Жаңалықтар

Құдайберген Жұбанов және қолданбалы тіл білімі

Қазіргі қоғам элементтерінің арасындағы өте күрделі байланыстарды анықтау қоғам өміріндегі ақпарат пен ақпараттау жүйесін басқарудың рөлін арттырады. Осындай күрделі жүйеге мәтінді де жатқызуға болады. Қай тілдегі мәтін болмасын, онда: құрылымдық-коммуникативтік және номинативтік, әлеуметтік және индивиду­алдық, статикалық және динамикалық, детерминдік және ықтималдық, т.б. да әртүрлі аспектілердің араласып жататыны белгілі. Тек осы аталған факторларды ескерсек қана ойымызда туындайтын мәтін мазмұнынан өзара байланыстағы сөйлем тізбектеріне (мәтінге) өтудің заңдылықтарын ашуға мүмкіндік жасалады. Бұл жағдайды зерттеп-тану, мәтін құрайтын бірліктерді бөлшектеу арқылы талдау (анализдеу) немесе мәтінді құрастыруға қажетті бірліктерді жинақтау (синтездеу) әдісі арқылы ғана жүзеге асады демекпіз. Қолданбалы тіл білімінің «Мәтін лингвистикасы», «Мәтін теориясы» атты жаңа бағытқа қатысты Қ.Жұбановтың зерттеулерінің маңызы зор. Қазіргі кезде ғалымдар мәтін құрайтын элементтердің заңдылықтарын ашу жолдарын қарастырып, оны талдау (анализ) әдісінен гөрі, жинақтау (синтездеу) әдісімен көбірек шұғылданатынын байқауға болады. Оның басты себебі, компьютерлік лингвистика әдістерімен мәтіннің «туындау» заңдылықтарын анықтау, мәтін мазмұнын автоматты түрде ашу, мәтіндерді бір тілден екінші тілге аудару, мәтіннен аннотация мен реферат алу қажеттігі және т.б. қолданбалы мәселелердің шешімін табу болып отыр. «Қ.Жұбанов теоретик ғалым ба, әлде практик ғалым ба?» деген сұрақтар жөнінен филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, проф. Рәбиға Ғалиқызы Сыздық былай дейді: «Теоретик ғалым деп айтуға негіз болатын тұжырымдардың бірі – ол қазіргі кезде көбірек назар аударылып жүрген «Валенттілік теориясы», «Текст тео­риясы», «Функционалдық грамматика», «Лингвистикалық статистика» деген тілдік бағыттар, дәл осы терминдермен аталмаса да, ғалымның ізденістерінен бұл теориялық мәселелердің алғашқы нысандарын көреміз» (Сыздықова Р.Ғ. Қ.Жұбановтың лингвистикалык мұрасын танып-игеру проблемалары // Жұбанов тағылымы. – Ақтөбе, 1998. 13-18 б.). Айтқан сөздері дәлелді бояу үшін, Р.Ғ. Сыздық, ғалым еңбектерінен тиісті үзінділерін келтіре отыра, басқа зерттеуші-ғалымдардың да осы жөніндегі пікірлерін қоса айта кетеді. Қ.Қ.Жұбанов еңбектеріндегі сандық деректерді пайдала­ну жайымен таныса отырып, мынадай қорытынды жасауға бо­лады: проф. Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың қазақ тіл білімі туралы зерттеулерінде тілді сандық деректер мен мәліметтер негізінде қараудың алғашқы нышандары бар. Бүгінде тіл білімінің бір саласына айналып отырған лингвистикалық статистиканы ғалым сол кездің өзінде-ақ тани білген. Тілдің сандық сипатынан байқалатын сапалық қасиеттерін оны зерттеуде пайдалануға болатын тиімді әдіс көздерінің бірі екенін де байқаған. Сөйтіп, ол сандық деректердің негізінде тілге қатысты бірсыпыра жайларды (дыбыстар, буындар, сөздер, сөйлем мүшелерінің орны, т.б.) нақты анықтап, кейбір тың тұжырымдар жасаған. Бұлардың маңыздылығы сонда – олар қазіргі кезде бұл саладағы ізденуші-зерттеушілерге үлгі-тірек, бағыт-бағдар болып отыр (Бектаев Қ., Белботаев А., Садықов Т. Қазақ тіл біліміндегі лингвистиканың алғашқы көріністері // Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тіл білімі. Алматы: «Ғылым», 1990, 115-116). Сонымен, қазақ тілінің теориялық және қолданбалы тіл білімі­нің негізін қалаушы, қазақ филологиясының тұңғыш профессоры Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың аз ғана өмірінің бір-ақ мақсаты болған сияқты. Ол – әлі ашылмаған шындықты ашу немесе соның ашылуына ықпал жасау, сол арқылы қоғамға қызмет ету. Мұндай мақсатқа жетудің әртүрлі жолдары бар екені белгілі, бірақ ғалым Қ.Жұбанов солардың ішінен зерттеудің дәлдігі мен объективтілігін қамтамасыз ететін тәсілді ғана ең дұрысы деп тапқан болу керек. Шындығында да, дәлдік пен объективтілікке ұмтылу – қазіргі ғылымдарға бірден-бір тән қасиет, ал бұның тіл біліміне де қатысы бары сөзсіз. (Асқар Жұбановтың мақалаларынан үзінді)
16.10.2013 05:53 18018

Қазіргі қоғам элементтерінің арасындағы өте күрделі байланыстарды анықтау қоғам өміріндегі ақпарат пен ақпараттау жүйесін басқарудың рөлін арттырады. Осындай күрделі жүйеге мәтінді де жатқызуға болады. Қай тілдегі мәтін болмасын, онда: құрылымдық-коммуникативтік және номинативтік, әлеуметтік және индивиду­алдық, статикалық және динамикалық, детерминдік және ықтималдық, т.б. да әртүрлі аспектілердің араласып жататыны белгілі. Тек осы аталған факторларды ескерсек қана ойымызда туындайтын мәтін мазмұнынан өзара байланыстағы сөйлем тізбектеріне (мәтінге) өтудің заңдылықтарын ашуға мүмкіндік жасалады. Бұл жағдайды зерттеп-тану, мәтін құрайтын бірліктерді бөлшектеу арқылы талдау (анализдеу) немесе мәтінді құрастыруға қажетті бірліктерді жинақтау (синтездеу) әдісі арқылы ғана жүзеге асады демекпіз.
Қолданбалы тіл білімінің «Мәтін лингвистикасы», «Мәтін теориясы» атты жаңа бағытқа қатысты Қ.Жұбановтың зерттеулерінің маңызы зор. Қазіргі кезде ғалымдар мәтін құрайтын элементтердің заңдылықтарын ашу жолдарын қарастырып, оны талдау (анализ) әдісінен гөрі, жинақтау (синтездеу) әдісімен көбірек шұғылданатынын байқауға болады. Оның басты себебі, компьютерлік лингвистика әдістерімен мәтіннің «туындау» заңдылықтарын анықтау, мәтін мазмұнын автоматты түрде ашу, мәтіндерді бір тілден екінші тілге аудару, мәтіннен аннотация мен реферат алу қажеттігі және т.б. қолданбалы мәселелердің шешімін табу болып отыр.
«Қ.Жұбанов теоретик ғалым ба, әлде практик ғалым ба?» деген сұрақтар жөнінен филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, проф. Рәбиға Ғалиқызы Сыздық былай дейді: «Теоретик ғалым деп айтуға негіз болатын тұжырымдардың бірі – ол қазіргі кезде көбірек назар аударылып жүрген «Валенттілік теориясы», «Текст тео­риясы», «Функционалдық грамматика», «Лингвистикалық статистика» деген тілдік бағыттар, дәл осы терминдермен аталмаса да, ғалымның ізденістерінен бұл теориялық мәселелердің алғашқы нысандарын көреміз» (Сыздықова Р.Ғ. Қ.Жұбановтың лингвистикалык мұрасын танып-игеру проблемалары // Жұбанов тағылымы. – Ақтөбе, 1998. 13-18 б.). Айтқан сөздері дәлелді бояу үшін, Р.Ғ. Сыздық, ғалым еңбектерінен тиісті үзінділерін келтіре отыра, басқа зерттеуші-ғалымдардың да осы жөніндегі пікірлерін қоса айта кетеді.
Қ.Қ.Жұбанов еңбектеріндегі сандық деректерді пайдала­ну жайымен таныса отырып, мынадай қорытынды жасауға бо­лады: проф. Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың қазақ тіл білімі туралы зерттеулерінде тілді сандық деректер мен мәліметтер негізінде қараудың алғашқы нышандары бар. Бүгінде тіл білімінің бір саласына айналып отырған лингвистикалық статистиканы ғалым сол кездің өзінде-ақ тани білген. Тілдің сандық сипатынан байқалатын сапалық қасиеттерін оны зерттеуде пайдалануға болатын тиімді әдіс көздерінің бірі екенін де байқаған. Сөйтіп, ол сандық деректердің негізінде тілге қатысты бірсыпыра жайларды (дыбыстар, буындар, сөздер, сөйлем мүшелерінің орны, т.б.) нақты анықтап, кейбір тың тұжырымдар жасаған. Бұлардың маңыздылығы сонда – олар қазіргі кезде бұл саладағы ізденуші-зерттеушілерге үлгі-тірек, бағыт-бағдар болып отыр (Бектаев Қ., Белботаев А., Садықов Т. Қазақ тіл біліміндегі лингвистиканың алғашқы көріністері // Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тіл білімі. Алматы: «Ғылым», 1990, 115-116).
Сонымен, қазақ тілінің теориялық және қолданбалы тіл білімі­нің негізін қалаушы, қазақ филологиясының тұңғыш профессоры Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың аз ғана өмірінің бір-ақ мақсаты болған сияқты. Ол – әлі ашылмаған шындықты ашу немесе соның ашылуына ықпал жасау, сол арқылы қоғамға қызмет ету. Мұндай мақсатқа жетудің әртүрлі жолдары бар екені белгілі, бірақ ғалым Қ.Жұбанов солардың ішінен зерттеудің дәлдігі мен объективтілігін қамтамасыз ететін тәсілді ғана ең дұрысы деп тапқан болу керек. Шындығында да, дәлдік пен объективтілікке ұмтылу – қазіргі ғылымдарға бірден-бір тән қасиет, ал бұның тіл біліміне де қатысы бары сөзсіз.

(Асқар Жұбановтың мақалаларынан үзінді)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға