Мақта терімінен бас тартқан әншіге өлең айтуға тыйым салынды
Өзбек эстрадасының танымал әншісі Жасур Умировтың енді ән айтуы екіталай. Мақта теруге бармағандығы үшін ел билігі оны концерттерге қатысу мүмкіндігінен айырып отыр. Бұл жайында "Узбекнаво" эстрадалық-концерттік бірлестігі мәлімдеді. Бірлестік өкілдерінің айтуынша, Умировтың лицензиясы расында да кері қайтарылған. Бірақ нақты себебін олар айтпай отыр. Ал, Азаттық радиосының Өзбекстандағы тілшілері мәселенің барлығы мақта терімінде екендігін мәлімдеді. Бұған дейін де әншінің бейнебаяндары ұлттық менталитетке сай келмейді деп көрсетілімнен алынып тасталынған болатын. Енді ол не концерттерде, не тойда өлең айта алмайды. Baq.kz
16.10.2013 07:49
4103
Өзбек эстрадасының танымал әншісі Жасур Умировтың енді ән айтуы екіталай. Мақта теруге бармағандығы үшін ел билігі оны концерттерге қатысу мүмкіндігінен айырып отыр.
Бұл жайында "Узбекнаво" эстрадалық-концерттік бірлестігі мәлімдеді. Бірлестік өкілдерінің айтуынша, Умировтың лицензиясы расында да кері қайтарылған. Бірақ нақты себебін олар айтпай отыр. Ал, Азаттық радиосының Өзбекстандағы тілшілері мәселенің барлығы мақта терімінде екендігін мәлімдеді.
Бұған дейін де әншінің бейнебаяндары ұлттық менталитетке сай келмейді деп көрсетілімнен алынып тасталынған болатын. Енді ол не концерттерде, не тойда өлең айта алмайды.
Baq.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
БОКС: Кімге үміт артамыз?
Келесі жаңалық
Канадада жаңа премьер-министр сайланды