның менің бойымнан етімнің тірілігі мен ширақтығымды бағалағандығын өз аузынан естідім. Бұл мен үшін зор баға еді.

Бағыс ЖАМБЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға