Жаңалықтар

Екі ел арасындағы қатынастардың негізгі бағыты

Екі ел арасындағы қатынастардың негізгі бағыты — сауда-экономикалық байланыстар. Соңғы жылдары табысты жүргізген экономикалық саясаттың нәтижесінде түрік экономикасы әлемде 16-орынға және Еуропада 6-орынға ие. Қазіргі таңдағы Түркия Үкіметінің стратегиялық мақсаты әлемдегі мейлінше бәсекеге қабілетті алғашқы 10 елдің қатарына ену болып табылады. Түркия — Қазақстанның аймақтағы сенімді сауда-экономикалық әріптесі. 2010 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда айналымы 2,9 млрд. АҚШ долларын құраса, 2011 жылдың қорытындылары бойынша бұл цифр 3,9 млрд. АҚШ долларына жетті. Ал биылғы жылдың алғашқы алты айындағы көлем 2,5 млрд. АҚШ долларына жетіп отыр. Бұл тұрғыдан қарағанда 2012 жылғы мамырда өткен Түркия Премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстанға ресми сапарының маңызы зор болды. Р.Т.Ердоған V Астана экономикалық форумына, сондай-ақ қазақ-түрік іскерлер форумына қатысты. Сапар барысында Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесін құруға келісіп, «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасына қол қойылды. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін тиісті салалар белгіленіп, осы бағытта жұмыстар жүргізілуде және оңды нәтиженің жемісін жақын келешекте көреміз деп үміт артамыз. Елдеріміз арасындағы өзара сау-даның көлемін ұлғайтуға және сау-да-экономикалық қатынастарды дамытуға тікелей ықпалын тигізетін мейлінше маңызды бағыттардың бірі — көлік саласы. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды тежеуші өзекті фактор жүктердің автомобильдік тасымалдау арқылы жеткізілуі болып табылады. Бұл орайда Қазақстан мен Түркия арасындағы теміржол магистралінің жүзеге асырылуы екі ел үшін де аса маңызды. «Түркия-Иран» және «Иран-Түркіменстан-Қазақстан» және «Карс-Ахалкалаки-Тбилиси-Баку» теміржолдары магистральдерін салып бітіру Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымын және Қазақстанның энергия ресурстарын әлемдік рыноктарға тасымалдауды едәуір ұлғайтуға, сондай-ақ тасымалдау көлемін көбейтуге және тарифтерді азайтуға, Каспий аймағы мен Еуропа арасындағы тікелей көлік қатынасын қамтамасыз етуге орасан мүмкіндік берер еді. Жаңа әуе қатынастарының ашылуы да бауырлас елдердің арасын жақындата түсетін туыстық пен достық көпірлері іспеттес ынтымақтастықты нығайтуға, экономикалық ықпал-дастықты күшейтуге қызмет етері анық. Қазіргі таңда Қазақстан тарапы Қазақстан мен Түркия арасында 14 рейсті, ал түрік тарапы 12 рейсті орындайды. 2011 жылғы қыркүйектен бастап, «СКАТ» авиакомпаниясы Шымкент – Стамбұл – Шымкент бағыты бойынша, сондай-ақ түркиялық «Pegasus Airlines» авиакомпаниясы Стамбұл-Алматы-Стамбұл бағыты бойынша рейстерді орындауда. Экономикалық саладағы әлеуетіміз-ді кеңінен қолдану және тереңдету қажет. Түрік өнеркәсібінің және тұ-тасымен алғанда экономикасын дамыту локомотиві болып қызмет ететін Ұйымдастырылған өнеркәсіптік аймақтарды құруда Түркия орасан зор оң тәжірибе жинақтаған. Қазіргі таңда мұндағы 300-ге жуық өнеркәсіптік аймақта 60 мыңдай ірі фабрика-зауыттар орналасқан. Ал 50 адамға дейін жұмыс істейтін орта кәсіпорындар саны 300 мыңға жетті. Екіжақты қатынастардың одан әрі дамуы түрік бизнесін Қазақстанның индустриалды даму үдерісіне тартуға, түрік тәжірибесін еліміздің өңірлерін-де қазақстан-түрік индустриалды аймақтарын құру арқылы пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл аймақтарды құру жөніндегі жобаларды іске асыру қазақстанның жеделдетілген индус-триалды даму бағдарламасын іске асыруға едәуір үлес қоспақ. Қазақстан-түрік индустриалды ай-мақтарын құру туралы үкіметаралық меморандум мен оны жүзеге асыратын бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Қазіргі таңда бұл саладағы басты мәселе – қазақстан-түрік индустриалды аймақтарын құру жөніндегі тиісті нормативті-құқықтық базаны жетілдіруді жеделдету. Бұл аймақ түрік бизнесінің қазақстандық рынокқа жүйелі түрде кіруіне мүмкіндік береді және біздің еліміздің қолайлы инвестициялық ахуалын жақсартуға қызмет ететін болады. Әрине, осы 20 жылдық мерзімде көптеген жобалар қолға алынды, саяси жағынан әрқашан өзара қолдау көрсетіліп, стратегиялық әріптес-тікке қол жеткізілді. Саяси жағынан келіспеушіліктердің болмауы, өз кезегінде бізге сауда-экономикалық ынтымақтастығымызды одан әрі ны-ғайтуға толық мүмкіндік береді. Алайда бүгінгі күні екі ел арасындағы сауда айналымы 3-4 миллиард АҚШ доллары төңірегінде болып отыр. Сондықтан да екі ел арасындағы тауар айналымын және инвестициялардың деңгейін бауырлас екі елдің әлеуетіне сәйкес көтеруі қажет. ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ «Қазақстан заман»
16.10.2013 03:13 3380

Екі ел арасындағы қатынастардың негізгі бағыты — сауда-экономикалық байланыстар. Соңғы жылдары табысты жүргізген экономикалық саясаттың нәтижесінде түрік экономикасы әлемде 16-орынға және Еуропада 6-орынға ие. Қазіргі таңдағы Түркия Үкіметінің стратегиялық мақсаты әлемдегі мейлінше бәсекеге қабілетті алғашқы 10 елдің қатарына ену болып табылады.

Түркия — Қазақстанның аймақтағы сенімді сауда-экономикалық әріптесі. 2010 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда айналымы 2,9 млрд. АҚШ долларын құраса, 2011 жылдың қорытындылары бойынша бұл цифр 3,9 млрд. АҚШ долларына жетті. Ал биылғы жылдың алғашқы алты айындағы көлем 2,5 млрд. АҚШ долларына жетіп отыр.

Бұл тұрғыдан қарағанда 2012 жылғы мамырда өткен Түркия Премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстанға ресми сапарының маңызы зор болды. Р.Т.Ердоған V Астана экономикалық форумына, сондай-ақ қазақ-түрік іскерлер форумына қатысты. Сапар барысында Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесін құруға келісіп, «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасына қол қойылды. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін тиісті салалар белгіленіп, осы бағытта жұмыстар жүргізілуде және оңды нәтиженің жемісін жақын келешекте көреміз деп үміт артамыз.

Елдеріміз арасындағы өзара сау-даның көлемін ұлғайтуға және сау-да-экономикалық қатынастарды дамытуға тікелей ықпалын тигізетін мейлінше маңызды бағыттардың бірі — көлік саласы. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды тежеуші өзекті фактор жүктердің автомобильдік тасымалдау арқылы жеткізілуі болып табылады.

Бұл орайда Қазақстан мен Түркия арасындағы теміржол магистралінің жүзеге асырылуы екі ел үшін де аса маңызды. «Түркия-Иран» және «Иран-Түркіменстан-Қазақстан» және «Карс-Ахалкалаки-Тбилиси-Баку» теміржолдары магистральдерін салып бітіру Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымын және Қазақстанның энергия ресурстарын әлемдік рыноктарға тасымалдауды едәуір ұлғайтуға, сондай-ақ тасымалдау көлемін көбейтуге және тарифтерді азайтуға, Каспий аймағы мен Еуропа арасындағы тікелей көлік қатынасын қамтамасыз етуге орасан мүмкіндік берер еді.

Жаңа әуе қатынастарының ашылуы да бауырлас елдердің арасын жақындата түсетін туыстық пен достық көпірлері іспеттес ынтымақтастықты нығайтуға, экономикалық ықпал-дастықты күшейтуге қызмет етері анық. Қазіргі таңда Қазақстан тарапы Қазақстан мен Түркия арасында 14 рейсті, ал түрік тарапы 12 рейсті орындайды. 2011 жылғы қыркүйектен бастап, «СКАТ» авиакомпаниясы Шымкент – Стамбұл – Шымкент бағыты бойынша, сондай-ақ түркиялық «Pegasus Airlines» авиакомпаниясы Стамбұл-Алматы-Стамбұл бағыты бойынша рейстерді орындауда.

Экономикалық саладағы әлеуетіміз-ді кеңінен қолдану және тереңдету қажет. Түрік өнеркәсібінің және тұ-тасымен алғанда экономикасын дамыту локомотиві болып қызмет ететін Ұйымдастырылған өнеркәсіптік аймақтарды құруда Түркия орасан зор оң тәжірибе жинақтаған. Қазіргі таңда мұндағы 300-ге жуық өнеркәсіптік аймақта 60 мыңдай ірі фабрика-зауыттар орналасқан. Ал 50 адамға дейін жұмыс істейтін орта кәсіпорындар саны 300 мыңға жетті.

Екіжақты қатынастардың одан әрі дамуы түрік бизнесін Қазақстанның индустриалды даму үдерісіне тартуға, түрік тәжірибесін еліміздің өңірлерін-де қазақстан-түрік индустриалды аймақтарын құру арқылы пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл аймақтарды құру жөніндегі жобаларды іске асыру қазақстанның жеделдетілген индус-триалды даму бағдарламасын іске асыруға едәуір үлес қоспақ.

Қазақстан-түрік индустриалды ай-мақтарын құру туралы үкіметаралық меморандум мен оны жүзеге асыратын бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Қазіргі таңда бұл саладағы басты мәселе – қазақстан-түрік индустриалды аймақтарын құру жөніндегі тиісті нормативті-құқықтық базаны жетілдіруді жеделдету. Бұл аймақ түрік бизнесінің қазақстандық рынокқа жүйелі түрде кіруіне мүмкіндік береді және біздің еліміздің қолайлы инвестициялық ахуалын жақсартуға қызмет ететін болады.

Әрине, осы 20 жылдық мерзімде көптеген жобалар қолға алынды, саяси жағынан әрқашан өзара қолдау көрсетіліп, стратегиялық әріптес-тікке қол жеткізілді. Саяси жағынан келіспеушіліктердің болмауы, өз кезегінде бізге сауда-экономикалық ынтымақтастығымызды одан әрі ны-ғайтуға толық мүмкіндік береді. Алайда бүгінгі күні екі ел арасындағы сауда айналымы 3-4 миллиард АҚШ доллары төңірегінде болып отыр. Сондықтан да екі ел арасындағы тауар айналымын және инвестициялардың деңгейін бауырлас екі елдің әлеуетіне сәйкес көтеруі қажет.

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ

«Қазақстан заман»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға