Талдықорғанда VI облыстық азаматтық форум өтті
Талдықорғанда «Азаматтық қоғам – еліміздің әлеуметтік жаңғыруындағы мемлекеттің стратегиялық серіктестігі және тірегі» атты VI облыстық азаматтық форум өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасай отырып. Форум мақсаты - үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттестігін нығайту, кәсіби тұрғыдан алға жылжуды ынталандыру және жоғары сапалы әлеуметтік қызметтерді ұсыну. Бүгінгі күннің негізгі мақсаты – мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы өзара әрекеттестікті жаңа, сапалы деңгейге көтеру. Қазіргі таңда облыста 200-ден астам үкіметтік емес ұйым бар. Облыс әкімдігінде арнайы үйлестіру-кеңес ұйымдары жұмыс істейді. Бүгінде ҮЕҰ-ның 60-70% белсенділік танытады. 2013 жылы облыстық бюджеттен ҮЕҰ-ны қолдауға 72 млн теңге бөлінді. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 5 есе артық.
Талдықорғанда «Азаматтық қоғам – еліміздің әлеуметтік жаңғыруындағы мемлекеттің стратегиялық серіктестігі және тірегі» атты VI облыстық азаматтық форум өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасай отырып.
Форум мақсаты - үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттестігін нығайту, кәсіби тұрғыдан алға жылжуды ынталандыру және жоғары сапалы әлеуметтік қызметтерді ұсыну. Бүгінгі күннің негізгі мақсаты – мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы өзара әрекеттестікті жаңа, сапалы деңгейге көтеру.
Қазіргі таңда облыста 200-ден астам үкіметтік емес ұйым бар. Облыс әкімдігінде арнайы үйлестіру-кеңес ұйымдары жұмыс істейді. Бүгінде ҮЕҰ-ның 60-70% белсенділік танытады. 2013 жылы облыстық бюджеттен ҮЕҰ-ны қолдауға 72 млн теңге бөлінді. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 5 есе артық.
