Қазақ тіл білімінің тарланбозы
Н.Сауранбаев, негізінен, ғылымды ұйымдастырушы нағыз ғалым ретінде қалыптасқанын байқаймыз. Сонымен бірге оның ұстаздық өнегесін де естен шығаруға болмайды. Ол бұл кәсібін 1932 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін үзбей жалғастырған. Ең әуелі, ол мектеп оқушылары және оқытушыларға арнап оқулықтар жазады. Педагогикалық мекемелер кеңестерін басқарады. Ал 1938 жылдан жоғары оқу орындарында дәріс оқып, доцент, профессор қызметтерін атқарады, кафедра меңгереді. Ол ғылыми-педагогикалық қызметті атқара жүріп, қоғам өміріне белсене араласуға да уақыт табады. Н.Сауранбаевтың осындай қайраткерлік қабілетінің байқалғанынан болуы керек, ол 1950 жылы Бүкілодақтық бейбітшілікті жақтаушылар комитетінің мүшесі болып сайланады. Бейбітшілік жақтаушылардың Үндістанда өткен конференциясына қатысып (1947 ж.), қазақ халқының атынан сөз сөйлейді. Үндістан халқының өмірі жайында кітапша жазады. Ол Дели мен Аграда, Аллахабад пен Калькуттада жұртшылық алдында сөз сөйлеп, Мадрас, Хайдарабад Басра, т.б. жерлерде болып, қазақ елінің жағдайын баяндайды. Иран, Ирак елдерінде де болады. 1954 жылы Н.Сауранбаев шығыстанушылардың бүкіл дүниежүзілік ХХІІІ конгресіне қатысып, баяндама жасайды. Конгресс Лондонда өткен. Ол республикадағы ғылым мен білімге қатысты өткізіліп жататын шаралардың бірде-бірінен қалыс қалмаған. Әлденеше ғылыми кеңестердің мүшесі ретінде күнделікті ғылыми өмірдің бәріне қолма-қол араласып отырды. Терминологиялық комитеттің жұмысына қатынасты. Бірнеше газет, журналдың редакция алқасында болды. Замандастары Н.Сауранбаевтың жоғары мәдениеттің адамы болғанын айтады. Әсіресе, оның ішкі мәдениеті мен эрудициясына И.И.Мещанинов, Н.К.Дмитриев, С.Е.Малов, Н.В.Юшманов тәрізді орыстың әйгілі ғалымдары тәнті болғанын еске алады. Н.Сауранбаев ұстанған этикалық норманың жоғары екенін оның барынша әділ, турашыл болғанынан байқаймыз. Ол жас мамандарға кеңес беруден жалықпайды екен. Талқылау, пікіралысу жиналыстарына жиі қатысып, әрдайым қадағалап отыратын болған. Ол – үлкенді сыйлап, кішіге қамқор бола білген жан. Жолдастарына адал, қатардағы адамның біріндей қарым-қатынас жасайтын қарапайым қалпынан айнымай өткен жан болса керек. Н.Т.Сауранбаев 1958 жылы қараша айында небары 48 жасында дүниеден өтті. Оның артында өлмес мұрасы, ұмытылмас үлгі-өнегесі, оны қадір тұтып, қасиет санайтын шәкірттері, шәкірттерінің шәкірттері қалды. Оның ғылыми мұрасын бағалай білетін қаншама мамандар бар. Н.Сауранбаев мұрасын қастерлей білудің бір дәлелі – ол кісінің таяуда100 жылдығының аталып өтуі. Ендеше, қазақ тіл білімі өркендеп тұрғанда Н.Т.Сауранбаевтың есімі ұмытылмақ емес. Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ «Ана тілі»
Н.Сауранбаев, негізінен, ғылымды ұйымдастырушы нағыз ғалым ретінде қалыптасқанын байқаймыз. Сонымен бірге оның ұстаздық өнегесін де естен шығаруға болмайды. Ол бұл кәсібін 1932 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін үзбей жалғастырған. Ең әуелі, ол мектеп оқушылары және оқытушыларға арнап оқулықтар жазады. Педагогикалық мекемелер кеңестерін басқарады. Ал 1938 жылдан жоғары оқу орындарында дәріс оқып, доцент, профессор қызметтерін атқарады, кафедра меңгереді.
Ол ғылыми-педагогикалық қызметті атқара жүріп, қоғам өміріне белсене араласуға да уақыт табады. Н.Сауранбаевтың осындай қайраткерлік қабілетінің байқалғанынан болуы керек, ол 1950 жылы Бүкілодақтық бейбітшілікті жақтаушылар комитетінің мүшесі болып сайланады. Бейбітшілік жақтаушылардың Үндістанда өткен конференциясына қатысып (1947 ж.), қазақ халқының атынан сөз сөйлейді. Үндістан халқының өмірі жайында кітапша жазады. Ол Дели мен Аграда, Аллахабад пен Калькуттада жұртшылық алдында сөз сөйлеп, Мадрас, Хайдарабад Басра, т.б. жерлерде болып, қазақ елінің жағдайын баяндайды. Иран, Ирак елдерінде де болады.
1954 жылы Н.Сауранбаев шығыстанушылардың бүкіл дүниежүзілік ХХІІІ конгресіне қатысып, баяндама жасайды. Конгресс Лондонда өткен. Ол республикадағы ғылым мен білімге қатысты өткізіліп жататын шаралардың бірде-бірінен қалыс қалмаған. Әлденеше ғылыми кеңестердің мүшесі ретінде күнделікті ғылыми өмірдің бәріне қолма-қол араласып отырды. Терминологиялық комитеттің жұмысына қатынасты. Бірнеше газет, журналдың редакция алқасында болды.
Замандастары Н.Сауранбаевтың жоғары мәдениеттің адамы болғанын айтады. Әсіресе, оның ішкі мәдениеті мен эрудициясына И.И.Мещанинов, Н.К.Дмитриев, С.Е.Малов, Н.В.Юшманов тәрізді орыстың әйгілі ғалымдары тәнті болғанын еске алады. Н.Сауранбаев ұстанған этикалық норманың жоғары екенін оның барынша әділ, турашыл болғанынан байқаймыз. Ол жас мамандарға кеңес беруден жалықпайды екен. Талқылау, пікіралысу жиналыстарына жиі қатысып, әрдайым қадағалап отыратын болған. Ол – үлкенді сыйлап, кішіге қамқор бола білген жан. Жолдастарына адал, қатардағы адамның біріндей қарым-қатынас жасайтын қарапайым қалпынан айнымай өткен жан болса керек.
Н.Т.Сауранбаев 1958 жылы қараша айында небары 48 жасында дүниеден өтті. Оның артында өлмес мұрасы, ұмытылмас үлгі-өнегесі, оны қадір тұтып, қасиет санайтын шәкірттері, шәкірттерінің шәкірттері қалды. Оның ғылыми мұрасын бағалай білетін қаншама мамандар бар. Н.Сауранбаев мұрасын қастерлей білудің бір дәлелі – ол кісінің таяуда100 жылдығының аталып өтуі. Ендеше, қазақ тіл білімі өркендеп тұрғанда Н.Т.Сауранбаевтың есімі ұмытылмақ емес.
Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ
«Ана тілі»
