Жаңалықтар

Ісләм Жарылғапов туралы

Өмірзақ Айтбайұлы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ҰҒА-ның академигі «Қазақ тілінің сөз байлығын Абай мен Ахметтен асып игерген, оның әрі мен нәрін ашқан, керегіне жарата білген, бар қасиетін терең ұғына пайдаланған қаламгер бар ма?» деген сауалға бірден жауап таба қою оңайға соқпайды. Өйткені қазақ тілінің сөздік қорында қанша сөз барын анықтап берген жан жоқ. Күні кеше жұртшылық қолына тиген қазақ әдеби тілінің 15 томдық сөздігінде әзірге 150 мыңнан астам атау сөз бен сөз тіркесі ғана қамтылғаны айтылады. Ал кейбір ғалымдардың (Ә.Қайдар) есеп-жобасына қарағанда қазақ тілінің сөз байлығы мұнымен шектелмейді. Ол әлденеше жүз мыңдаған санды мөлшерлейді. Бұған қарағанда тіліміз әлі де түбегейлі зерттеле қоймағанын, оның түп негізі әлденеше мыңжылдықтар тереңіне жол нұсқайтынын байқатады. Ендеше біз әзірге теңіз бетінде ғана қалқып жүргендейміз. Көзге көрініп тұрған осы байлықтың өзін игеру оңайға түсіп жатқан жоқ. Түпсіз байлықты түгел игеру әлі ешкімнің қолынан келген емес. Тіпті осы заман­ның есептегіш тәсіліне салып қарағанда мамандар ұлы Абай қолданған сөз байлығы небәрі 7-8 мыңнан аспайды екен дегенді айтады. Ал Абай туралы отыз жылдай толғанып төрт кітап жазған ұлы сөз шебері Мұхтар Әуезовтың қолданған сөздің саны небәрі 17 мыңның маңайы екен. Бұл нені көрсетеді. Бұл қазір қолданыста бар сөздердің өзін (150 мың) түбегейлі іске жарата алмай отырмыз дегенді көрсетеді. Ал әлгі қолданылған сөздердің санына қарап, Абай мен Әуезовтың тілі кедей екен деп кімнің аузы барып айта алады. Әңгіме сөз байлығын қалай іске жарата білуде. Ақылман Абай сол жеті-сегіз мың қазақ сөзін еркін ойната білудің өзімен-ақ көбіміздің өреміз жетпес ой биігіне көтерілді. Сол Абай көтерілген биікке кімді көтерілді деп айта аласыз қазір. Тіпті қазақ тілінің мұхитында еркін құлаш сермеген М.Әуезовті немесе әрбір сөзді маржандай тізіп, жауһардай қырлаған Ғабит Мүсіреповтің өзін де қазақ сөзінің құнарынан қанып ішті деп айту қиын. Дегенмен, Құдайға шүкір ізденіс, ұмтылыс еш тоқтаған емес. Ізденген сайын әрбір қаламгердің қалам табының ерекшелігі байқалып отырады. Тіл мұхитының түпсіздігі, шалқарлығы ізденген сайын түрлене түседі. Бүгінгі әңгіме тіліміздің өзгеріс, өріс тізгінін білгірлікпен ұстап, ұрпағына өлшеусіз зор мұра қалдырған тұлғалар туралы. Бүгін солардың арасы­нан тіл ұстарту жағынан бір-біріне қатты ұқсайтын екі тіл зергерін ерекше атау қажеттігі туындап отыр. Олар А.Байтұрсынұлы мен І.Жарылғапов. Бір қарағанда бұл екеуін қатар әңгімелеудің қисыны жоқтау сияқты. Алайда қазақ мәдениетіне қосқан үлесін саралай келгенде бұлардың рухани үндестігі мен тілғұмырлық бірегей қасиетіне таңданбай тұра алмайсыз. Бірі он тоғызыншы ғасырдың аяғында дүниеге келіп, жиыр­масыншы ғасырдың алғашқы жартысында дүниеден өткен, ал екіншісі сол жиырмасыншы ғасырдың түлегі. Соған қарап екеуін де бір ғасырдың өрені деуге болар. Әйтсе де, екеуі екі ғасырдың жүгін арқалағандай іс тындырған. Салыстыруға келе қоймайтын бұл екі тұлғаны бұлайша теңдестіріп отыруда мынадай сыр бар еді. Бірі ертелеу, бірі кейіндеу қазақ тілінің тұнығынан қанып ішіп, ана тілімізге қалтқысыз қызмет етудің асқан үлгісін көрсеткен ерен тілғұмырлар, бұлар. Қараңыз, Ахаң көсіліп жатқан кең дүниеде жайбарақат өмір кешіп жатқан қазағының көзін ашып, көңілін ояту үшін оның өмірдегі басты құралы – ана тілінің қадір-қасиетін ұқтырып, оның күнделікті ауызекі сөйлеу құралы ғана емес, сонымен бірге оның оқу, білім, ғылым, өнердің де қуатты қаруы екенін дәлелдеді. Қазақ тіршілігінде бұрын-соңды сирек кездесетін, тіпті болмаған «Тіл-құрал» оқулықтарын түзіп, қараңғы қазағын сауаттылыққа қарай жетеледі. Ол үшін қазақ тілінің ғылыми өрісі мен өресін айқындайтын сан алуан атау сөздер қатарын түзді. Сол арқылы қазақ тілі мен әдебиетінің, тарихы мен өнерінің жалпы мәдениетіміздің тынысын кеңейтті. Дамудың даңғыл жолын ашты. Міне, Ахаңды біз осынысы үшін де қазақ мәдениетінің Хан тәңіріндей бағалаймыз. Оның ақындығы, аудармашылығы, тілғұмырлығы және музыка әлемінің талғампазы ретінде асқан білімдарлығына бас иеміз. Осы аталған ерекше қасиеттердің көбі Ісләм Жарылғаповтың да болмыс-бітіміне тікелей қатысы бар екеніне, оның тындырған дүниелерімен түбегейлі таныса келе көзіміз жеткендей болды. Ол жазушы, шебер аудармашы, ақын, ғалым, білімпаз, терминтанушы, т.т. «Ана тілі» газеті
16.10.2013 05:04 5997

Өмірзақ Айтбайұлы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ҰҒА-ның академигі

«Қазақ тілінің сөз байлығын Абай мен Ахметтен асып игерген, оның әрі мен нәрін ашқан, керегіне жарата білген, бар қасиетін терең ұғына пайдаланған қаламгер бар ма?» деген сауалға бірден жауап таба қою оңайға соқпайды. Өйткені қазақ тілінің сөздік қорында қанша сөз барын анықтап берген жан жоқ. Күні кеше жұртшылық қолына тиген қазақ әдеби тілінің 15 томдық сөздігінде әзірге 150 мыңнан астам атау сөз бен сөз тіркесі ғана қамтылғаны айтылады. Ал кейбір ғалымдардың (Ә.Қайдар) есеп-жобасына қарағанда қазақ тілінің сөз байлығы мұнымен шектелмейді. Ол әлденеше жүз мыңдаған санды мөлшерлейді. Бұған қарағанда тіліміз әлі де түбегейлі зерттеле қоймағанын, оның түп негізі әлденеше мыңжылдықтар тереңіне жол нұсқайтынын байқатады. Ендеше біз әзірге теңіз бетінде ғана қалқып жүргендейміз. Көзге көрініп тұрған осы байлықтың өзін игеру оңайға түсіп жатқан жоқ.

Түпсіз байлықты түгел игеру әлі ешкімнің қолынан келген емес. Тіпті осы заман­ның есептегіш тәсіліне салып қарағанда мамандар ұлы Абай қолданған сөз байлығы небәрі 7-8 мыңнан аспайды екен дегенді айтады. Ал Абай туралы отыз жылдай толғанып төрт кітап жазған ұлы сөз шебері Мұхтар Әуезовтың қолданған сөздің саны небәрі 17 мыңның маңайы екен. Бұл нені көрсетеді. Бұл қазір қолданыста бар сөздердің өзін (150 мың) түбегейлі іске жарата алмай отырмыз дегенді көрсетеді. Ал әлгі қолданылған сөздердің санына қарап, Абай мен Әуезовтың тілі кедей екен деп кімнің аузы барып айта алады.
Әңгіме сөз байлығын қалай іске жарата білуде. Ақылман Абай сол жеті-сегіз мың қазақ сөзін еркін ойната білудің өзімен-ақ көбіміздің өреміз жетпес ой биігіне көтерілді. Сол Абай көтерілген биікке кімді көтерілді деп айта аласыз қазір. Тіпті қазақ тілінің мұхитында еркін құлаш сермеген М.Әуезовті немесе әрбір сөзді маржандай тізіп, жауһардай қырлаған Ғабит Мүсіреповтің өзін де қазақ сөзінің құнарынан қанып ішті деп айту қиын. Дегенмен, Құдайға шүкір ізденіс, ұмтылыс еш тоқтаған емес. Ізденген сайын әрбір қаламгердің қалам табының ерекшелігі байқалып отырады. Тіл мұхитының түпсіздігі, шалқарлығы ізденген сайын түрлене түседі.
Бүгінгі әңгіме тіліміздің өзгеріс, өріс тізгінін білгірлікпен ұстап, ұрпағына өлшеусіз зор мұра қалдырған тұлғалар туралы. Бүгін солардың арасы­нан тіл ұстарту жағынан бір-біріне қатты ұқсайтын екі тіл зергерін ерекше атау қажеттігі туындап отыр. Олар А.Байтұрсынұлы мен І.Жарылғапов. Бір қарағанда бұл екеуін қатар әңгімелеудің қисыны жоқтау сияқты. Алайда қазақ мәдениетіне қосқан үлесін саралай келгенде бұлардың рухани үндестігі мен тілғұмырлық бірегей қасиетіне таңданбай тұра алмайсыз. Бірі он тоғызыншы ғасырдың аяғында дүниеге келіп, жиыр­масыншы ғасырдың алғашқы жартысында дүниеден өткен, ал екіншісі сол жиырмасыншы ғасырдың түлегі. Соған қарап екеуін де бір ғасырдың өрені деуге болар. Әйтсе де, екеуі екі ғасырдың жүгін арқалағандай іс тындырған.
Салыстыруға келе қоймайтын бұл екі тұлғаны бұлайша теңдестіріп отыруда мынадай сыр бар еді. Бірі ертелеу, бірі кейіндеу қазақ тілінің тұнығынан қанып ішіп, ана тілімізге қалтқысыз қызмет етудің асқан үлгісін көрсеткен ерен тілғұмырлар, бұлар. Қараңыз, Ахаң көсіліп жатқан кең дүниеде жайбарақат өмір кешіп жатқан қазағының көзін ашып, көңілін ояту үшін оның өмірдегі басты құралы – ана тілінің қадір-қасиетін ұқтырып, оның күнделікті ауызекі сөйлеу құралы ғана емес, сонымен бірге оның оқу, білім, ғылым, өнердің де қуатты қаруы екенін дәлелдеді. Қазақ тіршілігінде бұрын-соңды сирек кездесетін, тіпті болмаған «Тіл-құрал» оқулықтарын түзіп, қараңғы қазағын сауаттылыққа қарай жетеледі. Ол үшін қазақ тілінің ғылыми өрісі мен өресін айқындайтын сан алуан атау сөздер қатарын түзді. Сол арқылы қазақ тілі мен әдебиетінің, тарихы мен өнерінің жалпы мәдениетіміздің тынысын кеңейтті. Дамудың даңғыл жолын ашты.
Міне, Ахаңды біз осынысы үшін де қазақ мәдениетінің Хан тәңіріндей бағалаймыз. Оның ақындығы, аудармашылығы, тілғұмырлығы және музыка әлемінің талғампазы ретінде асқан білімдарлығына бас иеміз.
Осы аталған ерекше қасиеттердің көбі Ісләм Жарылғаповтың да болмыс-бітіміне тікелей қатысы бар екеніне, оның тындырған дүниелерімен түбегейлі таныса келе көзіміз жеткендей болды. Ол жазушы, шебер аудармашы, ақын, ғалым, білімпаз, терминтанушы, т.т.

«Ана тілі» газеті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға