Жаңалықтар

Жәрдем Кейкиннің қазақ мәдениетін зерттеуі

Қазіргі ұрпаққа ата-бабамыздың талай жаугершілік заманды басынан өткеріп, ұлан-ғайыр жерімізді қорғап, ата қонысымызды сақтап қалған ерлік дәстүрін дәлелдейтін бір айғақ – тілде сақталған қазақ батырлар киімі мен қаруының атаулары десек, аталмыш еңбекте олар да жинақталып, жүйеленген: сауыт (кіреуке, бадана, берен, аймауыт, ақсырмал, бектар, жалаңқат, зере, көбе, торғауыт, шарайна, ақсауыт, пыран, жеңсе, бұтырлық (бұтлық), тізелік, кежім (атты жау қаруынан қорғайтын сауыт, т.б.), дулыға (көбелі, қаттама, тұтас, томағалы, алтын айдарлы, құрама, жығалы, т.б.). Қазіргі таңда ұлттың төл табиғатын (мәдениетін, тарихын, шығармашылық өресін) тереңірек білгісі келетін өскелең ұрпақтың зерек өкілдері үшін, мемлекеттік тілдің толыққанды қоғамдық, т.б. қызметіне ықпал ететін терминжасам ісі үшін бұл тектес еңбектер – баға жетпес қазына. Осымен байланысты Жәрдем ағамыз­дың қазақ мәдениетіне сай ата-тектік, туыстық қатынасты атаулардың тарихшы-этнографтардың еңбектеріне сүйене отырып, белгілі бір жүйеде берген және кейбірінің қазіргі ұрпақ қолданысына қажет мағыналарын жіктеп түсіндірген тұстарына назар аударсақ: қара шаңырақ, әулет, жамағайын, қабырға ағайын, жаушы, бауыздау құда, қызылқұда, кетқұда, қолбала, анда, т.б. Немесе қазақ дүниетанымындағы адамның жас мөлшерінің жіктелімінің тілдік көрінісінің толық жүйесі берілуіне көңіл бөлсек: шақа, шарана, бәтен, нәресте, бөбек, сәби (көдек), бүлдіршін, қызыл қарын бала, көрбала, жеткіншек (қара), өрен, жасөспірім (науша), ұлан. Ал қазақ тұрмысында бесіктің тек нәрестеге арналып жасалған ағаш төсек ретіндегі бұйым ғана емес, «мәдени мұра, ұлт өнерінің төл туындысы, тәрбие құралы, қорғаушы, киелі ұя» екенін ғалымның жіктеп берген бесіктің құрылымы, жасау-жабдықтары атаулары, соған қатысты қалыптасқан киелі сөз байламдарының түсініктемелерінен де көреміз: иткөйлек, бесік тойы, бесік жыры, т.б. Мысалы, иткөйлек ұлт танымының миф­тік деңгейдегі тотемдік мәнімен сабақтас тү­сін­дірілсе, бесік жырын «тербеліске ыңғайлы саз­ды әуенмен, ырғақты сөзбен, ақ сүтімен бала­сының қанына, санасына сіңіретін, ұлт­тық рухты тәлімінің мәйегі ретіндегі тәрбиелік мәні зор поэтика, ананың адами дүние­танымы, мейірімі, пәк тілеуі» деп анықтайды. Бұрыннан таныс оқулықтардағы қасаң, хрестоматиялық анықтамалардан гөрі бұл түсініктеменің «төл мәдениетіміздің тереңіне бойласам» деген зерделі ұрпаққа берері мол екені даусыз. Жамал МАНКЕЕВА, филология ғылымдарының докторы, профессор
16.10.2013 05:16 3577

Қазіргі ұрпаққа ата-бабамыздың талай жаугершілік заманды басынан өткеріп, ұлан-ғайыр жерімізді қорғап, ата қонысымызды сақтап қалған ерлік дәстүрін дәлелдейтін бір айғақ – тілде сақталған қазақ батырлар киімі мен қаруының атаулары десек, аталмыш еңбекте олар да жинақталып, жүйеленген: сауыт (кіреуке, бадана, берен, аймауыт, ақсырмал, бектар, жалаңқат, зере, көбе, торғауыт, шарайна, ақсауыт, пыран, жеңсе, бұтырлық (бұтлық), тізелік, кежім (атты жау қаруынан қорғайтын сауыт, т.б.), дулыға (көбелі, қаттама, тұтас, томағалы, алтын айдарлы, құрама, жығалы, т.б.).
Қазіргі таңда ұлттың төл табиғатын (мәдениетін, тарихын, шығармашылық өресін) тереңірек білгісі келетін өскелең ұрпақтың зерек өкілдері үшін, мемлекеттік тілдің толыққанды қоғамдық, т.б. қызметіне ықпал ететін терминжасам ісі үшін бұл тектес еңбектер – баға жетпес қазына.
Осымен байланысты Жәрдем ағамыз­дың қазақ мәдениетіне сай ата-тектік, туыстық қатынасты атаулардың тарихшы-этнографтардың еңбектеріне сүйене отырып, белгілі бір жүйеде берген және кейбірінің қазіргі ұрпақ қолданысына қажет мағыналарын жіктеп түсіндірген тұстарына назар аударсақ: қара шаңырақ, әулет, жамағайын, қабырға ағайын, жаушы, бауыздау құда, қызылқұда, кетқұда, қолбала, анда, т.б. Немесе қазақ дүниетанымындағы адамның жас мөлшерінің жіктелімінің тілдік көрінісінің толық жүйесі берілуіне көңіл бөлсек: шақа, шарана, бәтен, нәресте, бөбек, сәби (көдек), бүлдіршін, қызыл қарын бала, көрбала, жеткіншек (қара), өрен, жасөспірім (науша), ұлан.
Ал қазақ тұрмысында бесіктің тек нәрестеге арналып жасалған ағаш төсек ретіндегі бұйым ғана емес, «мәдени мұра, ұлт өнерінің төл туындысы, тәрбие құралы, қорғаушы, киелі ұя» екенін ғалымның жіктеп берген бесіктің құрылымы, жасау-жабдықтары атаулары, соған қатысты қалыптасқан киелі сөз байламдарының түсініктемелерінен де көреміз: иткөйлек, бесік тойы, бесік жыры, т.б.
Мысалы, иткөйлек ұлт танымының миф­тік деңгейдегі тотемдік мәнімен сабақтас тү­сін­дірілсе, бесік жырын «тербеліске ыңғайлы саз­ды әуенмен, ырғақты сөзбен, ақ сүтімен бала­сының қанына, санасына сіңіретін, ұлт­тық рухты тәлімінің мәйегі ретіндегі тәрбиелік мәні зор поэтика, ананың адами дүние­танымы, мейірімі, пәк тілеуі» деп анықтайды.
Бұрыннан таныс оқулықтардағы қасаң, хрестоматиялық анықтамалардан гөрі бұл түсініктеменің «төл мәдениетіміздің тереңіне бойласам» деген зерделі ұрпаққа берері мол екені даусыз.

Жамал МАНКЕЕВА,
филология ғылымдарының докторы,
профессор

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға