Тұрғұл Қоңырұлы
Ұлттың ерекше белгісі әрі баға жетпес байлығы саналатын тілдің дамып, қанатын кеңге жаюына лайықты үлес қосқан, қосып та жүрген азаматтар есімін ауызға алып, оларды кейінгі буынға үлгі етіп отыру қасиетті парыз болса керек. Тіл үшін өмір сүріп, осы жолда жанын сала қызмет еткен ардақтыларымыздың бірі көрнекті тіл білімі маманы, белгілі зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрағұл Қоңыров болатын. Тұрғұл Қоңырұлы 1935 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы (бұрынғы Семей облысы Мақаншы ауданы) Қарғалы ауылында дүниеге келді. Әкесі колхоздың төрағасы еді. 1937 жылы «халық жауы» атанып, ұсталған күйі хабарсыз кетті. Бұл оқиға бала Тұрағұлды ерте есейтті. «Халық жауының» баласы атану оның жігерін жасытпады, қайта адал өмір сүруге, мектепте сапалы білім алуға ұмтылдырды. Мектеп бітірген соң ауылда қалып, еңбек етті. Мұғалім, клуб меңгерушісі секілді қызметтерді атқарды. Екі жылдан соң ҚазПИ-дің (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) тарих-филология факультетіне түсіп, оқу орнын үздік бітіріп шықты. Ауылға келіп, ұстаздық қызметін жалғастырды. Мақаншы ауданындағы Ақшоқы орта мектебінде қатардағы мұғалімдіктен оқу ісінің меңгерушілігіне дейін көтерілді. Мектептегі қызметін үзбегенде білім саласындағы басшылық баспалдақтары бұдан әрі биіктей берері анық еді. Алайда оның таңдағаны басқа жол болатын. Ғылымның ізіне түсу, ғалым болу – бала кезден көкірегіне ұялаған жарқын мақсат-тұғын. Студент кезінің өзінде қазақ тілінің білгірі, академик Ахмеди Ысқақовтың жетекшілігімен ғылыми конференцияларда баяндамалар жасап көзге түскен-тін. «Сенің қолың – ғылым. Институт бітірген соң ауылға барыа, анамның жанында болам деп отырсың ғой. Алайда ғылымнан қол үзіп қалма», – деп еді ұстазы оңаша қалған бір сәтте. 1963 жылы ҚазПИ-дің қазақ тілі кафедрасына аспирант болып қабылданды. Осында жүргенде Сәкен Сейфуллиннің поэзиясына айрықша мән берді. Ақырында «С.Сейфуллин поэзиясындағы сөз бейнелеу тәсілдері» деген тақырып бойынша филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін ойдағыдай қорғап шықты. Аспирантураны бітіріп, ғылыми диссертациясын табысты қорғаған кейін ол кезде Алматы шет тілдері институты аталатын, бүгінде Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті болып жұмыс істеп жатқан оқу орнында қызметке жіберіліп, өмірінің соңына дейін осында еңбек етті. 1988 жылдан бастап қазақ және жалпы тіл білімі кафедрасына басшылық жасады. Тұрағұл Қоңырұлының ғалым ретінде баса көңіл бөлген мәселесі – қазақ теңеулері. Қазақ тілінің аса бір күрделі саласын алғаш әрі өндіре зерттеуші болды. Осы мәселеге арнап «Қазіргі қазақ тілі жүйесіндегі компаративтік конструкциялар» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. «Қазақ теңеулері», «Қазақ тіліндегі теңеулердің құрылымдық семантикалық табиғаты» атты мазмұнды монографияларын өмірге әкелді. «Қазақ тілінің тұрақты теңеулер сөздігін» жарыққа шығарды.
Ұлттың ерекше белгісі әрі баға жетпес байлығы саналатын тілдің дамып, қанатын кеңге жаюына лайықты үлес қосқан, қосып та жүрген азаматтар есімін ауызға алып, оларды кейінгі буынға үлгі етіп отыру қасиетті парыз болса керек.
Тіл үшін өмір сүріп, осы жолда жанын сала қызмет еткен ардақтыларымыздың бірі көрнекті тіл білімі маманы, белгілі зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрағұл Қоңыров болатын.
Тұрғұл Қоңырұлы 1935 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы (бұрынғы Семей облысы Мақаншы ауданы) Қарғалы ауылында дүниеге келді. Әкесі колхоздың төрағасы еді. 1937 жылы «халық жауы» атанып, ұсталған күйі хабарсыз кетті. Бұл оқиға бала Тұрағұлды ерте есейтті. «Халық жауының» баласы атану оның жігерін жасытпады, қайта адал өмір сүруге, мектепте сапалы білім алуға ұмтылдырды.
Мектеп бітірген соң ауылда қалып, еңбек етті. Мұғалім, клуб меңгерушісі секілді қызметтерді атқарды. Екі жылдан соң ҚазПИ-дің (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) тарих-филология факультетіне түсіп, оқу орнын үздік бітіріп шықты. Ауылға келіп, ұстаздық қызметін жалғастырды. Мақаншы ауданындағы Ақшоқы орта мектебінде қатардағы мұғалімдіктен оқу ісінің меңгерушілігіне дейін көтерілді.
Мектептегі қызметін үзбегенде білім саласындағы басшылық баспалдақтары бұдан әрі биіктей берері анық еді. Алайда оның таңдағаны басқа жол болатын. Ғылымның ізіне түсу, ғалым болу – бала кезден көкірегіне ұялаған жарқын мақсат-тұғын. Студент кезінің өзінде қазақ тілінің білгірі, академик Ахмеди Ысқақовтың жетекшілігімен ғылыми конференцияларда баяндамалар жасап көзге түскен-тін. «Сенің қолың – ғылым. Институт бітірген соң ауылға барыа, анамның жанында болам деп отырсың ғой. Алайда ғылымнан қол үзіп қалма», – деп еді ұстазы оңаша қалған бір сәтте.
1963 жылы ҚазПИ-дің қазақ тілі кафедрасына аспирант болып қабылданды. Осында жүргенде Сәкен Сейфуллиннің поэзиясына айрықша мән берді. Ақырында «С.Сейфуллин поэзиясындағы сөз бейнелеу тәсілдері» деген тақырып бойынша филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін ойдағыдай қорғап шықты.
Аспирантураны бітіріп, ғылыми диссертациясын табысты қорғаған кейін ол кезде Алматы шет тілдері институты аталатын, бүгінде Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті болып жұмыс істеп жатқан оқу орнында қызметке жіберіліп, өмірінің соңына дейін осында еңбек етті. 1988 жылдан бастап қазақ және жалпы тіл білімі кафедрасына басшылық жасады.
Тұрағұл Қоңырұлының ғалым ретінде баса көңіл бөлген мәселесі – қазақ теңеулері. Қазақ тілінің аса бір күрделі саласын алғаш әрі өндіре зерттеуші болды. Осы мәселеге арнап «Қазіргі қазақ тілі жүйесіндегі компаративтік конструкциялар» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. «Қазақ теңеулері», «Қазақ тіліндегі теңеулердің құрылымдық семантикалық табиғаты» атты мазмұнды монографияларын өмірге әкелді. «Қазақ тілінің тұрақты теңеулер сөздігін» жарыққа шығарды.
