Жаңалықтар

Жақсының шапағаты

1959 жылдың тамыз айының соңғы күндері еді. Кеңес Одағының Батыры, жазушы, ғалым, Абай атындағы ұлттық педагогикалық университет ректоры Мәлік Ғабдуллинді үш бозбала іздеп келіп, кеңседен кездестіре алмай, сол маңда сергелдеңмен жүр едік. Ауылға қайту ойымызда, қалта тесік. Шешеміздің берген тиын-тебені біткелі қашан. Бір кезде алдымыздан маңдайы жар­қырап ағамыздың шыға келмесі бар ма?! Жамырасып, амандасып жатырмыз. Ақжарқын көңілімен әрқайсысымыздың қолымызды қысып, көптен білетіндей амандасып жатыр. «Мені қайдан білесіздер?» демесі бар ма?! Жанымдағы екі досымнан бұрын мен: – Аға, сіздің «Жазушы» баспасынан «Менің майдандас достарым» деген очерктер жинағыңыз шықты ғой. Сонда сіздің Төлеген Тоқтаров, Мәншүк апамыз жөніндегі очерктеріңіз маған қатты ұнады, – деп сөйлей жөнелдім. Ол қайдан келгенімізді сол сәтте сұрастырып та үлгерді. Әңгімелесе келе, Мәлік ағаның әр өңірді жетік білетінін байқадық әрі сөзі байсалды. Біздерге «бала» деп емес, шын ықыласпен әңгі­мелесуі, қарапайымдылығы-ай. Одан бері сан жылдар өтсе де Мәлік ағаның осы бір асыл бейнесі, биік парасаттылығы, кісілігі мен кішіпейілділігі менің ойымнан ешқашан өшкен емес. Біздер құсаған жоқшылықты көп көріп өскен балаларды түсініп, қолынан келгенше көмектесіп, ақылын айтып жатуының өзі неге тұрады. «Балалар, орын жоқ, ештеңе істей алмаймын» десе де біздер үшін жетіп жатыр емес пе?! Қайтып кетер едік. Жайлап жағдайымызды түсініп, асықпай, жайы­мызды біліп алған соң: менің жіңішке саусағымды байқап қалып: – Домбыра тартатын боларсың, сары бала. Өнерлі өлкеденсің ғой, ­ауылда домбыра жасайтын шеберлер жоқ па? – деп сұрап қояды. Өнерді қатты бағалайтыны сөз мәнінен көрініп тұрды. Ол кезде өзіміз шамалас студент балалардан Мәлік ағаның қазақтың ескі салт-дәстүрін зерттеп жүргенін естідік. Оған ақыл-кеңесті М.О.Әуезов беріпті дегенді еститінбіз. Кейін «КазГУ»-де әдебиеттен лекция оқитын ұстаз-жазушы Нығмет Ғабдуллиннің Мәлік туралы естелігі шығады деп естідік. Осы кітаптарды Ж.Молдағалиев атындағы әмбебап кітапханадан сұрағанымызда жоқ болып шықты. Сол кітаптар жарық көрді ме, көрмеді ме, білмедім. – Мәлік аға, біздің Жаңақала жағын­да өнерпаздар көп болған ғой, – деп айтқаным есімде. Өйткені әйгілі дирижер, домбырашы Шамғон ағамыз біздің ауылдан, бір жағынан тумалығы бар. Атақты домбырашы Уақап Қабиғожин мен Қали Жантілеуовтің домбыра тартқанын клубта бір-екі рет көрген едім. Ауыл баласы не жігіттік шаққа өте алмай, балалықты қия алмай жүрген кезіміз ғой. Сөзіміз де олпы-солпы шығып жатқан болар. Ректор «КазГУ»-де тапсырған бағамызды, атес­татты мұқият қарап шығып: – Сары бала, жаман оқымапсың, әдебиет пен тарихты да жақсы білетінге ұқсайсың, бағаларың жақсы, оқығаныңды көрсетіп тұр, – деп мақтап қояды. – Тарих пен әдебиет факультеттері толық, әрқайсысында студент болуға екі кандидат бар. Оған сендерді ала алмаймын. Француз, неміс, ағылшын тілін оқуға аламын, стипендия және жатақхана беремін, қысқы каникулда ауылдарыңа барып келуге босатамын. Қалай қарайсың, сары бала? Ол кезде жатақханаға орналасу қиынның қиыны екенін естіп үлгергенбіз. Қалаға келгелі ай жарымдай болған кез, мен бұл ұсынысқа бірден келіспедім. Қасымдағы облыстық ақындар айтысына қатысып жүрген Мұқсин Жалмурзин, жамбылдық ұзын бойлы Рыспай үшеуміз де шетел тілін оқуға қызықпай, Мәлік ағамен қоштасып шығып кеттік. Мәлік аға бізбен әңгімелесуге 40 минуттай уақытын бөлді. Бейне бір әкемізді көргендей ұлы адамның қарапайым да ыстық ықыласына шын разы болдық. Үшеуміздің де әкемізді соғыс жалмаған жетім көңілімізді ол кісі ыстық ықыласпен жұбатты. Жақсының шарапаты деген осы-ау шамасы. Құбаш Қажымұлы «Ана тілі»
16.10.2013 08:15 3610

1959 жылдың тамыз айының соңғы күндері еді. Кеңес Одағының Батыры, жазушы, ғалым, Абай атындағы ұлттық педагогикалық университет ректоры Мәлік Ғабдуллинді үш бозбала іздеп келіп, кеңседен кездестіре алмай, сол маңда сергелдеңмен жүр едік. Ауылға қайту ойымызда, қалта тесік. Шешеміздің берген тиын-тебені біткелі қашан.

Бір кезде алдымыздан маңдайы жар­қырап ағамыздың шыға келмесі бар ма?! Жамырасып, амандасып жатырмыз. Ақжарқын көңілімен әрқайсысымыздың қолымызды қысып, көптен білетіндей амандасып жатыр.
«Мені қайдан білесіздер?» демесі бар ма?!
Жанымдағы екі досымнан бұрын мен:
– Аға, сіздің «Жазушы» баспасынан «Менің майдандас достарым» деген очерктер жинағыңыз шықты ғой. Сонда сіздің Төлеген Тоқтаров, Мәншүк апамыз жөніндегі очерктеріңіз маған қатты ұнады, – деп сөйлей жөнелдім.
Ол қайдан келгенімізді сол сәтте сұрастырып та үлгерді. Әңгімелесе келе, Мәлік ағаның әр өңірді жетік білетінін байқадық әрі сөзі байсалды. Біздерге «бала» деп емес, шын ықыласпен әңгі­мелесуі, қарапайымдылығы-ай. Одан бері сан жылдар өтсе де Мәлік ағаның осы бір асыл бейнесі, биік парасаттылығы, кісілігі мен кішіпейілділігі менің ойымнан ешқашан өшкен емес. Біздер құсаған жоқшылықты көп көріп өскен балаларды түсініп, қолынан келгенше көмектесіп, ақылын айтып жатуының өзі неге тұрады. «Балалар, орын жоқ, ештеңе істей алмаймын» десе де біздер үшін жетіп жатыр емес пе?! Қайтып кетер едік. Жайлап жағдайымызды түсініп, асықпай, жайы­мызды біліп алған соң: менің жіңішке саусағымды байқап қалып:
– Домбыра тартатын боларсың, сары бала. Өнерлі өлкеденсің ғой, ­ауылда домбыра жасайтын шеберлер жоқ па? – деп сұрап қояды. Өнерді қатты бағалайтыны сөз мәнінен көрініп тұрды. Ол кезде өзіміз шамалас студент балалардан Мәлік ағаның қазақтың ескі салт-дәстүрін зерттеп жүргенін естідік. Оған ақыл-кеңесті М.О.Әуезов беріпті дегенді еститінбіз.
Кейін «КазГУ»-де әдебиеттен лекция оқитын ұстаз-жазушы Нығмет Ғабдуллиннің Мәлік туралы естелігі шығады деп естідік. Осы кітаптарды Ж.Молдағалиев атындағы әмбебап кітапханадан сұрағанымызда жоқ болып шықты. Сол кітаптар жарық көрді ме, көрмеді ме, білмедім.
– Мәлік аға, біздің Жаңақала жағын­да өнерпаздар көп болған ғой, – деп айтқаным есімде.
Өйткені әйгілі дирижер, домбырашы Шамғон ағамыз біздің ауылдан, бір жағынан тумалығы бар. Атақты домбырашы Уақап Қабиғожин мен Қали Жантілеуовтің домбыра тартқанын клубта бір-екі рет көрген едім. Ауыл баласы не жігіттік шаққа өте алмай, балалықты қия алмай жүрген кезіміз ғой. Сөзіміз де олпы-солпы шығып жатқан болар. Ректор «КазГУ»-де тапсырған бағамызды, атес­татты мұқият қарап шығып:
– Сары бала, жаман оқымапсың, әдебиет пен тарихты да жақсы білетінге ұқсайсың, бағаларың жақсы, оқығаныңды көрсетіп тұр, – деп мақтап қояды. – Тарих пен әдебиет факультеттері толық, әрқайсысында студент болуға екі кандидат бар. Оған сендерді ала алмаймын. Француз, неміс, ағылшын тілін оқуға аламын, стипендия және жатақхана беремін, қысқы каникулда ауылдарыңа барып келуге босатамын. Қалай қарайсың, сары бала?
Ол кезде жатақханаға орналасу қиынның қиыны екенін естіп үлгергенбіз. Қалаға келгелі ай жарымдай болған кез, мен бұл ұсынысқа бірден келіспедім. Қасымдағы облыстық ақындар айтысына қатысып жүрген Мұқсин Жалмурзин, жамбылдық ұзын бойлы Рыспай үшеуміз де шетел тілін оқуға қызықпай, Мәлік ағамен қоштасып шығып кеттік.
Мәлік аға бізбен әңгімелесуге 40 минуттай уақытын бөлді. Бейне бір әкемізді көргендей ұлы адамның қарапайым да ыстық ықыласына шын разы болдық. Үшеуміздің де әкемізді соғыс жалмаған жетім көңілімізді ол кісі ыстық ықыласпен жұбатты. Жақсының шарапаты деген осы-ау шамасы.

Құбаш Қажымұлы

«Ана тілі»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға