Жаңалықтар

Жүйе ме, әлде дағды ма?

Әдеби тiлдің басты нышаны – тіл нормасы. Бұл дегеніміз сөздi дұрыс қолданудың, грамматикалық амал-тәсiлдердi дұрыс пайдаланудың көпшiлiк таныған, тiл тәжiрибесiнде сыннан өткен қағидалары. Сөйлеуде, жазуда тiл амалдарын дұрыс қолдана бiлу «әдеби тiл нормасын сақтау» дегенге саяды. Тiлдiк норма алдымен тiлдiк жүйемен салыстырыла қарастырылды. Бірақ тілдік жүйе мен тілдік норма тепе-тең құбылыс емес. Қазақ тiлiнiң сөз жасау жүйесiнде -ла, -ле, (-да, -де, -та, -те) қосымшалары есiм сөздерден етiстiк тудырады: аяқ-та, бас-та, көз-де, cy-ла, ау-ла, шөл-де т.б. Сөз тудырудың дәл осы жүйесi бойынша -да, -де зат есiмге жалғануға тиiс. Бұл жүйе бойынша кез келген зат есiмге -ла, -ле (-да, -де…) қосымшасын жалғауға болатын сияқты. Бiрақ жүйе бойынша, баула, жүкте, сыйла деп айтқанымызбен, кiрпiкте, соғымда, кiтапта деп айтуға болмайтыны белгiлi. Неге? Себебi бұлай деу жүйеге қайшы болмағанымен, дағдыда жоқ. Мiне, осыған байланысты белгiлi бiр тiл қолданысты норма деп тану үшiн оның тiлдiк жүйеде болуы (немесе норманың тiлдiк жүйемен жарыспалы болуы) жеткiлiксiз. Бұған қоса ондай қолданыс тiлдiк дағдыда болуы, сондай-ақ дәстүрге айналуы қажет. Себебі дағды жүйеге бағынбайды. Сөз тiл жүйесiмен бұлжымас бiрлiкте қолданылса, ол қатаң нормада қолданылғанын көрсетеді. Әдеби тiл нормасының бұдан өзгешелеу түрi де бар. Кейде тiлдегi сан алуан варианттарды талғап-таңдауда аса қатаң талап қойылмайды. Ондай варианттардын қай түрiн қолдану сөйлеушiнiң (жазушының да) өз ырқында (мысалы, ақшалай – ақшадай, барлы-жоқты – барды-жоқты, бiрлi-жарым – бiрдi-жарым, екiншiлей – екiншiдей, ескiлей – ескiдей, жылылай – жылыдай, жаңалай – жаңадай, кәрлен – кәрден, қаралай – қарадай, пiсiлей – пiсiдей, тiрiлей – тiрiдей, шикiлей – шикiдей, ыссылай – ыссыдай т.б.) Жалпы, халықтық тiлдегi мұндай жарыспалы қолданыстың қайсысын әдеби тiлдiң нормасына лайық деуге болады? Осындай сұрауға келгенде, сөздiкке қол созамыз. Сөздiктiң бiрi – «Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi». Бұл сөздiктен [д] вариантты да (кәрден, кәрлен емес, тiрiдей, қарадай), [л] вариантты да (жылылай, тiрiлей, шикiлей) ұшыратамыз. Екi түрлi жүйенiң аралас-құралас жүргендiгiнен [л] мен [д] варианттың қайсысы әдеби тiлдiң iшкi даму тенденциясына сәйкес келетiндiгi әлi анықтала қоймағандығын байқаймыз. Тiлдiң iшкi даму күйiне қандай жүйенiң («л» немесе «д» варианттың) сәйкес келетiндiгiн анықтап, тиянақтай түсу болашақтың ісі болмақ. Әзірге бұлардың әдеби тіл нормасына лайықтыларын былайша көрсетуге болады: ақшалай (ақшадай емес), бipлі-жарым (бiрдi-жарым емес), жылылай (жылыдай емес), тiрiлей (тiрiдей емес), ұшты-күйлi (ұшты-күйдi емес), кәрлен (кәрден eмec), немқұрайлы (немқұрайды емес) т.б. Әдеби тiл нормасының мұндай түрi босаң норма деп аталады. Тiлдегi бұл тәрiздi варианттар кейбiреулерге тiлдегi мүкiстiктей болып та көрiнедi. Шындығында, олай емес. Бұл – тiлдiң жанды дүниедей түлеп, өзгерiп отыруының белгiсi. «Өлi тiлде» ғана мұндай құбылыс болмайды. Өзге де коғамдық құбылыстар тәрiздi тiлдiң де өзгерiп, дамып отыратындығы белгiлi. Бiрақ тiл «ескiнi» бiрден аластай алмайды. «Ескi» мен «жаңа» бiразға дейiн iлесе жүредi. «Ескiден» бiрден қол үзiп, «жаңаға» бiрден ойысса, тiлдiң ұрпақ пен ұрпақты, aғa буын мен iнi буынды жалғастырып жататын қызметi әлсiрейдi. Тiлдегi сан алуан варианттардың жарыса қолданылу себебi «кеше» мен «бүгiндi», «бүгiн» мен «ертеңдi» ұластыру қызметiне байланысты болып жатады. Бiрақ осыған карап босаң нормаға байланысты варианттарды қолдануда талғау, саралау деген мүлде жоқ деуге болмайды. Босаң нормаға қатысты вариантты қолданудың, таңдаудың өз ерекшелiгi мен қиындығы бар. Жанат ИСАЕВА «Ана тілі»
16.10.2013 04:30 18190

Әдеби тiлдің басты нышаны – тіл нормасы. Бұл дегеніміз сөздi дұрыс қолданудың, грамматикалық амал-тәсiлдердi дұрыс пайдаланудың көпшiлiк таныған, тiл тәжiрибесiнде сыннан өткен қағидалары. Сөйлеуде, жазуда тiл амалдарын дұрыс қолдана бiлу «әдеби тiл нормасын сақтау» дегенге саяды. Тiлдiк норма алдымен тiлдiк жүйемен салыстырыла қарастырылды. Бірақ тілдік жүйе мен тілдік норма тепе-тең құбылыс емес.
Қазақ тiлiнiң сөз жасау жүйесiнде -ла, -ле, (-да, -де, -та, -те) қосымшалары есiм сөздерден етiстiк тудырады: аяқ-та, бас-та, көз-де, cy-ла, ау-ла, шөл-де т.б. Сөз тудырудың дәл осы жүйесi бойынша -да, -де зат есiмге жалғануға тиiс. Бұл жүйе бойынша кез келген зат есiмге -ла, -ле (-да, -де…) қосымшасын жалғауға болатын сияқты. Бiрақ жүйе бойынша, баула, жүкте, сыйла деп айтқанымызбен, кiрпiкте, соғымда, кiтапта деп айтуға болмайтыны белгiлi. Неге? Себебi бұлай деу жүйеге қайшы болмағанымен, дағдыда жоқ. Мiне, осыған байланысты белгiлi бiр тiл қолданысты норма деп тану үшiн оның тiлдiк жүйеде болуы (немесе норманың тiлдiк жүйемен жарыспалы болуы) жеткiлiксiз. Бұған қоса ондай қолданыс тiлдiк дағдыда болуы, сондай-ақ дәстүрге айналуы қажет. Себебі дағды жүйеге бағынбайды.
Сөз тiл жүйесiмен бұлжымас бiрлiкте қолданылса, ол қатаң нормада қолданылғанын көрсетеді.
Әдеби тiл нормасының бұдан өзгешелеу түрi де бар. Кейде тiлдегi сан алуан варианттарды талғап-таңдауда аса қатаң талап қойылмайды. Ондай варианттардын қай түрiн қолдану сөйлеушiнiң (жазушының да) өз ырқында (мысалы, ақшалай – ақшадай, барлы-жоқты – барды-жоқты, бiрлi-жарым – бiрдi-жарым, екiншiлей – екiншiдей, ескiлей – ескiдей, жылылай – жылыдай, жаңалай – жаңадай, кәрлен – кәрден, қаралай – қарадай, пiсiлей – пiсiдей, тiрiлей – тiрiдей, шикiлей – шикiдей, ыссылай – ыссыдай т.б.) Жалпы, халықтық тiлдегi мұндай жарыспалы қолданыстың қайсысын әдеби тiлдiң нормасына лайық деуге болады? Осындай сұрауға келгенде, сөздiкке қол созамыз. Сөздiктiң бiрi – «Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi». Бұл сөздiктен [д] вариантты да (кәрден, кәрлен емес, тiрiдей, қарадай), [л] вариантты да (жылылай, тiрiлей, шикiлей) ұшыратамыз. Екi түрлi жүйенiң аралас-құралас жүргендiгiнен [л] мен [д] варианттың қайсысы әдеби тiлдiң iшкi даму тенденциясына сәйкес келетiндiгi әлi анықтала қоймағандығын байқаймыз. Тiлдiң iшкi даму күйiне қандай жүйенiң («л» немесе «д» варианттың) сәйкес келетiндiгiн анықтап, тиянақтай түсу болашақтың ісі болмақ. Әзірге бұлардың әдеби тіл нормасына лайықтыларын былайша көрсетуге болады: ақшалай (ақшадай емес), бipлі-жарым (бiрдi-жарым емес), жылылай (жылыдай емес), тiрiлей (тiрiдей емес), ұшты-күйлi (ұшты-күйдi емес), кәрлен (кәрден eмec), немқұрайлы (немқұрайды емес) т.б.
Әдеби тiл нормасының мұндай түрi босаң норма деп аталады. Тiлдегi бұл тәрiздi варианттар кейбiреулерге тiлдегi мүкiстiктей болып та көрiнедi. Шындығында, олай емес. Бұл – тiлдiң жанды дүниедей түлеп, өзгерiп отыруының белгiсi. «Өлi тiлде» ғана мұндай құбылыс болмайды. Өзге де коғамдық құбылыстар тәрiздi тiлдiң де өзгерiп, дамып отыратындығы белгiлi. Бiрақ тiл «ескiнi» бiрден аластай алмайды. «Ескi» мен «жаңа» бiразға дейiн iлесе жүредi. «Ескiден» бiрден қол үзiп, «жаңаға» бiрден ойысса, тiлдiң ұрпақ пен ұрпақты, aғa буын мен iнi буынды жалғастырып жататын қызметi әлсiрейдi. Тiлдегi сан алуан варианттардың жарыса қолданылу себебi «кеше» мен «бүгiндi», «бүгiн» мен «ертеңдi» ұластыру қызметiне байланысты болып жатады. Бiрақ осыған карап босаң нормаға байланысты варианттарды қолдануда талғау, саралау деген мүлде жоқ деуге болмайды. Босаң нормаға қатысты вариантты қолданудың, таңдаудың өз ерекшелiгi мен қиындығы бар.

Жанат ИСАЕВА

«Ана тілі»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға