Жаңалықтар

Түс тәннің де тілі

Кез келген түстің астарынан ұдайы себеп іздеудің қажеті бола қояр ма екен?! Өйткені жыл мезгілі, айдың тууы, ауа райына шейін ағзаға әсерін тигізіп, түс көруде ұсақ-түйек көрінісін тауып жатады. Сыртқы қоршаған ортаның адамның тәніне мөр боп басылар құбылыстары жетерліктей. Соның бәрі де ұйқы барысында өзіндік мағына иемденеді. Шамасы жан иесінің сая тауып, оқшау қалар сәті мүлдем кездеспейтіндей. Бертінге шейін қалың ұйқы кезінде ми да демалады деп есептелетін. Техника мен ғылым дамыған сайын басыңнан башпайыңа шейін түгің қалмай тексеріліп шығатындай жағдайға жеттік. 1953 жылы Чикаго университетінің ғалымдары «біз ұйықтап жатсақ та миы­мыз жұмысын доғармайды екен» деп әлемге жар салғанда, күдіктенгендер көп болған. Содан кейін дүниежүзінің бұрыш-бұрышында сан алуан зерттеу жұмыстары жүргізіліп, түс көруге қатысты пікірлер тасқыны көбейді. Бұл адамның өзін-өзі зерттеуіне де айтарлықтай ықпалын тигізді. Әсіресе жан мен тән, ақыл, сана арасындағы байланысқа айрықша назар аударыла бастады. Емдеу әдістеріне де түрлі көзқарастар пайда болды. Қандай да ауру-сырқаудың ішкі түйткіл, уайымнан, қайғыдан басталатынына мән берілді. Көңіл күй, сезім дегеніңіз әншейін бос сөз емес боп шықты. Пенде кешкен қандай да хал, ахуал, қуану, мұңаю ма, ағзасының әрбір клеткасы, талшығы әлгілердің бәрін дереу қабылдап-сіңіріп алады екен. Америкалық ғалым, нейроанатом Дэвид Фелтон адамның миы мен психикасы иммундық клеткалармен өзара «байланысатынын» тұңғыш рет дәлелдеді. Ол жүйке клеткаларының иммундық клеткалармен ым-жымы бірдей екенін дәлелдеді. Мәселен, шаттыққа бөлендік пе, әлде шаршап, запа шектік пе – әрқайсысының өзінің ғана «өтетін» жүйке жолдары болатын көрінеді. Осы жолдар арқылы жан мен тән хабар алмасып, бір-біріне дәл сол сәттегі жағдайларын жеткізеді. Көл-көсір қуаныштан қанда эндорфин, күйзелістен қанда кортизол пайда болып, ағза бірден өзгеріске ұшырайды екен. Ғалымдар мұндай гармондардың сексеннен аса түрін тауып, олардың бұдан да көп екеніне шүбә келтірмейді. Дүниежүзі ғалымдарының жоғарыда келтірген жаңалықтары қазаққа ежелден етене. «Өзекке түскен қайғы жаман», «жақсылық – жан семіртер» тәрізді тіркестерден-ақ мұны анық байқаймыз. Назар салсақ, мұңайған, ренжіген кезде бойымызда нендей өзгерістер боп жатқанын еміс-еміс болжайтынымыз рас, тек пәлендей мән бермейміз. Ғылымға жүгінсек, қасіреттен тән кортизолды бөліп шығарады да түрлі вирус, бактериялар сайран салады. Иммунды клеткалар мүлдем азайып, тәннен бөлінген гармон қорғану күшін күйретіп тынады. Арғы жағы белгілі, жеңіл-желпі аурудан басталып, қатерлі ісікпен аяқталады. Әлем ғалымдарының асқан ынты­зар­лықпен талдап, айтарлықтай та­быстарға жеткен жан мен тән, сана бір­лестігінің түрлі ұлт, ұлыстарға ортақ мәні біздің ата-бабаларымызды да айналып өтпеген сыңайлы. Әттең, алдыңғы толқын өкілдерімен зым-зия жоғалған психологиялық ұғымдарды ендігі шақта қалай, қайтіп қайтарып аларымызды кім білсін. Өзегі бір сақталса, тек мақал-мәтел, нақыл сөздерімізде ғана болуы мүмкін. Жалпы ана тілімізде жасырынған қазына шексіз. Ондағы мүсіндік, сурет, бейнелеу анықтамаларын былай қойғанда, жан, рух тылсымының ғылыми жаңалықтарға бастайтын шешіміне біз тіпті үңілмейміз де. Соншалықты қарадүрсін естілер тіркестердің өзінен психикаға байланысты небір еміле таратудың жолдары бар сияқты. Шаршап, шалдыққанда айтамыз: дымым құрып тұрғанын қарашы; еңсесі езіліп, не боп кеткен; құр сүлдері қалыпты; салы суға кетіп; ұнжырғасы түсіп… Сонда бұлар көңіл-хошының, денсаулықтың көріністері ме? Тұнып тұрған психологиялық, парапсихологиялық, философиялық ұғымдар… Жан, тән, рух құпия құлыптарының кілті бәлкім әр ұлттың ана тілдерінде тастүйін тығулы шығар. Көне әліппелердің ұзын-ырғасынан кодтық мазмұн іздеп, тауып жүрген славяндық ғалымдардың жұмысынан хабардармыз. Соған қарап еріксіз сан алуан ойға берілесің. Ана тіліміздің тереңін бойлауға қауқарымыз жетсе, алдымыздан теңдессіз жаңалықтар тосқандай. «Тәні саудың — жаны сау» дейді қазақтар, осыған ұқсас нақыл басқа тілдерде де көп. Саулыққа әсер етпейтін жайт кемде-кем. Ішіп, жеген тамақ түрінен бастап қоршаған ортаның, салт-дәстүрінің ерекшелігіне дейін жан мен тәннің қуатын құрайды. Ал қуат, күш, кайрат ешқашан бірқалыпты тұрмайды. Жер бетіндегінің бәрі былай қарасаң жарасымдылыққа тұнғандай әсерге бөлейді. Екінші жағынан бір-бірін жеп, жұтып жіберуге шақ тұрғандай. Табиғат үндестігінің негізінде бір-бірін жоққа шығарушылық жатқан жоқ па?! Тән байғұстың мың-миллион түрленіп, қас-қағым сайын өзгеріске ұшырайтын атом, молекулалары қандай десеңізші! Тіпті өзінен бөлінген заттардың да құлақкесті кұлындай ма дерсің тәнді. Алынған тырнақ, түскен шаш та, егер мүлдем жойылмаса, тәннен қуат ұрлайды екен. Сілекей, түкірік те солай. Денеден бөлініп шығатын қандай да заттың жебірлік сипаты басым деседі. От пен су ғана тәнді әлгіндей жебірліктен құтқарса керек. Тибеттік емшілердің ағзаның кез келген жеке клеткасы, жеке ой, сана иемденген деген пікірін еске салсақ дейміз. Ауру атаулыны олар клеткалық ойлану деңгейінен өрбітеді. Дертке шалдыққан мүшені дұрыс «ойлауға» бағыттап жіберсе, дереу сауығады деп санайды. Әрбір ағза мүшесімен кәдімгі сәбиді еркелетіп-еміренгендей «сөйлеседі». Ана тілімізде «қабырғаңмен кеңес, қабырғаңмен ақылдас» деген тіркес бар ғой. Өз-өзіңді тыңда, жан дүниеңе үңіл дегенді білдірсе керек. Бұл да қазақтардың жан әлемімен санасатынының шағын дәлелі. Әлгінде келтірген нақыл «Жаны саудың – тәні сау» деуге де болады. Тәнді жан, әлде жанды тән көтеріп жүр ме, ойланайықшы. Әрине, бірін екіншісінен ажыратып қарай алмайсың. Мағира Қожахметова «Ана тілі»
16.10.2013 04:08 3954

Кез келген түстің астарынан ұдайы себеп іздеудің қажеті бола қояр ма екен?! Өйткені жыл мезгілі, айдың тууы, ауа райына шейін ағзаға әсерін тигізіп, түс көруде ұсақ-түйек көрінісін тауып жатады. Сыртқы қоршаған ортаның адамның тәніне мөр боп басылар құбылыстары жетерліктей. Соның бәрі де ұйқы барысында өзіндік мағына иемденеді.

Шамасы жан иесінің сая тауып, оқшау қалар сәті мүлдем кездеспейтіндей. Бертінге шейін қалың ұйқы кезінде ми да демалады деп есептелетін. Техника мен ғылым дамыған сайын басыңнан башпайыңа шейін түгің қалмай тексеріліп шығатындай жағдайға жеттік. 1953 жылы Чикаго университетінің ғалымдары «біз ұйықтап жатсақ та миы­мыз жұмысын доғармайды екен» деп әлемге жар салғанда, күдіктенгендер көп болған. Содан кейін дүниежүзінің бұрыш-бұрышында сан алуан зерттеу жұмыстары жүргізіліп, түс көруге қатысты пікірлер тасқыны көбейді. Бұл адамның өзін-өзі зерттеуіне де айтарлықтай ықпалын тигізді. Әсіресе жан мен тән, ақыл, сана арасындағы байланысқа айрықша назар аударыла бастады. Емдеу әдістеріне де түрлі көзқарастар пайда болды. Қандай да ауру-сырқаудың ішкі түйткіл, уайымнан, қайғыдан басталатынына мән берілді. Көңіл күй, сезім дегеніңіз әншейін бос сөз емес боп шықты. Пенде кешкен қандай да хал, ахуал, қуану, мұңаю ма, ағзасының әрбір клеткасы, талшығы әлгілердің бәрін дереу қабылдап-сіңіріп алады екен. Америкалық ғалым, нейроанатом Дэвид Фелтон адамның миы мен психикасы иммундық клеткалармен өзара «байланысатынын» тұңғыш рет дәлелдеді. Ол жүйке клеткаларының иммундық клеткалармен ым-жымы бірдей екенін дәлелдеді. Мәселен, шаттыққа бөлендік пе, әлде шаршап, запа шектік пе – әрқайсысының өзінің ғана «өтетін» жүйке жолдары болатын көрінеді. Осы жолдар арқылы жан мен тән хабар алмасып, бір-біріне дәл сол сәттегі жағдайларын жеткізеді. Көл-көсір қуаныштан қанда эндорфин, күйзелістен қанда кортизол пайда болып, ағза бірден өзгеріске ұшырайды екен. Ғалымдар мұндай гармондардың сексеннен аса түрін тауып, олардың бұдан да көп екеніне шүбә келтірмейді.
Дүниежүзі ғалымдарының жоғарыда келтірген жаңалықтары қазаққа ежелден етене. «Өзекке түскен қайғы жаман», «жақсылық – жан семіртер» тәрізді тіркестерден-ақ мұны анық байқаймыз. Назар салсақ, мұңайған, ренжіген кезде бойымызда нендей өзгерістер боп жатқанын еміс-еміс болжайтынымыз рас, тек пәлендей мән бермейміз. Ғылымға жүгінсек, қасіреттен тән кортизолды бөліп шығарады да түрлі вирус, бактериялар сайран салады. Иммунды клеткалар мүлдем азайып, тәннен бөлінген гармон қорғану күшін күйретіп тынады. Арғы жағы белгілі, жеңіл-желпі аурудан басталып, қатерлі ісікпен аяқталады.
Әлем ғалымдарының асқан ынты­зар­лықпен талдап, айтарлықтай та­быстарға жеткен жан мен тән, сана бір­лестігінің түрлі ұлт, ұлыстарға ортақ мәні біздің ата-бабаларымызды да айналып өтпеген сыңайлы. Әттең, алдыңғы толқын өкілдерімен зым-зия жоғалған психологиялық ұғымдарды ендігі шақта қалай, қайтіп қайтарып аларымызды кім білсін. Өзегі бір сақталса, тек мақал-мәтел, нақыл сөздерімізде ғана болуы мүмкін. Жалпы ана тілімізде жасырынған қазына шексіз. Ондағы мүсіндік, сурет, бейнелеу анықтамаларын былай қойғанда, жан, рух тылсымының ғылыми жаңалықтарға бастайтын шешіміне біз тіпті үңілмейміз де. Соншалықты қарадүрсін естілер тіркестердің өзінен психикаға байланысты небір еміле таратудың жолдары бар сияқты. Шаршап, шалдыққанда айтамыз: дымым құрып тұрғанын қарашы; еңсесі езіліп, не боп кеткен; құр сүлдері қалыпты; салы суға кетіп; ұнжырғасы түсіп… Сонда бұлар көңіл-хошының, денсаулықтың көріністері ме? Тұнып тұрған психологиялық, парапсихологиялық, философиялық ұғымдар… Жан, тән, рух құпия құлыптарының кілті бәлкім әр ұлттың ана тілдерінде тастүйін тығулы шығар. Көне әліппелердің ұзын-ырғасынан кодтық мазмұн іздеп, тауып жүрген славяндық ғалымдардың жұмысынан хабардармыз. Соған қарап еріксіз сан алуан ойға берілесің. Ана тіліміздің тереңін бойлауға қауқарымыз жетсе, алдымыздан теңдессіз жаңалықтар тосқандай.
«Тәні саудың — жаны сау» дейді қазақтар, осыған ұқсас нақыл басқа тілдерде де көп. Саулыққа әсер етпейтін жайт кемде-кем. Ішіп, жеген тамақ түрінен бастап қоршаған ортаның, салт-дәстүрінің ерекшелігіне дейін жан мен тәннің қуатын құрайды. Ал қуат, күш, кайрат ешқашан бірқалыпты тұрмайды. Жер бетіндегінің бәрі былай қарасаң жарасымдылыққа тұнғандай әсерге бөлейді. Екінші жағынан бір-бірін жеп, жұтып жіберуге шақ тұрғандай. Табиғат үндестігінің негізінде бір-бірін жоққа шығарушылық жатқан жоқ па?! Тән байғұстың мың-миллион түрленіп, қас-қағым сайын өзгеріске ұшырайтын атом, молекулалары қандай десеңізші! Тіпті өзінен бөлінген заттардың да құлақкесті кұлындай ма дерсің тәнді. Алынған тырнақ, түскен шаш та, егер мүлдем жойылмаса, тәннен қуат ұрлайды екен. Сілекей, түкірік те солай. Денеден бөлініп шығатын қандай да заттың жебірлік сипаты басым деседі. От пен су ғана тәнді әлгіндей жебірліктен құтқарса керек. Тибеттік емшілердің ағзаның кез келген жеке клеткасы, жеке ой, сана иемденген деген пікірін еске салсақ дейміз. Ауру атаулыны олар клеткалық ойлану деңгейінен өрбітеді. Дертке шалдыққан мүшені дұрыс «ойлауға» бағыттап жіберсе, дереу сауығады деп санайды. Әрбір ағза мүшесімен кәдімгі сәбиді еркелетіп-еміренгендей «сөйлеседі».
Ана тілімізде «қабырғаңмен кеңес, қабырғаңмен ақылдас» деген тіркес бар ғой. Өз-өзіңді тыңда, жан дүниеңе үңіл дегенді білдірсе керек. Бұл да қазақтардың жан әлемімен санасатынының шағын дәлелі. Әлгінде келтірген нақыл «Жаны саудың – тәні сау» деуге де болады. Тәнді жан, әлде жанды тән көтеріп жүр ме, ойланайықшы. Әрине, бірін екіншісінен ажыратып қарай алмайсың.

Мағира Қожахметова

«Ана тілі»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға