Жаңалықтар

Райымбек батырдың әкесі Түке туралы не білеміз?

Түкеұлы Райымбек батырдың есімі мұқым бір тайпа елдің жауынгерлік ұраны болған. Арғы ата тегі Ұлы жүз Үйсін тармағындағы Албан тайпасынан, оның ішінде Алжан руының Сырымбет деген атасынан тарайды. Ал Сырымбеттен атақты Қангелді батыр туады. Бұл туралы Қазақ энциклопедиясында былай деп жазылған: «Хангелді батыр 1733 жылы Ұлы жүздің атақты адамдары Қодар би, Төле би, Сатай батыр, Бөлек батырлармен бірге орыс патшасы Анна Иоанновнаға (1730-40) елші жіберіп, Россияның қол астына алуды өтінген. «1734 жылы 20 сәуірде император Анна Иоанновна оларды Россияның қол астына қабылдау жөнінде грамотаға қол қойды. 1742 жылы Ұлы жүз руларының төрт старшыны Россияның қол астына қарау жөнінде ант берді». (9-том, 426-бет және ІІ-том, 374-бет). Демек, Сырымбетұлы Қангелді батыр осындай тарихта аты мәлім белгілі елші, беделді тұлға екені әрі жалпақ жұртқа кең танымал, көреген көсемдігі мен тілмар шешендігімен ел билігіне ерте араласқан әйгілі адам екенін көреміз. Сонымен қоса жаугершілік заманда қазақ халқының азаттығы үшін жері мен елін қорғап, аянбай еңбек етіп тер төккен білікті батыр, білімгер қолбасы болған. Қазақ даласына қарай анталаған Жоңғар қалмақтарымен аузын арандай ашқан Қытай империясы болса, батысында тілі тәтті, діні қатты Қоқан, Хиуа хандықтары, ал солтүстігінде өзі сары көзі көк, айлалы айтар сөзі көп орыс отаршылдары болды. Осылардың бәріне төтеп бере алмасын білген хандарымыз бен билеріміз амалсыз Ресей империясына бағынып, бодандық қамытын кигені белгілі. Қангелді батырдың Тілеуке, Түке, Мөңке, Төңке, Айбас, Қойбас, Меңдеке, Емеген, Жүң атты ұлдары болған. Қангелді барлық балаларын жаугершілік заманның қатал сынына төтеп бере алатындай, қайтпас қайсарлыққа, шыдамды төзімділікке, жауымен жағаласқанда өліспей беріспейтін, өзінің атажұртын жат басқыншылардан қорғайтындай ер-азамат ретінде тәрбиелеп өсіреді. Ал батыр болса болашағын болжай білетін көреген көсем, білгір сыншы болыпты. Қасиетті бабамыз Қангелдіден тарағандардың көбі шетінен батыр, шешен және бай адамдар болып келеді. Бастаған ақтылы қой нөсем-серке, Байлықпен аты шыққан Тұрсын-Мөңке. Қалмаққа қарсы келіп қан құстырған Баласы Қангелдінің ер Тілеуке. Ат баптап қүс салатын өнері бар, Қайыстай жігіт екен Қара Түке – деген ескіден келе жатқан өлең жолдары осы айтқандарымыздың айқын айғағы. Жалайыр еліндегі Орақ батырдың ауылын құба қалмақтар шауып кетіпті деген хабар албандарға жетеді. Сол кезде Қангелді батыр қарт бурадай қаһарына мініп, қасына жүз шақты сарбаз ертіп қалмаққа аттаныпты. Албан-Жалайырдан бірлескен топ жауын жеңіп, олжалап қайтады. Бұл уақытта Орақ батыр алыс сапарда жүрсе керек. Қангелдінің осындай ерен ерлігіне дән риза болған Орақ батыр мол сый-сияпат көрсетіп, кетерінде бұйымтай сұрайды. Сонда Қангелді батыр: – Бұдан былай арамыз алшақтамай, құдандалы жекжат болайық. Келіссең қызың Қарашашқа үкі тақсам деп едім, оған не дейсің? – депті. Орақ батыр бұған қарсы болмаған. Келісті жер, текті әулеттен шыққан Қарашаш сұлуға Түкені үйлендіреді. Одан Райымбек және Толмаш атты екі ұл бар. Қарашаш кіші баласын босанарда қатты ауырып, айы-күніне жетпей туып артынша қайтыс болады. Соған орай баланың атын Толмаш қойыпты. «Ата көрген оқ жанар» демекші, Райым­бек алғаш нағашы атасының қолында болып, жеті жасқа дейін жетелі тәрбие алып, сол ауылда өседі. Одан кейінгі өмірі бабасы Қангелдінің қарамағында, көбінесе әкесі Түкенің қолында өтеді. Райымбек нағашы атасы мен өз атасы Қангелдіге бауыр басып өскендіктен Түкені әкесі емес, ағасы сияқты санап онша дегеніне көне бермейді, бір жағы еркелейді. Тұрсынжан ӘЛДИБЕКҰЛЫ «Ана тілі»
16.10.2013 08:31 7299

Түкеұлы Райымбек батырдың есімі мұқым бір тайпа елдің жауынгерлік ұраны болған. Арғы ата тегі Ұлы жүз Үйсін тармағындағы Албан тайпасынан, оның ішінде Алжан руының Сырымбет деген атасынан тарайды. Ал Сырымбеттен атақты Қангелді батыр туады. Бұл туралы Қазақ энциклопедиясында былай деп жазылған:
«Хангелді батыр 1733 жылы Ұлы жүздің атақты адамдары Қодар би, Төле би, Сатай батыр, Бөлек батырлармен бірге орыс патшасы Анна Иоанновнаға (1730-40) елші жіберіп, Россияның қол астына алуды өтінген. «1734 жылы 20 сәуірде император Анна Иоанновна оларды Россияның қол астына қабылдау жөнінде грамотаға қол қойды. 1742 жылы Ұлы жүз руларының төрт старшыны Россияның қол астына қарау жөнінде ант берді». (9-том, 426-бет және ІІ-том, 374-бет). Демек, Сырымбетұлы Қангелді батыр осындай тарихта аты мәлім белгілі елші, беделді тұлға екені әрі жалпақ жұртқа кең танымал, көреген көсемдігі мен тілмар шешендігімен ел билігіне ерте араласқан әйгілі адам екенін көреміз. Сонымен қоса жаугершілік заманда қазақ халқының азаттығы үшін жері мен елін қорғап, аянбай еңбек етіп тер төккен білікті батыр, білімгер қолбасы болған. Қазақ даласына қарай анталаған Жоңғар қалмақтарымен аузын арандай ашқан Қытай империясы болса, батысында тілі тәтті, діні қатты Қоқан, Хиуа хандықтары, ал солтүстігінде өзі сары көзі көк, айлалы айтар сөзі көп орыс отаршылдары болды. Осылардың бәріне төтеп бере алмасын білген хандарымыз бен билеріміз амалсыз Ресей империясына бағынып, бодандық қамытын кигені белгілі.
Қангелді батырдың Тілеуке, Түке, Мөңке, Төңке, Айбас, Қойбас, Меңдеке, Емеген, Жүң атты ұлдары болған. Қангелді барлық балаларын жаугершілік заманның қатал сынына төтеп бере алатындай, қайтпас қайсарлыққа, шыдамды төзімділікке, жауымен жағаласқанда өліспей беріспейтін, өзінің атажұртын жат басқыншылардан қорғайтындай ер-азамат ретінде тәрбиелеп өсіреді. Ал батыр болса болашағын болжай білетін көреген көсем, білгір сыншы болыпты.
Қасиетті бабамыз Қангелдіден тарағандардың көбі шетінен батыр, шешен және бай адамдар болып келеді.
Бастаған ақтылы қой нөсем-серке,
Байлықпен аты шыққан Тұрсын-Мөңке.
Қалмаққа қарсы келіп қан құстырған
Баласы Қангелдінің ер Тілеуке.
Ат баптап қүс салатын өнері бар,
Қайыстай жігіт екен Қара Түке – деген ескіден келе жатқан өлең жолдары осы айтқандарымыздың айқын айғағы.
Жалайыр еліндегі Орақ батырдың ауылын құба қалмақтар шауып кетіпті деген хабар албандарға жетеді. Сол кезде Қангелді батыр қарт бурадай қаһарына мініп, қасына жүз шақты сарбаз ертіп қалмаққа аттаныпты. Албан-Жалайырдан бірлескен топ жауын жеңіп, олжалап қайтады. Бұл уақытта Орақ батыр алыс сапарда жүрсе керек. Қангелдінің осындай ерен ерлігіне дән риза болған Орақ батыр мол сый-сияпат көрсетіп, кетерінде бұйымтай сұрайды. Сонда Қангелді батыр:
– Бұдан былай арамыз алшақтамай, құдандалы жекжат болайық. Келіссең қызың Қарашашқа үкі тақсам деп едім, оған не дейсің? – депті. Орақ батыр бұған қарсы болмаған. Келісті жер, текті әулеттен шыққан Қарашаш сұлуға Түкені үйлендіреді. Одан Райымбек және Толмаш атты екі ұл бар. Қарашаш кіші баласын босанарда қатты ауырып, айы-күніне жетпей туып артынша қайтыс болады. Соған орай баланың атын Толмаш қойыпты.
«Ата көрген оқ жанар» демекші, Райым­бек алғаш нағашы атасының қолында болып, жеті жасқа дейін жетелі тәрбие алып, сол ауылда өседі. Одан кейінгі өмірі бабасы Қангелдінің қарамағында, көбінесе әкесі Түкенің қолында өтеді. Райымбек нағашы атасы мен өз атасы Қангелдіге бауыр басып өскендіктен Түкені әкесі емес, ағасы сияқты санап онша дегеніне көне бермейді, бір жағы еркелейді.

Тұрсынжан ӘЛДИБЕКҰЛЫ

«Ана тілі»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға