Жаңалықтар

Сирек кездесетін құлпытас

Қызылорда облысында зерттелуді қажет ететін ескерткіштің бірі ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары қойылған құлпытас. Бұл ескерткіш-белгі Жалағаш ауданының «Таң» ауылы маңында қайтыс болған Сарыбай руынан шыққан Мошыбай Тортуылұлының қабірі басына қойылған. Бұрындары анда-санда жолай өтіп жүргенде бір қарап, басына Құран оқып жүргендер көп болыпты. Бірте-бірте қазына-қариялар азайып, баба қабіріне бару да азая түссе керек. Содан да болар Мошыбайдың тікелей ұрпақтарының өзі баба ескерткішінің бар екенін естігенмен, көрмепті. №16 ауылға – қазіргі Жалағаш ауданындағы Мақпалкөл ауы­л­ы­на соққан Абзал, Құрал Құлмахановтарға ағалары Абай Иісов бірден жайсыз хабарды айтады. «Мен біраз жыл егін егіп, мал бақтым. Сонда Мошыбай құлпытасына кезіктім. «Таң» ауылындағы қариялар бұл ескерткіш сендердің бабала­рың­ның басына қойылған құлпытас. Бұрындары бірде-екілі қарттарың келіп тұратын, өзі бір сирек құлпытас» деп әңгімелеген еді. Міне, сол әңгімеден бері де 40 жылдай уақыт өтіпті. Сол бір ескерткіш жайында Сарыбайдың игі-жақсылары отырған жерде айтқанымда, «Иә, ол Мошыбай бабамызға орнатылған құлпытас» деп Тортуыл, Мошыбай, Тышқанбай, ­Баймырза жайлы әңгімелер айтылған-ды. Өзі бір ерекше құйылған (соғылған) құлпытас ойыма түсіп, атқа қонып, Құлмахановтарды ертіп барсам, ескерткіш құлап, жазулары өше бастапты, үшеулеп орнына қайта қойдық» деп Абай Иісов қария әңгімесін аяқтаған болатын. Бір көргеннен баба басына ­қо­йыл­ған ескерткіштің құндылығын түсінген қос Құлмахановтар бір уа­қыт­­тарда қайта соқса, құлпытас ор­нында жоқ. Заң орындарында қыз­мет атқарған Құрал Құлмаханов жан-жақтан сұрау, іздеу салып ескерт­кіштің Жалағаш аудандық мұра­жайында тұрғанын естіп, мұражай қызметкерлерімен сөйлесіп, ескерт­кішті бастапқы орнына қойып, айналасын қоршап, жазу жазып, күтімге ала бастады. 2013 жылдың 3 қаңтарында Тортуылұлы Мошыбай құлпытасы облыстағы арнайы комиссияның мәжілісінде қаралып, мемлекеттік есепке алынып, тарихи-мәдени мұра нысандарының тізіміне енгізіліп, қорғауға алынды. Мұндай сәнді құйылып жасалған құлпытас Сыр елінде аз кездеседі. Сыр ескерткіштерін зерттеушілердің бірі ретінде айтарым, менің тәжірибемде кездескен екінші құлпытас. Біріншісі Қазалы ауданы жеріндегі ескі қоныс Адам Атадағы қабір басындағы, екіншісі осы Мошыбай құлпытасы. Осындай сәулетті ескерткіш-белгі қойып, Мошыбай кім болған, несімен жұртшылыққа сыйлы болды деген сауалдың өзінен-өзі туындайтыны белгілі. Сонымен мені қызықтырған құлпытастың кімге арналғанын білмек болып жүргенімде, жолым түсіп Қызылорда қаласында болғанымда Құлмахановтарды жолықтырып, бір кеш әңгімелестік. Мошыбайдың әкесі бай кісі болған екен. Жазда Ырғыз өңірін жайлап, қыста Сырдағы Қуаңдария мен Жаңадария бойын қыстапты. Келе-келе Ырғыз бойын жерсінген Тортуыл Сырға келмей, сол өңірде тұрақтапты. Оның растығын айғақтағандай Қазақстандағы шабындық жайылымға арналған карта Ырғыз ауданының жерінде «Тортуыл» жайлауы көрсетілген. Демек, Тортуылдан туған Мошыбай Ырғызда туып-өсіп, Сырдағы ағайындарының шақыртуымен Сыр бойына көшіп келеді. Туыстарының арнайы шақыртуы оның орысша, қазақша, діни сауатты екенін естіп, өздеріне басшы етпек болған. Қазалы уезіне қарасты Қаракөл-Қуаңдария болыстығына сайлау болар алдында уезд басшылығы оны Ташкент қаласына оқуға жібереді. Сол сапар барысында 1877 жылы 28 жасында кенеттен қаза болып, қазіргі құлпытасы қойылған жерге жамбасы тиеді. Келешегінен көп үміт күттірген, жалынды жас, шешен тілді Мошыбайдың қыршын кеткенін естіп, Ақмешіт пен Ырғыз өңірінің жұртшылығы қайғырыпты. Мошыбайдың асына ағайын-туыстарға сауын айтылып ас беріліп, бәйге ұйымдастырылып, жамбы қойылған деседі. Мошыбайдың туған ағасы Қошқарбай арнайы Самарқаннан көк тас алдырып, құлпытас жасаттырып, белгі орнатқан. Сол ерекше бір құлпытас біз әңгімелеп отырған Мошыбай Тортуылұлының басындағы ескерткіш. Еліміздегі тарихи, мәдени ескерткіштер қаншама?! Мұндай ескерткіштерді көзден таса қылмай, сақталуына күш салуымыз қажет. Тынышбек ДАЙРАБАЙ, зерттеуші
16.10.2013 06:49 4193

Қызылорда облысында зерттелуді қажет ететін ескерткіштің бірі ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары қойылған құлпытас.
Бұл ескерткіш-белгі Жалағаш ауданының «Таң» ауылы маңында қайтыс болған Сарыбай руынан шыққан Мошыбай Тортуылұлының қабірі басына қойылған.
Бұрындары анда-санда жолай өтіп жүргенде бір қарап, басына Құран оқып жүргендер көп болыпты. Бірте-бірте қазына-қариялар азайып, баба қабіріне бару да азая түссе керек. Содан да болар Мошыбайдың тікелей ұрпақтарының өзі баба ескерткішінің бар екенін естігенмен, көрмепті.

№16 ауылға – қазіргі Жалағаш ауданындағы Мақпалкөл ауы­л­ы­на соққан Абзал, Құрал Құлмахановтарға ағалары Абай Иісов бірден жайсыз хабарды айтады. «Мен біраз жыл егін егіп, мал бақтым. Сонда Мошыбай құлпытасына кезіктім. «Таң» ауылындағы қариялар бұл ескерткіш сендердің бабала­рың­ның басына қойылған құлпытас. Бұрындары бірде-екілі қарттарың келіп тұратын, өзі бір сирек құлпытас» деп әңгімелеген еді.
Міне, сол әңгімеден бері де 40 жылдай уақыт өтіпті. Сол бір ескерткіш жайында Сарыбайдың игі-жақсылары отырған жерде айтқанымда, «Иә, ол Мошыбай бабамызға орнатылған құлпытас» деп Тортуыл, Мошыбай, Тышқанбай, ­Баймырза жайлы әңгімелер айтылған-ды. Өзі бір ерекше құйылған (соғылған) құлпытас ойыма түсіп, атқа қонып, Құлмахановтарды ертіп барсам, ескерткіш құлап, жазулары өше бастапты, үшеулеп орнына қайта қойдық» деп Абай Иісов қария әңгімесін аяқтаған болатын.
Бір көргеннен баба басына ­қо­йыл­ған ескерткіштің құндылығын түсінген қос Құлмахановтар бір уа­қыт­­тарда қайта соқса, құлпытас ор­нында жоқ. Заң орындарында қыз­мет атқарған Құрал Құлмаханов жан-жақтан сұрау, іздеу салып ескерт­кіштің Жалағаш аудандық мұра­жайында тұрғанын естіп, мұражай қызметкерлерімен сөйлесіп, ескерт­кішті бастапқы орнына қойып, айналасын қоршап, жазу жазып, күтімге ала бастады.
2013 жылдың 3 қаңтарында Тортуылұлы Мошыбай құлпытасы облыстағы арнайы комиссияның мәжілісінде қаралып, мемлекеттік есепке алынып, тарихи-мәдени мұра нысандарының тізіміне енгізіліп, қорғауға алынды.
Мұндай сәнді құйылып жасалған құлпытас Сыр елінде аз кездеседі. Сыр ескерткіштерін зерттеушілердің бірі ретінде айтарым, менің тәжірибемде кездескен екінші құлпытас. Біріншісі Қазалы ауданы жеріндегі ескі қоныс Адам Атадағы қабір басындағы, екіншісі осы Мошыбай құлпытасы.
Осындай сәулетті ескерткіш-белгі қойып, Мошыбай кім болған, несімен жұртшылыққа сыйлы болды деген сауалдың өзінен-өзі туындайтыны белгілі. Сонымен мені қызықтырған құлпытастың кімге арналғанын білмек болып жүргенімде, жолым түсіп Қызылорда қаласында болғанымда Құлмахановтарды жолықтырып, бір кеш әңгімелестік.
Мошыбайдың әкесі бай кісі болған екен. Жазда Ырғыз өңірін жайлап, қыста Сырдағы Қуаңдария мен Жаңадария бойын қыстапты. Келе-келе Ырғыз бойын жерсінген Тортуыл Сырға келмей, сол өңірде тұрақтапты. Оның растығын айғақтағандай Қазақстандағы шабындық жайылымға арналған карта Ырғыз ауданының жерінде «Тортуыл» жайлауы көрсетілген. Демек, Тортуылдан туған Мошыбай Ырғызда туып-өсіп, Сырдағы ағайындарының шақыртуымен Сыр бойына көшіп келеді. Туыстарының арнайы шақыртуы оның орысша, қазақша, діни сауатты екенін естіп, өздеріне басшы етпек болған. Қазалы уезіне қарасты Қаракөл-Қуаңдария болыстығына сайлау болар алдында уезд басшылығы оны Ташкент қаласына оқуға жібереді. Сол сапар барысында 1877 жылы 28 жасында кенеттен қаза болып, қазіргі құлпытасы қойылған жерге жамбасы тиеді. Келешегінен көп үміт күттірген, жалынды жас, шешен тілді Мошыбайдың қыршын кеткенін естіп, Ақмешіт пен Ырғыз өңірінің жұртшылығы қайғырыпты. Мошыбайдың асына ағайын-туыстарға сауын айтылып ас беріліп, бәйге ұйымдастырылып, жамбы қойылған деседі.
Мошыбайдың туған ағасы Қошқарбай арнайы Самарқаннан көк тас алдырып, құлпытас жасаттырып, белгі орнатқан. Сол ерекше бір құлпытас біз әңгімелеп отырған Мошыбай Тортуылұлының басындағы ескерткіш.
Еліміздегі тарихи, мәдени ескерткіштер қаншама?! Мұндай ескерткіштерді көзден таса қылмай, сақталуына күш салуымыз қажет.

Тынышбек ДАЙРАБАЙ,
зерттеуші

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға