БОКС: Кімге үміт артамыз?
Көптен күткен бокстан Әлем чемпионаты да басталды. Барша бокссүйер қауым Алатау баурайына ағылып жатыр. Әлемнің 600 ге тарта "гүрзі жұдырықты" жігіттері екі апта бойы мықтыларды анықтамақ. Алл, алаш жұрты он спортшыны үкілеп қосты. Бәрі де жыл бойы түрлі сынақтан өтіп, шеберлігі шыңдалғандар. Бүгін жарыстың үшінші күні. Қазақ боксшылары алғашқы айналымнан босатылғандықтан, жарысты 19 қазаннан бастайды. Жеребе барлық өренімізге жолдас болды деп айта алмаймыз. Кейбірінің жолы даңғыл болса, енді біріне мықтылар тап келген. Кім кіммен бәсекелеспек? Боксшыларымыздың жағдайы қандай? Осы сауалдарға жауап іздеп көріп едік... 49 келі: Біраз жұрт Біржан Жақыповты «жолы ауыр боксшы» деп айтып жүр. Бұған дейін ол «қытай синдромына» жол беріп келді. Енді қалайда көсілу керек. Көсілу керек дейміз-ау, оған қарсыластары мүмкіндік берер ме екен? Бірден айтайық, Жақыповқа жеребе оңай түскен жоқ. Қарсыластарының бәрі қарымды. Тұсаукесер бәсекесінде-ақ ресейлік Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Бэлик Галанов немесе Украинаның жас өрені Вадим Кудряковпен айқасатын болды. Оның осал тұсын тапса, Универсиада чемпионы өзбек Хасанбой Дусматовпен жолығады. Өзбек өрені биылғы «Төрттік турнирінде» жерлесімізді жерге қаратқан. Жас болса да өте тегеурінді боксшы. Сәтін салып, өзбектен есе қайтарады деп сенейік. Олай болса отандасымыз ширек финалда да біраз күшін сарқымақ. Үндістандық Нанао Сингх та жұлынып тұрған жампоз. Осы бәсекесі қиын болмақ. Біз Біржанға сенеміз. Үндістің Зоу Шиминьдей «тылсым күші» жоқ болар. Оның үстіне жарыс өз үйімізде өтіп жатыр. Біржан 2005 жылғы әлем біріншілігінің жартылай финалына өткен. Содан бері бұл биіктік еш бағынбай жүр. Енді міне, осы олқылықты түзетудің реті келгендей. Тым болмағанда, жартылай финалға дейін жетпесе, онда жазғырушы жанкүйерлері көбейетінін Жақыповтың өзі де білсек керек. Жартылай финалдағы қарсыласы кубалық жас пері Иосбани Вейтиа Сото болуы мүмкін. Көзтаныс спортшы. Бакуде өткен әлемдік сайыста дәл осы Сото үмітімізді үзген еді. Міне, есе қайтаруға да тамаша сәт туып тұр. Жақыповтың жартылай финалға дейінгі қарсыластары әлгіндей. Екінші топтағы мықтылардан бразилиялық Патрик Лоуренс, әзірбайжан Салман Әлизаде, Универсиаданың қола жүлдегері моңғол Ганхуяг Ган Ердене және Еуропа чемпионатының жүлдегері, ағылшын Джек Бейтсон бар. Олармен тек финалда жолығады. 52 келі: Ілияс Сүлейменовтің ширек финалға дейінгі қарсыластары өзіміздің көзтаныс боксшылар. Азат Үсеналиев биылғы Азия чемпионатында жолын кескен. Әлемнің вице чемпионы уэлстік Эндрю Селби Лондонда сағымызды сындырған. Яғни, енді өз шаршы алаңымызда қалайда ақымызды қайтару керек. Ширек финалға жолдама берер айқас қырғыз Үсеналиевпен өтуі мүмкін. Ілияс осы бәсекеде ширек финалдың жолдамасын іліп кететініне сенеміз. Ал ширек финалда жанкештілік таныту керек. Өйткен, Селби оңай шағылар жаңғақ емес. Сүлейменовке сәттілік серік болса болғаны бастысы. Отандасымыздың жартылай финалдағы қарсыласы екі дүркін Олимпиада ойындарының қола жүлдегері ирландиялық Пэдди Барнс немесе әлем чемпионатының қола жүлдегері өзбек Жасурбек Латипов болмақ. Әрине, оған дейін алғашқы асулардан сүрінбей өтсе. Сөз жоқ, бұл салмақтың басты фавориті ресейлік Миша Алоян. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы. Әзірбайжан Элвин Мамишзаде, мексикалық Элиас Емигдио, Алоян сынды мықтылармен тек финалда кездеседі. Айта кететіні, Олимпиада чемпионы кубалық Робейси Рамирез, күміс жүлдегер моңғол Тугцогт Нямбаяр елу алты келіге ауысып кетті. 56 келі: 2003 жылдан бері бұл салмақта бізге әлемнің жүлдесі бұйырмай келеді. Әлем чемпионатының дебютанты Қайрат Ералиевтен ерлік күтеміз. Марқұм Бекзат ағасы секілді сиқыршы таяқшадай жарқ етіп шықса шіркін. Бірақ оған қарсыластары мүмкіндік берер ме екен? Ең болмағанда жүлдеге қол соза алса үлкен жеңіс болар еді ау. Ширек финалдағы қарсыласы Олимпиада чемпионы, кубалық Робейси Рамирез болуы тиіс. Өте әлеуетті боксшы. Біз армандаған жүлденің мәселесі осы бәсекеде шешіледі. Ал оған дейін «Орта Азия дербиінен» озып шығуы керек. Алғашқы румыниялық немесе канадалық қарсыласын жолдан ығыстыратынына сенім бар. Одан кейін қырғызстандық Өмірбек Малабеков, өзбек Шахриер Исақовтың қай жеңгенімен жұдырықтасады. Алла қолдап, Ералиев жартылай финалға өтсе, олимпиаданың күміс жүлдегері моңғолиялық Тугцогт Нямбаяр немесе Азия чемпионы Шива Тапаның бірі кезігеді. Биылғы Азия біріншілігінде Қайрат дәл осы үнді спортшысына жол бергені жадымызда. Есетіңізге сала кетейік, олимпиада жүлдегерлері ирландиялық Майкл Конлан, молдован Вячеслав Гоян екінші топта. 60келі: Бакудегі биігімізді осы жолы қайталамасақ ұят шығар. Жеребе Берік Әбдрахмановтың оң жамбасына түскенін бағамдап отырмыз. Жартылай финалға дейін қарымды қарсылас көрінбейді. Тек ширек финалда әлем біріншілігінің жүлдегері, тәжікстандық Анвар Юнусов жолығайын деп тұр. Әлеуетті Әбдріхманов Азия чемпионатының жартылай финалында осы тәжік боксшысын тұқыртқан еді. Демек, қорқатын дәнеңе жоқ. Біз Берікке сенеміз. Бірақ жартылай финалдағы қарсыласы өте тегеурінді. Біз осы бәсекесіне алаңдаймыз. Кубалық Лазаро Алварес Эстрада Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы. «Қабырғаның» көмектесетін сәті осы кез ғой. Ғани Жайлауовтың Бакуде, Лондонда кеткен есесісін қайтара алсақ, үлкен іс тындырған болар едік. Егер Құдай жолын оңғарып, отандасымыз финалға аяқ басып жатса, әлем чемпионы итальян Доменико Валентино, Еуропа біріншілігінің жүлдегері беларусь Вазген Сафарянц немесе бразилиялық Робсон Консейсао сынды мықтылармен тайталасады. 64 келі: Мерей Ақшалов әлем чемпионатының дәмін татып көрген . 2007 жылғы бағынбаған белеске Алматы төрінде шығып жатса, үлкен жеңіс болмақ әрине. Бар халықтың тілеуі осы. Бұл салмақ қазақ боксына құт әкелгенін білеміз. Серік Сәпиев Чикагода осы салмақта екі дүркін әлем чемпионы атанды емес пе?! Хош делік. Жеребеге үңіле отырып, ширек финалдан бастап мықтылар тап болатынын бағамдап отырмыз. Ақшаловтың алғашқы бәсекесінде шотландиялық Джош Тейлорды, одан кейін АҚШ немесе Доминикан өкілін орта жолда тоқтататындай күш қайраты бар. Ширек финалдағы бәсекесі қауіптірек. Намысқа тырысса, Еуропа чемпионы Реймонд Мойлеттің де сағын сындыруға болады. Одан әрі жартылай финал. Болжамымымыз бойынша, қарсыласы әлем чемпионы бразилиялық Эвертон Лопес немесе Олимпиаданың қола жүлдегері, литвалық Евалдас Петраускастың бірі болуы тиіс. Ақшалов арынды боксшы. Жартылай финалға дейін қарсыластарын түріп шығарына сенімдіміз. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері кубалық Ясниер Толедо, моңғол Уранчимек Мунх Ерден, Еуропа чемпионатының жүлдегері, ресейлік Армен Закарян сынды сайыпқырандар екінші топқа жайғасыпты. 69 келі: Несін айтайық, қазақ боксшылары меншіктеп алған салмақ қой. Бақтияр, Бақыт, Серік ағаларының жеңісті жолын Елеусінов жалғастыруға белді бекем буып отыр. Құраманың капитаны да өзі. Иә, Даниярдың мойнында ауыр міндет тұр. Нағыз сыналар кез де келді. Жеребенің жағдайын айтайық. Елеусінов ширек финалға дейін емін еркін жетуі тиіс. Шотландиялық Бенсонды, одан әрі жапон Ясухиро Сузуки немесе ирланд өкілі Адам Ноланның осал тұсуын табуға Даниярдың қабілет қарымы жетеді. Ал ширек финалда италиялық Винчензо Маньякапреден есе қайтарудың сәті түспек. Лондон ойындарында осы боксшы терезесі теңдей өнер көрсетіп, «тылсым күш» арқылы жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Даниярдың бақ жұлдызы жанарына үміт басым. Ал жартылай финалдағы бәсекелесі кім болуы мүмкін? Біздіңше, олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, ағылшын Фрэдди Эванс өтетін сияқты. Әрине, жерлесіміз бар күшін сарқыса, оны да айналып өтетеніне күш қуаты жетеді. Финалда кімдер кезікпек? Екінші топтағы мықтылардан ресейлік Александр Беспутин, куба қабыланы Ариснойдис Диспейн, мексикалық Марвин Кабрера, венесуэлалық Габриэль Маэстроны бөле жара атап өтер едік. Алтын үшін бәсеке осылардың бірімен өтеді. 75 келі: Ашығын айтайық, Жәнібекке де жеребе жолдас болған жоқ. «Бісміллә» бәсекесінде ақ әлеуетті әзірбайжан боксшысы Солтан Мигитиновпен күш сынасатын болды. Әзірбайжан үміті қарымды болса, біздің өрен де осал емес. Биылғы Азия чемпионатында топты жарып шыққанын білеміз. Жас болса да қимылы ширақ. Бұл бәсекеде жеңіс біздің пайдамызға шешілетініне сенім бар. Келесі сында мексикалық Хуан Меркадо немесе италиялық Рафаэлло Муннодан айтарлықтай қауіп күте алмаймыз. Сәтін салып, Жәнібек ширек финалға әупірімдеп аяқ басар. Ал жартылай финалға жолдама берер бәсекесі әлем чемпионатының жүлдегері румыниялық Богдан Журатониме өтеді. Міне, бізді мазалап тұрған осы жағдай. Егер Әлімханұлы румынды орнына қояр болса, әлем чемпионатының басты қаһарманы осы жігіт болмақ. Үміттенеміз. Тілекші болайық ағайын. Жерлесімізді жартылай финалда украин өрені Дмитро Митрофанов немесе кубалық Рамон Луйс күтіп тұр. Айта кетейік, екінші топтан финалға Олимпиаданың күміс, әлем чемпионатының қола жүлдегері, бразилиялық Эскуйва Фалькао Флорентина, Олимпиаданың қола жүлдегері үнді Вижендер Сингх немесе венгрияның жас өрені Золтан Харсианың бірі шығады. 81 келі: Әділбекті «Күмісбек» деп жазғырушылар жетерлік. Расында, соңғы әлем чемпионаты, Олимпиада ойындары мен Азия чемпионатында Ниязымбетов күмісті қанағат тұтып келді. Енді осы бір лақап аттан арылатын кез келді. Оның сәті де түсіп тұрғандай. Жеребе жерлесімізге жолдас болған. Әділбек әлем чемпионатының финалында деп нық сеніммен айта аламыз. Алғашқы қарсыласы финландиялық Хукканен, одан кейінгі болгар Радослав Панталевтің шамасы көпшілікке мәлім. Ширек финалда беларусь Сергей Новиков немесе кәріс Ким Хен Ку да Ниязымбетовтың басты бәсекелесі емес. Естеріңізде болса, биылғы Азия чемпионатының финалында жас өрен өзбекстандық Айбек Мамазулунов алдымызды орап кеткен еді. Әлем чемпионатының жартылай финалында осы өзбек өренінен есе қайтарудың тамаша сәті түсіп тұр екен. Әрине, Мамазулунов әуелі жартылай финалға өту үшін нидерландиялық Петер Мулленбергтен айласын асыруы ләзім. Біздің пайымымызша, гүрзі жұдырықты жерлесіміздің басты қарсыласы ол әлем чемпионы Хулио де Ла Круз Пераза. Ол екінші топқа түскен. Сонымен, Ниязымбетов финалда осы боксшымен қолғап түйістіруі мүмкін. Рас, Әдоктың алтын алатын уақыты келді. Бакуде Ла Круздың бағы жанды. Енді өз шаршы алаңымызда алай да алтынмен апталуы тиіс. 91 келі: Дебютант Антон Пинчукке артылар сенім зор. Басынан бағы тайған салмақтың жұлдызы жанатын сәті келді емес пе? Бұл салмақтың негізгі мықтылары Олимпиада, әлем чемпионатының жүлдегері әзірбайжан Теймур Маммадов, итальян жұлдызы Клементе Руссо, кубалық Эрисланди Савон бір топқа түскен. Украина мақтанышы Александар Усик профиға ауысты. Сондықтан Антон Пинчук жанкештілік танытса, жүлде алатындай мүмкіндігі бар. Отандасымыз ширек финалға шығар жолда Универсиада жүлдегері өзбекстандық Рустам Тулагановпен, ширек финалда ресейлік Евгений Тищенко немесе беларусь Сергей Корнеевтің бірімен «төбелеспек». Демек, ширек финалда алапат айқас күтіп тұр деген сөз. Жүлденің тағдыры осы бәсекеде шешіледі. Әрине, оған дейін Антон венгр Имре Сзелломен, өзбек өренін жолдан ығыстыруы тиіс. Қуантатыны, жартылай финалда атын атап, түсін түстейтіндей боксшы жоқ. Қалай десек те, жүлде алу жерлесіміздің өз қолында. Бағы жанса оған да жетіп қалар. +91 келі «Жақсы сөз жарым ырыс» деген. Жеребеден көңілге түйгеніміз, Олимпиада, әлем чемпионатының қола жүлдегері Ваня Дычко финалға аяқ басып тұр. Оған дейінгі қарсыластарын қидай сыпыратынына күмәніміз жоқ. Алғашқы қарсыласы экс «арлан» Иштван Бернаттың әуселесін жақсы білеміз. Ширек финалда беларусь Ян Судзиловский де қарсылық көрсетіп жарытпас. Жартылай финалда өзіміздің «арлан» румыниялық Михай Нистор, неміс Эрик Пфайфер немесе ағылшын Джозеф Джойстың бірі қарсылас болмақ. Олар Дычконың негізгі қарсыласы емес. Екінші топтан әлеуетті екі боксшы бар. Олар әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері әзірбайжандық Магомедрасул Меджидов, екі дүркін әлем чемпионы, Олимпиаданың алтын, күміс, қола жүлдегері Роберто Каммарелле. Яғни, осы екеуінің бірі бізге қарсылас атанады. Қазір дырау Дычко өз бабында. Биыл Азия чемпионатын да еркін түріп шыққан. Енді өз үйімізде өтіп жатқан әлемдік сайыста чемпион болмағанда, қашан болмақ?Оны жанкүйерлер де, Ваняның өзі де түсінеді. Түйсінеді. Қалай болғанда да, Ванядан алтын күтеміз. Түйін: Байқағандарыңыздай, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко, Мерей Ақшалов, Берік Әбдірахманов, Данияр Елеусіновтің жеребесі жайлы. Мықтылармен тек жартылай финалда жолығады. Қалған боксшыларымыздың үшінші айналымнан бастап мықтылармен жолы түйіспек. Бәрі де спортшыларымыздың бабы мен бағына байланысты екенін ұмытпайық. Кім мықтыны шаршы алаң дәлелдейді. Сол себепті, бас бапкер айтқандай, жігіттердің жүлдеге жетуі өз қолдарында. Алға алаштың ұлдары! Тағабай Қасым Baq.kzБүгін жарыстың үшінші күні. Қазақ боксшылары алғашқы айналымнан босатылғандықтан, жарысты 19 қазаннан бастайды. Жеребе барлық өренімізге жолдас болды деп айта алмаймыз. Кейбірінің жолы даңғыл болса, енді біріне мықтылар тап келген. Кім кіммен бәсекелеспек? Боксшыларымыздың жағдайы қандай? Осы сауалдарға жауап іздеп көріп едік...
49 келі:
Біраз жұрт Біржан Жақыповты «жолы ауыр боксшы» деп айтып жүр. Бұған дейін ол «қытай синдромына» жол беріп келді. Енді қалайда көсілу керек. Көсілу керек дейміз-ау, оған қарсыластары мүмкіндік берер ме екен? Бірден айтайық, Жақыповқа жеребе оңай түскен жоқ. Қарсыластарының бәрі қарымды. Тұсаукесер бәсекесінде-ақ ресейлік Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Бэлик Галанов немесе Украинаның жас өрені Вадим Кудряковпен айқасатын болды. Оның осал тұсын тапса, Универсиада чемпионы өзбек Хасанбой Дусматовпен жолығады. Өзбек өрені биылғы «Төрттік турнирінде» жерлесімізді жерге қаратқан. Жас болса да өте тегеурінді боксшы. Сәтін салып, өзбектен есе қайтарады деп сенейік. Олай болса отандасымыз ширек финалда да біраз күшін сарқымақ. Үндістандық Нанао Сингх та жұлынып тұрған жампоз. Осы бәсекесі қиын болмақ. Біз Біржанға сенеміз. Үндістің Зоу Шиминьдей «тылсым күші» жоқ болар. Оның үстіне жарыс өз үйімізде өтіп жатыр.
Біржан 2005 жылғы әлем біріншілігінің жартылай финалына өткен. Содан бері бұл биіктік еш бағынбай жүр. Енді міне, осы олқылықты түзетудің реті келгендей. Тым болмағанда, жартылай финалға дейін жетпесе, онда жазғырушы жанкүйерлері көбейетінін Жақыповтың өзі де білсек керек. Жартылай финалдағы қарсыласы кубалық жас пері Иосбани Вейтиа Сото болуы мүмкін. Көзтаныс спортшы. Бакуде өткен әлемдік сайыста дәл осы Сото үмітімізді үзген еді. Міне, есе қайтаруға да тамаша сәт туып тұр.
Жақыповтың жартылай финалға дейінгі қарсыластары әлгіндей. Екінші топтағы мықтылардан бразилиялық Патрик Лоуренс, әзірбайжан Салман Әлизаде, Универсиаданың қола жүлдегері моңғол Ганхуяг Ган Ердене және Еуропа чемпионатының жүлдегері, ағылшын Джек Бейтсон бар. Олармен тек финалда жолығады.
52 келі:
Ілияс Сүлейменовтің ширек финалға дейінгі қарсыластары өзіміздің көзтаныс боксшылар. Азат Үсеналиев биылғы Азия чемпионатында жолын кескен. Әлемнің вице чемпионы уэлстік Эндрю Селби Лондонда сағымызды сындырған. Яғни, енді өз шаршы алаңымызда қалайда ақымызды қайтару керек. Ширек финалға жолдама берер айқас қырғыз Үсеналиевпен өтуі мүмкін. Ілияс осы бәсекеде ширек финалдың жолдамасын іліп кететініне сенеміз. Ал ширек финалда жанкештілік таныту керек. Өйткен, Селби оңай шағылар жаңғақ емес. Сүлейменовке сәттілік серік болса болғаны бастысы. Отандасымыздың жартылай финалдағы қарсыласы екі дүркін Олимпиада ойындарының қола жүлдегері ирландиялық Пэдди Барнс немесе әлем чемпионатының қола жүлдегері өзбек Жасурбек Латипов болмақ. Әрине, оған дейін алғашқы асулардан сүрінбей өтсе.
Сөз жоқ, бұл салмақтың басты фавориті ресейлік Миша Алоян. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы. Әзірбайжан Элвин Мамишзаде, мексикалық Элиас Емигдио, Алоян сынды мықтылармен тек финалда кездеседі. Айта кететіні, Олимпиада чемпионы кубалық Робейси Рамирез, күміс жүлдегер моңғол Тугцогт Нямбаяр елу алты келіге ауысып кетті.
56 келі:
2003 жылдан бері бұл салмақта бізге әлемнің жүлдесі бұйырмай келеді. Әлем чемпионатының дебютанты Қайрат Ералиевтен ерлік күтеміз. Марқұм Бекзат ағасы секілді сиқыршы таяқшадай жарқ етіп шықса шіркін. Бірақ оған қарсыластары мүмкіндік берер ме екен? Ең болмағанда жүлдеге қол соза алса үлкен жеңіс болар еді ау.
Ширек финалдағы қарсыласы Олимпиада чемпионы, кубалық Робейси Рамирез болуы тиіс. Өте әлеуетті боксшы. Біз армандаған жүлденің мәселесі осы бәсекеде шешіледі. Ал оған дейін «Орта Азия дербиінен» озып шығуы керек. Алғашқы румыниялық немесе канадалық қарсыласын жолдан ығыстыратынына сенім бар. Одан кейін қырғызстандық Өмірбек Малабеков, өзбек Шахриер Исақовтың қай жеңгенімен жұдырықтасады.
Алла қолдап, Ералиев жартылай финалға өтсе, олимпиаданың күміс жүлдегері моңғолиялық Тугцогт Нямбаяр немесе Азия чемпионы Шива Тапаның
бірі кезігеді. Биылғы Азия біріншілігінде Қайрат дәл осы үнді спортшысына жол бергені жадымызда.
Есетіңізге сала кетейік, олимпиада жүлдегерлері ирландиялық Майкл Конлан, молдован Вячеслав Гоян екінші топта.
60келі:
Бакудегі биігімізді осы жолы қайталамасақ ұят шығар. Жеребе Берік Әбдрахмановтың оң жамбасына түскенін бағамдап отырмыз. Жартылай финалға дейін қарымды қарсылас көрінбейді. Тек ширек финалда әлем біріншілігінің жүлдегері, тәжікстандық Анвар Юнусов жолығайын деп тұр. Әлеуетті Әбдріхманов Азия чемпионатының жартылай финалында осы тәжік боксшысын тұқыртқан еді. Демек, қорқатын дәнеңе жоқ. Біз Берікке сенеміз. Бірақ жартылай финалдағы қарсыласы өте тегеурінді. Біз осы бәсекесіне алаңдаймыз. Кубалық Лазаро Алварес Эстрада Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы. «Қабырғаның» көмектесетін сәті осы кез ғой. Ғани Жайлауовтың Бакуде, Лондонда кеткен есесісін қайтара алсақ, үлкен іс тындырған болар едік.
Егер Құдай жолын оңғарып, отандасымыз финалға аяқ басып жатса, әлем чемпионы итальян Доменико Валентино, Еуропа біріншілігінің жүлдегері беларусь Вазген Сафарянц немесе бразилиялық Робсон Консейсао сынды мықтылармен тайталасады.
64 келі:
Мерей Ақшалов әлем чемпионатының дәмін татып көрген . 2007 жылғы бағынбаған белеске Алматы төрінде шығып жатса, үлкен жеңіс болмақ әрине. Бар халықтың тілеуі осы. Бұл салмақ қазақ боксына құт әкелгенін білеміз. Серік Сәпиев Чикагода осы салмақта екі дүркін әлем чемпионы атанды емес пе?!
Хош делік. Жеребеге үңіле отырып, ширек финалдан бастап мықтылар тап болатынын бағамдап отырмыз. Ақшаловтың алғашқы бәсекесінде шотландиялық Джош Тейлорды, одан кейін АҚШ немесе Доминикан өкілін орта жолда тоқтататындай күш қайраты бар. Ширек финалдағы бәсекесі қауіптірек. Намысқа тырысса, Еуропа чемпионы Реймонд Мойлеттің де сағын сындыруға болады. Одан әрі жартылай финал. Болжамымымыз бойынша, қарсыласы әлем чемпионы бразилиялық Эвертон Лопес немесе Олимпиаданың қола жүлдегері, литвалық Евалдас Петраускастың бірі болуы тиіс. Ақшалов арынды боксшы. Жартылай финалға дейін қарсыластарын түріп шығарына сенімдіміз.
Олимпиада ойындарының қола жүлдегері кубалық Ясниер Толедо, моңғол Уранчимек Мунх Ерден, Еуропа чемпионатының жүлдегері, ресейлік Армен Закарян сынды сайыпқырандар екінші топқа жайғасыпты.
69 келі:
Несін айтайық, қазақ боксшылары меншіктеп алған салмақ қой. Бақтияр, Бақыт, Серік ағаларының жеңісті жолын Елеусінов жалғастыруға белді бекем буып отыр. Құраманың капитаны да өзі. Иә, Даниярдың мойнында ауыр міндет тұр. Нағыз сыналар кез де келді. Жеребенің жағдайын айтайық. Елеусінов ширек финалға дейін емін еркін жетуі тиіс. Шотландиялық Бенсонды, одан әрі жапон Ясухиро Сузуки немесе ирланд өкілі Адам Ноланның осал тұсуын табуға Даниярдың қабілет қарымы жетеді. Ал ширек финалда италиялық Винчензо Маньякапреден есе қайтарудың сәті түспек. Лондон ойындарында осы боксшы терезесі теңдей өнер көрсетіп, «тылсым күш» арқылы жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Даниярдың бақ жұлдызы жанарына үміт басым. Ал жартылай финалдағы бәсекелесі кім болуы мүмкін? Біздіңше, олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, ағылшын Фрэдди Эванс өтетін сияқты. Әрине, жерлесіміз бар күшін сарқыса, оны да айналып өтетеніне күш қуаты жетеді.
Финалда кімдер кезікпек? Екінші топтағы мықтылардан ресейлік Александр Беспутин, куба қабыланы Ариснойдис Диспейн, мексикалық Марвин Кабрера, венесуэлалық Габриэль Маэстроны бөле жара атап өтер едік. Алтын үшін бәсеке осылардың бірімен өтеді.
75 келі:
Ашығын айтайық, Жәнібекке де жеребе жолдас болған жоқ. «Бісміллә» бәсекесінде ақ әлеуетті әзірбайжан боксшысы Солтан Мигитиновпен күш сынасатын болды. Әзірбайжан үміті қарымды болса, біздің өрен де осал емес. Биылғы Азия чемпионатында топты жарып шыққанын білеміз. Жас болса да қимылы ширақ. Бұл бәсекеде жеңіс біздің пайдамызға шешілетініне сенім бар. Келесі сында мексикалық Хуан Меркадо немесе италиялық Рафаэлло Муннодан айтарлықтай қауіп күте алмаймыз. Сәтін салып, Жәнібек ширек финалға әупірімдеп аяқ басар. Ал жартылай финалға жолдама берер бәсекесі әлем чемпионатының жүлдегері румыниялық Богдан Журатониме өтеді. Міне, бізді мазалап тұрған осы жағдай. Егер Әлімханұлы румынды орнына қояр болса, әлем чемпионатының басты қаһарманы осы жігіт болмақ. Үміттенеміз. Тілекші болайық ағайын. Жерлесімізді жартылай финалда украин өрені Дмитро Митрофанов немесе кубалық Рамон Луйс күтіп тұр.
Айта кетейік, екінші топтан финалға Олимпиаданың күміс, әлем чемпионатының қола жүлдегері, бразилиялық Эскуйва Фалькао Флорентина, Олимпиаданың қола жүлдегері үнді Вижендер Сингх немесе венгрияның жас өрені Золтан Харсианың бірі шығады.
81 келі:
Әділбекті «Күмісбек» деп жазғырушылар жетерлік. Расында, соңғы әлем чемпионаты, Олимпиада ойындары мен Азия чемпионатында Ниязымбетов күмісті қанағат тұтып келді. Енді осы бір лақап аттан арылатын кез келді. Оның сәті де түсіп тұрғандай. Жеребе жерлесімізге жолдас болған. Әділбек әлем чемпионатының финалында деп нық сеніммен айта аламыз. Алғашқы қарсыласы финландиялық Хукканен, одан кейінгі болгар Радослав Панталевтің шамасы көпшілікке мәлім. Ширек финалда беларусь Сергей Новиков немесе кәріс Ким Хен Ку да Ниязымбетовтың басты бәсекелесі емес. Естеріңізде болса, биылғы Азия чемпионатының финалында жас өрен өзбекстандық Айбек Мамазулунов алдымызды орап кеткен еді. Әлем чемпионатының жартылай финалында осы өзбек өренінен есе қайтарудың тамаша сәті түсіп тұр екен. Әрине, Мамазулунов әуелі жартылай финалға өту үшін нидерландиялық Петер Мулленбергтен айласын асыруы ләзім.
Біздің пайымымызша, гүрзі жұдырықты жерлесіміздің басты қарсыласы ол әлем чемпионы Хулио де Ла Круз Пераза. Ол екінші топқа түскен. Сонымен, Ниязымбетов финалда осы боксшымен қолғап түйістіруі мүмкін. Рас, Әдоктың алтын алатын уақыты келді. Бакуде Ла Круздың бағы жанды. Енді өз шаршы алаңымызда алай да алтынмен апталуы тиіс.
91 келі:
Дебютант Антон Пинчукке артылар сенім зор. Басынан бағы тайған салмақтың жұлдызы жанатын сәті келді емес пе? Бұл салмақтың негізгі мықтылары Олимпиада, әлем чемпионатының жүлдегері әзірбайжан Теймур Маммадов, итальян жұлдызы Клементе Руссо, кубалық Эрисланди Савон бір топқа түскен. Украина мақтанышы Александар Усик профиға ауысты. Сондықтан Антон Пинчук жанкештілік танытса, жүлде алатындай мүмкіндігі бар.
Отандасымыз ширек финалға шығар жолда Универсиада жүлдегері өзбекстандық Рустам Тулагановпен, ширек финалда ресейлік Евгений Тищенко немесе беларусь Сергей Корнеевтің бірімен «төбелеспек». Демек, ширек финалда
алапат айқас күтіп тұр деген сөз. Жүлденің тағдыры осы бәсекеде шешіледі. Әрине, оған дейін Антон венгр Имре Сзелломен, өзбек өренін жолдан ығыстыруы тиіс.
Қуантатыны, жартылай финалда атын атап, түсін түстейтіндей боксшы жоқ. Қалай десек те, жүлде алу жерлесіміздің өз қолында. Бағы жанса оған да жетіп қалар.
+91 келі
«Жақсы сөз жарым ырыс» деген. Жеребеден көңілге түйгеніміз, Олимпиада, әлем чемпионатының қола жүлдегері Ваня Дычко финалға аяқ басып тұр. Оған дейінгі қарсыластарын қидай сыпыратынына күмәніміз жоқ. Алғашқы қарсыласы экс «арлан» Иштван Бернаттың әуселесін жақсы білеміз. Ширек финалда беларусь Ян Судзиловский де қарсылық көрсетіп жарытпас. Жартылай финалда өзіміздің «арлан» румыниялық Михай Нистор, неміс Эрик Пфайфер немесе ағылшын Джозеф Джойстың бірі қарсылас болмақ. Олар Дычконың негізгі қарсыласы емес. Екінші топтан әлеуетті екі боксшы бар. Олар әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері әзірбайжандық Магомедрасул Меджидов, екі дүркін әлем чемпионы, Олимпиаданың алтын, күміс, қола жүлдегері Роберто Каммарелле. Яғни, осы екеуінің бірі бізге қарсылас атанады.
Қазір дырау Дычко өз бабында. Биыл Азия чемпионатын да еркін түріп шыққан. Енді өз үйімізде өтіп жатқан әлемдік сайыста чемпион болмағанда, қашан болмақ?Оны жанкүйерлер де, Ваняның өзі де түсінеді. Түйсінеді. Қалай болғанда да, Ванядан алтын күтеміз.
Түйін: Байқағандарыңыздай, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко, Мерей Ақшалов, Берік Әбдірахманов, Данияр Елеусіновтің жеребесі жайлы. Мықтылармен тек жартылай финалда жолығады. Қалған боксшыларымыздың үшінші айналымнан бастап мықтылармен жолы түйіспек. Бәрі де спортшыларымыздың бабы мен бағына байланысты екенін ұмытпайық. Кім мықтыны шаршы алаң дәлелдейді. Сол себепті, бас бапкер айтқандай, жігіттердің жүлдеге жетуі өз қолдарында. Алға алаштың ұлдары!
Тағабай Қасым
Baq.kz
