Жаңалықтар

Кілем түрлері

Арабы кілем – бұл негізінен түксіз тоқылатын, екі жағы, бас-аяғы, оң-терісі бірдей, тұтуға да, төсеуге де, ілуге де мейлінше ыңғайлы, төзімді әрі салмағы жеңіл кілем. Көнекөз шеберлердің айтуынша ерте замандағы осы дүние түпнұсқасында араб харпіне ұқсас өрнектер болса керек. соған сәйкес арабы кілем деп ат қойылған екен. Сол үшін де бағалы саналып еденге төселмей, таза ұсталатын үйдегі бір киелі дүние ретінде қалыптасқан. Уақыт өте келе ол қазақы өрнектерге айналып сіңісіп кеткен.          Бескесте кілемі – халық өнері дәстүрінде көнеден келе жатқан ерекше үлгі. Тоқылу технологиясы күрделі болып келеді. Өйткені өрнегі шытырман, бейнеті ауыр болғандықтан кез келген шебер бұл үлгіні қолға ала бермеген.  Кілемнің бұл түрімен түркімен, қарақалпақ шеберлері көбірек айналысқан. Мұнда дәстүрлі кілем тоқудан көрі кесте тоқуға көбірек ұқсас еңбек болғандықтан бескесте кілем аталса керек.          Кілемнің үй тұрмысында ұзақ тұтынылуы, оның өте беріктігі мен төзімділігіне байланысты болса керек. Сонау көне заманнан бергі келе жатқан халықтың дәстүрлі үй мүлкінің бірі - кілемнің құндылығы жағын сөз етсек, ол өзінің қолданылу жағынан көптеген материалдан асып түседі десек, артық айтпаған болар едік. Өйткені, кілем тұтынуға төзімді, оңайлықпен тозбайтын, шаң-тозаңнан тез тазартуға болатын бағалы мүлік.         Оны алтын, күміс, қымбат бұйымдар сияқты дәулеттің, байлықтың бір белгісі деп білген. Кілемнің осындай қасиеттеріне байланысты қай кезде, қай заманда болмасын, кілемді, одан жасалатын мүліктерді көбінесе тек қой жүнінен тоқыған. Орта Азия мен Қазақстан территориясында тоқылған кілемдердің сапасы мен түрі, түсі өте жоғары бағаланған. Оның себебі кілем тоқуға пайдаланылатын қой жүнінің сапалылығын жоғарыда аталған аймақтың шөбі мен суына, табиғаты мен климатына, бұл жерді жайлаған түркі халықтарының ішіндегі, әсіресе, қазақ халқының табиғи таланты мен тіршілігіне байланысты екендігі анықталып отыр. Өйткені, кілем тоқылуға жұмсалатын қой жүнінің ең сапалысы, жіңішке жібектей мамық жүннің алынатын орталығы – Қазақстанның оңтүстік облыстарынан бастап шығыс жағын тегіс қамтиды.                Тоқылатын кілемдер ішінен Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан кілемдері көрнектілігі жағынан ерекше көзге түседі. Ұлттық кілемдер сол республика халықтарының қолөнерінің негізгі түрі. Осыдан келіп кілемдердің тоқылуы да, материалы да, өрнегі де әр түрлі болып келеді.       «Кілем өрмегін “аспалы өрмек” немесе кілем өрмегі деп атайды. Соған қарай кілемнің бет жіптері де жоғарыдан төмен қарай кейде 3, кейде 4 бет болып тізіледі. Оның арқауы түйе жүні аралас мақтадан, жібектен әрі мықты әрі жуандау етіп иіріледі. Бай жіптермен қатарлас тұратын түк және өрнек жасаушы жіптер қойдың биязы жүнінен, түйенің жүнінен, өзге жіптерден көрі бостау иіріледі. Кейде бұл жіптер бай жіптердің үстіне арнаулы күзеулерде бос тұрады. Оны кілем тоқушы шебер өз керегіне қарай суыртпақтап отырып арқау мен бай жіптерге іліп отырып түр жасайды. Әдетте түкті кілемді 2-3 шебер отырып тоқиды.          Шебер өз-өзінен тез суырылатын етіп кесіп алған соң тағы да арқауға бастыра адарғы тарақпен тістерімен алақтаған өрнек жасаушы түк жіптерін санап, оның тұтас еніне жеткенше бір-ақ шалады да, кесермен қиып, адырағы тарақпен арқауға бастырта қағады. Осылай бір қатарды салып, оны өрнектің нұсқасына қарай нықтайды. Бұл арада байлардың ерсісі мен қарсысы ауысып тоқылып отрады. Осы әдіспен ені 2-3,5 метр, ұзыны – 3,5-4 метр кілемді екі адам бір айдың ішінде тоқып шығады. Кілемше теріліп тоқылатын бұйымдардың жіптері көп түсті бояумен боялады», - деп жазады өнертанушы Өмер Займоғлы қазақ қолөнері туралы еңбегінде.          Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнделікті  тіршілік барысында орынды пайдалана білген. Кілем тоқу өнері де күнкөріске қажетті дүниенің біріне айналған. Сондықтан қазақта бұл сала күнделікті кәсіпке айналды. Ықылым заманнан баспанамызға айналған киіз үй болса, оның барлық жиған жиһазы тоқымадан тараған тұнық ойлар.  
16.10.2013 04:50 21105

Арабы кілем – бұл негізінен түксіз тоқылатын, екі жағы, бас-аяғы, оң-терісі бірдей, тұтуға да, төсеуге де, ілуге де мейлінше ыңғайлы, төзімді әрі салмағы жеңіл кілем. Көнекөз шеберлердің айтуынша ерте замандағы осы дүние түпнұсқасында араб харпіне ұқсас өрнектер болса керек. соған сәйкес арабы кілем деп ат қойылған екен. Сол үшін де бағалы саналып еденге төселмей, таза ұсталатын үйдегі бір киелі дүние ретінде қалыптасқан. Уақыт өте келе ол қазақы өрнектерге айналып сіңісіп кеткен.

         Бескесте кілемі – халық өнері дәстүрінде көнеден келе жатқан ерекше үлгі. Тоқылу технологиясы күрделі болып келеді. Өйткені өрнегі шытырман, бейнеті ауыр болғандықтан кез келген шебер бұл үлгіні қолға ала бермеген.  Кілемнің бұл түрімен түркімен, қарақалпақ шеберлері көбірек айналысқан. Мұнда дәстүрлі кілем тоқудан көрі кесте тоқуға көбірек ұқсас еңбек болғандықтан бескесте кілем аталса керек.

         Кілемнің үй тұрмысында ұзақ тұтынылуы, оның өте беріктігі мен төзімділігіне байланысты болса керек. Сонау көне заманнан бергі келе жатқан халықтың дәстүрлі үй мүлкінің бірі - кілемнің құндылығы жағын сөз етсек, ол өзінің қолданылу жағынан көптеген материалдан асып түседі десек, артық айтпаған болар едік. Өйткені, кілем тұтынуға төзімді, оңайлықпен тозбайтын, шаң-тозаңнан тез тазартуға болатын бағалы мүлік.        

Оны алтын, күміс, қымбат бұйымдар сияқты дәулеттің, байлықтың бір белгісі деп білген. Кілемнің осындай қасиеттеріне байланысты қай кезде, қай заманда болмасын, кілемді, одан жасалатын мүліктерді көбінесе тек қой жүнінен тоқыған. Орта Азия мен Қазақстан территориясында тоқылған кілемдердің сапасы мен түрі, түсі өте жоғары бағаланған. Оның себебі кілем тоқуға пайдаланылатын қой жүнінің сапалылығын жоғарыда аталған аймақтың шөбі мен суына, табиғаты мен климатына, бұл жерді жайлаған түркі халықтарының ішіндегі, әсіресе, қазақ халқының табиғи таланты мен тіршілігіне байланысты екендігі анықталып отыр. Өйткені, кілем тоқылуға жұмсалатын қой жүнінің ең сапалысы, жіңішке жібектей мамық жүннің алынатын орталығы – Қазақстанның оңтүстік облыстарынан бастап шығыс жағын тегіс қамтиды.      

         Тоқылатын кілемдер ішінен Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан кілемдері көрнектілігі жағынан ерекше көзге түседі. Ұлттық кілемдер сол республика халықтарының қолөнерінің негізгі түрі. Осыдан келіп кілемдердің тоқылуы да, материалы да, өрнегі де әр түрлі болып келеді.       «Кілем өрмегін “аспалы өрмек” немесе кілем өрмегі деп атайды. Соған қарай кілемнің бет жіптері де жоғарыдан төмен қарай кейде 3, кейде 4 бет болып тізіледі. Оның арқауы түйе жүні аралас мақтадан, жібектен әрі мықты әрі жуандау етіп иіріледі. Бай жіптермен қатарлас тұратын түк және өрнек жасаушы жіптер қойдың биязы жүнінен, түйенің жүнінен, өзге жіптерден көрі бостау иіріледі. Кейде бұл жіптер бай жіптердің үстіне арнаулы күзеулерде бос тұрады. Оны кілем тоқушы шебер өз керегіне қарай суыртпақтап отырып арқау мен бай жіптерге іліп отырып түр жасайды. Әдетте түкті кілемді 2-3 шебер отырып тоқиды.

         Шебер өз-өзінен тез суырылатын етіп кесіп алған соң тағы да арқауға бастыра адарғы тарақпен тістерімен алақтаған өрнек жасаушы түк жіптерін санап, оның тұтас еніне жеткенше бір-ақ шалады да, кесермен қиып, адырағы тарақпен арқауға бастырта қағады. Осылай бір қатарды салып, оны өрнектің нұсқасына қарай нықтайды. Бұл арада байлардың ерсісі мен қарсысы ауысып тоқылып отрады. Осы әдіспен ені 2-3,5 метр, ұзыны – 3,5-4 метр кілемді екі адам бір айдың ішінде тоқып шығады. Кілемше теріліп тоқылатын бұйымдардың жіптері көп түсті бояумен боялады», - деп жазады өнертанушы Өмер Займоғлы қазақ қолөнері туралы еңбегінде.

         Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнделікті  тіршілік барысында орынды пайдалана білген. Кілем тоқу өнері де күнкөріске қажетті дүниенің біріне айналған. Сондықтан қазақта бұл сала күнделікті кәсіпке айналды. Ықылым заманнан баспанамызға айналған киіз үй болса, оның барлық жиған жиһазы тоқымадан тараған тұнық ойлар.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға