Жаңалықтар

Ұлтжанды тәрбие мектебі керек

Адамзат қай уақытта болмасын балаға қалай бағыт-бағдар беру керек екендiгiн зерттей отырып, ақыл-ой, дене, адамгершiлiк тәрбиесiне ерекше назар аударған. Осы қажеттiлiктер оқушы бойында түгел болса, Отанын сүйетiн нағыз ұлтжанды азамат болып өсер едi. Әрбiр ұлттың бала тәрбиесiнде көнеден келе жатқан ұстанымы болады. Тәрбиешi өз ұлтының ұлттық тәрбиесiн жақсы бiлуге тиiстi. Ұлттық тәрбиенi қолданбалы қондырғы немесе жүйе түрiнде пайдалануға болады. Ал «Балам адам болсын, дұрыс тәрбие, бiлiм алсын» деген ата-ана барлық қиыншылықтан қашпай, баланы үнемi қадағалауы керек. Елiмiздегі дамудың жаңа кезеңiнiң басталуы – өскелең ұрпақты тәрбиелеу, қоғамда жаңа адамды қалыптастыру арқылы дамудың жаңа түрлерiне ұласты. Бұл ретте жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқу, тәрбие iстерiмен қатар, ұлтжандылық тәрбиесiн басты мiндет етiп жолға қою керек. Әрбiр ұлттың өзiндiк даму жүйесi, даму жолы бар. Ұлттық дамуға кедергi жасаушыларға, нұқсан келтiрушiлерге тосқауыл қоятын ұлт жанашырлары, бiлiктi бiлiмдi азаматтары болуға тиiс. Мұндай азаматтар бiлiм негiздерiн терең меңгерiп, еңбек етуге құлшынып, кез келген жұмыстың тез арада шешiмiн таба бiледi. Ұлтжандылық тәрбиесiн терең сезiнетiн мұндай азаматтар басты тұлға болып саналады. Осындай баспалдақтан өткiзу үшiн, балаларға жас кезiнен ерекше көңiл бөле отырып, дене еңбегiнiң қалыпты қозғалысын жасау мәселесiн де дұрыс жолға қойған жөн. Егер баланың бойынан жақсы әдет, дағдыны байқайтын болса, онда тәрбиешiнiң үлкен жеңiске жеткенi. Халықтың «баланы жастан…» деп тегiн айтпағаны белгілі. Әдеп – адамның екiншi жаратылысы, екiншi мiнез-құлығы. Қазақ халқының батыры Б.Момышұлы «Анадан ешкiм батыр болып тумайды, айбындылық аспаннан түспейдi, табандылықтың атасы – танымды тәрбие. Ерлiк тамыры – елдiң елеулi дәстүрiнде» деп түсiндiрген. Ерлiк – ұлы өнеге. Ерлiктi адам жасайды. Б.Момышұлы – қазақ халқының ұлтжанды азаматы. Отанын, халқын сүйген. Елiне бүкiл ар-намысымен қызмет етудi мақсат еткен. Мұндай адамды ер деймiз, батыр деймiз, ұлтжанды азамат деймiз. Осы орайда бала сезiмтал, елiктегiш келедi. Бiр бала атасынан «Ата, батырлық деген не?» – деп сұрайды. «Балам, батырлық – зор мағыналы сөз. Олай дейтiнiм, сен өзiң бiлесiң, қазақтар бiр-бiрiнен «батыр, қалайсың?» деп жағдай сұрасады. Мұны батырлық жасағанда ғана емес, барлық уақытта айтады. Батырлар жырындағы жетi жасар Алпамыстың он төрт батпан садақ атқанын, Тайбурылдың шабысын оқып, қызық көрiп елiктедiң. Сондай батыр боламын дедiң. Ал, батыр боламын деудiң өзi – батырлыққа бiр табан басқандық», – дептi қария. «Болмасаң да ұқсап бақ» деп Абай атамыз айтпақшы, ер болам дегеннiң өзi ерен күш. Ата-бабаларымыз өз ұлтының ұлдарын ерлiкке, батырлыққа, өз ұлтының жанашыры болуға, Отанымыздың қасиеттi топырағын қорғауға тәрбиелеген. Ендеше, ұлтжанды жаңа адамды қалыптастыру – мемлекетiмiздiң келешегiн, тағдырын сенiмдi қолға тапсырудың бiрден-бiр жолы. Ол үшiн қазiрден бастап балаларды ұлтжанды тәрбие мектебiнен (ҰТМ) өткiзу керек. Одан өткен бала жан-жақты терең бiлiмдi, өз ұлтының қамқоры, басқа ұлт өкiлдерiнiң дамуына нұқсан келтiрмейтiн саналы азамат болуға тиiс. Ұлтжанды азамат үлкен тәрбие бұлағынан сусындаған, ғажайып сезiмдерге бөленген жан. Өз ұлтының әл-әуқатының жақсаруына, экономикасы мен мәдениетiнiң дамуына бар өмiрiн арнауға ант берген азамат. Адамның ең қымбаттысы – оның өмiрi. Өмiр адамға бiр-ақ рет берiледi. Сол өмiрде алдына ұлы мақсат қойып, ұлтжанды болып өтудiң өзi – ерлiк. Дүниедегi ең абзал нәрсе – адам баласының тәуелсiздiгi, бостандығы, еркiндiгi. Ал демократия – грек сөздiгiнен шыққан – «демос» – халық, «кратия» – билiк деген сөз. Жалпы, халық билiгi бостандық, теңдiк, еркiндiк бағытында жүргiзiлетiн күрес. Ендеше, бостандық – адам баласы тiршiлiгiнде еркiн өмiр сүру болса, теңдiк – тiршiлiкке керектi барлық игiлiктердi тең пайдалану. Баламыз ұлтжанды азамат болып өсiп, отбасына ғана емес, халқына пайдасы тисiн десеңiз, өмiрге келген күннен бастап өнегелi тәрбие берудi мақсат тұтыңыз. Қалыбек ТҮЙЕБАҚОВ «Ана тілі»
16.10.2013 04:04 3675

Адамзат қай уақытта болмасын балаға қалай бағыт-бағдар беру керек екендiгiн зерттей отырып, ақыл-ой, дене, адамгершiлiк тәрбиесiне ерекше назар аударған. Осы қажеттiлiктер оқушы бойында түгел болса, Отанын сүйетiн нағыз ұлтжанды азамат болып өсер едi.

Әрбiр ұлттың бала тәрбиесiнде көнеден келе жатқан ұстанымы болады. Тәрбиешi өз ұлтының ұлттық тәрбиесiн жақсы бiлуге тиiстi. Ұлттық тәрбиенi қолданбалы қондырғы немесе жүйе түрiнде пайдалануға болады. Ал «Балам адам болсын, дұрыс тәрбие, бiлiм алсын» деген ата-ана барлық қиыншылықтан қашпай, баланы үнемi қадағалауы керек.

Елiмiздегі дамудың жаңа кезеңiнiң басталуы – өскелең ұрпақты тәрбиелеу, қоғамда жаңа адамды қалыптастыру арқылы дамудың жаңа түрлерiне ұласты. Бұл ретте жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқу, тәрбие iстерiмен қатар, ұлтжандылық тәрбиесiн басты мiндет етiп жолға қою керек. Әрбiр ұлттың өзiндiк даму жүйесi, даму жолы бар. Ұлттық дамуға кедергi жасаушыларға, нұқсан келтiрушiлерге тосқауыл қоятын ұлт жанашырлары, бiлiктi бiлiмдi азаматтары болуға тиiс. Мұндай азаматтар бiлiм негiздерiн терең меңгерiп, еңбек етуге құлшынып, кез келген жұмыстың тез арада шешiмiн таба бiледi. Ұлтжандылық тәрбиесiн терең сезiнетiн мұндай азаматтар басты тұлға болып саналады.

Осындай баспалдақтан өткiзу үшiн, балаларға жас кезiнен ерекше көңiл бөле отырып, дене еңбегiнiң қалыпты қозғалысын жасау мәселесiн де дұрыс жолға қойған жөн.

Егер баланың бойынан жақсы әдет, дағдыны байқайтын болса, онда тәрбиешiнiң үлкен жеңiске жеткенi. Халықтың «баланы жастан…» деп тегiн айтпағаны белгілі. Әдеп – адамның екiншi жаратылысы, екiншi мiнез-құлығы.

Қазақ халқының батыры Б.Момышұлы «Анадан ешкiм батыр болып тумайды, айбындылық аспаннан түспейдi, табандылықтың атасы – танымды тәрбие. Ерлiк тамыры – елдiң елеулi дәстүрiнде» деп түсiндiрген. Ерлiк – ұлы өнеге. Ерлiктi адам жасайды.

Б.Момышұлы – қазақ халқының ұлтжанды азаматы. Отанын, халқын сүйген. Елiне бүкiл ар-намысымен қызмет етудi мақсат еткен. Мұндай адамды ер деймiз, батыр деймiз, ұлтжанды азамат деймiз. Осы орайда бала сезiмтал, елiктегiш келедi. Бiр бала атасынан «Ата, батырлық деген не?» – деп сұрайды. «Балам, батырлық – зор мағыналы сөз. Олай дейтiнiм, сен өзiң бiлесiң, қазақтар бiр-бiрiнен «батыр, қалайсың?» деп жағдай сұрасады. Мұны батырлық жасағанда ғана емес, барлық уақытта айтады. Батырлар жырындағы жетi жасар Алпамыстың он төрт батпан садақ атқанын, Тайбурылдың шабысын оқып, қызық көрiп елiктедiң. Сондай батыр боламын дедiң. Ал, батыр боламын деудiң өзi – батырлыққа бiр табан басқандық», – дептi қария.

«Болмасаң да ұқсап бақ» деп Абай атамыз айтпақшы, ер болам дегеннiң өзi ерен күш. Ата-бабаларымыз өз ұлтының ұлдарын ерлiкке, батырлыққа, өз ұлтының жанашыры болуға, Отанымыздың қасиеттi топырағын қорғауға тәрбиелеген. Ендеше, ұлтжанды жаңа адамды қалыптастыру – мемлекетiмiздiң келешегiн, тағдырын сенiмдi қолға тапсырудың бiрден-бiр жолы. Ол үшiн қазiрден бастап балаларды ұлтжанды тәрбие мектебiнен (ҰТМ) өткiзу керек.

Одан өткен бала жан-жақты терең бiлiмдi, өз ұлтының қамқоры, басқа ұлт өкiлдерiнiң дамуына нұқсан келтiрмейтiн саналы азамат болуға тиiс. Ұлтжанды азамат үлкен тәрбие бұлағынан сусындаған, ғажайып сезiмдерге бөленген жан. Өз ұлтының әл-әуқатының жақсаруына, экономикасы мен мәдениетiнiң дамуына бар өмiрiн арнауға ант берген азамат. Адамның ең қымбаттысы – оның өмiрi. Өмiр адамға бiр-ақ рет берiледi. Сол өмiрде алдына ұлы мақсат қойып, ұлтжанды болып өтудiң өзi – ерлiк.

Дүниедегi ең абзал нәрсе – адам баласының тәуелсiздiгi, бостандығы, еркiндiгi. Ал демократия – грек сөздiгiнен шыққан – «демос» – халық, «кратия» – билiк деген сөз. Жалпы, халық билiгi бостандық, теңдiк, еркiндiк бағытында жүргiзiлетiн күрес. Ендеше, бостандық – адам баласы тiршiлiгiнде еркiн өмiр сүру болса, теңдiк – тiршiлiкке керектi барлық игiлiктердi тең пайдалану.

Баламыз ұлтжанды азамат болып өсiп, отбасына ғана емес, халқына пайдасы тисiн десеңiз, өмiрге келген күннен бастап өнегелi тәрбие берудi мақсат тұтыңыз.

Қалыбек ТҮЙЕБАҚОВ

«Ана тілі»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға