Сабырғали Зорбаев
Қазақ мұнайы тарихындағы қайталанбас сәттің куәгері, сол кезде небәрі он сегіз жасар Сабырғали Зорбаев өзінің замандастарымен бірге осы кен орнында алғашқылардың бірі болып еңбек етті. Алдымен бұрғылау жұмысшысы болып мұнайшы кәсібін бастаған ол бұрғышы мамандығын игерді, бұрғылау шебері атанды. Ембі мұнайын игеруде өзіндік қолтаңбасы бар Сабырғали Зорбаев көзінің тірі кезінде аты аңызға айналды. 1929 жылы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің мүшелігіне сайланды, отызыншы жылдары мұнайшылардың стахановшылар қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі болды. 1935 жылы сол кезде үлкен марапат болып саналатын «Қазақстанның 15 жылдығы» медалімен марапатталды. Ол 1937 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің тұңғыш сайлауында Гурьев сайлау округінен Ұлттар Кеңесіне депутат болып сайланды. Ленин және «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған. Өмірдің сан өткелдерінен өткен тәжірибелі мұнайшы С.Зорбаев шебер ұйымдастырушы, іскер басшы болатын. 1938-1941 жылдары Доссор кәсіпшілігінде директор, 1941-1943 жылдары Доссор бұрғылау кеңсесінің бастығы болды. Ал одан кейінгі төрт жылда Мақат аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары және басқа жауапты қызметтерді атқарды. Ол еңбек жолының соңғы кезеңінде Ескене кәсіпшілігінде бұрғылау шебері болып, жастарға өзінің бай тәжірибесін үйретті. 1956 жылы оған республикалық дәрежедегі дербес зейнетақы тағайындалып, құрметті демалысқа шықты. Ембі мұнайын алғашқы игерушілердің бірі, маң далаға бұрғы қадап, талай мұнай бұрқағын атқылатқан атақты бұрғышы С.Зорбаев 1971 жылы дүние салды. Біз атақты мұнайшының өмір жолын қысқаша ғана айтып өттік, ондағы мақсатымыз Ембі мұнайының бастауында тұрған нартұлғалардың бірінің елге сіңірген еңбегін кейінгі ұрпақ білсін деген ой. Өйткені Сабыр Зорбаевтың өмірінің әр сәті сол мұнайлы өңірдің шежіресі, сыр шертер тарихы. ХХ ғасырдың басында Доссор алғаш игерілгенде қазақ жұмысшылары адам төзгісіз ауыр жағдайда жұмыс істеді. Тіпті ішер суға да зәру болды. Сол маңдағы жалғыз құдық кенорнынан отыз бес шақырым еді, ауызсуды бөшкеге құйып, арбамен әкелетін. Сонда да олар еңбек етті. Ұлы Отан соғысы жылдарында күн демей, түн демей мұнай өндіріп, Жеңісті Ембі мұнайымен жақындатты. Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының майданнан мұнайшыларға жазған үндеу хаты оларға қуат берді, Асқар Тоқмағамбетовтің «Мұнайшылар, мұнай бер!» деген атақты өлеңінің әр жолы жігерлендірді. «Жеңіс» деген ұлы үнді, Жер, көк айтсын десеңдер, Мұнайшылар, мұнай бер!» деп жырлаған Асқар ақынның өлеңін ол кезде жаттамаған адам жоқ. Сол жылдары Қошқар, Комсомол, Құлсары кәсіпшіліктері игерілді, Ленинград, Сталинград қалаларын қорғаушыларға эшелондап мұнай жіберілді. «Правда» газетінде Ескене мұнайшыларының бастамасымен «Қазақстан мұнайшысы» танк колоннасын жасақтау үшін қаражат жиналғаны жазылды. Ембіліктердің осындай ерен еңбектерінде он жыл қатарынан КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған, кәсіпшіліктерді басқарып, маң далаға бұрғы қадап, мұнай көзін тапқан, жаңа кен орындарын игеруге, мұнай өндіруге, жаңадан мұнайшылар поселкелерін салуға белсене араласқан Сабырғали Зорбаевтың да қосқан үлесі зор. Уақыт ілгері жылжи береді, ұрпақ ауысады, кешегі өткен оқиғалар, елі үшін жан аямай еңбек еткен ерлер біртіндеп тарих қойнауына жылыстай береді. Өткенді бағалау – ертеңге үлгі. Өкінішке орай, «көзден кетсе көңілден кетеді» дегендей, кезінде еліне тұлға әрі тұтқа болғандар көбінесе ұлықтала бермейді. Оларды ұмытуға болмайды. Сабырғали Зорбаевтың есімін ел есінде қалдыруға орай бірқатар шаралар атқарылғанын айта кеткен жөн. 1993 жылы Мақат ауданындағы Ескене округіндегі мектепке С.Зорбаевтың есімі берілді, 2001 жылы Атырау қаласындағы бір көше атақты мұнайшының есімімен аталды, Доссор мұнай-газ басқармасында спорттық турнирлер ұйымдастырылды және т.б. Кезінде мұнайымен аты шыққан Ескене кенорнында мұнай қорының таусылуына байланысты ондағы Ескене елді мекені өткен жылы Үкімет қаулысымен болашағы жоқ елді мекен қатарына енгізіліп, оның тұрғындары Атырау қаласында құрылысы жаңадан салынған «Нұрсая» мөлтек ауданына көшірілген болатын. Әлгінде айтқанымыздай, бұрынғы елді мекен Ескенедегі орта мектеп Сабырғали Зорбаев атымен аталған еді. Ұрпақтар сабақтастығы үшін «Ел ерлерін ұмытпақ емес» деген оймен «Нұрсая» мөлтек ауданындағы құрылысы салынып, биылғы жаңа оқу жылында пайдалануға берілетін мектеп Атыраудың атақты мұнайшысы Сабырғали Зорбаевтың атымен аталса деген бұрынғы ескенеліктердің тілегі бар. Тағы бір айта кететін жайт, бүгінде Сабырғали Зорбаевтың көзін көргендер, бірге қызмет істегендер қатары сиреп қалды. Оның азаматтық, қайраткерлік тұлғасы кейінгі ұрпақтың жадында сақталатын игі шаралар арқылы жаңғырып отырады десек, биыл Сабырғали Зорбаевтың туғанына 120 жыл толуын мұнайлы өңірдің атап өткені абзал. Атыраудағы аталған мектепке атақты мұнайшының есімін беру мен оның мерейтойын атап өтуге қатысты осы қос ұсынысты облыс әкімі мен мәслихаты, Ембі мұнайының басшылары қолдаса, бұл қазақ мұнайының бастауында тұрған аға ұрпаққа тағзым әрі құрмет, ал мұнайшылар қауымы үшін, кейінгі ұрпақ үшін мерей болар еді. Науан САҚИПОВ
Қазақ мұнайы тарихындағы қайталанбас сәттің куәгері, сол кезде небәрі он сегіз жасар Сабырғали Зорбаев өзінің замандастарымен бірге осы кен орнында алғашқылардың бірі болып еңбек етті. Алдымен бұрғылау жұмысшысы болып мұнайшы кәсібін бастаған ол бұрғышы мамандығын игерді, бұрғылау шебері атанды. Ембі мұнайын игеруде өзіндік қолтаңбасы бар Сабырғали Зорбаев көзінің тірі кезінде аты аңызға айналды. 1929 жылы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің мүшелігіне сайланды, отызыншы жылдары мұнайшылардың стахановшылар қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі болды. 1935 жылы сол кезде үлкен марапат болып саналатын «Қазақстанның 15 жылдығы» медалімен марапатталды.
Ол 1937 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің тұңғыш сайлауында Гурьев сайлау округінен Ұлттар Кеңесіне депутат болып сайланды. Ленин және «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған.
Өмірдің сан өткелдерінен өткен тәжірибелі мұнайшы С.Зорбаев шебер ұйымдастырушы, іскер басшы болатын. 1938-1941 жылдары Доссор кәсіпшілігінде директор, 1941-1943 жылдары Доссор бұрғылау кеңсесінің бастығы болды. Ал одан кейінгі төрт жылда Мақат аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары және басқа жауапты қызметтерді атқарды. Ол еңбек жолының соңғы кезеңінде Ескене кәсіпшілігінде бұрғылау шебері болып, жастарға өзінің бай тәжірибесін үйретті. 1956 жылы оған республикалық дәрежедегі дербес зейнетақы тағайындалып, құрметті демалысқа шықты. Ембі мұнайын алғашқы игерушілердің бірі, маң далаға бұрғы қадап, талай мұнай бұрқағын атқылатқан атақты бұрғышы С.Зорбаев 1971 жылы дүние салды.
Біз атақты мұнайшының өмір жолын қысқаша ғана айтып өттік, ондағы мақсатымыз Ембі мұнайының бастауында тұрған нартұлғалардың бірінің елге сіңірген еңбегін кейінгі ұрпақ білсін деген ой. Өйткені Сабыр Зорбаевтың өмірінің әр сәті сол мұнайлы өңірдің шежіресі, сыр шертер тарихы. ХХ ғасырдың басында Доссор алғаш игерілгенде қазақ жұмысшылары адам төзгісіз ауыр жағдайда жұмыс істеді. Тіпті ішер суға да зәру болды. Сол маңдағы жалғыз құдық кенорнынан отыз бес шақырым еді, ауызсуды бөшкеге құйып, арбамен әкелетін. Сонда да олар еңбек етті. Ұлы Отан соғысы жылдарында күн демей, түн демей мұнай өндіріп, Жеңісті Ембі мұнайымен жақындатты. Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының майданнан мұнайшыларға жазған үндеу хаты оларға қуат берді, Асқар Тоқмағамбетовтің «Мұнайшылар, мұнай бер!» деген атақты өлеңінің әр жолы жігерлендірді.
«Жеңіс» деген ұлы үнді,
Жер, көк айтсын десеңдер,
Мұнайшылар, мұнай бер!» деп жырлаған Асқар ақынның өлеңін ол кезде жаттамаған адам жоқ. Сол жылдары Қошқар, Комсомол, Құлсары кәсіпшіліктері игерілді, Ленинград, Сталинград қалаларын қорғаушыларға эшелондап мұнай жіберілді. «Правда» газетінде Ескене мұнайшыларының бастамасымен «Қазақстан мұнайшысы» танк колоннасын жасақтау үшін қаражат жиналғаны жазылды. Ембіліктердің осындай ерен еңбектерінде он жыл қатарынан КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған, кәсіпшіліктерді басқарып, маң далаға бұрғы қадап, мұнай көзін тапқан, жаңа кен орындарын игеруге, мұнай өндіруге, жаңадан мұнайшылар поселкелерін салуға белсене араласқан Сабырғали Зорбаевтың да қосқан үлесі зор.
Уақыт ілгері жылжи береді, ұрпақ ауысады, кешегі өткен оқиғалар, елі үшін жан аямай еңбек еткен ерлер біртіндеп тарих қойнауына жылыстай береді. Өткенді бағалау – ертеңге үлгі. Өкінішке орай, «көзден кетсе көңілден кетеді» дегендей, кезінде еліне тұлға әрі тұтқа болғандар көбінесе ұлықтала бермейді. Оларды ұмытуға болмайды. Сабырғали Зорбаевтың есімін ел есінде қалдыруға орай бірқатар шаралар атқарылғанын айта кеткен жөн. 1993 жылы Мақат ауданындағы Ескене округіндегі мектепке С.Зорбаевтың есімі берілді, 2001 жылы Атырау қаласындағы бір көше атақты мұнайшының есімімен аталды, Доссор мұнай-газ басқармасында спорттық турнирлер ұйымдастырылды және т.б.
Кезінде мұнайымен аты шыққан Ескене кенорнында мұнай қорының таусылуына байланысты ондағы Ескене елді мекені өткен жылы Үкімет қаулысымен болашағы жоқ елді мекен қатарына енгізіліп, оның тұрғындары Атырау қаласында құрылысы жаңадан салынған «Нұрсая» мөлтек ауданына көшірілген болатын. Әлгінде айтқанымыздай, бұрынғы елді мекен Ескенедегі орта мектеп Сабырғали Зорбаев атымен аталған еді. Ұрпақтар сабақтастығы үшін «Ел ерлерін ұмытпақ емес» деген оймен «Нұрсая» мөлтек ауданындағы құрылысы салынып, биылғы жаңа оқу жылында пайдалануға берілетін мектеп Атыраудың атақты мұнайшысы Сабырғали Зорбаевтың атымен аталса деген бұрынғы ескенеліктердің тілегі бар.
Тағы бір айта кететін жайт, бүгінде Сабырғали Зорбаевтың көзін көргендер, бірге қызмет істегендер қатары сиреп қалды. Оның азаматтық, қайраткерлік тұлғасы кейінгі ұрпақтың жадында сақталатын игі шаралар арқылы жаңғырып отырады десек, биыл Сабырғали Зорбаевтың туғанына 120 жыл толуын мұнайлы өңірдің атап өткені абзал. Атыраудағы аталған мектепке атақты мұнайшының есімін беру мен оның мерейтойын атап өтуге қатысты осы қос ұсынысты облыс әкімі мен мәслихаты, Ембі мұнайының басшылары қолдаса, бұл қазақ мұнайының бастауында тұрған аға ұрпаққа тағзым әрі құрмет, ал мұнайшылар қауымы үшін, кейінгі ұрпақ үшін мерей болар еді.
Науан САҚИПОВ
