Бауырлас елдердің бағыты бір
Қазақстан мен Түркияның ғасырлар бұрын бір атадан өрбіп, бір қағанат құрамында болған түбі бір түркі халқының ұрпағы екені баршамызға белгілі. Түркия Республикасы 1923 жылдан, ал Қазақстан Республикасы 1991 жылдан бері тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік сахнада бой көтерді. Алайда Түркия ХІІІ ғасырдан бастап Анатолы топырағында орналасқан Осман империясының, ал Қазақстан XV ғасырда Орталық Азияда қалыптасқан Қазақ хандығының заңды мұрагері болып табылады. Туыс халықтарымыз арасындағы байланыстар Қазақстанның тәуелсіз ел болып жариялануымен қайтадан жаңа қарқынмен жаңғырды. Тоғысқан тілектер мен бірге соққан жүректер 1992 жылғы 2 наурызда орнатылған Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастар осы жылдар ішінде екі бауырлас ел арасын-дағы достық пен бірлікке негізделген байланыстарға айналып, тұрақтылық сипатындағы стратегиялық әріптес-тік деңгейіне көтерілді. Қазақстан-ның егемен ел болып қалыптасып, әлемдік қауымдастыққа кірігуіне тамыры тереңде жатқан туысқан түрік бауырларымыздың қолдауы мен тілеулестігі де ықпал етті. Осы 20 жылдық мерзім ішінде екі ел арасындағы бауырластық және дос-тық қатынастарға қаяу түсірмей, ынтымақтастықты мейлінше жоғары деңгейде дамытуға күш салынды. Тарихи тұрғыдан алғанда аз ғана уақыт ішінде елдеріміз арасындағы қатынастар өзара сенімнің биік дәрежесіне көтерілді. Жемісті ынты-мақтастықтың айқын нәтижесі ретінде Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестік қатынастар достық, бауырластық және сындарлы диалог бағытында дамуда. Мұның жарқын дәлелі ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға 2009 жылғы қазандағы ресми сапары барысында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы Стратегиялық серіктестік туралы шартты айта аламыз. Осы орайда екі ел арасындағы екіжақты қатынастардың қарқынды дамуы, Қазақстан мен Түркия ұс-танымдарының ұқсастығы көп-жақты ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы бойынша өзара түсіністікті қамтамасыз етуге негіз болуда. Бұл ынтымақтастық Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Түркі кеңесі, ТҮРКСОЙ және басқа бірлестіктер шеңберінде ойдағыдай дамып келеді. Атап айтқанда, 1992 жылы Қазақстан Президенті АӨСШК-ні құру жөнінде бастама жасаған сәттен бері Түркия осы үдерістің белсенді стра-тегиялық қатысушысы болып отыр. Оның АӨСШК-ге төрағалығы – екі бауырлас мемлекеттің ынтымағы мен жарастығының жарқын көрінісі. Түркия басшылығы Қазақстанның Түркі кеңесін құру идеясын іске асырудағы маңызды рөлін, сондай-ақ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі, Парламенттік ассамблея, Ақсақалдар алқасы, Астанада Түркі академиясы құрылғанын жоғары бағалайды. Бұл ретте Анкара түркітілдес мемлекеттермен ортақ тіл, дін, тарихи және мәдени құндылықтарға негізделген қатынастарды одан әрі тереңдетуді және жалпытүркілік интеграция үдері-сін нығайтуды құптайды. Қазақстан мен Түркияның өңірлік және халықаралық деңгейдегі ын-тымақтастығының жылдан-жылға артуының көрсеткіштері ретінде Түркияның 2010 жылы ЕҚЫҰ шең-берінде және 2011 жылы Қазақ-станның ИЫҰ-ға төрағалығына пәр-менді қолдау көрсетуін атап өту қажет. БҰҰ шеңберінде де сындарлы ынтымақтастық өз жалғасын табуда. Екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға парламентаралық ынты-мақтастық та өзінің лайықты үлесін қосуда. Парламенттердің депутаттық достық топтары арасындағы байланыстарды одан әрі жандандыруға көңіл бөлінуде. Осы ретте Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Жемил Чичектің қыркүйек айында өткен Қазақстанға сапары маңызды болды. ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ «Қазақстан заман»Қазақстан мен Түркияның ғасырлар бұрын бір атадан өрбіп, бір қағанат құрамында болған түбі бір түркі халқының ұрпағы екені баршамызға белгілі. Түркия Республикасы 1923 жылдан, ал Қазақстан Республикасы 1991 жылдан бері тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік сахнада бой көтерді. Алайда Түркия ХІІІ ғасырдан бастап Анатолы топырағында орналасқан Осман империясының, ал Қазақстан XV ғасырда Орталық Азияда қалыптасқан Қазақ хандығының заңды мұрагері болып табылады. Туыс халықтарымыз арасындағы байланыстар Қазақстанның тәуелсіз ел болып жариялануымен қайтадан жаңа қарқынмен жаңғырды.
Тоғысқан тілектер мен бірге соққан жүректер 1992 жылғы 2 наурызда орнатылған Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастар осы жылдар ішінде екі бауырлас ел арасын-дағы достық пен бірлікке негізделген байланыстарға айналып, тұрақтылық сипатындағы стратегиялық әріптес-тік деңгейіне көтерілді. Қазақстан-ның егемен ел болып қалыптасып, әлемдік қауымдастыққа кірігуіне тамыры тереңде жатқан туысқан түрік бауырларымыздың қолдауы мен тілеулестігі де ықпал етті. Осы 20 жылдық мерзім ішінде екі ел арасындағы бауырластық және дос-тық қатынастарға қаяу түсірмей, ынтымақтастықты мейлінше жоғары деңгейде дамытуға күш салынды.
Тарихи тұрғыдан алғанда аз ғана уақыт ішінде елдеріміз арасындағы қатынастар өзара сенімнің биік дәрежесіне көтерілді. Жемісті ынты-мақтастықтың айқын нәтижесі ретінде Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестік қатынастар достық, бауырластық және сындарлы диалог бағытында дамуда. Мұның жарқын дәлелі ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға 2009 жылғы қазандағы ресми сапары барысында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы Стратегиялық серіктестік туралы шартты айта аламыз.
Осы орайда екі ел арасындағы екіжақты қатынастардың қарқынды дамуы, Қазақстан мен Түркия ұс-танымдарының ұқсастығы көп-жақты ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы бойынша өзара түсіністікті қамтамасыз етуге негіз болуда. Бұл ынтымақтастық Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Түркі кеңесі, ТҮРКСОЙ және басқа бірлестіктер шеңберінде ойдағыдай дамып келеді. Атап айтқанда, 1992 жылы Қазақстан Президенті АӨСШК-ні құру жөнінде бастама жасаған сәттен бері Түркия осы үдерістің белсенді стра-тегиялық қатысушысы болып отыр. Оның АӨСШК-ге төрағалығы – екі бауырлас мемлекеттің ынтымағы мен жарастығының жарқын көрінісі.
Түркия басшылығы Қазақстанның Түркі кеңесін құру идеясын іске асырудағы маңызды рөлін, сондай-ақ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі, Парламенттік ассамблея, Ақсақалдар алқасы, Астанада Түркі академиясы құрылғанын жоғары бағалайды. Бұл ретте Анкара түркітілдес мемлекеттермен ортақ тіл, дін, тарихи және мәдени құндылықтарға негізделген қатынастарды одан әрі тереңдетуді және жалпытүркілік интеграция үдері-сін нығайтуды құптайды.
Қазақстан мен Түркияның өңірлік және халықаралық деңгейдегі ын-тымақтастығының жылдан-жылға артуының көрсеткіштері ретінде Түркияның 2010 жылы ЕҚЫҰ шең-берінде және 2011 жылы Қазақ-станның ИЫҰ-ға төрағалығына пәр-менді қолдау көрсетуін атап өту қажет. БҰҰ шеңберінде де сындарлы ынтымақтастық өз жалғасын табуда.
Екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға парламентаралық ынты-мақтастық та өзінің лайықты үлесін қосуда. Парламенттердің депутаттық достық топтары арасындағы байланыстарды одан әрі жандандыруға көңіл бөлінуде. Осы ретте Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Жемил Чичектің қыркүйек айында өткен Қазақстанға сапары маңызды болды.
ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ
«Қазақстан заман»
