Астанада 3 студент Сара Назарбаеваның білім грантына ие болды
Астаналық білім мекемелерінің 3 студенті Сара Назарбаеваның білім грантына ие болды. Бұл туралы astana.kz сайтына Балалардың құқығын қорғау басқармасынан хабарлады. Атап айтқанда, гранттар Еуразия гуманитарлық институты «Педагогика және психология» мамандығының студенті Перизат Оңғарбек, Еуразия гуманитарлық институты колледжінің «Мектепке дейінгі білім» мамандығының студенттері Алина Қалибек пен Аида Жантуароваға берілді. Сара Назарбаеваның білім гранттары жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында сараптамалық комиссиямен тағайындалады. Еске сала кетейік, өткен жылы С. Назарбаеваның грантын елордалық Білім басқармасының «Кәмелетке толмаған балалар баспанасы» ММ тәрбиеленушісі Диана Бекназарбекова иеленген болатын. Диана Астана қаласындағы Гуманитарлық колледжде «Бастапқы білім» мамандығы бойынша оқып жүр. «Бөбек» қайырымдылық қоры еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары 1992 жылы құрылды. Бұл жылдары балаларды қорғау мәселесі ерекше көңіл бөлуді қажет ететін. Қор қызметінің басты міндеті - жетім балаларға көмектесу болып табылады. Осы жылдары жүздеген қайырымдылық акциясы өткізілді. Ал 2002 жылдан бастап «Бөбек» қоры ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тұрмысы төмен балаларға, студенттерге көмек көрсетуді қолға алды. Биыл «Бөбек» қоры Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында, техникалық және кәсіби білім мекемелерінде оқуға Сара Назарбаеваның 70 білім гранты бөлінді. Baq.kz
Астаналық білім мекемелерінің 3 студенті Сара Назарбаеваның білім грантына ие болды. Бұл туралы astana.kz сайтына Балалардың құқығын қорғау басқармасынан хабарлады.
Атап айтқанда, гранттар Еуразия гуманитарлық институты «Педагогика және психология» мамандығының студенті Перизат Оңғарбек, Еуразия гуманитарлық институты колледжінің «Мектепке дейінгі білім» мамандығының студенттері Алина Қалибек пен Аида Жантуароваға берілді.
Сара Назарбаеваның білім гранттары жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында сараптамалық комиссиямен тағайындалады.
Еске сала кетейік, өткен жылы С. Назарбаеваның грантын елордалық Білім басқармасының «Кәмелетке толмаған балалар баспанасы» ММ тәрбиеленушісі Диана Бекназарбекова иеленген болатын. Диана Астана қаласындағы Гуманитарлық колледжде «Бастапқы білім» мамандығы бойынша оқып жүр.
«Бөбек» қайырымдылық қоры еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары 1992 жылы құрылды. Бұл жылдары балаларды қорғау мәселесі ерекше көңіл бөлуді қажет ететін. Қор қызметінің басты міндеті - жетім балаларға көмектесу болып табылады. Осы жылдары жүздеген қайырымдылық акциясы өткізілді. Ал 2002 жылдан бастап «Бөбек» қоры ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тұрмысы төмен балаларға, студенттерге көмек көрсетуді қолға алды.
Биыл «Бөбек» қоры Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында, техникалық және кәсіби білім мекемелерінде оқуға Сара Назарбаеваның 70 білім гранты бөлінді.
Baq.kz
