Шежірелі мектеп
Қызылорда қаласының шығыс жағына орналасқан Тасбөгет кентіндегі №11 орта мектептің жарты ғасырдан астам өзіндік тарихы бар. Оны қаншама түлек бітіріп шығып, өмірге араласты, қаншама ұстаз еңбек етіп зейнетке шықты. Осы оқу орнын Әбиев Батырбек Алтынбайұлы 2007 жылдан бері басқарып келеді. Ол Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін 1997 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген соң ұстаздық жолын 1993-1998 жылдары Макаренко атындағы балалар үйінде тәрбиеші болып бастап, Қызылорда қалалық білім бөлімінің бас маманы, Қызылорда қаласы әкімінің ақпараттық кеңесшісі, Қызылорда қаласындағы №187 орта мектеп директоры болып тәжірибе жинақтаған. Ол педагогикалық ұжымға кішіпейілділігімен, жаңашылдығымен, педагогикалық әдептілігімен танылды. Әл-Фараби данамыз айтқандай, шешендік өнер, шеберлік, көп білуге құштарлық, қанағатшылдық, осындай ұстаздың бойынан табылады. Ұстаз дегеніміз әрдайым ұрпақ тәрбиесімен айналысып, өнегелі ғұмыр кешкен жандар емес пе. Ұстаздардың кәсіби, шығармашылық қабілетін дамытудың жолы – кәсіби байқаулар. Басшылық қызметін атқара жүріп, кәсіби дамуға әсер ететін байқауларға Батырбектің үнемі қатысуы өнеге етуге тұрарлық деуге болады. Ол 2010 жылы Алматы қаласында тұңғыш Президент қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Әлеуметтік идеялар» жәрмеңкесіне де қатысқан. Облыстық «Ақпаратшыл басшы – 2011» байқауында ІІ орын иеленді, қалалық 2011 жылғы «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің басты факторы» ғылыми-практикалық конференцияда оның «Мемлекеттік тілдің дамуы және қалыптасуы кәсіби білім беру ісінде» тақырыбындағы жасаған баяндамасы І орын алды, 2012 жылы облыстық «Үздік мектеп директоры – 2012» байқауында ІІ орынды қанжығасына байлады, 2012 жылы республикалық «Жастық жалынымыз сүйікті Отанымызға» форумында «Мектеп оқушыларын патриоттық рухта тәрбиелеу жолдары» баяндамасы жинаққа енгізілді, 2012 жылы «Педагогика және оқушы психологиясы» журналына «Мемлекеттік тілді дамыту және тіл мәдениеті кәсіби бағдар беру ісінде» деген мақаласы жарияланды, 2012 жылы «Ұлттық білім беру жүйесін табысты жүргізудің №11 орта мектебінде жүзеге асырылуы» әдістемелік материалы баспадан шықты. Елімізде болып жатқан тың өзгерістер білім беру жүйесіне оң әсерін тигізуде. Жаңашыл қоғамдағы ұстаз заман талабына сай электронды оқытудың біліктілікті арттыру курстарынан пән мұғалімдері кезең-кезеңімен оқытылып жатыр. Ұстаздың оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп өз тәжірибесінде шебер де ұтымды қолдана білуі үшін мектептің пән кабинеттерін интерактивті тақтамен жабдықтауда директордың еңбегі зор. Мектеп «E – Learning электронды оқыту» жүйесіне көшірілуде. Мектепті Батырбек басқарғалы бері мерейі үстем болып, абыройы асқақтап, жұлдызы биіктен көрінді десе де артық болмас еді. Оның басты көрсеткіші білім сапасының қорытындысы ҰБТ-де 11 сыныпты бітірушілеріміз 2007-2008 оқу жылынан бастап Аганина Нұрсәуле, Файзуллаева Лиза секілді «Алтын белгі» иегерлерін шығарды. Демек, 170 мұғалім қызмет атқаратын, 62 сынып комплектісінде – 1630 оқушы оқитын мектептің директоры Батырбек Алтынбайұлының «Үздік директор» атануы бекер болмаса керек. Білім беруде ұстаздар еңбегі ұшан-теңіз. Қазір оқытудың жаңа әдістерін сабақта кеңінен қолдануда мектепте он пән бірлестігі арқылы ғылыми-әдістемелік жұмыстар нәтижелі жемісін беріп келеді. Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық, облыстық кезеңдерінде Батырбек басқарған мектеп жүлделі орындарды алды. 11 сынып оқушысы Құдайберген Қайсар Қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын, пән мұғалімі – Оразбекова Үлде, 10 сынып оқушысы Серік Ақтолқын ағылшын тілі пәнінен ІІІ орын, пән мұғалімі – Дүйсенова Фарида, 9 сынып оқушысы Әбдібек Бейбіт және 10 сынып оқушысы Шарапаи Аида химия пәнінен ІІІ орынды иеленді. Пән олимпиадасының қалалық кезеңінде математика пәнінен 11 сынып оқушысы Оңғаров Дархан І орын алып, пән мұғалімі – Әукенова Шаһарбанудың жетекшілігімен облыстық олимпиадаға қатысты. Республикалық «Мектепке жол» акциясы арқылы оқушыларды мектепке толық баруын қамтамасыз ету жыл сайын жүзеге асуда. Әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы балаларына қамқорлық жасау, оларды моральдық және материалдық жағынан қолдап, демеушілік жасау Батырбек Алтынбайұлының үнемі назарында. Батырбек Алтынбайұлы басшылыққа келгелі мектеп өмірі биік белеске бет бұрды. Демек, оның өнегесін, тәжірибесін республика ұстаздары арасына кеңінен насихаттаудың пайдасы зор болмақ. Гүлжахан Ешенова, «Ана тілі»Қызылорда қаласының шығыс жағына орналасқан Тасбөгет кентіндегі №11 орта мектептің жарты ғасырдан астам өзіндік тарихы бар. Оны қаншама түлек бітіріп шығып, өмірге араласты, қаншама ұстаз еңбек етіп зейнетке шықты. Осы оқу орнын Әбиев Батырбек Алтынбайұлы 2007 жылдан бері басқарып келеді. Ол Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін 1997 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген соң ұстаздық жолын 1993-1998 жылдары Макаренко атындағы балалар үйінде тәрбиеші болып бастап, Қызылорда қалалық білім бөлімінің бас маманы, Қызылорда қаласы әкімінің ақпараттық кеңесшісі, Қызылорда қаласындағы №187 орта мектеп директоры болып тәжірибе жинақтаған.
Ол педагогикалық ұжымға кішіпейілділігімен, жаңашылдығымен, педагогикалық әдептілігімен танылды. Әл-Фараби данамыз айтқандай, шешендік өнер, шеберлік, көп білуге құштарлық, қанағатшылдық, осындай ұстаздың бойынан табылады.
Ұстаз дегеніміз әрдайым ұрпақ тәрбиесімен айналысып, өнегелі ғұмыр кешкен жандар емес пе. Ұстаздардың кәсіби, шығармашылық қабілетін дамытудың жолы – кәсіби байқаулар. Басшылық қызметін атқара жүріп, кәсіби дамуға әсер ететін байқауларға Батырбектің үнемі қатысуы өнеге етуге тұрарлық деуге болады. Ол 2010 жылы Алматы қаласында тұңғыш Президент қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Әлеуметтік идеялар» жәрмеңкесіне де қатысқан. Облыстық «Ақпаратшыл басшы – 2011» байқауында ІІ орын иеленді, қалалық 2011 жылғы «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің басты факторы» ғылыми-практикалық конференцияда оның «Мемлекеттік тілдің дамуы және қалыптасуы кәсіби білім беру ісінде» тақырыбындағы жасаған баяндамасы І орын алды, 2012 жылы облыстық «Үздік мектеп директоры – 2012» байқауында ІІ орынды қанжығасына байлады, 2012 жылы республикалық «Жастық жалынымыз сүйікті Отанымызға» форумында «Мектеп оқушыларын патриоттық рухта тәрбиелеу жолдары» баяндамасы жинаққа енгізілді, 2012 жылы «Педагогика және оқушы психологиясы» журналына «Мемлекеттік тілді дамыту және тіл мәдениеті кәсіби бағдар беру ісінде» деген мақаласы жарияланды, 2012 жылы «Ұлттық білім беру жүйесін табысты жүргізудің №11 орта мектебінде жүзеге асырылуы» әдістемелік материалы баспадан шықты.
Елімізде болып жатқан тың өзгерістер білім беру жүйесіне оң әсерін тигізуде. Жаңашыл қоғамдағы ұстаз заман талабына сай электронды оқытудың біліктілікті арттыру курстарынан пән мұғалімдері кезең-кезеңімен оқытылып жатыр. Ұстаздың оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп өз тәжірибесінде шебер де ұтымды қолдана білуі үшін мектептің пән кабинеттерін интерактивті тақтамен жабдықтауда директордың еңбегі зор. Мектеп «E – Learning электронды оқыту» жүйесіне көшірілуде.
Мектепті Батырбек басқарғалы бері мерейі үстем болып, абыройы асқақтап, жұлдызы биіктен көрінді десе де артық болмас еді. Оның басты көрсеткіші білім сапасының қорытындысы ҰБТ-де 11 сыныпты бітірушілеріміз 2007-2008 оқу жылынан бастап Аганина Нұрсәуле, Файзуллаева Лиза секілді «Алтын белгі» иегерлерін шығарды.
Демек, 170 мұғалім қызмет атқаратын, 62 сынып комплектісінде – 1630 оқушы оқитын мектептің директоры Батырбек Алтынбайұлының «Үздік директор» атануы бекер болмаса керек. Білім беруде ұстаздар еңбегі ұшан-теңіз. Қазір оқытудың жаңа әдістерін сабақта кеңінен қолдануда мектепте он пән бірлестігі арқылы ғылыми-әдістемелік жұмыстар нәтижелі жемісін беріп келеді.
Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық, облыстық кезеңдерінде Батырбек басқарған мектеп жүлделі орындарды алды. 11 сынып оқушысы Құдайберген Қайсар Қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын, пән мұғалімі – Оразбекова Үлде, 10 сынып оқушысы Серік Ақтолқын ағылшын тілі пәнінен ІІІ орын, пән мұғалімі – Дүйсенова Фарида, 9 сынып оқушысы Әбдібек Бейбіт және 10 сынып оқушысы Шарапаи Аида химия пәнінен ІІІ орынды иеленді. Пән олимпиадасының қалалық кезеңінде математика пәнінен 11 сынып оқушысы Оңғаров Дархан І орын алып, пән мұғалімі – Әукенова Шаһарбанудың жетекшілігімен облыстық олимпиадаға қатысты. Республикалық «Мектепке жол» акциясы арқылы оқушыларды мектепке толық баруын қамтамасыз ету жыл сайын жүзеге асуда.
Әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы балаларына қамқорлық жасау, оларды моральдық және материалдық жағынан қолдап, демеушілік жасау Батырбек Алтынбайұлының үнемі назарында.
Батырбек Алтынбайұлы басшылыққа келгелі мектеп өмірі биік белеске бет бұрды. Демек, оның өнегесін, тәжірибесін республика ұстаздары арасына кеңінен насихаттаудың пайдасы зор болмақ.
Гүлжахан Ешенова,
«Ана тілі»
